Биотехнология және экология мен қоршаған ортаның мәселелері




Презентация қосу
«Фармацевтік өндіріс технологиясы» кафедрасы

Презентация
Тақырыбы: Биотехнология және экология мен қоршаған ортаның мәселелері. Микроорга-низмдердің
көмегімен қоршаған ортаға мониторинг жүргізу.

Орындаған:
Абдихалиқызы М
Тобы: ФӨТҚБ -02-21
Қабылдаған:

Шымкент -2024
Жоспар
• I.Кіріспе
• II.Негізгі бөлім
• Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
• Биотехнология әдістері
• Қазақстан Республикасының, алыс және жақын шет елдердің биотехнология
индустириясының заманауи жағдайы.
• Биотехнология медицинада
• Биотехнологияның негізгі бағыттары
• III. Қорытынды
• IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
• Биотехнология (bios - тіршілік; thechne-өнер, шеберлік;logos-ғылым)
- адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді
жүргізу барысында жаңа өнім алу; экономикалық құнды заттарды алу
үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық
объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану
жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.
• Биотехнология өнімнің өнімділігін оңтайландыруға көмектесу үшін әр
түрлі салаларда қолданылады және негізінен фармакология ауыл
шаруашылығы және қоршаған орта саласында қолданылады.
• Биотехнологияның негізгі объектісі – тірі жасушалар, атап айтқанда
жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың
биологиялық белсенді метаболиттері.
Қоршаған орта жағдайын бақылау және
мониторинг
• Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы
жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг
ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік
факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера
компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі[.
Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да
бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға
бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.)
өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді
Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны
бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:

қоршаған ортаның жағдайын жүйелі
түрде бақылау.

табиғи және антропогендік
факторлардың әсерінен табиғатта
болуы мүмкін өзгерістерді болжау.

қоршаған орта жағдайын ретке келтіру
шараларын басқару.
Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және
бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше
түрлерін ажыратады, Мысалы:
• Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:
• биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
• дистанционды (авиациялық және космостық);
• аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).

Бақылау обьектілері бойынша:
• қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су,
ауа);
• биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).
Сонымен, мониторингтің технология процестерін алгоритм түрінде былай
бейнелеуге болады:

• Өлшеу
▫ талдау
сипаттау
моделдеу
▫ дұрыс жолын таңдау.

Ic-әрекеттердің мұндай алгоритмі
қоршаған ортаның кез-келген
мониторингіне тән.
• Экологиялық мониторинг жүйесінде
биологиялық мониторингтің, яғни, экожүйенің
биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады.
Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның
жағдайын тірі организмдер көмегімен бақылау.
Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі - биоиндикация,
антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-
келген өзгерістерді есепке алып отыру
Қазақстан Республикасының, алыс және жақын шет елдердің биотехнология индустириясының заманауи
жағдайы.

• Биотехнологияның отаны АҚШ деп санауға болады.
1980 жылдан 1983 жылға дейiнгi кезеңде
Америкада 200 жуық ұсақ биотехнологиялық
компаниялар құрылған болатын
• Қазiргi уақытта биотехнологиялық кластерлер сияқты
инновациялық құрылымдар өте маңызды болып
отыр. АҚШ-тағы ең дамыған кластерлердiң бiрi
Массачусетс штатында орналасқан. Онда дәрi-дәрмек
препараттардан бастап ГМ-өсiмдiктерге дейiн әртүрлi
өнiмдердi шығаратын бiрнеше ондаған
биотехнологиялық фирмалар бар. Кластер үшiн
зертханалық зерттеулер атақты ғылыми
орталықтарда, соның iшiнде Массачусетс
технологиялық институтында, Гарвард және Бостон
университеттерiнде жүргiзiледi. Клиникалық
зерттеулердi Бостон ауданындағы ауруханалар өзiне
алады.
• Биотехнология ғылыми-техникалық прогрестiң маңызды
бағыттарының бiрi болып табылады. Биологиялық және техникалық
ғылымдар саласындағы генетикалық және клеткалық инженериядағы
осы заманғы жетiстiктерiнiң негiзiнде адамдардың өмiр сүру деңгейiн
көтеру үшiн мақсатты түрде жасалған тiрi жүйелердiң (ең алдымен
микроорганизмдер) әлеуеттi мүмкiндiктерiн пайдалануға болады.
Биотехнологиялық өнiмнiң көмегiмен жақын перспективада да және
стратегиялық тұрғыда да өндiрiстiк-технологиялық, экологиялық
және әлеуметтiк-экономикалық проблемалар шешiлуде.
М ед ици над ағ ы био те хно лог ия

• Биотехнологиялық әдiстермен өндiрiлген фармацевтикалық өнiмдердiң
әлемдiк рыногы биотехнологиялық рыноктың жартысына жуығын құрайды.
• Клондау
• Энуклеирленген аналық клеткаларға эмбриондық клеткалардың ядроларын
көшiру жолымен эмбриондарды клондау
• Диагностикалық құралдар
• Биотехнологиялық қан препараттары
• Иммунологиялық препараттар
• Антибиотиктер
Қорытынды

• Биотехнология – тірі ағзаларды пайдалана отырып, адамға қажетті
заттарды алу жолдарын әзірлейтін күрделі ғылым. Биотехнологиялық
процестер нан, сүт қышқылы өнімдері, шарап, сыра өндірісінде
бұрыннан қолданылған. Биотехнологияның объектілері
микроорганизмдер (бактериялар, цианобактериялар, саңырауқұлақтар,
протистер) болып табылады.
• Аннотация Биотехнология – тірі организмдерді, олардың
жүйелерін немесе олардың тіршілік әрекетінің өнімдерін
технологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалану
мүмкіндіктерін, сонымен қатар гендік инженерияны
пайдалана отырып, қажетті қасиеттері бар тірі
организмдерді құру мүмкіндіктерін зерттейтін пән.
Пайдаланылған әдебиеттер

• 1.Устенова, Г. О. Экстракциялық препараттардың технологиясы [Мәтін] : оқу құралы / Г. О. Устинова, А. Ш.
Амирханова. - М. : "Литтерра", 2019. - 256 с.
• 2.Мантлер С. Н. Химиялық технологияның процестері және аппараттары : оқулық / С. Н. Мантлер, Ғ. М.
Жуманазарова. - ҚР БҒМ ұсынған. - Алматы : "Бастау", 2018. - 256 б. С
• 3.Мантлер С. Н. Процессы и аппараты химической технологии : учебное пособие / С. Н. Мантлер,Г. М.
Жуманазарова. - Министерство образования и науки Республики Казахстан. - Алматы : "Бастау", 2018. - 256 с
• 4.Устенова, Г. О. Применение сверхкритической углекислотной экстракции в фармацевтической технологии / М-во
здравоохранения РК; Каз. нац. ун-т им. С. Д. Асфендиярова Алматы : Эверо, 2012. - 100 с
• 5. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P060000363_ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3
мамырдағы N 363 қаулысымен мақұлданған
• 6. https://kk.wikipedia.org/wiki/ Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6

Ұқсас жұмыстар
Қалдықсыз өндіріс
Қоршаған ортаны бақылаудың халықаралық бірлестігі
ТІЛ ЖӘНЕ ОРТА ӨЗАРАӘРЕКЕТ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Өсімдіктердің ауру түрлері мен топтары
Экологиялық биотехнологияның міндеттері
Табиғи ресурстар мониторингі
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының негіздері
Экологиялық құқықтың ұғымы
Адам денсаулығы қоршаған орта мен әлеуметтік ортаның туындысы
Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар
Пәндер