Өлең мотивнің ауыз әдебиеті үлгісе ұқсастығы




Презентация қосу
Зерттеу жұмысының тақырыбы:
Ы. Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің ауыз

әдебиеті үлгісімен мотивтік байланысы»
Зерттеу жобасының проблемасы:
Өлең мотивінің ауыз әдебиеті үлгілерімен байланысы неде?
Шығармаға жаңаша көзқарас. Ақын өлеңінің тарихи маңыздылығын, өміршеңдігін
көрсету арқылы, автордың шығармашылық шеберлігін тану.
Проблеманы шешудің болжамы:
-Өлеңнің негізгі идеясын талдау.
-Өнер,білімнің қуаттылығы.
-Балаларға айтылған өсиет туралы ойды жинақтау.
Өлеңді түсініп оқып, тереңнен толғау, әрбір сөз бен сөйлемнің мағынасын талдау,
мазмұнын түсіну арқылы халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегілермен байланыстыру,
салыстыру.
Зерттеу мақсаты: Ы.Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңіндегі ақын рухымен
сырласа отырып, суреткерлік шеберлігіне, ақын поэзиясынның тілдік ерекшелігіне
талдау жасау, ақынның тілдік шеберлігіне зерттеу жүргізу. Қазіргі өмір және халық
ауыз әдебиетімен байланыстыра отырып, халық арманы, мұраты негізінде салыстыра
талдау. Қиялдау элементтері мен сөздің заттануын зерттеу.
• Зерттеу жұмысының міндеттері:

- «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі мазмұнын тереңнен талдау;
- Тарихи өміршеңдігі мен құндылығын ұғыну;
- ақын өлеңінің мазмұнына, сөз қолданысына талдау жасау арқылы, тілдік шеберлігін зерттеу;
- ауыз әдебиеті үлгілерілерімен мотив жағынан ұқсастығын зерттеу;
• Әдіс-тәсілдері: мұқият оқу, зерделеу, әдеби-теориялық талдау жүргізу, сандық тұрғыдан талдау жасау, қазргі қоғаммен байланыстыру және салыстыру.

• Ғылыми жаңалығы: Өлең мотивнің ауыз әдебиеті үлгісе ұқсастығы. Сөздің заттануы.
- Мазмұны:
- 1. «Өнер білім бар жұрттар» өлеңінің мазмұндық ерекшелігі;
- 2. «Халық ауыз әдебиеті үлгісі, ертегілермен мотивтік байланысы»;
- 3. Өлең жолдарының жасалуы мен құрылымы;
- 4. Қорытынды.
1.«Өнер білім бар жұрттар» өлеңінің мазмұндық ерекшелігі
• Қазір ғылым да, жаңа технологиялар да дамыған заман. Ыбырай атамыздың «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін бүгін заманауи көзқараста талдауға болады. Ыбырай атамыз: «Өнер-білім
бар жұрттар Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден Көзіңді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды. Аты жоқ құр арбаны Мың шақырым жерлерге Күн жарымда
барғызды», – деп, өз заманындағы өнерлі елдерді жастарға үлгі етіп жырлайды.
Біз жобалық жұмысымызды зерделеуде «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі мен халық ауыз әдебиеті үлгісі, қиял-ғажайып ертегілердегі сабақтастықты аңғардық:
1. Қиял элементімен мазмұндас;
2. Тарихи-әлеуметтік жағдай;
3. Романтикалық жағынан: халық бейнесі арман, тілек, білімі арқылы көрініс табады;
4. Ой тазалығы;
2.Халық ауыз әдебиеті үлгісі, ертегілермен мотивтік байланысы.
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі. Халық даналығы
Алдымен «мотив» сөзіне тоқталатын болсақ, Мотив – тақырыптық сарын, қалыптасқан дәстүрлі тақырыптық әуен, оқиға желісіндегі кезең. Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына
жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.
Ауыз әдебиеті- халықтың қиялы, халықтың күмәні, арманы, мұраты. Ерте заманда халық: «Бір нәрсе болса екен, алыс жерлерге әпсәтте алып баратын»,- деп қиялдаса, кейін ойлай-ойлай,
«Жүрдегі етік», «Ұшқыш кілем» ертегісін ойлап тапты. Заман дамыған сайын ғылым мен білім қатар дамып, ұшақ, тікұшақ, почта, телефон сияқты байланыс пен ақпаратты тез жеткізетін
құралдар пайда болды.
• «Сөз-адамның ой-пікірі, көзқарасы. 2. л и н г в. Белгілі бір мағынасы бар заттар мен
құбылыстардың атауын білдіретін тілдің негізгі бірлігі» Яғни, ішкі ойлар ерте ме, кеш
пе сөз арқылы іске асады деген сөз. Өмірде бақылып отырсақ, адам қорқыныштарын
ойлай берген сайын соған тап болып жатады. «Ойлар заттанады» деген қағида жай ғана
бос сөз емес, бұл ғалымдар мен психологтер дәлелдеп шыққан факт және ол тартылыс
заңымен тікелей байланысты деп түсіндіреді
•Дүниенің, яғни 18 мың ғаламның басында кім немесе не тұр? Сөз не зат? Сол себепті
адам баласы дұрыс ойлау, жақсы нәрселерді ойлау керек деген тұжырымға келеміз.
Горький былай дейді : “Тіпті атам заманғы уақытта- ақ адам баласы әуеде
ұшу мүмкіншілігі жөнінде ойлаған, мұны… “Ұшқыш кілем” туралы ертегі
бізге айқын көрсетеді. Жер бетіндегі жүрісті жылдамдату туралы да ойлаған,
мұны “Жүрдек етік” туралы ертегіден көруге болады,… өзен үстінде оның
ағысынан гөрі жылдам жүруге ұмтылғандықтың арқасында ескек пен
желкенді ойлап шығарды
• Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің мазмұны ақын арманы арқылы
ертегілермен үндес болып келеді. Өлеңде білім мен ғылым дамып кеткен елдердегі
жағдайды, қиял элементтері арқылы оқырман қауымды білімге шақыру, қызықтыру
арқылы уәждеп, білімді адамдардың қолынан ертегі қиялынан кейінгі кезеңді шебер
суреттейді әрі сипаттайды. Өлеңнің мазмұнын саралай отырып, көркемдік қиял
элементтерін және сипаттауды, көркемдік қиялды аңғардық.
• Сипаттау мәтіні дегеніміз белгілі бір нәрсенің құбылыстың сын сипатын егжей тегжейлі сипаттайтын мәтін
түрі. Сипаттау мәтінің басқа мәтіндерден айырмашылығы: етістіктері өткен немесе осы шақта қолданылады;
сипаттама тілі (сын есімдер, үстеулер); көңіл күй етістіктері мен нақты зат есімдер; сенсорлық елестетуді
қолданады; сипаттау үшін салыстыруды қолданады. Сипаттау мәтінін табиғат көріністерін, адам портреті
бейнесі т.б. сын есімдер, үстеу түрлерін қолданылып, заттар салытырмалы түрде сипатталуында көре аламыз.
Теңізгежүзді балықтай

Дүниені кезді жалықпай…-(кеме)
үстеу арқылы жасалған.
Бұл жерде үстеу-балықтай.
Айшылық алыс жерлерден
Жылдам хабар алғызды …–(телефон)
үстеулер арқылы жасалып
тұр: жылдам.
Сын есім: айшылық алыс.

Адамды құстай ұшырды....
ұшақ, тікұшақ, аэроплан т.б
Үстеу арқылы жасалған: құстай.
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді- механика,
автоматтандыру.

Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды…(пойыз)
Сын есім: құр, үстеу: күн жарым.

Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді......
Отынсыз тамақ пісірді…-(газ)
Сын есім: отынсыз

Сусыздан сусын ішірді....-
шырын, сусындар. Сын
есім: сусыз

Мақал: «Өнер- жігіт көркі» Мақал – тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ауыз әдебиетінің
бір түрі. Шығармада «өнер, білім» тақырыбындағы мақал кездеседі.
Көзіңді ашып-жұмғанша –тұрақты сөз тіркесі. Мағынасы- жылдам, тез, лезде.
Өлең шумақтары сипаттау мағынасында келеді және өлең шумқтарындағы сөздердің заттанып,
қазіргі уақытта дамыған түрін көруге болады .
3. Өлең жолдарының жасалуы мен құрылымы:
Өлең неше шумақ, неше тармақ, неше бунақтан құрылған?
33 тармақты, 2 бунақты, 1 буын жігі бар, 7 буынды болып құрастырылған.
Ұйқасы әртүрлі формада берілген поэзиялық мәтін.
Формасы: Суреттеу, баяндау кездеседі: Бұл жерде өнер мен білімді
игерген жастардың қолынан іс-әркеттер шебер суреттеледі және
баяндалады.
Өсиет– жазбаша түрде немесе ауызша айтылып, қалдырылған ақыл-кеңес,
талап-тілек. Өсиетті көсем- ел-жұртына, ұстаз – шәкіртіне, әке – баласына
қалдырады.
Біз өлеңнен ақынның ұрпақ алдындағы өсиетін көре аламыз.
Жаңа өспірім, достарым,
Қатарың кетті - ау алысқа - ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.

Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер- жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды…
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
•Жанры жағынан – поэзия, өлең. Өлең – шағын көлемді
поэзиялық шығарма.
• Мақсаты: Бұл мәтін НЕ ҮШІН жазылған немесе айтылған (құрылған)?
• Мәтіннің қызметі қандай? Сұрақтар негізінде қарауға болады.
• Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі
идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету, жастарды тәрбиелеу.
• Аудиториясы: - жастар, оқушылар.
• Мазмұны: мазмұны әлеуметтік контексте беріледі. сипаттау мәтіні, өнері, білім бар адамдарды
сипаттай отырып, жастарды білімді игеруге шақырады.
• Стилі: көркем әдебиет стилі.
• Тілі-: өлең түрінде жазылған. 108 сөзден 33 тармақ құралып, 29 етістік қолданылған.
Ассонанс (лат. үйлесім) – дауысты дыбыстардың үндеге
қайталануы.

Ассонанс- «О» дыбысынан басталған тармақтар кезедеседі.От пен
суға түсірді;

Отынсыз тамақ пісірді.
Аллитерация (лат. «дыбыстық») – дауыссыз дыбыстардың
қайталануы. Аллитерация – бірыңғай дауыссыз «Б» және «Ж»
дыбысынан басталатын тармақтар да кездеседі.
Білгендерге осылар «Біз» деген жіктеу есімдігі 3 рет қайталанып
Бәрі - дағы анықтай, қолданылады.
Білмегенге танықтай Автордың үні мен көзқарасы жастарға өсиет ретінде
Біз де бекер жатпалық. көрініс табады. Мазмұндауы қолжетімді. Тілі жеңіл,
Желкілдеп шыққан көк шөптей оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Жаңа өспірім достарым.
Салыстырмалы талдау «Венн диаграммасы»
Өлеңнің ерекшелігі Ауыз әдебиеті үлгісі (қиял
Ортақ белгілері ертегілері) ерекшелігі

1.Авторы Ы.Алтынсарин. 1.Мәтін 1.Авторы халық
2.Жанры –поэзия. 2.Сөздер мен сөз тіркестері, сөйлемдерден 2.Жанры проза.
3.Жастарға арналған. құралған. 3.Халықтың қиялы мен
5. Сөз бен ойдың заттануы. арманынан туындайды.
6. Өсиеттің болуы.
7.Мотиві жағынан ұқсайды.
8.Халық даналығы мақал- мәтелдердің кездесуі.
9. Халықтың арман-мұратын көрсетеді.
10.Жастарды білім мен ғылымға уәждейді.
Қорытынды:

Біздер Ы.Алтынсариннің «Өнер –білім бар жұрттар» өлеңін зерттей отырып
мынадай қорытындыға келдік:
Өнер мен білімнің арқасында адамзат талай жетістіктерге қол жеткізгендігін білеміз.
Өлеңде тастан сарай салу, алыстан жылдам хабар алғызу, аты жоқ арбаны жүргізу,
алыс жерлерге жарты күнде жету мүмкіндігі, адамды құстай ұшырып, отынсыз тамақ
пісіру, теңізде балықтай жүзу мүмкіндігін тек білімнің күшімен орындауға
болатынын түсіндік.
Сөз заттанады. «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі өміршең шығарма, себебі білім
мен ғылым шексіз әрі заман дамыған сайын бірге дамып отырады.
Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне
жарау, оны «тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-
жұмғанша, жылдам хабар алғызатын» елдердің қатарына жеткізу деп білген.
Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі- жастар деп түсіндіреді.
Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті. Болашақта
өзіміздің зерттеу жобалық жұмысымызды жинақ етіп баслымнан шығарып, өлеңді
жастардың тереңнен түсінуіне көмектеспек ойымыз бар. Ы.Алтынсариннің басқа да
шығармаларын зерттеу жоспарланып отыр.

Ұқсас жұмыстар
Қара өлең
Қазақ халық ауыз әдебиеті түрлерімен таныстыру
Қазақ ауыз әдебиеті(халық поэзиясы, фольклоры) — қазақ халқының бұқаралық көркем сөз шығармашылығы
Блум таксономиясы негізінде қазақ ауыз әдебиеті саласы бойынша мультимедиялық көрнекіліктер әзірлеу
Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1858-1931
Ислам дәуірі әдебиеті
Қарақалпақ әдебиеті
Өтірік өлең
ТҮРІКМЕН ӘДЕБИЕТ
XIX ғасыр әдебиетін зерттеген ғалымдар
Пәндер