Дүниежүзілік энергия ресурстары мен өнеркәсіп секторларының халықаралық географиясы және көшбасшы елдер


Slide 1

Дүниежүзілік өнеркәсіп

Slide 2 Slide 3 Slide 4

Мұнай өнеркәсібі

Мұнай өнеркәсібі- отын өнеркәсібіндегі жетекші рөл атқаратын сала. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайды өңдемей қолдана алмайды.

Одан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар.

Сауд Арабиясы әлемдегі жетекші мұнай өндіретін ел. Ал жан басына шаққанда мұнай өндіруден Кувейт 1- орын алады.

Негізгі мұнай өндіретін аймақ: Парсы шығанағы, Латын Америкасы (Венесуэлла, Мексика), Африка (Ливия, Алжир, Нигерия)

Slide 5

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ)

The organisation of the Petroleum Exporting Countries, OPEC- табысының негізгі көзі мұнай және мұнай өнімдерін шығару мен экспорттау болып табылатын, құрамына 12 ел кіретін халықаралық ұйым; Азия, Африка және Латын Америкасының негізгі мұнай өндіруші мемлекеттерінің бірілестігі. 1960 ж құрылды. Ирак, Иран, Сауд Арабиясы, БАӘ, Кувейт, Катар, Ливия, Нигерия, Ангола, Алжир, Венесуэла және Эквадор жатады.

Slide 6

ОПЕК- ұйымының жалауы мен штаб-пәтері (Вена қаласы)

Slide 7

Мұнай өндіру

Slide 8 Slide 9

Табиғи газдың маңызды кен орындары Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа, Парсы шығанағы, Ресей мен Орта Азия. Табиғи газ өндірісінің жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша дүние жүзінде Бруней 1- орын алады. Табиғи газды сатудан Ресей алдыңғы орында .

Slide 10

Көмір өнеркәсібі. Дүние жүзі бойынша көмірдің 12% ғана экспортталады. Көмір экспортында Аустралия, ОАР, АҚШ жетекші орында болса, импортында Батыс Еуропа елдері мен Жапония басымдылық танытады.

Slide 11

Электр энергетикасы

ЖЭС шикізат көздеріне және ірі тұтыну орталықтарына жақын орналастырылады. ЖЭС тер электр энергиясының 63 %н береді.

СЭС Ол дүние жүзінде өндірілетін электр энегиясының 20% береді. Яғни бұл дүние жүзінде өндірілетін энергияның 1 / 5 -ін береді. Энергияның бұл түрін пайдалануда АҚШ пен Ресей алдыңғы орында. Жан басына шаққанда СЭС тен Норвегия басымдылық көрсетеді

АЭС Ол дүние жүзінде өндірілетін электр энегиясының 17% береді. Францияда 80%-ын, Литвада 77, 4%- ын береді.

Соңғы кездерде сарқылмайтын балама энергия көздері ашылуда олар; жел, гелио-, геотермалдық, толысу энергиясы.

Slide 12

Қара металлургия Қытай -шойын балқытудан 1-орын, болат балқытудан 2- орында. Жапония- болат балқытудан 1- орында

Slide 13

Машина жасау.

Ғылымды көп қажет ететін электр техникасын жасау саласында өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ, Азиядағы жаңа индустриялық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие. Көліктік машина жасау: Автомобиль өндірісінің негізгі орталықтары - Батыс Еуропа, Солт. Америка, Жапония.

Әр елдің өзіндік «Автомобиль астанасы » бар. Олар: Детройт(АҚШ), Вольсфург (ГФР), Турин (Италия), Төменгі Новгород (Ресей), Нагоя-Токио(Жапония) .

Кеме жасаудан : Корея, Жапония, Германия, Қытай жетекші орында.

Ұшақ өндірісінде: Сиэтль, Лос - Анджелес -тегі «Боинг» зауыттарының тобы және Тулузадағы (Франция) «Конкорд» зауыты көзге түседі.

Slide 14

Химия өнеркәсібі. Пластмасса өндірісінде жетекші орынды 3 ел (АҚШ, Жапония, ГФР) алады. Жасанды каучук автомобиль өндірісі күшті дамыған елдерді жақсы дамыған. . Дәрі - дәрмектің д. ж бойынша 3 / 4 бөлігін АҚШ, ГФР, Ұлыбритания, Жапония береді.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі. Д. Ж - гі табиғи жібек пен джуттың барлығы дерлік ірі қара мал терісінің 30 % дерлік Азияның үлесіне тиеді. Зығыр өндірісінде - Қытай алдыңғы орында. Батыс Еуропа мен АҚШ бағалы киімдер мен қымбат өнімдерді шығарудан жетекші орында.

Тамақ өнеркәсібі - Швейцариялық «Нестле» және нидерландық - ағылшындық «Юнилевер» Батыс Еуропа шарап, ірімшік және сыра дайындаудан дүние жүзінде 1- орын алып негізгі тағам түрлерімен өзін - өзі қамтамасыз етеді.

Балық өнімдерін сатуда Чили мен Перу; Бразилия, Колумбмя, Индонезия, Мексика кофені; Үндістан, Қытай, Кения, Шри - Ланка шайды - Үндістан, Бразилия, Куба қантты экспорттауда алдыңғы орында.


Ұқсас жұмыстар
Аймақтық өнеркәсіп географиясы: әлемдік тенденциялар және Қазақстанның өңірлік талдауы
Халықаралық еңбек бөлінісіндегі өнеркәсіп географиясының рөлі мен теориялық негіздері
Аймақтық өнеркәсіп географиясы: әлемдік тенденциялар мен Қазақстанның (Оңтүстік Қазақстан мысалында) талдауы
Елдер этикеті: ұлттық дәстүрлер мен халықаралық іскерлік мінез-құлық
Шығыс Еуропа елдерінің географиясы мен экономикалық ресурстары
Қырғызстан Республикасының географиясы, табиғи ресурстары және экономикалық құрылымы
Ресей Федерациясының географиясы, табиғи ресурстары және демографиялық-экономикалық ерекшеліктері
Ресей Федерациясының географиясы, табиғи ресурстары және әлеуметтік-экономикалық құрылымы
Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері, негізгі кезеңдері және халықаралық салдары
Дүниежүзілік қара металургия: өндіріс, сауда және орналастыру географиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz