Ауырсыну синдромы


Slide 1

Асқазан-ішек жолдарының аурулары бар науқастарды мейірбикелік тексеру.

Дайындаған: ДС магистрі, клиникалық пәндер оқытушысы Бухаева Жанерке Дәулетбекқызы

Slide 2 Slide 3 Slide 4

Асқазан-ішек жолдарының негізгі ауруларының тізімі

Гастриттер

Асқазан жарасы

Энтериттер

Колит

Бауыр және өт жолдарының аурулары (гепатит, бауыр циррозы, холецистит)

Slide 5

Негізгі шағымдары

Ауырсыну синдромы

Диспепсиялық синдром

Астениялық синдром

Slide 6

ауырсыну синдромы

Ол кез-келген асқазан-ішек жолдарының патологиясымен, сондай-ақ диафрагматикалық плевраның зақымдалуымен пайда болуы мүмкін Нақтылап сұрау керек:

- ауырсынудың орналасуы

- ауырсыну сипаты (ауырлық сезімі, ауырсыну, өткір, кескіш, қанжар)

- ауырсыну жиілігі (тамақ қабылдаумен байланысты ма, маусымдық өршу ме)

- ауырсынудың төмендеуі немен байланысты (құсудан кейін, тамақ қабылдаудан кейін, жылуды қолдану, науқас қалпын өзгертуден кейін. . т. б)

Slide 7

ауырсынудың орналасуы

Өңеш патологиясы кезінде (эзофагит, күйік) : төс артында

Диафрагманың өңеш саңылауы жарығында : кеуде қуысының сол жақ жартысына берілуі мүмкін, жүрек ауруымен шатастыру мүмкін

Асқазан ауруларында: эпигастрий аймағында, ортаңғы сызықтың оң жағында

Арқа аймағына иррадиацияланады

Белдемелі ауырсыну -ұйқы асты безі патологиясына тән

Ішек ауруларында-іштің кез-келген жерінде

Slide 8

Құрсақ қуысында ауырсынудың орналасу нүктелері

Slide 9

Ауырсыну сипаты

Тұрақты сипаттағы ауырсыну (бірнеше күннен аптаға дейін) - тартылатын, түтіккен, шаншып - асқазан қабырғасының қабынуына байланысты (соз. гастритте), асқазанның қатерлі ісіктерінде де кездесуі мүмкін.

Ұстама тәрізді ауырсынулар (тамақпен байланысты) - ерте (2 сағатқа дейін), кеш (2 сағаттан кейін), түнгі уақытта жиі.

- негізінде асқазан немесе ішек тегіс бұлшықеттерінің спазмы жатыр

-жоғары қышқылдықпен, тітіркенумен асқазанның ойық жаралы ақауының қышқыл құрамымен байланысты

Асқазан патологиясында: қысым сезімі, асқазан асты тұсындағы дискомфорт

Slide 10

Ауырсыну сипаты

Ерте ауырсынулар -асқазанның жоғары бөлігінің жараларына тән (кардия, кіші кривизна)

Кеш ауырсынулар - 12 елі ішекттің патологиясына тән

Ауырсыну ұстамалары қабылдаған тағам сипатына байланысты экстрактивті, қатты тағамдардан кейін жиі дамиды)

Жеңілдейді --- жылу қабылдағаннан, сүт, құсықтан кейін

Мерзімділігі - күз-көктем уақыты (жиі ойық жара ауруында)

Slide 11

Ауырсыну сипатының өзгеруі

Перфорацияда - қанжар сұққан тәрізді ауырсыну

Пенетрацияда - белдеме тәрізді ауырсыну, арқаға беріледі

Малигнизацияда - тұрақты, тағам қабылдауға байланысты емес

Slide 12

Диспепсиялық синдромдар

Кекіру

Қыжыл

Жүрек айнуы

Құсу

Тамақтанғаннан кейін асқазанды қатты толтыру сезімі

Метеоризм

Тәбеттің өзгеруі

Нәжістің өзгеруі

Slide 13

Тамақтанудың бұзылуы

Slide 14

ДЗ ұзақ уақыт қабылдау

Slide 15

Анамнез

Науқастардың тамақтану шарттары, тамақтану режимі, құрғақ тамақтану, тамақ сапасы

Науқастың дене салмағының динамикасы (салмақ жоғалту)

Ауырған аурулар (тағамдық уыттану, маскүнемдік)

Темекі шегу

Дәрілік препараттарды ұзақ қабылдау (ҚҚСП, стероидты гормондар, калий хлориді)

Қолайсыз еңбек жағдайлары (қорғасынмен, сынаппен байланыс, стресс факторлары)

Slide 16

Тексеру

Дене бітімінің ерекшеліктері (астениктер - асқазанның секрециясы мен перестальтикасының төмендеуі, ішектің сіңу қабілеті)

Тері асты май қабатын тексеру:

- айқын салмақ жоғалту- асқазан ойық жара ауруы, қатерлі ісік кезінде

Slide 17

Тексеру

Тері жамылғысының түсі:

- бозару (асқазаннан қан кету кезінде)

- сарғаю ( бауыр патологиясында)

- сұр түстену( асқазан рагы)

Ауыз қуысын тексеру :

- тістердің жеткіліксіздігі(тағамды дұрыс шайнамау)

- кариозды тістер (асқазанға патогенді

флораның түсуі)

- тіл - «асқазанның айнасы»

Slide 18

Тіл

Ақ немесе сұр жабындымен қапталған (гастритте, ракте)

Қызыл (қышқылдықтың жоғарылауы)

Малина тәрізді, жылтыраған (бауыр циррозы)

Slide 19

Ішті тексеру

іштің пішіні және іштің біркелкі немесе біркелкі емес шығуы немесе тартылуы (түсуі) ;

алдыңғы іш қабырғасындағы тыртықтар мен стриялар;

тері астындағы тамырлардың кеңеюі және жиырылуы;

ақ сызық пен кіндік сақинасының грыжалары;

ішек моторикасының жоғарылауы;

іштің тыныс алуына қатысуы

Slide 20

Ішті тексеру

Кебуі (метеоризмде)

Ұлғаюы (асцитте)

Перистальтикалық қозғалыстар эпигастрий аймағын соққылау кезінде күшейтіледі (қақпашының стенозында)

Кейде асқазанның үлкен ісіктері байқалады

Жылыту жастықшаларын қолданудың іздері (ауырсыну кезінде)

Операциядан кейінгі тыртықтар (локализация, форма) хирургиялық араласу процесі туралы түсінік береді

Slide 21

Асцит

Slide 22

«медуза басы»

Slide 23

Железа Вирхова

Slide 24

Іш пальпациясы

Беткей

Образцов -Стражеско бойынша терең жылжымалы

Slide 25

Перкуссия

Іш қуысында бос сұйықтықты анықтау (асцит) :

- перкуссия әдісімен

- флюктуация әдісімен

Бауыр перкуссиясы

Көкбауыр перкуссиясы

Slide 26

Аускультация

Перистальтикалық шуды тыңдауға мүмкіндік береді (ішектің моторикалық белсенділігі кезінде)

Перистальтикалық шу ішек өтімсіздігінде, перитонитте анықталмайды

Slide 27

Асқазанның және 12-елі ішек ойық жарасы - пилорикалық хиликобактер әсерінен асқазанның және 12-елі ішектің кілегей қабатында қабыну және жаралар дамуымен өтетін созылмалы ауру.

Халық арасында кеңінен кездесетін аурулардың бірі, 3 миллионнан астам адам есепте тұрады.

Ұлтабардың ойық жара ауруы асқазанның ойық жарасынан үш есе жиі кездеседі және 35 жасқа дейінгі жастарда байқалады.

Slide 28

Жедел немесе созылмалы психоэмоциональды стресс

Тамақтану тәртібінің бұзылуы: қатты және өткір тағамды қолдану, асты асығысып ішу немесе құрғақтай жеу

Зиянды әдеттер/темекі шегу, алкагольмен әуестену/

Себебі

Қанқа жарақаттары

Дәрілік заттардың әсері

Конституционалдық және генетикалық факторлар

Асқазанның хеликобактериялармен және кандидалармен инфекциялануы

Slide 29

Негізгі симптомдары

Ауырсыну - мезгілге байланысты (күз, көктем) күшейеді. Эпигастрий аймағында “қанжар сұққан тәрізді” ауырсыну болады.

Асқорыту немесе аш кезінде қатты ауырсыну болады. Ауырсыну ас қабылдаған соң 15-40мин кейін болса, ерте ауырсыну деп аталады. 1. 5-3 сағаттан соң болса, кеш ауырсыну дейді. Ас қабылдағанға байланысты, құсудан соң жеңілдік болады.

Жүрек айну, құсу - құсық тамақ, өт, қан, нәжіс аралас болады. Жара ауруында қан кету анық және жасырын болуы мүмкін. Қан кету қанды құсықпен немесе қанды нәжіс ретінде болуы мүмкін.

Кекіру, қыжылдау - эпигастрий аймағында немесе төс артында жағымсыз әсер болады.

Тілі түбірі маңында ақтандақ басқан, кейде тіл шеттерінде -эрозиялар анықталады.

Іш қатпасы - жара ауруында жиі кездеседі.

Slide 30

Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы көптеген асқынуларға әкелуі мүмкін.

Ойық жараның жиі қанауы

Көрші ағзаларға жарып өтуі (пенетрациясы)

Тесіліп кетуі (перфорациясы)

Ракка айналуы

Slide 31

Диагностикасы

ФГДС

Рентгеноскопия

Гастроскопия

Биопсия

Лабараториялық зерттеулер

Slide 32

Емі

Этиологиялық ем;

Емдік тәртіп;

Емдік тамақтану;

Медикаментозды ем;

Фитотерапия

Минералды сулармен емдеу,

Физиотерапия;

Ұзақ жылжымайтын жараларды жергілікті емдеу

Slide 33

Біріншілік профилактика

Балалық шақтан рациональды тамақтану;

Еңбек және демалыс жағдайларын ұйымдастыру;

Темекі шегумен күрес;

Ішімдікпен әуестенбеу;

Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану;

Ерте диагностика жүргізіп, жара алды ауруларды емдеу/созылмалы гастриттер, асқазанның және 12-елі ішектің функциональды бұзылыстарын/

Екіншілік профилактика

1. Үздіксіз терапия жүргізу;

2. Аурулары белгілері пайда болса өршуіне қарсы ем жүргізу;

3. Ұзақ уақыт диспансерлік бақылау жүргізу;

4. Көктемде және күзде қажет болса жыл бойы профилактикалық ем жүргізіледі;

5. Қосарланған ауруларды емдеу;

6. Рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеулер жүргізу.

5 жыл бойы ауру рецидивтері болмаса пациент жазылды деп есептеледі және диспансерлік қабылдауды қажет етпейді.

Профилактикасы

Slide 34

Асқазанжәне 12 елі ішек ауруы кезінде пациентке күтім көрсету

Ойық жара ауруы алғаш анықталған немесе өршуі бар пациенттер 1-1, 5 ай аурухана ішінде емделеді.

Аурудың өршуі кезінде пациент 2-3 апта төсек режимін сақтау керек.

Науқастың жалпы жағдайын бақылар отыру:науқас терісіне, пульсі, АҚ, нәжіс түріне назар аудару.

№1 диеталық стол тағайындалады.

Дәрігер тағайындаған дәрілерді дұрыс және уақытылы берілуін қадағалап отыру.

Науқасқа психикалық күш түсірмеу. Науқастың аландауына, мазасыздануына, уайымдауына болмайды.

Пациент ұйқысының тыныш және толық болуын қадағалау. Кем дегенде 8 сағат тынығуы қажет.

Темікі шегу және ішімдік қолдануға тыйым салынады.

Пациентте асқазаннан қан кету және асқынбаған ойық жара болмаса физиотерапиялық ем жүргізіледі.

Пациентте асқазаннан қан кеткен кезде тез арада дәрігер шақыру. Пациентті тыныштандырып, таза ауамен қамтамасыз ету. Асқазан тұсына мұзды мұйық қою. Қан тоқтататын препараттарды енгізу. Егер бұл шара көмектеспесе хирургиялық ем тағайындалады.

Пациент ауруханадан шыққан соң санаторияда курорттық ем алу ұсынылады.

Пациент диспансерлік есепке алынып, жылына 2 рет тексерістен өтуі керек.

Реабилитациялық шаралар жүргізіледі.

Slide 35

Стол №1

Стол N1. Асқазан жара ауруы және 12-елі ішектің аурулары кезінде

Құрамы: үгітілген сүтті және көкөністі тағамдар ( қырыққабаттан басқа), дәнді-дақылды сорпа (бірақ етті және балықты емес) ; суға немесе буға қайнатылған және ботқа тәрізді түрінде көкөністер; қайнатылған құнарлығы аз ет, майлы емес қайнатылған балық, буға піскен ет, балық, сыртқы қабатынсыз қайнатылған тауық; сары май, зәйтүн майы, шемішке майы; сүт, қышқыл емес ұйыған сүт, майлы емес қаймақ, жұмсақ ірімшік, қышқыл емес қаймақ; бітеудей қайнатылған немесе булы омлет түрінде пысқан жұмыртқа, кептірілген нан; тәтті жеміс-жидектер, жеміс - жидекті, көкөністі шырындар, итмұрын қайнатпасы, қант, тоспа, шай, сүтті какао - әлсіз.

Жалпы жағдайы жақсарған сайын тағамды қайнатылған түрінде қолдануға болады. Тұзды 8 г дейін азайту. А, С, В тобындағы витаминдер қолдану. Тағамды жиі күніне 5-6 рет пайдалану, толықтай шайнап және тым ыстық немесе тым суық тағамдардан аулақ болу қажет;

Slide 36

Құрамында барлық қажетті элементтері бар азық-түлікті шамамен тұтыну; Әсіресе құрамында дәрумендер мен микроэлементтер бар азық-түлікті тұтынуға назар аудару керек.


Ұқсас жұмыстар
БМСК мекемесіне жүгінген кездегі шағымдар
Бүйрек және несеп шығару жолдарының патологиясымен пациенттерді тексеру схемасы
Жүйелі склеродермияның дигностикасы
Жара ауруының клиникалық көрінісі
Сарғаю белгілері билирубин
Туберкулезді лимфаденит
Неврология аурулары, ауру симптомдары және жүйке жүйесінің диагностикасы
Синдромдар мен симптомдар, диагноз түрлері
Жүрек - тамыр жүйесінің синдромдары
Тыныс алудың зақымдану синдромы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz