Билік және басқару мәдениеті
Презентация қосу
Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру,
ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін
адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа
жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру
үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен
нысандарының жиынтығы. “Менеджмент” ұғымының мәні
мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас.
менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау,
ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады.
Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі
ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 –
1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті
басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20
ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады
Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігінде
былай берілген:
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі.
2. Билік және басқару мәдениеті.
3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
4. Басқару органы, әкімшілік бірлік.
Дуркер менеджменттің мақсатын былай көрсетеді:
1. Адамдарды бір мақсатқа жұмылдыру. Онсыз көпшілікті бір
ұжым жасай алмайсың.
2. Әрбір қызметкердің қажетін білу, мүмкіндігінше оны
қанағаттандыру.
3. Адамдардың өзін-өзі дамытуын естен шығармау.
4. Жұмыс істейтін адамдардың кәсіби шеберлігі мен дағдысы,
білімі әр түрлі және олардың атқаратын қызметі де әр түрлі
болғандықтан, олардың өзара қарым-қатынасы өзара
түсінушілікке құрылуы керек.
5. Өндірісті шығарған өніміне қарап бағалауға болмайды.
Менеджмент идеяларының даму эволюциясы
Уақыты, жері Дереккөзі Мазмұны
Б.э.д. ХІ ғ. Вавилон Хаммурапи заңдары Билік, құқықтар, субординация, жауапкершілік
туралы
Б.э.д. ХҮІІІ ғ. Египет Ипусердің ұсыныстары Уәзір, жүзбасы жөніндегі ереже, «онның ережесі»
Б.э.д. ХҮІІІ ғ. Артхашастра. Каутилья Билік, тәртіп, құрылымдар, айырықша құқықтар
Үндістан мен санкциялары
Б.э.д. ХҮІІІ ғ. Рим Катон. Егін шаруашылығы Еңбек тәртібі, тапсырма, нормалау, мәжбүрлеу
1015 ж. жуық Русь Мостников жарлығы Құқықтар, санкциялар, сот шешімдері, айыппұл
1122 ж. жуық Киев Мономах нұсқауы Бағынышты адамдарға деген талаптар,
жауапкершілікті қамтамасыз ету
1801 ж. Ресей Карамзиннің «үстінен астыға» билік тік сызығын ұйымдастыру
І Александрға деген хаты
1815-1850 жж. Англия Р.Оуэн. Фабрикалық басқару Әкімгерлік жүргізу негізінде қызмет ету
1820-1855 жж. Англия Э.Юр. Өндіріс философиясы Кооперация, бақылау, бағалау, ұйымдастыру, еңбек
төлемі, басшылықтың әмбебаптығы мен қызмет
атқаруы
1903 ж. АҚШ Ф.Тейлор. Ғылыми
менеджмент қағидаттары
М.А.Гончаров менеджмент эволюциясын ғылым мен
басқаруға келесі көзқарастардың ауысу динамикасында
кәсіби басқару қызметін қарастырады:
- ғылыми басқару көзқарасы (1885-1920 жж.);
- әкімшілік көзқарас (1920-1950 жж.);
- адами қатынастардың ұстанымы жағынан көзқарас (1930-
1950 жж.);
- тәлімгерлік көзқарас (40 –жылдардан бастап, ал 50-
жылдардан бастап аса белсенді);
- сапалық әдістер ұстанымы жағынан көзқарас (50-
жылдардан);
-үдерістік көзқарас (20- жылдардан, 50 жылдардан неғұрлым
белсенді);
-жүйелік көзқарас (60 - жылдардан);
- жағдайлық көзқарас (70-жылдардан).
Ғылыми басқару мектебінде (1885-1920 жж.)
басқару көзқарастарының негізі – оның өз
заңдары, ғылыми әдістері, формулалары,
қағидаттары болуы тиіс, ол өлшеулерге,
оңтайландыруға, жүйелі есепке алуға негізделуі
керек.
Ол өндірістегі жұмысшылардың сапасыз
еңбегінің себептерін:
– жұмысшылардың жоғары нәтижелерге жетуге
ынталандырудың жоқтығы;
- басқаруды нашар ұйымдастыру;
- жұмысшылардың еңбектің тиімді әдістерімен
қаруланбағандықтарын анықтаған.
Фредерик Тэйлор өндіріс сапасын арттыру
үшін төрт негізгі ұстанымды ұсынды:
- өндірістің ғылыми негіздерін анықтау;
- қабілеттеріне сәйкес атқарушыларды дұрыс
іріктеу;
- еңбек үдерісінің анықталған операцияларының
негізінде атқарушыларды оқыту және
жаттықтыру;
- әкімшілік пен атқарушылардың арасындағы
тығыз ынтымақтастық.
1.Еңбек үдерісін жеке операцияларға бөлу,
олардың әрқайсысын, бүкіл жұмыс күнін 2. Бүкіл жұмыс уақытын
хронометраждау арқылы еңбек үдерісіндегі қатаң регламенттеу арқылы
жұмысшылардың қозғалыстарын зерттеу. еңбек әрекетін тиімді жүзеге
асыру
3. әкімшілік ғылыми белгіленген
нышандардың көмегімен (күш, 4. Оларды жаттықтырады,
ептілік, ұғымталдық т.б.) оқытады, өзінің негізгі
жұмысшыларды мұқият іріктейді. міндеттері деп есептеп,
дамытады.
5. Еңбек ақы төлеу – нақты орындалған жұмысты
бағалау қажет
Өндірісте осы ғылыми ұстанымдарды жүзеге асыруға
әкімшілік пен жұмысшылардың ынтымақтастығы
арқылы қол жеткізуге болады
Тейлор ғылыми
Тейлордың пікірінше,
менеджментті төрт салада еңбек өнімділігінің артуы
дамытты: қожайынға жұмысшыға да
-нормалау; молшылық әкелді.
- уақыт пен міндетті зерттеу; Ол үшін қожайынның да,
-ұдайы сұрыптау және баулу; жұмысшының да
- ақшалай ынталандыру. психологиясын түбегейлі
өзгерту қажет.
Ф.Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай
тоқтамға келді:
- дәстүрлі әдістің орнына – ғылым;
- қарама-қарсылықтың орнына үйлесімділік;
- дербес жұмыстың орнына- ынтымақтастық;
- әрбір жұмыс өнімділігін барынша арттыру, оларға
барынша қолайлы жағдай жасау.
Басқарудың классикалық немесе
әкімшілік мектебінің
негізін салушы Анри Файоль (1841-1925). -
француз инженері.
1888 жылы ол банкротта тұрған компанияны жетекшілік етуге
алды және отыз жыл уақытта оны Францияның ең озат
кәсіпорындары қатарына қосып, өзінің көп жылғы бақылауын
қорыта келе, Файоль «әкімшілдік теориясын» құрды.
Оның бұл тақырып бойынша алғашқы мақаласы 1900 жылы
шықты, ал «Жалпы және өнеркәсіптік басқару» кітабы 1916
жылы жарық көрді.
А.Файоль Парижде әкімшілік зерттеу орталығын басқарды. Ол
өзінің тұжырымдалған қағидаларының әмбебап және
тәжірибелік негізде де барлық салада: экономикада, басқару
қызметінде және ұйымдарда, әскерде және флоттарда
қолданылатынын дәлелдеді.
Анри Файоль әкімшілік функцияны талдай отырып,
оның негізгі бес элементтерін бөліп көрсетті:
- жоспарлау,
- ұйымдастыру,
- басшылық ету,
- үйлестіру,
- бақылау.
Анри Файоль ұсынған басқарудың 14 принципі (қағидасы):
1. Еңбекті бөлу – қызметкерлердің өз міндеттерін атқаруға
мамандандырылуына негізделген еңбекті бөлу, бұл жұмысты сол
мерзімде мөлшерін артығырақ етіп, тиімді орындауға мүмкіндік
береді;
2. Билік пен жауапкершілік. Билік шешім қабылдау және өкім беру
мүмкіндігі ретінде олар үшін жауапкершілік артуды меңзейді;
3. Тәртіп. Ұжымда бекітілген еңбек қатынастарын құрметтеуді және
оларды сақтауды меңзейтін тәртіп.
4. Дара басшылық. Қызметкер тек қана бір ғана тікелей бастықтан
бұйрық алуы тиіс;
5. Басшылықтың бірлігі. Қызметкерлер тобы бірыңғай бір
жоспармен әрекет етіп, бір мақсатта жетістікке бағытталуы тиіс;
6. Жеке мүдделердің жалпы мүддеге бағыныштылығы. Бір
жұмысшының немесе қызметкерлер мен жұмысшылар тобының
мүдделері ұйым мүддесінен асып түспеуі тиіс;
7. Қызметкерді мадақтау. Қызметкерлер еңбегі әділ бағалануы
(материалдық және матеиалдық емес тәсілдер арқылы) тиіс;
Анри Файоль ұсынған басқарудың 14 принципі (қағидасы):
8. Орталықтандыру және орталықсыздандыру. Орталықтандыру
және орталықсыздандырудың ара қатынасы ұйым қызметінің тиімділігін
қамтамасыз ететіндей болуы қажет;
9. Басшының иерархиясы. Ұйымды басқарушы лауазымды
тұлғалардың нақты иерархиясы болуы тиіс. Бірақ бұл иерархия қатып
қалған құрылым емес, ол қажет жағдайда өзгеріп отыруы тиіс;
10. Тәртіп. Әрбір адамға - өз орны, әр адам –өз орнында.
11. Әділдік. Әкімшіліктің бағынушыларға әділдігі мен сыйластығы.
Мейірімділік пен төреліктің үйлесімділігі;
12. Қызметкерлер құрамының тұрақтылығы. Кадрлардың жоғары
ағымы ұйым нәтижелігін кемітеді. Кадрлардың тұрақсыздығы нашар
менеджерден.
13.Ынтагерлік. қызметкерлердің ынтасы – жұмыстың тиімділігін
артырады және жанында жұмыс атқаратын адамдарды да
ынталандырады, ұйымға күш пен қуат береді;
14. Қызметкерлерді біріктіру (корпоративтік рух-дем). Қызметкерлерді
біріктіру оларға үлкен қауым мүшелері екенін сезіну мүмкіндігін беріп,
қатыстылықты қажетсіну, бірлік – ортақ күш.
Джордж Элтон Мэйо (1880-1949).
американ әлеуметтанушысы, психологы
Ол 13 жыл бойы жүргізген (4 кезеңнен тұрады)
Хоторн эксперименттерінің негізінде, «адами
қатынастар» мектебінің негізін қалаған.
Эксперимент қазіргі уақытта қызметкерлер менеджментіне
жатқызылатын;
- жұмысшылардың еңбек уәж деңгейін арттыру міндетін
шешумен;
- қызметкерлерді өндірісте жаңалықтарды жағымды
қабылдауға психологиялық даярлау;
- қызметкерлердің ынтымақтастығын және олардың еңбек
моралін дамыту;
- қызметкерлердің жеке дамуына ықпал ету факторы ретінде
ұйымдастыру мен басқару шешімдерінің сапасын жақсарту
мәселелеріне байланысты болды.
«Адам - «социобильдік жан», ол белгілі бір топқа қатыстылыққа
бағдарланған және топтық тәртіп контекстіне енгізілген».
- қатал иерархиясы бар бюрократиялық ұйым адамның табиғаты
және оның еркіндігіне үйлеспейді;
- кәсіпорын басшылары өнімге қарағанда, адамдарға көбірек
бағдарлануы тиіс. Адамдарға жағымды жағдай жасау қажет;
- бір адамды марапаттауға қарағанда бүкіл топттың еңбегін
марапаттау тиімдірек.
- Басшылықтың демократиялық стилі, еңбек және өзара қарым-
қатынастарды қанағат тұту деңгейін арттыру, ынтымақтастық
атмосферасын жасау - әлеуметтік марапаттау элементтері болып
табылады.
Басқарушылардың назарын адамдардың еңбек қызметінің
әлеуметтік және психологиялық аспектілеріне шоғырландыру –
қоғамдағы қарама-қайшылықтарды шешудің және қоғамның
әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі амалы.
Еңбек өнімділігін арттырудың тәсілдері:
- кәсіпорын әкімшілігі мен жұмысшылардың
өзара мүдделерін есепке алуға негізделген
паритеттік басқару (тең);
- жаңа техника мен технологияларды енгізумен,
еңбекті жағымды жағдайын жасаумен
қамтамасыз етілетін еңбекті ізгілендіру;
- ұжымдық шешімдерді қабылдау, кәсіпорынды
басқарудың демократиялық стилі;
- жұмысшыларды кәсіптік оқытуға және олардың
кәсіптік біліктілігін арттыруға жағдай жасау.
Уи́льям Э́двардс Де́минг (1900-1993)
ол, Э́двард Де́минг ретінде
танымал. — американ ғалымы,
менеджмент бойынша статистик
және кеңесші.
Ол Шухарттың циклін дамытты, оның циклін әлемге
әйгілі «Шухарт-Деминг циклі» ( PDSA или PDCA:
жоспар, жүзеге асыру, тексеру, әрекет) деп атайды.
Сондай –ақ сапаны арттыру, басқару мәселелері, сапа
менеджменті Демингтің ұстанымдарында (14)
көрсетілген.
Демингтің 14 ұстанымдары
1. өнім мен қызмет көрсету сапасына бағытталған мақсат тұрақтылығы;
2. жаңа философия. Жапонияда басталған жаңа эконономикалық дәуірдің
философиясы;
3. сапаға қол жеткізудегі жаппай бақылауға тәуелділікті тоқтату;
4. ең төмен бағамен сатып алу тәжірибесімен қоштасыңыз;
5. сапаны арттыру, өнімділікті арттыру, шығындарды азайту үшін әр үдерісті
жақсартыңыз;
6. тәжірибеге кадрларды даярлау және қайта даярлауды енгізіңіз;
7. көшбасшылықты жариялаңыз;
8. кәсіпорын үшін барлығы жұмыс істеулері үшін қорқыныш, үрейлерді
жойыңыз;
9. кедергілерді жойыңыз;
10. бос ұрандардан, жаңа тапсырмалардан бас тартыңыз;
11. еркін белгіленген тапсырма мен сандық нормаларды жойыңыз;
12. жұмысшыларға өз еңбегін мақтан тұту мүмкіндігін беріңіз;
13. білім алу мен өзін-өзі жетілдіру деген ынтаны мадақтаңыз;
14. сапаны арттыру ісіне берілгендік пен жоғары басшылықтың әрекеттілігі
қажет.
Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп,
адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру
процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты;
мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени
дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде
жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен
оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды
және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі.
Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың
жүйелілігі мен логикалылығы.
Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке
үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады.
ҚР Білім заңы бойнша (2007 ж.15 тамыз)
білім беру – имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан
дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру
мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың
үзіліссіз процесі.
Педагогикалық менеджмет -білім беру
процесін басқарудың теориясы, әдістемесі
және технологиясы.
Педагогикалық менеджмент – бұл
қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған
формалардың, технологиялық әдіс
жинақтарының қызметін көтеруге және
дамытуға бағытталған педагогикалық
жүйелерді басқару.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz