Жай қайталау



«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Айшықтау
Орындаған: Сансызбаев Ансат

Айшықтаудың түрлері
риторикалық сұрау
арнау
антитеза
инверсия
параллелизм
градация
эллипсис
қайталау

Қайталау

Жай қайталау - сөзді не тіркесті жай ғана бір рет қайталау
Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім. (Махамбет)
Жалғанда табынатын тәңірім - табым,
Табы жоқтың тәңірі жоқ, күні жарым.
Табым десем, бұлақтай таудан аққан,
Өн бойымды шымырлап, билейді ағын.
Қияға өрлеп, қырандай қанат жайып,
Табым десем, қозады аруағым.
Түпсіз қара тұңғиық суды кешсем,
Тап қолыма медеу ғып ұстар талым.
Көзсіз көрдей басыма күндер туса,
Табым қолда жарық қып ұстар шамым.
Менің табым - еңбекші, еқбек ері,
Онсыз менде көрген күн - бұлдыр сағым.
(С. Мұқанов. )
“Мұнар да мұнар мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн.
Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн.
Бұлықсып жүрген ерлерден
Бұрынғы дәурен өткен күн. . . ” (Махамбет) ;

Еспе қайталау - алдыңғы пікірдің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады
Бір тауы бар сымбатты.
Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал, қымбаттым.
Құзды шаттар қалың ну;
Сарқырайды мұз бұлақтар,
Мұз бұлақтар у да шу.
(С. Сейфуллин. )
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорыған мен едім,
Мен де айрылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
(Махамбет )
Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі
Ай, тақсыр - ау, ай, тақсыр,
Боз орданы тіктім деп,
Боз ағашты жықтым деп,
«Ханым, ханым» дегенге
Көтере берме бұтыңды,
Көптіре берме ұртыңды.
Ай, тақсыр - ау, ай, тақсыр,
Бойың жетпес биікпін,
Бұлтқа жетпей, шарт сынбан.

Анафора (әдепкі қайталау)
шумақтың немесе өлең жолдарының басында үндесе, үйлесе қиысатын бірыңғай бастамалар. Дәлірек айтқанда, өлеңдегі әр жол немесе әр тармақ ылғи бір сөзбен басталып қайталана береді.
Тағыдай таңдап су іекен,
Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген
Тағы сынды мырза едік,
Тағы да келдік тар жерге. (Махамабет)
Ақ тауға асылғанда ақ таң келіп,
Ашылған ак, шымылдық мақпал дерлік.
Ақ сәуле үяма кеп үйығанда,
Ақ таңға қанатымды қаққам келіп.
Анау үй мен мынау үй қатынаған,
Қара жолдың қақ төсі қақыраған.
Қара суға қақ тұрған майысқақ мұз,
Шертіп қалсаң, быт-шыт боп шатынаған.
(Мұқағали)
Эпифора (кезекті қайталау)
өлең тармақтарынның соңында бір сөздің не
сөз тіркесінің бірнеше қайталанып келуі.
Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар
аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады.
Күншілдер өледі
Көңілін от қарып;
Батырлар өледі
Борышын атқарып.
Бұзықтар өледі
Пышаққа құлшынып
Сұлулар өледі
Құшақта тұншығып
Пышаққа құлшынып;
Арғымақ өледі
Артында шаң қалып,
Ақындар өледі
Бәріне таң қалып! (Қадір Мырза Әлі)

Жарлай арнау
Сұрай арнау
Зарлай арнау
Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар, Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар.
(Ыбырай)
Желі толған сары түйе,
Аға жан кімге тапсырдың?
Қора толған ақты қой,
Ай көке кімге тапсырдың?
Тоғай толған мың жылқы,
Күн көке кімге тапсырдың?
Қобыланды батыр жырынан
Еркіңді қу қайғыға берме, көңілім,
Күйленіп, бұрынғыдай керне, көңілім!
Қамығып, жабырқадың неге мұндай?
Талпынып көкке құлаш серме, көңілім! (Сәкен)
Не жазып ем, Құдай-ау, мен қазаққа?
Мүбтәла қып салғандай мұнша азапқа.
Адамшылық есебіне кірісіп,
Қолы жетсін дегеніміз бе азатқа?
Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным?
Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым?
Аштан өлген аталарың бар ма еді?
Тамақ үшін сатқан иттер иманын.
(Маса)
Күндер қайда басқандай?!
Еттім қайрат мен жаста.
Хан қарадан жасқанбай . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Құдірет Алла, не жаздым?
Бір сағатта тосқандай!
Жүсіпбек пен Ақыметбек
Өмір шіркін, алдадың мен алдандым,
Алдады өмір, себеп не? Мен таң қалдым!
Жеміс піспей ауызға түспейтінін
Білдім, білдім, түсіндім, енді аңғардым.
(Сәбит Мұқанов)
Ойпырым-ай, Алла-ай, жасаған!
Қысылды ғой шыбын жан.
Қуат кеміп барады.
Көп болды мынау аққан қан,
Тәңірі, өзіңе жылайын!
Хал жоқ, қалай тұрайын?!
Жүректі жара жеп барад,
Жасаған-ау, қалай шыдайын?!
(Мағжан)

Антитеза - шендестіру
Мағына жағынан біріне-бірі қарама-қарсы,
аралары алшақ жатқан екі нәрсені бетпе-бет қою
Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, Ұқсайды хасса сұлу шомылғанға. Қара шашын көтеріп екі шынтақ, О да бүлк-бүлк етпей ме сипанғанда, Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда. Күйеуі ер, қалыңдығы сұлу болып, Және ұқсар тар төсекте жолғасқанға. Абай Құнанбайұлы
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де, бетім көр
(Ер Тарғын жырынан)
Шашың - қара, денең ақ бұлт, жүзің - Ай,
Тісің - меруерт, көзің, сәулем, құралай.
Ләззат, рақат, бақыт - бәрі қойныңда,
Сұрамаймын енді ұжмақ - жақсы жай!
Мағжан

Инверсия - сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып қолдану
“Сен құрметте оны.
Түсіндің бе, қарағым.
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын”
(Ә. Сәрсенбаев) .
Келдік талай жерге енді, Кіруге-ақ қалдық көрге енді. Қызыл тілім буынсыз, Сөзімде жаз бар шыбынсыз, Тыңдаушымды ұғымсыз Қылып тәңірім берген-ді.
(Абай)
Сен оларға айт: «Ақын тасыды де, Тасытқан коммунизм ғасыры де, Ақындықтың бұлағы алып шықты Жүректің түбіндегі асылын де».
(Сәбит Мұқанов)

Эллипсис - сөйлемдегі айтылуға тиісті кейбір сөздерді қалдыру
Қарағай шаптым шаңдоздап
Қарағай шаптым шаңдоздап,
Хан қарасын жоям деп,
Жолбарысша жорыттым,
Етіне құлан тоям деп . . . (бірақ ойым орындалмады. )
- деген өлеңінде арманшыл Махамбеттің орындалмай қалған істері туралы айтқысы келеді.
Ақ көбігің… ақ жүзің
Сол майдандар… қатты айқас
Айнам еді бір қарар.
Есіңде ме, ер Айдар?
Өткізген түнім… күндізім…
Өшкен құрбан… аққан жас…
Тербетер мені, ой салар.
Өтті жылдар… көп айлар.
(Ж. Саин)
Бозғылт кеште демалыңыз. . . Биік, жіңішке ағаш. . . Түн нәзік келеді Мен сияқты қара.
(Хьюз)

Градация - алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы уақиғадан соңғы уақиғаны күшейтіп жеткізу
Бүгінгі күн тән құшпадым,
Жан құшпадым, жанды құштым,
Таңда құштым, көкке ұштым
(Мағжан)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz