ТҮРІКМЕН ӘДЕБИЕТ



ТҮРІКМЕН ӘДЕБИЕТ
Орындаған:Тіркменбаева Ж. Б.
Тексерген:Жусупова Г. Қ.

Жоспар 1. Түрікмен ауыз әдебиеті жайлы жалпы түсінік 2. М. Фраги түркімен классикалық әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.
3. Түрікмен жыр алыптары 4. Түрікмен ертегілері. «Ақыл мен Бақыт»

Түрікмен халық ауыз әдебиеті - эпостық шығармалар мен ертегілерге мейлінше бай болып келеді.
Түрікмен фольклорында кең, орын алған салалардың бірі Шығыс классик поэзиясының дәстүрлі сюжеттері («Ләйлі-Мәжнүн), «Жүсіп пен Зылиха», «Ғариб пен Санам», «Көроғлы», «Такир меи Зухра», т. б. ) бойынша нәзира үлгісімен тың дастандар жазу деуге болады.
Түрікмен жазба әдебиетінің алғашқы ірі өкілдері Бурхониддин Сивосий мен Саид Насмий (XIV ғасыр) шығармаларында өсиет-уағыз айту сарыны басым еді.
Бұдан кейінгі дәуірлерде өмір сүрген Хилали Чағатай (XVI ғасыр), Бархудар Түркмен (XVII ғасыр) сияқты түрікмен ақындары өз жырларын сол дәуірдің әдебиет дәстүріне сәйкес парсы тілінде жазды.
Дегенмен, түрікмен классикалық. әдебиетінің өркендеп; өскен кезеңі негізінен ХVШ-ХІХ ғасырлар болды. Бұл кезде өзара қырықпышақ болып қырқысып жатқан түрікмен рутайпаларының басын қосып, бір орталыққа бағынатын қуатты мемлекет құру міндеті тұрды. .
Міне, осы ел бірлігі мәселесін XVIII ғасырда өмір сүрген Андалиб және Азадий сияқты ірі ақындар жырлады. Олар өздерінің Шығыстық сюжетке жазылған дастандары арқылы түрікмен халқын ынтымақ-бірлікке шақырдьі. Мәселен, өзбек шайыры Әлішер Науаи жазған «Ләйлі-Мәжнүн» тақырыбына түрікмен ақыны Ғариб Андалиб елдегі бірлікке үндейтін ғажайып дастан шығарды.

Түрікмен халық ауыз әдебиеті батырлық дастандарға, ертегілерге, аңыз-әңгімелерге, мақал-мәтелдерге, жұмбақтарға т. б. бай болып келеді. Түрікмен халық ауыз әдебиетінде әсіресе ерлікке үндейтін батырлық дастандар мен халық арманынан туған ертегілер мол ұшырасады. Түрікмен халқының хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып және тұрмыс-салт ертегілері өзінің үнді-иран және түркілік негіздерін сақтаған. Ауыз әдебиетінің көркемдік жағынан ерекше дамыған жанрлық үлгісі дастандық эпос болып есептеледі.
Түрікмен әдебиет зерттеушілерінің пікірі бойынша, түрікменнің дастандық эпосы екі үлкен топтан түрады: 1. Түркі-оғыз бұтағы тобына жататын дастандар. 2. Шығыс классикалық поэзиясының (араб-парсы) дәстүрлі сюжеттеріне құрылған дастандар.
Түркі-оғыз бұтағына жататын дастан үлгілері; «Шах Санем - Ғариб», «Асылы Керім», «Тахир мен Зухра», «Кероғлы», «Саят - Хемра» т. б. Шығыс классикалық поэзиясының (араб-парсы) дәстүрлі сюжеттеріне кұрылған шығармалар қатарына «Шах Баһрам», «Малика-Диларам», «Гүл және Санубар», «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп пен Зылиха», «Қорлыға-Хемра», «Гүл мен бұлбұл» т. б. түрікмен халқының ұлттық ерекшеліктеріне лайықталып, нәзира үлгісінде жазылған ғашықтық дастандар жатады.

Түрікмен әдебиетінің інжу-маржаны саналатын «Көроғлы» («Гөроғлы») дастаны-әзірбайжан, түрік, қарақалпақ, өзбек, казақ халықтарына да кеңінен тараған ортақ мұра. «Көроғлы» дастанының түрікмен халқы арасында тараған нүсқасының өзіндік ерекшелігі бар. Бұл нұсқада жырдың негізгі кейіпкері Кероғлы - қайтыс болған анасынан көрде дүниеге келеді, сондықтан оның атын көрде туған Көроғлы атайды. Шығарманың сюжеті батырдың дүниеге келуі, ержетуі, туған елін сыртқы басқыншылардан қорғаған ерлік жорықтарының көріністерінен түрады. Барлық түркі халықтарына ортақ «Көроғлы» эпосының негізгі сюжеті ұзақ жылдар бойына Иран шахына күрес ашқан батыр ұл туралы әңгімеленеді. Эпосты қай халық жырласа да негізгі идеяны өзгертпейді. Түркі халықтарына ортақ бұл дастанның қай нұсқасында да басты қаһарман - Көроғлы. Ол қайсы халықтың эпосында болса да қарапайым халыққа зәбір көрсетушілерге қарсы күреседі. Эпостың басты тақырыбы - басқыншы жаудан өз елін, жерін қорғау. Әрбір халық ел қорғаған батырының қаһармандық бейнесін тарихи Көроғлының төңірегіне жинап, жиынтық тұлға жасаған. Әр халық «Көроғлы» эпосын жырлағанда өзіне тән фольклорлық дәстүрін, поэтикалық шеберлігін, өз халқының өміріне әсер еткен, тарихында із қалдырған жағдайларды қоса жырлап - өзіндік туынды, оригиналдық шығарма жасаған. Мысалға, XVI ғасырда әзірбайжан тарихында болған Иран шахының зұлымдыгына, шектен тыс алым-салығына қарсы ұйымдасқан шаруалардың көтерілісі - «Көроглы» эпосының әзірбайжан нұсқасынан орын алған. Ал түрікмен тарихында болған оқиғалар «Көроғлының» түрікмен нұсқасына өзек болған. «Көроғлы» дастанының қазақ халқына да қанықты болуы түрікмен қазақ халықтарының тарихи- мәдени байланыстарының жарқын көрінісі. Түрікмен мен қазақ қатар жырлаған «Көроғлы» дастаны қазақ арасында тек өзіне ғана тән әуен сазбен айтылып келген.

Мәселен, XX ғасырдың 60-жылдарында белгілі жырау Рахмет Мәзқожаевтан «Көроғлының» негізгі бір бөлегі «Әуезхан» дастаны жазып алынған. Қазақстанда «Көроғлының» тарамаған өңірі жоқ десе де болғандай. Жыр алыбы Жамбыл «Көроғлы» дастанын айлап жырлаған көрінеді. Қазақ халық композиторы Дәулеткерейдің «Көроғлы» атты күйі - қазақ күй өнерінің озық үлгісі. Түрікмен ауыз әдебиетінің мұраларын халық арасына кең таратуда, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде дастандарды саз аспаптарының сүйемелдеуімен орындайтын өнер иелері - бақшылар (жыршылар) - маңызды міндет атқарған. Түрікмен халық ауыз әдебиетінен оның жазба әдебиеті желі тартады. Түрікмен жазба әдебиетінің алғашқы дәуірлерінде (XIV ғасыр) туған шығармалар дидақтикалық сарынның басым болуымен ерекшеленеді.

Бұдан кейінгі Темір әулеттері (1370-1507) йен Индиядағы ұлы Моғолдар дәуірінде (1526-1858) өмір сүрген Хилали Чағатай (XVI ғасыр), Байрамхан Ханханан (шығармаларын түркі тілінде де жазған) және оның баласы Рахым-хан (XVII ғасыр), Мырза Бархудар Түркмен (XVII ғасыр) сияқты түрікмен ақындары өз жырларын сол дәуірдің әдеби дәстүріне сәйкес парсы тілінде жазды. ХУІІІ-ХІХ ғасырлар түрікменнің классикалық әдебиетіие ұлы есімдер берген және солар арқылы барынша өсіп өркендеген кезеңі еді. Бұл кезенде түрікмен халқының алдында өзара тартысып жатқан ру-тайпаларды бір орталыққа бағындыратын қуатты мемлекет құру міндеті тұрды.

Осы міндетті, яғни ел бірлігі мәселесін XVIII ғасырда өмір сүрген Ғариб Андалиб (1712-1780) және Азадий сияқты ірі ақындар өз шығармаларына арқау етті. Олар өздерінің Шығыстық дәстүрлі сюжетке нәзира үлгісімен жазылған дастандары арқылы түрікмен халқын ынтымақ-бірлікке шақырды. Мәселен, өзбек шайыры Әлішер Науаидың «Ләйлі-Мәжнүн» дастанышың үлгісінде Ғариб Андалиб түрікмен халқының ұлттық дәстүрін, поэтикалық шеберлігін танытатын, елді бірлікке үндейтін ғажайып дастан жазған.
Түркі халықының көпшілігінде сақталған ерекше жанр - ақындар айтысының жазбаша түрі - түрікмен әдебиетінде ерте кезден-ақ кең өріс алған. Мәселен, Мақтымқұлы Фраги мен Дурды Шаһирдің (XVIII ғасыр, Сеид-Назар Сеиди (1775-1836) мен Құрбандурды Зелелий (1795-1850) арасындағы жазба айтыстар түрікмен әдебиетінің көкжиегін кеңейтті. Түрікмен әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі Мақтымқұлы Фраги (1733-1772) есімі түркі халықтары әдебиетінің алтын қорына алтын әріптермен жазылған. Молла Непес Қадырбердіұлы (1810-1862) - түрікмен халқының атақты лирик және эпик ақыны, көрнекті музыканты, бақшысы.

Түрікмен әдебиетінің арнасын кеңейткен, оның әдеби жанрларының дамуына мол үлес қосқан түркімен жазушысы - Беки Сейтақов. Ол өзінің «Ақын» атты романында XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы түркімен халқының тұрмыс-тіршілігін, түркіменнің белгілі ақыны Дұрды Қылыш образы арқылы бере білген. Беки Сейтақов түркімен халқының көркем әдебиетінде тарихи адам бейнесін жасауда ерекше еңбек сіңірген қарымды қаламгер. Ол өз шығармаларында көркем шындықты тарихи деректермен әсем қиюластыра білуімен түркімен әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады.

Түрікмен әдебиетінде ақындар айтысының жазбаша түрі ертеректе кең өріс алған еді. Мәселен; Мақтымқұлы мен Дурду Шаһир (XVIII ғасыр) арасындағы, Ссади (1775-1836) мен Зеле-; лий (1795-1850) арасындағы жазба айтыстардың қоғамдық әлеуметтік мәні зор еді.
Түрікмен әдебиетінің ірге тасын қалаушылардың бірі - Мақтымқұлы Фраги (XVIII ғасыр) болды. Молла Непес Қадырбердіұлы (І810-1862) - түрікмен халқының атақты ақыңы және, көрнекті музыканты. Ол лирик, әрі эпик ақын. Ақынның «Іздеп келем сүйген жарды», «Көздерің», «Қыз», «Аңсау», т. б. лирикалық өлендері күні бүгінге дейін халық арасында әнге салынып жиі айтылады.
Моллас? Непес - Шығыс классикалық: поэзиясының нәзира дәстүрін түрікмен поэзиясында зор, шеберлікпен дамытқан ақын.
Бұған Молла Непестің «Таһир мен Зухра» және «Келмек ем» дастандарында адам бойындағы ізгі қасиет - махаббатты зор шабытпен жырлайды. Ақын оқырманын адамгершілікке, ізгілікке, мейірімдікке, достыққа, ынтымақ-бірлестікке үндейді.
Кемине (1770-1840) - түрікмен халқының сатирик. ақыны. Ақын адам бойындағы жағымсыз мінез-құлықты, тәкапарлықты, жалқаулықты, сараңдықты, дөрекілікті, қанағатсыздықты; мақтаншақтықты, т. б. өлтіре сынайды. «Кедей», деген өлеңдерінде ел басқарған әкімдердің қатыгездігін, надандығын әжуа етеді.

МАҚТЫМҚҰЛЫ ФРАГИ
(1733-1772)
Мақтымқұлы - түрікмен классикалық әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ғажайып лирик ақын, қайраткер.
Ақын жырларының өзекті тақырыбы - адамгершілік, гуманистік идеяны ту етіп көтеру.
Мақтымқұлы өз жырларында түрікмен халқын ауыз бірлікке, ынтымақ-татулыққа, түрлі рутайпалар арасындағы алауыздықты жоюға шақырады. Ең бастысы - ақын Иран шаһы мен Хиуа ханы, Бұхара әмірі сияқты шет ел басқыншыларына қарсы ерлік күреске үндейді. Бұған оның «Керекті», «Ер», «Болмаса», «Бақыт құсы», т. б. өлеңдері дәлел.
Мақтымқұлының туған жер, қарапайым халық, ізгілік, адамгершілік жайындағы жырлары («Түрікмен», «Тең болмас», «Тау санар», «Дүние өтіп барады», т. б. ) оны кезінде, нәлсапашы ақын ретінде танытты.
Мақтымқұлы жырларының тақырыбы әр алуан болып келеді. Ер жігітке тең батырлықты жырлайтын өлеңдері де, дидактикалық сарынға құрылған жырлары да, көркем табиғат пен мөлдір махаббатты өзек еткен лирикалық поэзиясы да аз емес.
Әйтсе де ақынның ерекше зор шабытпен жырлаған тақырыбы - түрікмен елінің азаттығы, ішкі ынтымақ-бірлігі, тәуелсіздігі, егеменді ел болуы еді.

Тең емес
Жоқшылықта талайлардың көргені,
Жатып көрген жақсы түске тең емес.
Қасіретпен тапқан тәтті қорегі
Рахатпен тіске тиген ол емес
Сұрар болсаң, көңіл тояр сөздер бар,
Жарлыда да нелер жарқын жүздер бар:
Жауыны жоқ нелер қуаң жаздар бар -
Жақсылықпен өткен қысқа тең емес
.
Ақылды бар, алдын байқап көшетін,
Жай сұрасаң, жайын болжап шешетін,
Ақымақтар бар жел-құйын боп есетін,
Ағып жатқан қара судан кем емес.

Ақынның жеке басының тағдыры да сәтті болмайды. Жас кезінде Меңді деген қызды ұнатады. Бірақ әкесі Меңдіні басқа елге ұзатып жібереді. Бұл оқиғадан ақын көп қасірет шегеді. Ол өзінің «Жар сенен» деген өлеңінде: Шарап ішіп шартарапты шарласам Ет жүрегім тілім-тілім зарласам Көгершіндей таудан тауға самғасам Бәлкім, хабар алар ма екем, жар сенен! - деп жүрек түкпіріндегі құпия сырларын, сезім сәулелерін жырға қосады. Оның өмір сүрген тұсы - XVIII ғасыр - түрікмен халқының тарихындағы ең ауыр кезең болды. Жан-жақтан анталаған шетел басқыншылары түрікмен халқының береке-кұтын қашырып талан-таражға салды. Әсіресе Иран шахы Надирдің қанды жорығы түрікмен елін орны толмас ауыр күйзеліске ұшыратты. Мақтымқұлының елді азаттыққа, бірлікке шақырған жалынды жырлары осы кезде дүниеге келді. Ол өз халқының болашағына, қажымас қайратына, биік рухына сенді: Дос келетін болса достың қасына Тебіренеді топырағы, тасы да Жұрт жиналса бір дастархан басына Бағы жанып тасыр нұры түрікменнің Мақтымқұлының қандай шығармасынан болсыи өмірдің өзекті мәселелеріне жауап алуға болады.

Ақын өз жырларында адамзатпен бірге жасасып келе жатқан қарама-қайшылықтар - байлық пен кедейлік, ерлік пен ездік, жомарттық пен сараңдық, білімділік пен надандық, әділдік пен арамдық, жақсылық пен жамандықтың ара жігін саралайды. Ойшыл, философ ақынның әрбір шығармасынан адамгершілік пен гуманизмнің лебі есіп, биік парасаты аңғарылып тұрады. Мақтымқұлы өзінің рухы биік жырларымен түрікмен халқын ауызбірлікке, ынтымақ-татулыққа, түрлі ру-тайпалар арасындағы алауыздықты жоюға шақырады. Халқының азаттығын аңсаған патриот ақыны, ұлы ойшылы - Мақтымқұлы отты жырларымен өз халқын шет ел басқыншыларына қарсы ерлік күреске үндейді. Бұл асқақ идея оның «Керекті», «Ер», «Болмаса», «Бақыт кұсы», т. б. өлеңдерінде көрініс тапқан.

Мақтымқұлының сүйіспеншілік туралы нәзік лирикасы, ерлік пен елдік жайлы азаматтық лирикасы қадір-қасиет, мінез-кұлық туралы көңіл-күй лирикасы және дүние Мақтымқұлы жайлы философиялық ой толғамдары «Гүлзарымнан айрылдым», «Елменен», «Түрікмен», «Тең болмас», «Тау санар», «Дүние етіп барады», т. б. оны күллі шығыс поэзиясының көкжиегіне көтерді. Түрікмен әдебиеттанушыларының пікіріне қарағанда, ақын мұрасы шамамен 16-18 мын, жолдан тұрады. Түрікмен әдебиетінің XIX ғасырдағы аты белгілі ақындары Кемине, Молла Непес, Зелили мен Сеили шығармашылығына Мақтымқұлының мұрасының ыкпалы зор болған. Ақын жайында Берді Кербабаев «Мақтымқұлы» трагедиясын, Петр Карягин «Мақтымқұлы» атты роман жазған. Мақтымқұлы жырларын қазақ ақындары Ғали Орманов пен Дүйсенбек Қанатбаев қазақ тіліне аударған.

Түрікмен әдебиетін зерттеуші Марина Агаеваның тұжырымына сүйенсек, «Мақтұмқұлының тамаша поэзиясының алтын арқауы түрікмен фольклорында, ақынның халықпен тығыз бірлікте болғандығында, олардың ой-арманы мен мұң-шерін өзінің философиялық толғамға толы айшықты өлең-жырларында айқын таныта білуінде». Әдебиет тарихын түзу тұғырлы тұлғалар мен елеулі құбылыстардың сөз өнеріндегі үйлесімін ескере отырып жүзеге асырылады. Мақтымқұлы Пырағы - түрікмен әдебиеті үшін сондай тегеурінді тұлға әрі қайталанбас құбылыс. Оның ұлттың рухани азығына айналған классикалық шығармалары түрікмен әдебиетін биік белеске шығарған тұтастай бір дәуірдің табиғатын танытады. Ал оның ақын ретіндегі ең басты ерекшелігіне келсек, «Мақтымқұлы түрікмен поэзиясында алғаш рет қарапайым адамдардың бәріне түсінікті халықтық тілмен жазды. Түрікмен ақынының шығармашылығына қатты қызыққан М. Е. Салтыков-Щедрин: «Осы бір талант иесін Шығыстың Шиллері дер едім. Мен оны Александр Сергеевичпен қатар қоюдан тартынбаған болар ем» деп бекер айтпаса керек» (Агаева М. Туркменская литература. М., 1980) . Түрікменнің әуезді тілі Мақтымқұлы шығармашылығында таза әрі айқын көрініс тапты. Мақтымқұлы мұрасы түрікмен әдебиетінің ғана емес, түрікмен тілінің де баға жетпес бойтұмары болып саналады. «Әлем әдебиетінің тарихы» көптомдығына түрікмен әдебиеті туралы ғылыми мақалалар әзірлеген зерттеуші С. А. Каррыев ұлы шайырдың шығармашылығы жөнінде былай дейді: «Жазба әдебиет тілі мен халықтық тілдің арасы одан әрі жақындай түсті. Мақтымқұлы бұл үдерістің негізін салды және оның тұстастары Андалиб, Шабенде, Магрупи, Шейдаи мейлінше байытты.

Жазба әдебиет тілін архаизмнен және бұрынғы заман поэзиясын жаппай жайлаған, жалпы халық түсіне бермейтін араб-парсы сөздерінен құтқарды». Мақтымқұлы мұрасының ауқымды бір бөлігі - махаббат лирикасы. Ол көркем сөздің, құнарлы тілдің құдіретімен түрікмен аруының бейнесін мүсіндейді. Осы топтағы шоқтығы биік өлеңдерінің бірі - «Гөзел сен» («Gözel sen») деп аталады. Gün hanjary gökden ýere inende, Güne garşy dogan Aýy gözel sen ! Ussa Japar işi, senjap jüpbesi, Yspyhanda gurlan ýaýy, gözel sen! Saçbagyñ ujunyñ simdir işmesi, Üstünden ýol düşse, kyndyr aşmasy, Agzyñ-aby haýat, Zemzem çeşmesi, Aýn-al baky suwnyñ laýy, gözel sen! Әрине, аударманың аты - аударма. Әр ұлттың өлең өрнегі мен тілдік ерекшеліктеріне орай ол кейде түпнұсқадан алшақтап қалып жатады. Ойды ұқтыру үшін кей тұста жекелеген ұғымды аттап кетуге де тура келеді. Бірақ қалай болғанда ол тәсілдер сөз құдіретіне көлеңке түсірмеуге тиіс. Осы тұрғыдан алғанда қазақ әдебиетінде айрықша орны бар айтулы ақындарымыз қай кезде де Мақтымқұлы поэзиясының мәйегі мен сөлін сақтап тәржімалауға тырысты. Осы өлеңнің алғашқы екі жолын Ғали Орманов былай аударды: «Күн қанжары көк бұлтты тілгендей, Жаңа иіліп туған айым, сен сұлу». Ал түрікмен тілінің уызынан қанып ішкен Дүйсенбек Қанатбаев былайша жеткізген: «Қанжар сәуле қадалғанда биіктен, Күнге қарсы ай боп тудың гөзелім». Ғали ақын әрі қарай: «Жағпар тонын жалтылдатып кигендей, Аспаһанның ақ семсері, сен сұлу» деп жалғайды. Дүйсенбек шайыр болса, «Жапар тонды шыққаныңда киіп сен, Исфаһанға сай боп тұрдың, гөзелім» деп толғайды. Екінші шумақтан да екі ақынның өзіндік ерекшелігі байқалады. Ғали Орманов: «Шашбауыңның сылдыраған үзбесі, Қолға тимей, құриды адам діңкесі» деп сезімді қозғаса, Дүйсенбек Қанатбаев: «Шашбауыңның күміс екен үзбесі, Көрген жанның басқада емес, сізде есі» деп өзгеше өрнек салады

Ғали ақынның: «Лебізің зәмзәм - әбілхаят дәрісі, Тасбұлақтай сылдыраған сен сұлу» дегенін Дүйсекең қырық жылдан кейін «Тілің - зәмзәм, махаббаттың жүз көші, Айналғанға сай боп тұрды, гөзелім» деп жаңғыртады. Ғали Орманов аудармасынан қазақ қызының бейнесін кейіптеген Мағжанның әсерін аңғарғандай боламыз. Ал Дүйсенбек Қанатбаевтың «гөзелі» түрікмен аруының табиғатынан ауытқи қоймаған секілді көрінеді. Мақтымқұлының «Gyzyl diýsem-gyzyl, al diýsem-al sen, Hindistanda-şeker, Bulgarda - bal sen» деген түпнұсқа жолдарын Ғали Орманов: «Бірде алқызыл көрінесің тым абзал, Үндіде - нәр, Балғардағы сен бір бал» деп сипаттаса, Дүйсенбек Қанатбаев: «Маңдайың ақ, екі бетің қырмызы, Үнді - шекер, Бұлғар - балы, қыр қызы» деп суреттейді. Осы шумақтың жалғасы («Yşk bilen açylan bir täze gül sen, Ýusup-Züleýhanyñ taýy, gözel sen!») «Ләм-әліптей көрінесің көзге дәл, Жүсіп - Зылихадай сен сұлу» (Ғ. Орманов) деп қазақшаланса, кейін «Аты аңыз Жүсіп ердің құндызы - Зылихаға сай боп тудың, гөзелім» (Д. Қанатбаев) деп түрленеді. Қысқасы, өз ұғымындағы арудың бағасын білетін қарымды ақындарымыз Мақтымқұлы өлеңінің әрін кетірмей аударып, сән-салтанаты келіскен түрікмен қызын қазақ даласына кеңінен танытты. Аңыздар мен айғақтар Мақтымқұлы, көзіңді сал маңайға, Орныңды тап, оң-солыңды абайла. Тәлім алып, тәлім беріп талайға, Сөйлей-сөйлей сен де сөзшең боларсың. Мақтымқұлы (Дүйсенбек Қанатбаевтың аудармасы) . Әдебиет тарихында белгілі бір кезеңдегі шығармашылық мұраның келесі дәуірде де рухани көшбасшылық рөлге ие болуының мысалдары баршылық. Түрікмен әдебиетінің даму белестерінде рухани ой-сананың биігіне шыққан мұндай әдебиет классиктері жеткілікті болды. Сонымен қатар олардың туындылары бірнеше ғасырға ұласқан, дәуірді дәуірге жалғайтын бірегей құндылық саналды. Осы тұрғыдан алғанда, «XVIII ғасырдағы түрікмен әдебиетінің классигі Мақтымқұлы шығармашылығы ХІХ ғасырда да тек өзінің көрнекті көркемдік құндылығымен ғана емес, поэзиясының бірлікке, бейбіт өмір идеясына үндегендігімен, тым жаңа және сол кез үшін маңызды болғандығымен үлгілік мән-мағынасын сақтады» (Османова З. Г. Введение. Литературы Средней Азии и Казахстана // История всемирной литературы. 6 том. М., 1989)

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz