Қазақ солдаты романынан үзінді


Slide 1

Сабақтың тақырыбы :

Жаңа достар

Ғабит Мүсірепов

“Қазақ солдаты” романынан үзінді

Slide 2

Шығарманың мазмұнын шебер меңгерту, білімдерін тереңдету, шығарманы талдауға үйрету;

2. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық қабілетін дамыту, әдеби-теориялық ұғымдарын тереңдете меңгерту;

3. Адамгершілікке, ізгілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты:

Slide 3

“Ғабит Мүсірепов - ардақты ат! Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек!”

Зейнолла Қабдолов

Slide 4

Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын, “Жаңа достар” әңгімесін оқып келу

Үй тапсырмасын сұрау

1. Ғ. Мүсірепов кім?

2. Ғ. Мүсірепов қай жерде дүниеге келді?

3. Ғ. Мүсіреповтің сүйсініп тыңдап, жатқа айтқан жырлары?

4. Ғ. Мүсіреповтің қандай пьесалары бар?

5. Ірі романдарын ата.

6. Ғ. Мүсіреповтің қандай шығармаларымен таныстық?

7. Үзінді қандай романнан алынған?

8. Шығарма оқиғасы қай жерде болған?

9. Кейіпкерлері кімдер? Кімнің өмір жолы баяндалады?

Slide 5

Мұғалімнің қосымша мәліметі (түсіндірме күнделігі)

“Қазақ солдаты” романы - КСРО мен Германия соғысы жылдарын бейнелейтін, жауынгерлердің ерлік істерін көрсететін тарихи шығарма.

Романнан алынған үзіндідегі оқиға Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) болған.

Slide 6

Атырау облысының картасы

Slide 7

Шығармадағы басты кейіпкер - Қайрош (Қайырғали Смағұлов) - өмірде болған адам.

Әкесінен ерте айырылған Қайырғалиды анасы Биғайша өзі өсіріп, жастайынан білім алуға құштар оның жолына еркіндік береді. Оралда оқып, елге оралған Қайырғали 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан Отанын жаудан қорғауға соғысқа аттанады. Ал 1943 жылы қарашада Керчь түбіндегі майданда көрсеткен ерен ерлігі үшін Қ. Смағұловқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 1945 жылы елге оралады. Өмірінің соңғы күніне дейін жас ұрпаққа білім берген батыр аға республикамыздың өзге аймақтарында жазушы Ғ. Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" романының бас кейіпкерінің прототипі ретіңде жастармен кездесіп, олардың жүректерінде Отанға деген сүйіспеншілік пен адамгершілік деген зор қасиеттің ұялауына себепкер болды.

Slide 8

Шығармашылық жұмыс

(Қай кейіпкердің сөзі екенін табу)

-О, қасқаңның жатысын-ай! . . .

Мен әлі өліп көрген жоқпын! - дедім тайынғым келмей.

“Анау ағасы, мынау інісі екен . . . ” деген ойдың келуі-ақ мұң екен, Айдаш есіме түсіп кетіп, жалғызсырай бастадым.

- Атың ат емес екен . . . Сендей жеке батырға түк лайығы жоқ . . .

Slide 9

- Өзі орысша- қазақшаға судай!

- Оқу керек! Адамның басы қарбыз емес.

- Дәрі әкеледі. Екі күнде жазып береді, - деді Шегенге риза көзбен қарап.

- Е, сен қалай қаштың “дегдом” қуғанда?

- Шпана, бұзақылардың бірі болып жүре ме деп, жоламап едік. Ондайлар да болады. Олар бізге жолдас емес.

- Алтын жатса - алмаймыз.

Slide 10

Әдеби-теориялық ұғым

I . Шығармадағы тілдің көркемдегіш құралдарын талдау:

1. Сөйлемдердегі фразеологизмдерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз.

- Ар жағын білмеймін, тас болып қатып қалсам керек.

- Мен жасқанбауға бел байладым.

- Ересек бала бір қозғалыспен көз ілестірмей, шолақ шалбарды сырғытып, жерге түсірді.

2. Шығармадағы мына сөздер тілдің қандай көркемдегіш құралына жатады:

Билегендей, бұзаудың көзіндей, бұлшық еттері болаттай, әміркен етіктің ұлтанындай.

Slide 11

3. Портрет дегеніміз не? Шығармада кімдердің портреттері суреттелген, тауып оқыңыз.

4. Кейіптеу дегеніміз не? Шығармадан кейіптеуді тауып оқы.

Slide 12

5. Көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісі

пейзаж деп аталады.

Slide 13

Кейіпкерлерге талдау

Балалар қандай жағдайда танысты?

Шеген Қайрошқа неліктен сеніммен қарады деп ойлайсың?

Оған қандай қамқорлық жасады?

Шегеннің үш түрлі өсиеті.

Slide 14

Кейіпкерлерге мінездеме беру

(дәптермен жұмыс)

Шеген

Қайрош

Бораш

Slide 15

Ой түю.

Осы үш баланың арасында қандай қарым-қатынас пайда болды?

Достық

Slide 16

Қорытынды:

- Сабақта қандай шығарманы талдадық?

- Кімнің шығармасы?

- Кейіпкерлер бейнесінен (Шеген, Бораш, Қайрош) өзіңе қандай үлгі алдың?

Slide 17

Ғабит Мүсірепов - ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға

Үйге тапсырма: “Менің достарым” тақырыбына шығарма жазу


Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетінде
Абайдың көркем аудармалары
Робинзон Крузо (үзінді)
Абайдың қонағы кім
Ғабит Мүсірепов үлкен дарын иесі
БАЛА ТҰРАРҒА МІНЕЗДЕМЕ
Оқиғаның шиеленісі
Қазақ солдаты
Ағартушылар философиясы
"Әдебиет пен өнер" тақырыбындағы сабақ жоспарына презентация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz