Бұқар жырау толғауларынан лингвистикалық этюдтер


Slide 1

Бұқар Жырау

Орындаған:Сансызбаев Ансат

Slide 2

Жоспар:

Бұхар жырау толғаулар жырланған басты тақырыптар туралы қысқаша түсінік

Бұхар жырау шығармаларының басты көркемдік ерекшелігі

Бұқар жырау толғауларынан лингвистикалық этюдтер

Бұқар жырау шығармаларындағы романтизмнің бейнелеу принциптері

Slide 3

ХVIII ғасырға дейін де, одан кейін де көркем ой, кестелі тіл көбінесе поэзия жанрында көрінді, əсіресе поэзиялық туындыларды шығарушы өнер иелерін XIX ғасырға дейін жыраулар деп атады. Əдебиет тарихын зерттеушілердің айтуынша, XVIII ғасырда əріден келе жатқан жыраулық дəстүр одан əрі дамып, бұған қоса ақындар мектебінің күш ала бастаған шағы болды.

XIX ғасырда (феодалдық-патриархалды қоғам тоқырау заманына ұшырағанда) жыраулар да «сахнадан» түсуге мəжбүр болды. Жыраулық поэзияның соңғы көрнекті өкілі - халқымыздың асқан кемеңгер ойшылы, қоғам қайраткері, ақпа-төкпе жыр нөсері Бұқар жырау Қалқаманұлы.

Бұқардың өлеңдері, өзі тұстас ақындармен салыстырғанда, кейінге молырақ жеткен. Оның Абылай туралы өлеңін жазып алып, алғаш пікір айтқан Шоқан Уəлиханов еді. Одан кейін жырау өлеңдерін жинап, ол туралы мəлімет берген белгілі фольклорист, ақын Мəшһүр Жүсіп Көпеев (1857- 1931) .

Бұқар сөздері туралы кейбір мəліметтер Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамсасында» да кездеседі: «Абылай ханның қалмақпен ақырғы соғыстарында қазақтар көп əскермен Қалба тауына келгенде, елдің қайта етекке түскенін естіген торғауыттар солтүстік Ласты, Шорға бойында, қалмақтар осы таудың оңтүстік жағы Ұржар өзені мен Емел бойында екен. Қай шеттен, қалай шабу керек деп үлкендерімен кеңескенде қолбасылары Бөгенбай мен Қабанбай батырлар екі дай болады.

Slide 4

Бұхар жырау толғауларында жырланған басты тақырыптар туралы қысқаша түсінік

18-ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, жырау-Бұхардың шығармаларының көркемдік ерекшелігі туралы айтпас бұрын жыраудың сол өзі өмір сүрген дәуірде көтерген мәселелері, жырлаған тақырыптары туралы зерттеуші-ғалымдар мен әдебиетшілердің пікірін келтіріп өткен жөн. Өйткені жырдың тақырыбын білмей тұрып, оның көркемдік ерекшелігін ашып көрсету мүмкін емес.

Әдебиет тарихын зерттеушілердің айтуынша 18-ғасыр - қазақ поэзиясының кең өріс алған тұсы. Бұл, бір жағынан, әріден келе жатқан жыраулық дәстүрдің одан әрі дамып, жаңақырларынан көрінген кезеңі болса, екінші жағынан, ақындар мектебінің күш ала бастаған шағы болды.

Slide 5

“18-ғасыр қазақ қоғамы үшін, Ш. Уәлихановтың сөзімен айтсақ, қан жосыған ішкі-сыртқы жорықтар мен ұрыстардың заманы болды. Әсіресе өзінің елдік дербестігін сақтап қалу үшін ханнан бастап қарашаға дейін ат үстінде жүрген жаугершілік заман еді”- дей келе академик, профессор Р. Сыздықова 18-ғасырдағы поэзияның басты тақырыптары ретінде:

1. Ел қорғау, яғни елдік-ерлік тақырыбы;

2. Әлеуметтік-қоғамды суреттейтін жаңа соны тақырып;

3. Дінге, мұсылман дініне қатысты мәселелер

-сөз болғандығын айтады.

Ал енді Бұхар жырау шығармашылығына келсек, жоғарыда аталған тақырыптардың бәрін оның творчествосынан кездестіреміз. Оған дәлел Бұхардың: “Ей, айтшы, Алланы айт”, “Ақтың үйі мешіті”, “Ханға жауап айтпасам”, “Айналасын жер тұтқан” және т. б толғаулары жатады.

Slide 6

Академик, профессор Р. Сыздықова: “Бұхар-халықтың өнеге - оқуы-дидактикалық поэзия мен азаматтық позицияның жыршысы” - екендігін айтады және “Бірінші тілек тілеңіз”, “Ай не болар күннен соң”, “Айналасын жер тұтқан” сияқты өлеңдерімен өзіне дейінгі халықтық поэзияны ілгері дамытушы болса, “Абылай ханның қасында”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Керей қайда барасың” сияқты жырларымен Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет жыраулардың жырларымен тақырыптық әрі түр жағынан үндеседі”, -дейді.

Ал, М. Жармұхамедов Бұхар жырау толғауларын:

1 арнау толғау;

2 болжау толғау

3 насихат толғау -

деп топтастырады.

Slide 7

Арнау толғауға, жыраудың: “Абылай ханның қасында”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ай, Абылай сен он бір жасыңда”, “Ал айтамын, айтамын” деген және “Садыр қайда барасың”, “Бұхарекең біз келдік” т. б жырларын кіргізеді. Арнау толғауларының көпшілігі Абылай ханға арналған.

Болжау толғауларына: “Ханға жауап айтпасам”, “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында” т. б жатады.

Насихат толғауларына: “Айналасын жер тұтқан”, “Жар басына қонбаңыз”, “Асқар таудың өлгені” т. б

“Бұхар толғау жанрын едәуір байытты, әлеметтік мазмұн жағынан тереңдетті, өмір мәселелеріне арласу белсенділігін арттырды. Жырау толғауларымен таныса отырып оның өз заманының ірілі-уақты мәселелеріне етене араласып отырғанын көреміз”- деп жазады Ә. Дербісәлин.

Зерттеуші-ғалым Ә. Дербісәлин “Бұхар жырау толғауларының көркемдігі оның көне дәстүрді жалғастыруы” - дейді.

Slide 8

Бұхар жырау шығармаларының басты көркемдік ерекшелігі

“Бұхар жырау толғауларының көркемдігі өз алдына үлкен тақырып. Ол толғау жанрының өзіне дейінгі көркемдік өрнектерін бойына сіңіріп, өзіндік қол таңбасын жасағанын жоғарыда атап өткен едік. Бұлардың әр біреуі тек толғау жанрына ғана тән абстракциялы ойлар, көркем түйіндер, қиыннан қиыстырылған салыстырулар арқылы бой түзеп тұрған шағын шығарма. Бұл жырларда артық буын, жасық сөз, амалсыз қайталаулар кездеспейді”(М. Жармұхамедов) .

Асанқайғы жырларында көрініс тапқан жұмбақ үлгісінде келетін орағыта астарлау, пернелеу тәсілдері де Бұхарда өз көрінісін тапты.

Бұхар толғауларында “Құрсағы құшақ байлардан дәулет таймас демеңіз, өйткені дүние өтпелі, соны да ескер, деген ақылды айту үшін: “Айналасын жер тұтқан Айды батпас демеңіз, Айнала ішсе таусылып, Көл суалмас демеңіз”сияқты шендестірулер кездеседі.

Бұхар толғауларындағы әдеби бейне жасаеудың қалыпты түрі егіз ұғымды салыстыруларға құрылып отырады. Мұның үш түрі бар десек, біріншісі, айтар ойға іштей астасып, соның тікелей көрінісі, нәтижесі ретінде құрылатын сипаттамалар болса ( “Жар басына қонбаңыз, Дауыл болса үй кетер, Жатқа тізгін бермеңіз, Жаламенен бас кетер”т. б), екіншісі, ой-пікірдің қарама-қарсы құбылыстармен келген шарттылығын айғақтайды. Мұнда авторлық мақсат сол құбылыстың ешбір дәлелдеуді керек етпейтін қисын ұтымдылығымен дараланып отырады.

Slide 9

Асқар таудың өлгені-

Басын мұнар шалғаны.

Көктегі бұлттың өлгені-

Аса алмай таудан қалғаны.

Ай мен күннің өлгені-

Мұз болып тастай қатқаны.

Қара жердің өлгені-

Қар астында қалғаны.

Шендестіре салыстырулардың үшінші бір түрі жаратылыстағы ұқсастықты адам өмірімен ұштастырып, екеуінің сапалық белгілерін оқшаулап даралай айтып жырлау болып келеді. Мәселен, жырау ақ сұңқар құстың баласы ұяда алтау өскенмен, соның біреуінің-ақ жемді ұзақтан ілетін алғыр боп туатынын меңзеп айту арқылы ( “Ақ сұңқар құстың баласы, ұяда алтау болмас па…Алғырының белгісі, ұзақтан жемді ілмес пе…Айырып жемін бермес пе…Алғырынан айрылса, қанаты түптен қайрылса, құс жаманы жапалақ, оған да қор болмас па”) адамдар арасындағы игі жақсылардың өлмес істерін сол сұңқар бейнесімен астастыра сипаттайды.

Slide 10

Бұхардың теңеулері де өмірден, айналадан алынған әрі бұрыннан бар кәнігі образдар. Мысалы: Ұрғашының жақсысы Әбжыландай есіліп…Боз жорғадай бұлғаңы деген теңеулер халық ауыз әдебиетіндегі әдеміліктің, көз тартар сұлулықтың символы ретінде бұрыннан бар суреттеулер.

Бұхар адамның жас ерекшелігі туралы толғауларында мынадай теңеулер кездеседі:әр бір он жылдық адам өмірінің бірін, ағып жатқан бұлаққа, екіншісін, ерттеп қойған құр атқа, үшіншісін, жарға ойнаған лаққа теңейді. Сол сияқты аттың сынын бергенде, от орнындай тұяқтым, саптаяқтай еріндім деген теңеулер бар.

Slide 11

Академик Қ. Жұмалиев Бұхар жырларында метафораның төмендегідей түрлерін көрсетеді:

1. Жіктік жалғаулары арқылы жасалған түрі кездеседі. Оған:

Сен бұзау терісі шөніксің,

Мен өгіз терісі талыспын.

Мен арғын деген арыспын,

Аузы кере қарыспын.

Абылай алдында сен бітсең,

Құдандалы таныспын.

2. Бұхарда метафораның көлденең бір нәрсені екінші бір нәрсеге балау арқылы жасалатын түрі бар.

Тоқсан бес деген тор екен,

Дүйім жанның қоры екен,

Қарғиын десең екі жағы ор екен,

Түсіп кетсең түбіне

Түбі жоқ терең көл екен,

Ел қонбайтын шөл екен.

Жырау бұл жерде бір ғана тоқсан бесті “терең орға”, “қорға”, “торға”, “найза бойы жарға”, “түбі жоқ көлге”, “ел қонбас шөлге” балап отыр.

Slide 12

Бұхар қолданған тұрақты есім сөз эпитеттерді санаулы ғана деп бағалаған Қ. Өміралиевтің пікіріне профессор Р. Сыздықова қарсы пікір айтады, яғни олар сан жағынан мол екендігін айта келіп, мындай есім эпитеттерді келтіреді: үшкілсіз көйлек, бес уақытты бес намаз, сегіз қиыр шар тарап, еңсесі биік кең сарай, қу таяқты кедей, ақ сұңқар құс, толғамалы қамшы, он сан алаш, төрт құбыла, көк дабыл, тең құрбы, алтын тұғыр т. б.

Екінші топта, яғни -ған жұрнақты өткен шақ есімше арқылы келген эпитетті тіркестер тобына, ардақталған сұлулық, желкілдеген ту, жер қайысқан қол, омыртқасы үзілген, тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен бала т. б.

Slide 13

15-17-ғасырлардағы қазақ поэзиясы тілінен келе жатқан көркемдеуіш құралдың бірі - кейбір мағыналық топтағы сөздердің тек қана эпитеттермен жұмсалатындығы. Мысалы, орда сөзі: қалайылаған қасты орда, ақ ала орда, еңсесі биік боз орда; жұрт, алаш сөздері: ауыр жұрт, он сан алаш тіркестерінде келеді. Бұл жердегі ауыр сөзі - “көп”, алаш - “халық” деген мағынаны білдіреді.

Табиғат атауларын білдіретін жон, тақыр, дала, тау, көл, су сияқты сөздер де өзінің номинативті мағынасынан гөрі образды эпитеттермен қолданылады. Оған мысал, Бұхардың: қу тақыр, құба жон, асқар тау, қара жер т. б тіркестері.

Бұхар жырау шығармыларында есім эпитеттермен бірге есімше тұлғалы эпитеттер де кездеседі. Мәселен, Тар құрсағын кеңіткен. Тас емшегін жібіткен Анаң бір аңырап қалмасқа дегендегі алдыңғы екі жолдағы есімшелі эпитеттер болса, екінші жағынан, сурет - ананың портреті, үшіншіден, өлең жасап тұрған “құрылыс материалы”.

Slide 14

Бұхар толғауларындағы қайталауларды М. Жармұхамедов үш жүйеге жіктейді.

1. Жеке бір сөзді әр жол сайын қайталау. Оған: “Төрде отырған қарт бабаң төресін жаңлар малдан соң, Төркіндеген бикешің, тіркеусіз о да қайтар малдан соң…Төсі аршынды сұлуың, сілкіп төсек салмас малдан соң, Байдың ұлы көрпелдес, шұбалаңқы тартады, айдап жүрген малдан соң”.

2. Бастан - аяқ ұйқас үшін алынған риторикалық сұрау күйінде келеді: “Көкте бұлт сөгілсе, көктеп болмас, не пайда. Көкіректен жан шықса, қайтып келмес не пайда”.

3. Табиғи салыстыруларды үнемі шендестіріп қарама - қарсы қою арқылы жасалады. Мысалы: “Асқар таудың өлгені - басын мұнар шалғаны. Көктегі бұлттың өлгені - аса алмай таудан қалғаны. Ай мен күннің өлгені - еңкейіп барып батқаны. Айдын шалқар өлгені - мұз болып тастай қатқаны”.

Slide 15

Бұхардың дидактикалық мазмұнының сипаты туралы М. Жармұхамедов былай дейді: “бұлар да өзіне дейінгі нұсқалар секілді өмірді пәлсапалық тұрғыда тану, бағалау арқылы соны адам санасына сіңіріп тәрбиелеу мақсатына құрылады. Жырау осыған орай кейде дайын үлгіні өзгертпей алуға да, не соны сөз орамы мен ұйқас үшін аз - кем түрлентіп қолднуға да, тіпті тыңнан жол салып өзінше кестелеуге де бейім.

Бұхар жырау сол тұстағы әр алуан өмір көріністері мен адамдар арасындағы қарым - қатынас жайларын да өз назарынан тыс қалдырмаған. Жырау мұнда жалпы өмірді үнемі жаңғырып, жаңару, түрлене құлпырып, өзгеру барысында ашып бағалауға мән береді. Соған орай жыраудың “құрсағы құшақ байлар”, мен “қу таяқ кедейдің” тағдыры туралы түйген ойлары да көңіл аударуға тұрарлықтай. Ол бұлар арасындағы аспан мен жердей айырмашылықты тұрақсыз ауыспалы құбылыс ретінде түсіндірмек болады. ( “Айналасын жер тұтқан айды батпас демеңіз, Айнала ішсе азайып көл суалмас днмеңіз. Құрсағы құшақ байлардан дәулет таймас демеңіз… Жарлы байға тең келіп, жайлауға жарса көшпес демеңіз”) . Алайда Бұхар бұл жанрда дәулет пен ырыс шалқыған байлық бір құдайдан денген көкейдегі ойын ашып айтпай, жай емеурінмен ғана сездірсе де, мұсылман дінінің талаптарына орай панасыз жетім, момын мен жарлыға, пақырға іш тартып, солардың тілеуін тілейді, бұлары шын адамгершілік, ізгілік талабы тұрғысынан көрінеді.

Slide 16

Бұқар өлеңдері 1923-1925 жылдары «Таң» журналының 1-4 сандарында үздіксіз басылды. Оның біразын М. Əуезов бастырды. Ұлы ғалым жан-жақты толғап, мынадай ғылыми тұжырым жасаған:

«XVIII ғасырдың атақты жырауы Бұқар Қалқамановтың (1693-1787) бірсыпыра шығармалары сақталып қалды; ол қазақ əдебиеті тарихында көрнекті орын алатын адам еді. Бұқар жырау Павлодар облысының қазіргі Баянауыл ауданында, Каржас руы ішінде туып, өскен. Ол феодалдық құрылысты сақтау жəне нығайту идеясын жақтаған бірсыпыра насихаттық толғаулар шығарды. Орта жүздің ханы Абылайды қолдап, кей реттерде Абылайдың осы жүзді басқару ісінде, оның əр түрлі дау-жанжалды қарау ісінде оған елеулі ықпал етіп отырған.

Өзінің атақты «Керей, қайда барасың?» деген толғауында Бұқар Абылайға наразы керей руына күш көрсетіп, былай дейді:

Абылай алдында сен бітсең,

Құдандалы таныспын.

Егер Абылай алдында бітпесең,

Атасын білмес алыспын.

Көшің кетер бір жаққа,

Малың кетер бір жаққа.

. . . Бұқар сонымен қатар өзінің шығармаларында заманының кейбір маңызды тарихи оқиғаларын əділ көрсетті. Ол қазақ халқының жоңғар феодалдарына қарсы азаттық күресін жырлады, халықты бірлікке, ерлікке шақырды, осы күрестің ерлері - Бөгенбай, Қабанбай, Жəнібек батырларды мадақтады» [2] .

Кейін жырау өлеңдерін жариялау ісімен С. Сейфуллин көбірек айналысты. Ол өзінің 1931, 1932 жылдардағы жинағында жыраудың бірнеше өлеңдері мен шешендік сөздерін жариялады. Жырау туралы өз ойларын ортаға салды (С. Сейфуллин. Қазақтың ескі əдебиет нұсқалары. - Алматы, 1931. - 83, 84-б. ) .

Профессор М. О. Əуезов пен М. Жолдыбаев, Ə. Қоңыратбаев өздерінің 1933, 1934 жылдары жарияланған «ХІХ-XX ғасырлардағы қазақ əдебиеті» оқулығында Бұқар туралы мол мəліметтер беріп, оны əдебиетіміздің тарихына енгізді.

Шоқан Уəлиханов шығармаларында басылып жүрген Бұқар жыраудың «Абылай өлгенде айтқаны» деген өлеңін профессор Ə. Марғұлан Шоқан шығармаларының бірінші томына енгізіп, сол томның түсіндірмесінде ғылыми пікір түйеді.

Ал осы жырдың екінші бір нұсқасы Г. Н. Потаниннің «Казахский фольклор в собрании Г. Н. Потанина» деген жинағында «Абылай ханның мүлкін мақтағаны» деген атпен басылды. Өлең мəтінінен мынадай үзінді келтіруге болады [3; 70, 71] :

Slide 17

БҰҚАР ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫНАН ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЭТЮДТЕР

Бұқар жырау поэзиясының тілі көптеген ғалымдардың, әсіресеҚ.

Өмірәлиев, Р. Ғ. Сыздықова сияқты бегілі ғалымдардың еңбектерінде әдеби тілдің дамуы мен қалыптасуы, жекелеген сөздердің қолданылутарихы, төркінін ашу тұрғысында сөз болды (1) . Сол себепті біз аталған еңбектердегі айтылған тұжырымдарға сүйене отырып, қайталауға ұрынбау мақсатымен жыраудың әр толғауынан жыр семантикасынтүсінуге ұмтылған оқырман көзімен үңілдік. Осы ұмтылмас бізгемәселеге синхрондық әдісті нұсқады. Бұқар толғауларының лексикалық қабаттары екі салаға бөлінеді: 1) қазақтың төл сөздері; 2) араб-парсы сөздері. Бұған оқырман адамныңкөзі оңай жетеді. Төл-

тума сөздердің кейбірінің мағынасы бұл күнде көмескіленген, ол кейбірі авторлық бірқолданбалылық тұрғыда берілген, енді бір сөздердің мағынасы сырт көзге айқын сияқтыболғанымен контекст көмегімен ашылады.

Slide 18

Қыналы.

Он бірінші тілек тілеңіз,

Он бармағы қыналы

,

Омырауы жұпарлы,

Иісі жұпар аңқыған,

Даусы қудай саңкыған,

Назыменен күйдірген,

Қылығымен сүйдірген,

Ардақтап жүрген бикешің

Жылай да жесір қалмасқа

(2, 83 б. ) .

Бұл үзіндідегі «қыналы» сөзін ғалым Р. Сыздықова «жіңішке, тартқансымдай» саусақ деген мағынада түсіндіреді. Талданып отырған сөзді

төркіндетуде ғалым «қынай бел» сияқты тіркеске сүйенеді. Ал «Қазақтілінің түсіндірме сөздігінде», фразеологиялық сөздікте де «қынай бел»дайын

түрде қолданылатын фразеологизм түрінде беріледі. Сондықтан«қыналы» сөзі сол Р. Ғ. Сыздықованың өзі көрсеткен (3, 92 б. ) «қына»сөзінің «әшекей» деген мағынасы оңтайлы болар деп ойлаймыз. Демек, «қыналы бармақ» тіркесі сол кезеңдегі әйелдер әшекейі жайындағымәлімет. Қына бояуы қызыл болатыны белгілі . . .

Slide 19

БҰҚАР ЖЫРАУ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҰЙҚАС ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

Жырау жыр-толғауларындағы толымсыз ұйқастың жасалу жолдарымынадай болып келеді:

1. Ұйқасатын сөздердің түбірлері (негіздері) үйлеспей, біркелкіморфологиялық түлғалардың көмегімен ғана ұйқасып келуін екі, үшжәне төрт буынды ұйқастардан байқауға болады. Мысалы:

Қазығын қалайыдан қақтырып

,

Тоқпағын сом алтыннан соқтырып

,

Нақыра күміш шаптырып

Былғары сына піштіріп

,

Шыны аяқпен іштірген.

(2, 105),

-

Егіз ұйқаспен жазылған шумақта үйлесім тудырып тұрған түбір сөзгебіркелкі жалғанған өзгелік етіс (

-тыр, тір пен көсемше -ып, -іп тұлғалары

. Ал мұндағы сөздің түбірлері жеке тұрып ұйқаса алмайды. Жырау поэзиясындағы ұйқастың бұл түрін жалқы есімдердегі соңғы буындағы сөздердің сәйкестігінен де байқаймыз:

Қара керей Қабанбай

,

Қанжығалы Бөгембай

Slide 20

2. Жуан-жіңішке буынды сөз ішіндегі дауыссыз дыбыстар сәйкеспейкеліп, толымсыз ұйқасты жасайды. Мысалы:

Киім пішсе ол қатын

Жағасы кетер көнтиіп

Етегі кетер салпиып

Үлгі болмас пішерге.

(2, 102), -

курсивпен белгіленген үш буынды сөздерде әр түрлі дауыссыздаркеліп, тек соңғы буындағы с дыбысы ғана қайталанып түр. Бұл жердедауыстылардың жуан

-

жіңішке болып келуі де үйқастың сапасынәлсіреткен

. 3. Сөз соңындағы дауыстылардың да бірдей болып келуі толымсыз ұйқас жасауға себеп болады. Мысалы:

Туырлығың қара кіс,

Тура-тура болған жұрт,

Түтінге салса саспаған

Шоралар сауықпен ішсе тауыспаған

. . . (2, 87),

-белгіленген сөздердің буын саны бірдей болғанымен, дыбыс саны әртүрлі, яғни бірінде -8, екіншісінде -10 дыбыс. Бұл сөздер түбірқалпында тіптен ұйқас құрамайды, тек соңғы болымсыз формалыесімшенің қайталануы әуезділік тудырып, толымсыз ұйқас жасап тұр

. 4. Үш және төрт буынды ұйқастарда үйлесетін саны бір буыннан аспауы да ұйқастың . Мысалы:

Отыз беске келгенде,

Қара судың бетінде

Шайқалып аққан сен едің; . . .

(2, 94)

Slide 21

БҰҚАР ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК СИПАТЫ

Поэзияда бастапқы қарату мағынасы көмескіленіп оның орнынабасқа талаптар енеді. Ғалым М. Серғалиев: «

бірі ретінде танылған стилистикалық қаратпасөйлеушінің немесе жазушының кімге, неге қарата сөйлейтінін немесе жазатынын білдіреді. Стилстикалық қаратпа, әсіресе, көркемшығармада, соның ішінде поэзияда, өте жиі қолданыс тауып жүр

» -депкөрсетеді (3, 238

-

Поэзиядағы қаратпалар ондағы синтаксистік ерекшеліктің біріретінде қарастырылады. Олар коммуникативтік мәнімен қатаркөркемдік жүкті де көтереді. Оның үстіне ұйқасқа да қатыстырылады. Қаратпа түрінде келген бір адамның аты немесе оған қатысты сөздерөлеңнің көп жерінде тұрақты орында келіп, сол күйінде ырғақты да үстеп тұрады. Өлшем мәселесі де тыс қалмайды. Жырауларпоэзиясындағы қаратпа сөздердің адамның өз атымен, ол адамныңлауазым атымен және сол адамның беделіне қатысты сөздермен келетінжерлерін байқата аламыз. Бір ерекшелігі мұндай қаратпалартуындының бойындағы барлық сөйлем ішінен орын алады.

Бұқар жырау:

Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай

Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай

, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай

(2, 37-

б. )

Кең Абылай, кең аям,

Шұбар ағаш құба жон

Мекен еткен шөлде, аям

,

Төлі менен тентегің

Slide 22

Толғаулардың ішінен Абылай ханға арналғандары жиі кездеседі. Ондай мәтіндерде Абылай атымен келетін қаратпалар молқолданылады. Ол қаратпалар арқылы белгілі бір бөлікке екпін түседі, ырғақ қалыптасады, ұйқас қатары жасалады. Бұған төменде келтірержолдар дәлел бола алады:

Ал тілімді алмасаң,

Ей, Абылай, Абылай

! . . . (2, 20-б. )

Slide 23

Т. Қордабаев бұл сөйлем мүшесінің аз келетінін береді: «

Сөйлем мүшелерінің көпшілігі, әсіресе, бастауыш, толықтауыш, мекенпысықтауыш бұлардан гөрі сирегірек бастауыш пен анықтауыш мүшелербірыңғай түрде кездеседі. Барлық түрі, негізінде, жалғаулықтар арқылыбайланысады

” (1, 120б. ) .


Ұқсас жұмыстар
Жырау толғауларынан теңеулер жазу
Қазақ философиясының өкілдері
Бұқар жырау
Абылай ханның ақылшысы
Түркі кезең философиясының өкілдері
Асан сөздерінің дені
Қазақ философиясының ерекшелік сипаты
Жыраулар поэзиясы жайлы
Қорқыт айтқан делінетін кейбір сөздер
Зымыран сұрақтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz