Саяси тұрақтылық және тұрақсыздық


Slide 1

5-дәріс. Қоғамның саяси жүйесі

Slide 2

Дәріс жоспары:

Саяси жүйе түсінігі және тұжырымдары, құрылымы

Саяси тұрақтылық және тұрақсыздық

Азаматтық қоғам

Slide 3

Саяси жүйе түсінігі және тұжырымдары, құрылымы

Саяси жүйе - билік пен басқару құрамын қалыптастыру арқылы өз мүдделерін іске асыру қызметін атқаратын қоғамның саяси субъектілері арасындағы біртұтас, тұрақты қарым-қатынастар жиынтығы

Девид Истон

(1917-2014)

Габриэль Алмонд

(1911-2002)

«Саяси жүйе» ұғымы саясаттану ғылымында ХХ ғ. 50-жылдары қолданысқа енді

Slide 4

Г. Алмонд пен Д. Истонның тұжырымдары бойынша, қоғамның саяси жүйелері төмендегідей негізгі элементтерден тұрады:

Саяси билік (мемлекет және оның барлық құрылымдары)

Заңдар, жарғылар, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар (құқықтық, моралдық тәртіп пен принциптер, өнеге-салт)

Азаматтардың өзіндік бірлестіктері (саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар)

Қоғамның саяси мәдениеті (саяси білім, құқықтық мәдениет, саяси идеология, саяси сана, азаматтардың саяси іс-қимылдары)

(1)

(2)

Slide 5

Әр елдің саяси жүйесі әртүрлі,

әрбір қоғамның саяси жүйесі өзіне ғана тән

Саяси жүйенің жіктелуі:

Демократиялық құндылықтарға негізделген

Демократиялық

құндылықтарға негізделмеген

(А) Ағылшын-американдық саяси жүйе

(Ә) Континентальды-еуропалық саяси жүйе

(Б) Жетілмеген индустриалдық саяси жүйе

(В) Тоталитарлық саяси жүйе

Slide 6

Қоғамның саяси жүйесі атқаратын қызметтер:

Демократиялық елдерде қоғамның саяси жүйесі мемлекеттік билікті қалыптастырады, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар арасындағы өзара қатынастарды реттейді, қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етеді

Slide 7

«Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық»

(ҚР Конституциясының 1-бабы, 2-тармағы)

Саяси тұрақтылық - қоғамның әлеуметтік-саяси жүйелерінің қоғамдық өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді дер кезінде шеше алу жағдайы

Тұрақтылықтың түрлері: статикалық және динамикалық

Саяси тұрақсыздық -

қоғамның сыртқы және ішкі саяси-экономикалық шешімдерге байланысты тәуекелге баруы

Тұрақсыздықтың екі түрі болады: экстрозаңды және өкіметтік

Slide 8

Азаматтық қоғам

Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы

Құқықтық мемлекет - демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс

Slide 9

Азаматтық қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады, ал оның міндеттерін азаматтар өз еркімен атқарады және орындалуын өздері тексереді

Азаматтық қоғам институттары:

Қоғамдық бірлестіктер

Саяси партиялар

Кәсіподақтар

Қоғамдық кеңестер

Үкіметтік емес ұйымдар

және т. б.

Slide 10

Қазақстан Республикасының саяси жүйесіне байланысты мемлекеттік сипаттары

Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет

Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет

Қазақстан Республикасы - құқықтық мемлекет

Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет


Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ
САЯСИ ДАМУ
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтің қол жеткізген жетістіктер
Елбасының жолдауы
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Саяси тұрақтылық
Қышқылдық - негіздік реакциялар
Елбасының елеулі еңбектері
Конституция принциптері мен институтары
Мінез туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz