Спорттық жарыстар жүйесі



№ 4 дәріс тақырыбы: Спорттық жарыстар жүйесі
1. Спорттағы сайыстар пәнінің, жеңімпазды анықтау ерекшеліктерін есепке ала отырып, спорт түрлері неше топқа бөлінеді?
2. Спорттың циклдік, ациклдік, аралас түрлеріне спорттың қай түрлері жатады? Спорттық жарыстардың жіктелуі неше нұсқалардан тұрады? Оларға сипаттама беріңіз.
3. Спортшыларды даярлау жүйесі белгілі спорт маманы Л. П. Матвеевтің пайымдауынша және Н. Г. Озолиннің пікірі бойынша неше компоненттен тұрады?
4. Спорттағы жеке коэффициентті анықтау әдісі мен статистикалық берілген мағлұматтардың математикалық талдауына сипаттама беріңіз.
5. Спорттық нәтижелердің механикалық экстраполяциялау әдісі мен сараптамашылық (эксперттік) бағалау әдісі қай салада және қалай қолданылады?
6. Күшті спортшылардың сипаттамасын модельдеу неше деңгейде іске асырылады? Олардың модельдік сипаттамасын жасақтау және құрастыру барысында кәсіби маңызы бар қанша сипатты белгілер бар? Олардың барлығына сипаттама беріңіз.
7. Спорттың қоғамдағы түрлері мен қызметтері туралы концептуалдық көзқарас деп нені білдіреді?

Спорт түрлері спорттық сайыстардың пәні ретінде - спорттың кейбір түрлері болып табылады.
Олардың әрқайсысы іс-қимылдардың ерекше құрамымен, спорттық күресті жүргізу тәсілдерімен және жарыс ережелерімен сипатталады. Спорттың көптеген түрлері әртүрлі сипатты белгілермен жіктеледі.
Олардың 7 нұсқасы бар

Спорт түрлерінің жіктелуі
Сипатты белгілері
Спорт түрлері
Жарысу пәні
Дене қимылы қасиеттерінің шектегі көрінуіндегі спорт түрлері: қозғалу амалдарын басқару дағдысымен, қарудан нысаналарды тигізумен, модельді-құрастырушылық және қарсыласты абстактті-логикалық жеңумен
Жеңімпазды анықтау
Құралдық бағаланатын бірқатар жаттығулардан тұратын, өлшеу-құралдық, спорттың визуалды бағалау түрлері
Қимыл-әрекет құрылымы
Спорттың циклдік, ациклдік және аралас түрлері
Қимыл-әрекет күрделілігі
Спорттың салыстырмалы түрдегі қарапайым және күрделі-координациялық түрлері
Айналысушылардың жынысы
Әйелдер немесе ерлер қатысатын спорт түрлері
Айналысу мүмкіндігі
Спорттың жазғы ж
не қысқы түрлері
Олимпиадалық ойындарға қатынасы
Олимпиадалық (жазғы мен қысқы) және олимпиадалық емес спорт түрлері

Сайыстар пәнінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, олар 5 топқа бөлінеді:
Қарсыласты абстрактілі-ақыл-ойлық (логикалық) жеңу сипатымен сайыстардың негізгі мазмұны анықталатын спорт түрлері. Оларға шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, нарды, домино және т. б. жатады.
Адамның ең жоғарғы шекте дене қимылы қасиеттерін сипаттайтын спорт түрлері. Оларға келесі спорт түрлері жатады: бокс, күрес түрлері, жеңіл атлетика, ауыр атлетика және басқалары;
Техникалық жүргізу құралдарын басқаруды құрайтын, оташылық (операциялық) негіздегі спорт түрлері. Олардың құрамын авто-мото-велоспорт (шайтанарба) түрлері және т. б. құрайды;
Қимыл-қозғалыс белсенділігі арнайы спорттық мылтықтан нысанаға дөп тигізу шарттарымен қатаң түрде шектелетін спорт түрлері. Оларға оқпен ату, стендке ату, садақпен ату және басқалары жатады;
Спортшының үлгілік-құрастырушылық (конструкторлық) іс-қызметінің нәтижелерін салыстыратын спорт түрлері. Оларға авиа, -көліктік модельдік спорт түрлері жатады;

Жеңімпазды анықтау ерекшеліктерін есепке ала отырып, спорт түрлері 3 топқа бөлінеді:
Спортшының көрсеткен нәтижелері құрал-жабдықтар арқылы өлшенетін спорт түрлері. Оларға жеңіл атлетика, жүзу, шаңғы спорты және осы секілді басқа да түрлер жатады;
Спортшының көрсеткен нәтижелері сырт көзбен көру (визуалдық) арқылы өлшенетін спорт түрлері. Оларға спорттық ойындар, жекпе-жек түрлері - бокс, күрес және т. б. жатады;
Олардың әрқайсысы арнайы қажетті құрал-жабдықтармен өлшенетін, спорттық жаттығулардан тұратын спорт түрлері. Оларға көпсайыстың барлық түрлері жатады. Қазіргі кезде көпсайыс түрлерін заманауи құрал-жабдықтармен өлшенеді.


Спорттық командалар немесе топтар арасында байланыс өте ерекше және оларды басқару үшін арнайы білім мен дағды қажет, сондықтан спорт психологиясы жалпы психологиялық білім ережелерін ескереді, бірақ негізінен өз зерттеулерінің нәтижелері бойынша сипатталады.
Ол психологияның бөлімдерін ажыратады: спортпен шұғылдану және тәрбиелеу; спортшыларды физикалық, техникалық және тактикалық даярлау; спортшының, жаттықтырушының, спорттық командалардың (топтың) жетекшісі, спорттық команданың психологиясы, психодиагностика және спорт психогигиенасы психологиялық ерекшеліктері және т. б.

Спорт қызметінің заңдылықтары
Дене жаттығулары біршама өзіндік ерекшеліктері бар-спорттық қызмет деп аталатын адам қызметінің жеке бір түріне айналады. Спорттық қызмет әдетте:

Қимылды үйрету мен жетілдірудің психикалық негіздері
Жаттығу деп - меңгерілген дағдылар, білімдер мен тәсілдерді пысықтап, жетілдіруге бағытталған дайындық кезеңін айтамыз. Жаттығудың негізгі міндеті- әдістерді жекелей және топтық тәсілдік қимылдарды жетілдіру, денешынықтыру дағдыларын, психологиялық процестерде дамыту, адамгершілік және ерік-жігерді тәрбиелеу болып табылады.
Үйрету мен жаттықтыру процесінің тәрбиелік мәні де бар. Ол спортшылар бойында-талпынушылық, көшбасшылық, шешім қабылдағыштық, балылдық, жігерлік, достық, жолдастық, ұжымдық сезімдерді тәрбиелеуге қажетті мотивация қызығушылықтың идеалдық өмірлік көзқарастың пайда болуына жағдай жасайтындай құрылуы керек. Уйрету, жаттығу және тәрбиелеу процесінде спортшы. ның өсуі, жетілуі іске асады.
Спорттық жетілу - бұл психологиялық дағдылар мен дене қабілеттерінің барынша дамуы және спортшы жеке басының жағымды қасиеттері арқылы спорттық шеберліктің жоғары денгейін қамтамасз ететін педагогикалық процесс.
Спорттық жетілу процесі кезінде мына төмендегідей психологиялық талаптарды сақтау міндетті: барлық ианымдық және басқа процестердің (сезіну, түйсіну, жады, ойлау т. б. ) белсенділігін арттыру; назардың қажетті қасиеттерін (интенсивті, тұрақтылық және т. б. ) күшейту, назарды бір нсанада екіншісіне тез аудару қабілетіне үйрету, оның тұрақтылығын арттыру әдістерін пайдалану; ерік-жігер күштеріне ынталандыру қабілетін дамыту; спортқа, оқу-жаттығу процесіне тұрақты қызығушылықты арттыру; жоғары адамгершілік, интеллектуалды және эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу; спортшы жеке басының ерекшеліктеріне сәйкес келетін іс-әрекеттің ең тиімді жолдарын табуға көмектесетін (спорттық іс-әрекеттің түрлерін қалыптастыру; ағымдағы нәтижелердің есебі мен бақылау сынақтарын кеңінен қолдану.

Жаттығулардың мақсаттары орындалу үшін алдымен мынадай мәселелер шешілуге тиісті:
Өзі таңдаған спорт түрінің әдістері мен жаттығу тәсілдерін үйрену.
Адам ағзасының мүмкіншілігін жетілдіру жолында алға қойған мақсаттарды орындау.
Психиканы кемелдендіру, дұрыс тәрбие алу, мінез-құлықты қалыптастыру, спорт саласындағы озық жетістіктерді үнемі пайдаланып отыру.
Ілімге сүйене отырып жаттығуларды пайдалы ұйымдастыра білу.
Жаттығулардың тиімділігін арттыру үнемі жақсы бапта болу. Осы мәселелердің жиынтығы жаттығулардың мазмұнын байытады, жоғары көрсеткіштерге жол ашады.

Жарыс пен жаттығудың психологиялық ерекшеліктер
Жарысқа психологиялық дайындық жүйесі спортшының жарысқа психологиялық дайындығын қалыптастыруды шешетін бірқатар міндеттерді біріктіреді. А. Ц. Пуни жасаған жарысқа психологиялық дайындықтың жобалық жоспарында осы жүйе берілген.

Спорттық іс-шаралар өте ерекше: ол басқа әрекеттерден айтарлықтай ерекшеленеді, біріншіден, мақсаттарға, екіншіден, оларға қол жеткізу жолымен.
Спорттың психологиясы жаттығу мен бәсекелестік жағдайында жеке тұлғалар мен ұжымдардың психикалық белсенділігінің үлгілерін зерттейді.
Спорттық ерекшеліктерге: спортшылардың ерекше қасиеттерді, білім мен дағдыларды және физикалық және рухани күштердің шиеленісуі мен бәсекелестікке (жаттығуға) дайындығы кіреді.

Кедергілер мен қиындықтар
Кедергілер деп мақсатқа жетуді қиындататын сыртқы орта мен қызметтің обективті жағдайлары аталады. Анығырақ айтсақ, оларға: жеңіл атлет жүгірудегі барьер, шаңғы жарысындағы көтерілу, слалом трассасындағы «жабық қақпалар» және т. б. дене жаттығуларын орындау кезінде жүріп өтетін әр түрлі кедергілер жатады. Шындығында адам қандай да бір дене жаттығуын орындағанда, кңістік, уақыттық, күштік сияқты қозғалыстың сыртқы құрылымдық категорияларынан көрінетін белгілі бір кедергілерінен жүріп өтеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz