Үмбетей жырау


Slide 1

Үмбетей жырау

Орындаған:Түркменбаева Жұлдыз

Slide 2

Мазмұны

Кіріспе

І тарау Үмбетей жырау шығармашылығы, өмірі туралы зерттелуі.

ІІ тарау Жырау шығармаларының өзіндік ерекешелігі, көркемдік сипаты.

ІІІ тарау Арнау, толғауларының идеялық мазмұны.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Қандай да болмасын ақынды, я жазушыны зерттеу, тану үшін ең алдымен оның атын білу керек. Ақынның не бары 5-6 әріптен құралған есімін дұрыстап оқи алмай тұрып, оның творчистосы төңірігінде пікір қозғауға талпынсақ қанйдан барып шықпақпыз? Біз Шалкиіздің ғайыптан «Шәлгезге» айналып кеткені жайлы айтқан едік. Бұл -қазақ әдебиетінің тарихындағы жалқы оқиға емес. Шалкиізбен салыстырғанда күні кеше ғана өткен Үмбетей жырауда өзінің ұлы ұстазының кебін құшыпты: кейбір зерттеушілердің еркімен оның есімі Үмітайға айналдырылды. Үмітай-әйел аты екенін еске алсақ, бұл «түзетудің» сорақылығы тіпті айқындала түседі. Үмбетейдің Үмітайға (кейбіреулер тіпті Үміттей деп жазады) қалай айналып кеткенін түсіндіру қиын: бізге белгілі мәліметердің бәрінде де, -жыраудың Бөгембай өлімін Абылайға естірту жырының үзіндісі басылған «Таң» журналында да, әдебиет иниститутының қолжазба қорындағы шығармаларында да, - Үмбетей деп жазған, орыстар айтпақшы, черным по белому . . .

Үмбетей жырау 1706 жылдар шамасында туылады. Болашақ жыраудың әкесі Тілеу-қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендік сөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіре, сонымен қатар халықтың музика мұрасына да жетік дәулескер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі өз әкесі және сол іспеттес көненің көздері арқылы алған дәріс болады. Ақындық қабілеті ерте байқалған Үмбетей өз ауылдастарының, кейде тіпті, ағайын-туыстарының теріс істерін әшкерілеген өткір тілді өлеңдер авторы ғана емес, ескі эпикалық жырлардың білгірі ретінде де танылады. Алайда өзіне көне жырауларды үлгі тұтқан Үмбетей уақыт оза келе философиялық-дидактикалық толғауларға ден қояды. Сонымен қатар сырт жаулармен күресте аты шыққан батырларды мадақтау да жырау өнернамасындағы өзекті тақырыптардың біріне айналады. Және осы реттегі жырлары Үмбетейге үлкен даңқ әкеледі.

Slide 4

Үмбетей-XVIII ғасырда жасаған, ерлікті жырлап, ел тыныштығын көксеп өткен жалынды ақын. Оның жоңғарларға қарсы күресте көзге түскен

даңқты батырлардың бірі Бөгенбайды жоқтап айтқан өлеңі мәлім. Ақын Бөгенбайдың ерлік істерін ардақтап оның өлуіне өкініш білдіреді.

Бөгенбай батыр өлгенде айтқан жоқтауы 1925 жылы «Таң» журналының 4 -санында алғаш жарияланды. Одан кейін 1942 жылы С. Мұхановтың «Очеркіне» енген. 1967 жылы «Ертедегі әдебиет нұсқалары» хестоматиясында, 1973 жылы «Алдаспан» жинағында басылды.

Үмбетей мен Бұқар жырау екеуі жақын дос болыпты. Үмбетей Бұқарды қадыр тұтып қатты силайды екен. Ел әңгімесі былай дейді : Үмбетей Бұқарды әлденеше рет қонақ етіп, өзінің ықласын білдірген екен ақыры кезек Бұқарға да жетіпті. Алайда Бұқарекеңнің зайыбы қараулау адам болса керек. Үмбетей барғанда оң қабақ таныта қоймайды. Тіпті ауырған болып жатып қалады. Мұны аңғарған Үмбетей аялдамапты. Үйден шығып бара жатқанда Бұқарға қарап айтқан сөзі:

Үй сыртында ақра тау,

Бұл шіркіннің несі тау

Келген болса түйең жау,

Тебеген болса биең жау,

Ұрысқақ болса ұлың жау,

Керіскек болса келінің жау.

Үйіңдегі ұлың жаман болса,

Есіктегі құлмен тең,

Қойныңдағы қатының жаман болса,

Қаңтардағы мұзбен тең.

Қай сорлының қатыны

Күндіз ауру түнде сау.

Slide 5

Көркемдік ерекшелігі. Үмбетей жырау «Бөгембай өліміне» толғауында: Жыраудың “Бөгенбай өліміне” атты толғауы 7 шумақтан( 2 тармақ), 30 тармақтан, 2 бунақ, 7-8 буыннан, шалыс ұйқас (А, Б, А, Б) түрінде жазылған. . Үмбетей жырау толғауда теңеумен эпитетті жарыса қолданған. Мысал келтіретін болсақ, Болмашыдай анадан Болат тудың Бөгембай, - Асқар тау әкесі Ақша батырдан асып түскенін, «болмашыдай» теңеуі арқылы анасының сырт бітімінің ұсақ болғанын көрсетіп, әкеден асып болат туған Бөгембай бейнесін суреттейді. Бөгембайдың жауға, яғни қалмаққа шапқанда «Қалдамандап», жауға тиген. Қалдаман Жәңгірдің атақты, мықты қаһарманы болған. Осы тармақтарда сол батырды Бөгембайдың ғана жеңе алғанын айтқан. «Ордасындай» теңеуі арқылы Бөгембай батырдың елін, әскер басқаруда дұрыс жолға бағыттай алатын еңселі батыр екенін көрсетеді. Бөгембайдың жауға тигенде, қарсыласқанда еңсермейтінін «Қорғасындай» теңеуі арқылы береді. «Қорғасындай» сөзі арқылы батырдың қорғасын сияқты салмақты екенін тұспалдап көрсетеді. Бөгембайдың басқа батырлардан асып, үлкен туғанын «Пәйкесіндей» деген теңеу арқылы суреттейді. Мұндағы «Пәйке» сөзі бұғының дәуі деген мағына. Автор бұл толғауында «Пәйке» сөзі арқылы Бөгембайдың басқа батырлардан өзгешелігін айта отырып, метафоралы теңеуді қолданған. Үмбетей жыраудың «Уа, Алатаудай Ақшадан, Асып тудың Бөгембай» деп басталатын толғауында Бөгембай батырдың өшпес образы сомдалады, батырдың ерлігі, батырға тән соғыс, батырлық іс-әрекеттері көркем суреттеледі. Бөгембайдың басқыншыларға күресін көрсетеді.

Slide 6

Үмбетей жыраудың даңқын шығарған жырлардағы ерекшеліктер. Үмбетей Тілеуұлы - дидактикалық поэзияның шебері. Оның толғауларынан сырт жаулармен күресте аты шыққан батырлар жайлы көптеген деректерді табуға болады. Сол заманның қайраткерлері, саяси оқиғалары жайлы мол мәліметті болуымен құнды Үмбетей жырларының бірі - «Бөгенбай өліміне»: Уа, Алатаудай Ақшадан Асып тудың Бөгенбай! Болмашыдай анадан Болат тудың Бөгенбай! Бұл жыр Бөгенбай өліміне арналды дегенімізбен, біз бұл өлеңнің мазмұнына қарап, өлген адам емес, тірі адамға арналған деп жорамалдаймыз. Жыраулар күнделікті өмір күйбеңін, адамдардың мінез-құлқын жырлай бермейді. Оларға асқақ романтика тән. Осы тұрғыдан алғанда Үмбетей жырау өлеңдерінде біз өмірдегі адам мінезіне қатысты жағдайлар көрініс тапқан алғашқы жырау деп білеміз. Бөгенбай батырдың ақылшы серігі бола жүріп, қажеті болғанда өзге жырауларға, тіпті Абылай ханға да қажет болса ойын ірікпей айтып, сөзін өткізе алған батыл адам болғанын жырларынан аңғарамыз. Үмбетей қолбасшыларды, хандарды, би-сұлтандарды халықтың пайдасы үшін жаман мінезден арылуға байланысты сынап, әділ пікірлерді тілге тиек еткен. Оның жыраулық қабілеті, әсіресе жоқтау түрінде екенін айдан-анық көруге болады. Мысалы, “Бөгембай қазасын Абылай ханға естіртуі”жырында Бөгембай батырдың өлімі арқылы Абылай ханға жеткізіп, естірту “жанайқайын” байқауға болады. Жалпы Үмбетейдің толғауларында сыни көзбен қарау ұстанымдары орын алады. Өлең жолдары естірту стилінде жазылған. Абылай ханға қарата айтылған өлеңнің құрылымы эмоцияға, экспрессияға толы. Ханға арналған сөздер бұйыру, тілек тілеу, жұбату мағынасын білдіріп отырғанын көреміз. Қазақ поэзиясында ең көп қолданылатын қара өлең ұйқас түрін байқауға болады. Ей, Абылай, Абылай, Абылай ханым, бұл қалай? Бұл қалайдан сескеніп, Сөзімді қойма тыңдамай. Талай істер басыңнан Өтіп еді-ау жасыңнан Қиын, қызық әрбір жай. Мәтінде Орта Азия аумағындағы ескі қалалардың атаулары да аталып кеткенін көруге болады

Slide 7

Үмбетейдің «Бәкеге» атты жырының мазмұны. Үмбетейде әділдікті, адамдықты ардақ тұтуға үндеген Бәкеге, Жауқашарға деген сияқты біраз жырлар бар. Олардың мазмұны нақты өмір оқиғасынан алынған. Бұл туралы бабалар сөзі жыраулар жырларына арналған Алдаспан кітабында біршама айтылған. Мысалы, Жауқашар деген дәулетті адамның бірінен-бірі өткен сойқанды сотқар тоғыз ұлы барымтаға шығып, көршілес ағайын ауылдың бурасын әкеліп, сойып алады. Екі елдің арасында дау туып, Бәке деген биге жүгінеді. Сонда ол Бәке Жауқашар жағына бұрмалық жасайды. Осыны білген Үмбетей араға түседі. Сонда "Бәкеге" деген жырымен әділдікке шақырады. Ақын "тоқымы кеппей топтанып, ел тонауға аттанып" жүрген тоғыз тентекті сынға алады: Ұл он беске келгенше, Қолға ұстаған қобызың. Ұл он бестен асқан соң, Тіл алмаса-доңызың. деп, жақсы ұлдың, жаман ұлдың қандай болатынын мысалдап айтады. Үмбетайдың тоғаулары зиялы ойларымен, өрнекті көркемдігімен, ерлік рухымен жыраулар поэзиясында көрнекті орын алады. Оның поэзиясы нақтылыққа құрылған. Тақырыпты өзінің өмірінен алып жырлайды

Slide 8

Үмбетей жыраудың «Бұқарға» атты жырының мазмұны, көркемдігі.

Ең бірінші кезекте өлеңнің шығу тарихына келетін болсам: барлығымызға тарихтан белгілі Үмбетей мен Бұқар жақын достар болыпты. Үмбетей Бұқарды әлденеше рет қонақ етіп, өзінің ықыласын білдірген екен. Кезек Бұқарға да келіп жетіпті. Алайда Бұқарекеңнің зайыбы қараулау кісі болғаны соншалық, Үмбетей келгеннен бастап оң қабақ таныта қоймапты. Тіпті ауырып жатырмын деп өтірік ауырған болып жатып қалады. Мұны көрген Үмбетей «Бұқар» өлеңін шығарып, Бұқарға қаратып айтқан өлеңі екен. Жалпы өлеңнің көркемдік идеясы- өскелең ұрпаққа, әсіресе қыз балаларға, үлкен ғибрат айту арқылы, жақсы мен жаманды айыру, «Баланы жастан, Қатынды бастан» демекші, өмірлік жарды дұрыс таңдау керектігін, басынан бастап тәрбиелеп, өзін сыйлата білу керектігінен хабар беріп, ескертпе айтып тұрғандай. Жалпы өлең арнау кейпінде, шалыс ұйқасына жазылған өлең. Өлең жалпы 7 шумақтан тұрады, 7-8 буынды, 3 бунаққа жазылған. Өлеңде эпифора, оның ішіндегі симплока көп кездескен. Яғни ортаңғы қайталау. Одан бөлек «тең» метафорасы өлеңге ерекше ажар қосып тұрғандай. Яғни бұл өлең арқылы жаман нәрселерді, адамдар мен жаман мінездерді теңеу арқылы өскелең ұрпаққа тәрбие беріп тұр. Одан бөек кейіптеу мен аллигория да кездеседі. Жалпы шумақтар бір-бірімен ынтымақтастықта жазылған

Slide 9

Осы қысқа өлеңнен-ақ Үмбетей шығармашылығынның сырт сипаты жайында бір шама мағлұмат алуға болады. Жыраудың философиялық дидактикалық сарынындағы толғау жырлары сақталмаған. Біздің түсінігіміздегі Үмбетей бейнесі Бөгенбай батырдың есімімен байланысты жыраудың нақты шығарғанда осы туындылары.

Үмбетей Бөгенбайға қатысты екі ұзақ жыры бар. Мұның біріншісі-Бөгенбайды жоқтау да, екіншісі-Бөгенбай өлімін Абылай ханға естіру.

Қанжығалы Бөгенбай батырдың кімге болмасын жақсы таныс. Ол жоңғарларға қарсы күреатің қаһарманы, әулетті батыр атақты қолбасы, ел-еліне еткен қызметі арқасында жұрт сүйіктісіне айналған қазақ халқының ардагер ұландарының бірі.

Үмбетей даңты әкесі «Алатаудай Ақша батырдан асып туған Бөгенбайдың өшпес образын жасады»

«Баян аула, Қазыл тау,

Абыралы, Шыңғыс тау

Қозы-маңырақ, қой маңырақ,

Арасы толған көк қалмақ,

Қалмақты қуып қашырдың,

Қара ертістен өткізіп,

Алтай тауға асырдың,

Ақ шәуліге қос тігіп,

Ауыр қол жиып алдырдың,

Қалмаққа ойран салдырдың

Қабанбай мен Бөгенбай,

Арғын менен найманға,

Қоныс қылып қалдырдың».

Slide 10

Ол не деген осы аталып отырған жерлер ұзаққа созылған күрестерден соң жоңғар тауларынан шыққан ойрат тайпалары басып алған қазақтың байырғы мекендері болатын. 18 ғасырдың орта шенінен бастап бұл қоныстар қайтадан қазаққа өтті. Осы жеңісті жорықтар кезінде қазақ қолының басында жүрген батырлардың бірі Бөгенбай еді. Тек бұл ғана емес. Бөгенбай -жоңғарға қарсы күрестің қиын күндерінде, қазақтар ауыр жеңілістерге ұшырып, сайрам, Түркістан, Ташкенттердің бірінен соң бірінен айырылғанда, Ақтабан Шұбырындыға ұшырып, атамекенінен босқан кездерде еңсесі түспеген, жүрегі шайлықпаған санаулы елдердің бірі еді. Бұл кезде Бөгенбай қалмақтарға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болды. Үш жүздің хан, сұлтандары бір сәті мәмілеге келіп, бас қосып, жоңғарларға қарсы соғысты қайта ашқанда, ол алдыңғы сапта шапты. Қазақтардың 1728, 1730 жылғы жеңісті жорықтарында Бөгенбайдың атқарған ролі ерекше.

Үмбетей Тілеу ұлы 1706-1778 жылдары шамасында қазақ хандығының Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар билік жүргізген кезде өмір сүрген жырау. 18 ғасырдың Үмбетей тұтас жыраулары қазақ жеріндегі хандық жүйені айнала анталаған жаудан қорғауға ұютқы болатын, қоғамды бірлікке, тұтастыққа, ынтымақтыққа жетелейтін бірден-бір мүмікіндік деп таныған. Сондықтан шығармаларында хандық жүйені уағыздау негізгі тақырыптарының бірі болған. Міне осындай жыраулардың Үмбетей Тілеуұлы жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан, қаруы мен даулы сөзі қатар жүрген кісі.

Өзінен бұрынғы ауызша жеткен авторлық поэзия дәстүрін жалғастырған Үмбетей жырау шығармасының дені арнау болып келеді.

Slide 11

Жырау арнауларының ішіндегі ең көлемдісі әрі көркем жырланатыны-Абылай ханға арналған «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» атты үлкен эпикалық сарын үні анық сезілетін шығармасы. Бұл туындыны зерттеуге арналған одақ құрамы кезңіндегі еңбектердің барлығында дерлік, кеңестік қатаң талаптарының әсерінен болуы керек. Түгелге жуық хан тұралы айтылғанын қарамастан көпшілік жағдайда Абылай хан бейнесін айналып өтіп, Бөгенбай бейнесін кейіптеуге ойыса береді. Қазіргі кезде жіберілген оқулықтардың орнын толтыруға, хан кейпіне бір шама назар аударылатын зерттеулер шыға бастады. Бізде осы бағытты ұстанып, жырдағы Абылай хан тұлғасынң сомдалу ерекшеліктеріне көбірек көңіл аудармақшымыз. Толғау композитциялық құрылысы жағынан 5 бөлімнен тұратыны байқалады. Кіріспе: Абылай хан өмірін баяндауға арналған бөлім; хан өмірінің баяндалуы мен батыр өлімін ескерту тоғысындағы өмір, өмірдің өтпелілігі ой, толғаныс түсінік, Бөгенбай батыр туралы бөлім және қортынды бөлім. Кіріспесінде «Абылай ханым, бұл қалай?» деген өлең жолдарымен бір қиын ауыртпалық ісінің болып қалғанына бір жағынан абдырып қалап, екінші жағынан сол істің еңсені басыр ызғарынан ханның сес алатынын сезгендей «Сөзімді қойма тыңдамай деп ескертіп, Абылай ханға талай басынан қиында қызық істер өткенін алыстан орай айтып, әріден басталатын тұспалды әңгіменің ұшын көрсетіп қояды. Осындай дайындықтан кейін екінші бөлімінде Абылайдың аңыздар мен тарихи жырлардан белгілі бүкіл өмір жолының қазақ жұртына, өзіне аброймен даңқ әкелген негізгі кезеңдерін тоғыз тиадаға бөліп, әрбір бөлігін «Ұмыттың ба соны, Абылай» деп шегелегендей нықтап айтылатын репренмен аяқтап, шолып шығады. Енді осы тирадалардағы хан өмірінің әр кезеңдеріндегі тұлғалық бейнелік ерекшеліктерін қарастырып көрейік.

Slide 12

Бірінші тирада да үргеніштен Сарыарқаға жері деп жаяулай Төле биге келіп түйе баққан жас өспірім Сабалақтың ерекше табандылығымен қайсарлығын «еш малшыға қосылмай, қара жерге отырмай «Қол аяғын төрт жаққа» салып жататын тектілігін» Төлеге сездіргенін ханның есіне салады. Екіншіден тирада да жырау Абылайдың 20 -маға толғандағы өміріндег маңызды екі сәтін еске алады. Біріншісі, қалмақпен соғыстаға дүлей күш иесі Шарыш батырдың жекпе -жекете басын алып, жас батырдың бүкіл ұрыстың тағдырын шешкен «алғашқы бақты тапқан» ерен ерлігі. Екіншісі, жеңілген қалмақтың соңына түсіп «жаяу қашты ойғайлап», «Абылайлап» шауып, сонан бастап атасы Абылайдың есімін алғанын жадына түсіреді.

Slide 13

Үшінші тирада да Абылайдың сын сағаттығы сол ерлігін бүкіл халық қошеметтеп ақ киізге көтеріп хан сайласа да, ресмей әміршілерден атағы мен даңқы еш кем емес хан атандырғаны айтылады.

Төртінші тирада да Қалдан -ханның қазақтың ең абройлы бетке ұстар ханын қапыда қолға түсіріп, Ташкентке апарып зымданға болғанын, қазақтан «Тоқсан жақсы үш түзден» елші жіберіліп «сурет барғанда» қалмақ ханының Шарыш үшін өлтірем дегенін жауаптасып қарсы сөз айтып, сөз тапқырлығын шешімдігін мойындатып. Үні аңыз сөзбен құтылғаны баяндалады.

Бесінші тирада да Абылай ханның бұндай абройға, беделге жетуіне тұсындағы «Кейі батыр, кейі би» бесеудің, оның ішіндегі қаз дауысты Қазыбектің, қу дауысты Құттыбайдық «Әділ билік қылмысқанның», Жәнібек, Қабанбай, Бөгенбай батырлардың «Қапаған қандай ұрыстан» Ерлігінің «Тәңірім берген сыйы» арқасында болғаны сөз етіледі.

Алтыншы тирада да Абылай хан тұсындағы ханға батыры сай болған, «Елге лайық ер болған» елін байлық тұрмыс жайлаған, қыс қыстауы, жаз жайлауы өзге жұртты таңдандырған Сарыарқандай қонысы болған керекмет бір жарастықты болғанын тамсана жырлайды.

Жетінші тирадада жеке басынының қаситеті арқасында бақыттың кем болмай хан айтқан сөзінің халықты ұйытқаны, елімнің хан жолын мақұлдағаны, жауын жайпаған, ел қорғаны-батырларының, «Аузынан балды тамызған» билерінің көп болып, қатар елдерден озғаны сөз болады.

Сегізінші тирадада ханның үлкен жүрегі, адамгершілік қасиеті сөз болады. Бір кезде қазақ әскері қырғыздан ойсырай жеңлгенін ел біліп көп батырмен Абылай ханның келіп, «Қысылған әскер басының» қасына барып, басын шауып тастамай ақылға жеңдіріп, тіпті бірге қайғырысып, Бабай түкті шашты әзіз аруағына ақ бозатты шалып, «бата алғанда» тілеуі қабыл болып, хан басына қыдырқонғанын еске алады.

Slide 14

Тоғызыншы тирадада алгі айтылған қырғызбен қақтығыста жаратқанның жол б еруі арқасында ойламаған жерден қырғыз батырларының ар асында жік туып, «Соғысудан түңіліп» садыр бөлініп кетіп, Абылай хан бастаған қазақ батырлары Қабанбай, Бөгенбай, Сары, Баян, Сағынбай шапқанда жеке жырық басы болып жау құрылып, қазақ қауымының қуанғаны жырланады. Жоғарыда жырланып келген ханның өмір жолы кезеңдері айтыла келе шығарманың шарықтау шегі болып табылатын оныншы тириадада өмірдің қысқалығы дүниенің өтпелі екендігі, ханныңда ол заңдылыққа бағынатыны, бұл дүниеден кететіні жөнінде философиялық толғанысқа тіреледі. Біз бұны композициялық құрылысы жағынан қысқа болса да маңызды қорытындылау, ой - түйін жасалатындығын ескріп, жеке үшінші бөлімі ретінде қарастырғанды жөн көрдік. Өмір жалғасып, хан артындағы мұрагеріне де батырлар талабынан, енді жауды мұқататын солар болатыны айтылады.

Slide 15

Ең қысқа (9 жол) төртінші бөлімнің басында Бөгембай батырдың аты аталмай жұмбақтап батырға қатысты біршама мәлімет беріледі. Одан батырдың ханнан жасы үлкендігі, алып тұлғалығын білдіретін басының дөмпеш таудай екендігі, жас кезінде сырлас болғандығы, сондықтан жасы үлкен болса да құрдасы сияқты болғандығы айтылады. Соңғы 3 жолында «Сексенен аса бергенде» қайрылмас қаза келіп, «Батырдың өлді Бөгенбай» деп, «батырың» деген әдейі жақындатып айтылған сөз арқылы оның ханға қимас өз адамы екенін көрсете отырып, батырдың өлімі естіртіледі.

Соңғы бесінші қортында бөілімінде бақилық болар алдында батырдың жанынжа болған жыраудың Бөгенбайдың жан тәсілінде таянғанда Абылай ханды көре алмай кетіп бара жатқанына өкініп үш қайта сәлем айтқанын, ханға деген батырдың ыстық ықыласын жекізеді. Үмбетей жырау енді ханға дәстүрлі жұбату айтып, осында болған іске жақсының қасқайып мойыматынын, ал жаман ойбайлап берекет алатынын айтып ханға басу айтады. Толғаудың соңғы ханға Бөгенбайдың жасы, баласына алатын тақ, елге бақ пен байлық, Бөгенбайсынды батырдың артының берекелі болуын, халқына сабыр тілеген батамен аяқталады

Slide 16

Толғаудағы хан тұлғасының бейнеленуін осындай сюжеттік-композитсиялық құрлысы бойынша толық талдаудан кейін жинақтап көрсетер болсақ, мынадай басты ерекшеліктерін атау қажет болар еді.

Біріншіден, жырау поэзиясында алдынғы баптардағы талудаулардан байқалатындай бұдан бұрын ел билеушінің осындай кең, толық, жас өспірім кезінен кемелденген шағына дейінгі жарты ғасырдай ғұмыры қамтылған паноромды бейнесі бір шығарма ішінде жасалып көрген жоқ. Кейін Бұқар жырау ғана Абылайды әлденеше жыр толғауларында жырлап барып, жиынтығында ханның біршама толық бейнесін шығарған болатын.

Тілеу Үмбетейдің жырау ретінде артынан қалдырған мұрасы аса көп емес небары жеті-сегіз толғау. Бар қазынасына байыптап қарағанда батыр-жыраулығы ерекше көзге түсіп тұрады. ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы жалпы алғанда, күрделі құбылыс санатына жатады.

Қазақстан ғылым акадеиясының қолжазбалар қоры осы айыымыздағы растайды. Әсіресе, 15-18 ғасырлардың арасында тірлік кешкен көшпенділер поэзиясы шын мәнінде қазақтың азаматтық поезиясының төлбасы болса керек.

Slide 17

Сол уақыттың поэзиясы сол қым - қиғаш дәуірдің қоғамдың қарым-қатынастардың хал - күйінің көрінісі секілді.


Ұқсас жұмыстар
Бұқар жырау
Қазақ билері, ақындары және жыраулары
Қожаберген Жырау - Орта жүз
XVIII ғасырда Абылай ханның өмірін жырлаған қай жырау
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясы
Жыраулар поэзиясының тақырыптары
Ежелгі мәдениет пен өркениет
Ақтамберді жырау Күлдір, күлдір кісінетіп
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯ
Қазақ хандығының жыраулар кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz