Кеш қалпына келтіру


Slide 1

Инсульт кезіндегі оңалту іс шаралары.

Дайындаған: 13 топ

Мулдагалиева Гулнара

Есенаманова Фариза

Бертілеуова Алма

Slide 2

Инсульт мүгедектікке әкеп соғатын аурулардың ішінде бірінші орынға ие. Ол науқастың белсенділігін шектеп, оның өзінің ғана емес, жақындарының да өмір сүру деңгейін төмендетеді. Инсульттан кейінгі оңалтудың негізгі міндеті - өзін-өзі күту және мүмкіндігінше жүру қабілетін қалпына келтіру. Мұнда қалпына келтіруді алғашқы күндерден бастау маңызды. Инсульттан айығу кешенді іс-шараларды қажет етеді, әрі дәрігерлердің де, пациенттің де, оның жақындарының қатысуын талап етеді.

Slide 3

Ми қан айналымының жедел бұзылуынан кейін қалпына келтірудің

4 негізгі кезеңі.

Жедел. Ол 3-4 аптаға созылады. Инсульттен кейін алғашқы оңалту ауруханада жүргізіледі

Ерте қалпына келтіру. Ол алты айға дейін созылады. Алғашқы 3 айда моториканы қалпына келтіру маңызды. Осы кезеңде инсульттен кейінгі оңалтуды мамандандырылған орталықта, санаторийде немесе үйде (дәрігердің тұрақты бақылауымен) жүргізуге болады.

Кеш қалпына келтіру. Бұл кезең алты айдан бір жылға дейін созылады. Негізінен үйде немесе емхананың мамандандырылған оңалту бөлімінде жүргізіледі

Кейінгі. Бұл кезең инсульттен кейін бір жылдан кейін басталады. Әдетте, қалпына келтіру шаралары үйде жүргізіледі.

Slide 4

Оңалту науқастың ерекшеліктеріне, оның ілеспе ауруларына және қазіргі жағдайына байланысты жеке-жеке таңдалады.

Жедел цереброваскулярлық бұзылулары бар науқастарды оңалту бірнеше негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: • Қозғалыс дағдыларын және қозғалыс функцияларын қалпына келтіру. Бұл оңалтудың маңызды бағыттарының бірі, өмірін өз бетінше сүру және әдеттегі өмірге оралу мүмкіндігін қалпына келтіруге көмектеседі. Пациенттермен жаттығу терапиясы, еңбек терапиясы жүргізіледі, физиотерапиямен бірге түрлі заманауи әдістер белсенді қолданылады. • Толық сөйлеуді қалпына келтіру. Оңалтудың бұл бағыты инсульттен кейін сөйлеу қабілеті бұзылған науқастардың басқалармен қалыпты қарым-қатынасын қалпына келтіруге ықпал етеді. Логопедпен жеке сабақтар өткізіледі. • Көру және қабақ қызметін қалпына келтіру. Оңалту офтальмологтың, реабилитологтың, жаттығу терапиясы нұсқаушысының және физиотерапевтің жетекшілігімен орындалатын шаралар кешенін қолдану арқылы жүзеге асырылады. • Есін қалпына келтіру. Ойлау, есте сақтау және зейінді дамыту үшін жаттығуларды орындауға ынталандыру. Қажет болса, жүйке белсенділігін ынталандыратын дәрілер тағайындалады. • Күнделікті дағдыларды қалпына келтіру. Инсульттен кейінгі оңалтудың бұл бағыты ең маңыздыларының бірі болып табылады, өйткені бұл ауруханадан үйге оралған кезде оның өз бетінше өмір сүруіне мүмкіндік береді. Науқас бұрын үйренген жағдайларға қайта бейімделеді, күнделікті тұрмыстық әдеттерін қалпына келтіреді.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Инсульттің басты белгілері: - Бастың қатты ауыруы; - Естен тану; - Бас айналуы; - Тілдің байланып қалуы, беттің жансыздануы; - Мұрын-ерін қатпары немесе бет асимметриясы; - Қан қысымының ұзақ уақыт жоғары болуы.

Slide 8 Slide 9

Инсульт кезінде көрсетілетін алғашқы көмек

Адамның инсульт алу қаупі туралы хабарланғаннан кейін медициналық көмекті күту кезіндегі алғашқы көмек көрсетудің маңызы зор. Оларға мыналар жатады:

науқасты жатқызу;

оған таза ауа жұтуға мүмкіндік беріп, киімдерін шешу;

бар болса, тіс протездерін алып тастау;

адамды жалғыз қалдырмай, әр 5 минут сайын қан қысымын өлшеу;

жүрек айнуының алғашқы белгілері пайда болған кезде басын бір жағына бұру;

өзі қалаған көлемде су ішкізу;

жәбірленушінің тілінің астына бір мезгілде 10-12 дана глицин қоюға болады;

"жедел жәрдем" мамандарына барлығын баяндау.

Slide 10

Медбике көмекшісімен санитардың жұмысы

науқастарды тамақтандыру

жеке гигиенаны сақтау

төсекті және киімді ауыстыру

науқастың әр 2 сағат сайын позициясын ауыстыру

пациенттерді тасымалдау

Slide 11 Slide 12

Физиотерапиялық қалпына келтіру бағдарламасы аясында тағайындалған арнайы физикалық жаттығуларды орындау міндетті болып табылады. Егер сіз мамандардың тағайындауларын орындасаңыз, денсаулықты салыстырмалы түрде қысқа мерзімде қалпына келтіруге болады.

Аяқ пен қолды нығайтуға арналған шағын велосипед

Slide 13

Оңалту кезеңі

Имитатор ходьбы ересектерге арналған тренажер.

Монуалекс оңалту тренажеры

Slide 14

Ұсақ моториканы дамыту.

Slide 15

Логопед маманының жұмысы.

Логопедиялық массаж (бет және артикуляциялық бұлшықеттер, тіл массажы) ;

Дыбыстардың айтылуындағы ақауларды түзетуді орындайды (жалпы артикуляциялық гимнастика, тілге арналған жаттығулар) ;

Инсульт, бассүйек-ми жарақаты (афазия, дизартрия) кезінде сөйлеуді қалпына келтіреді;

Кекештену, дисфагия, дисфония т. б. түзейді.

Slide 16

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Реабилитацияның түрлері
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОЛАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ШАРАЛАРЫ
Операциядан кейінгі кезең
Теміртапшылықты анемия
Ортодонтиядағы балалардың бет жақ аймағының аномалиялары мен деформацияларын емдеудің негізгі принциптері мен әдістері
Инфекциялық- токсикалық шок
Жасанды тыныс алу тәсілдері
Реанимацияның патофизиологиялық негіздері
Құрсақішілік инфекция кезеңде ОНЖ перинатальды зақымдалуы
Төлдердің рахит ауруларында тағайындалатын диеталық аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz