Символдың табиғаты


Slide 1

Зерттеу жұмысының тақырыбы:

«М. Жұмабаевтың поэзиясындағы «от» символының бейнеленуі»

Зерттеу жобасының проблемасы:

Мағжан поэзиясында жалындай көрінетін От бейнесінің кіріктірілуі. Мағжан поэзиясындағы От - «жарқыраудан, жанудан» тынбайтын толассыз əрекеттің, зұлымдықпен бітіспейтін, қараңғылыққа төзбейтін күрескер қимылдың, жасқанып-жалтаруды білмейтін, «құлашын көкке сермейтін» өр Рухтың символдық мәселесі қозғалады.

Проблеманы шешудің болжамы:

Мағжанның өр рухты өлеңдері арқылы қазіргі жастарға патриоттық рухани тәрбие беру. Көріктеу құралдары арқылы жастардың жүрегіне патриоттық сезім ұялату.

Ақынның суреттеудегі Тәуелсіз Қазақ Елінің мемлекеттік символдарының негізіне айналуы.

Пәні мен нысанасы: қазақ әдебиеті пәні, М. Жұмабаевтың өлеңдері: «От», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан» шығармалары.

Slide 2

Зерттеу аспектілері: - Мағжан поэзиясындағы символизм; - Символды қолдану суреткерлік шеберлігі; - ақын поэзиясындағы символдық бейнелер; - ақынның тілдік шеберлігі.

Зерттеу мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың поэзиясындағы ақын рухымен сырласа отырып, суреткерлік шеберлігіне, ақын поэзиясынның символдық бейнелеріне талдау жасау арқылы «От» сөзінің ақынның стиліндегі қолдану шеберлігін зерттеу. «От» сөзінің мағынасын түсіндіру арқылы, ақын өлеңіндегі көркемдегіш құралдарды анықтау.

Өзектілігі:

«От» сөзінің мағынасы арқылы патриоттық тәрбие алу. Қазіргі жастарға ақынның өр рухын «От» сөзінің символдық қолданысы арқылы насихаттау, жаңғыртуға жетелеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Қазақ әдебиетіндегі символизм элементтерін айқындау;

- «От», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан», өлеңдерінің мазмұнындағы символдық мағынасын жалпы халыққа тереңнен ашу;

- Тарихи сеніміміздегі құндылығын ұғыну;

- ақын өлеңінің мазмұнына талдау жасау арқылы, тілдік шеберлігін зерттеу;

Әдіс-тәсілдері: мұқият оқу, зерделеу, мазыұынындағы сөздік қоырына, қолданысына аудит жүргізу, әдеби-теориялық талдау жүргізу, сандық тұрғыдан талдау жасау, қазіргі еліміздің пробламаларымен байланыстыру және салыстыру.

Slide 3

Ақпарат көзіне талдау:

Мағжан Жұмабаевтың поэзиясындағы əдеби үлгілердің бірі- символизм. Ақынның символизмге айрықша ден қоюының сыры неде?

КІРІСПЕ 1. Символдың табиғаты

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу)

лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді;

өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Символ көркем бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай, ал көркем бейнеден гөрі нақтылы мәнге ие. Символдың символикалық формасы сақтала отырып, ишаралайтын нәрсесімен салыстыра тану барысында көпқырлылығы ашылады, бұл оның ерекшелігі болып табылады.

Символ (таңба) (символ (знак) ; character, symbol) -

1) таңбалық жағдайда басқа объектінің орнына қолданылатын объект;

2) бедербелгілік тізбекше немесе қандай да бір нәрсені белгілеуге пайдаланылатын бірнеше бедербелгі;

3) белгілі бір алфавит бірлігі, таңбасы. Стандартты әріптік, цифрлық белгілерден немесе арнайы таңбалардан тұратын символ.

Құрылымы:

КІРІСПЕ 1. Символдың табиғаты

2. М. Жұмабаевтың поэзиясындағы от символының бейнеленуі»

2. 1. Өлеңнің көркемдік ерекшелігі.

2. 2. «От»өлеңінің құрылысы

3. Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» поэмасындағы «От» символы.

4. Қорытынды:

Slide 4

Күннен туған баламын,

Жарқыраймын, жанамын.

Күнге ғана бағынам.

Өзім - күнмін, өзім - от-1,

Сөзім, қысық көзімде - от-2,

Өзіме-өзім табынам.

Жерде жалғыз тәңірі - от-3.

Оттан-4 басқа тәңірі жоқ.

Жалынмен жұмсақ сүйеді,

Сүйген нәрсе күйеді.

Жымиып өзі жорғалар.

Ұшырағанды шоқ қылар,

Шоқ қылар да, жоқ қылар.

Мұның аты От-5 болар.

Мен де отпын-6 - мен жанам.

От-7 - сен, тәңірім, табынам.

Әдемі отпен-8 аспаның,

Бәрі жасық басқаның.

Жалын жұтам - тез тоям.

Әулием, ием, құтыма,

Теңсіз тәңірім отыма-9

Әлсін-әлсін май құям.

Май құямын - өрлейді.

Құлашын көкке сермейді.

Кейде жылан арбайтын, Кейде аждаһа жалмайтын. Сескенбес, сірә, кім сенен; Шынында, менің өзім де - от-10, Қысылған қара көзім де - от. -11 Мен - оттанмын-12, от-13 - менен, Жалынмын мен, жанамын. Оттан-14 туған баламын.

Қараңғылық бұққанда, Қызарып күн шыққанда, Күн отынан-15 туғанмын; Жүрегімді, жанымды, Иманымды, арымды Жалынменен жуғанмын. Жүрегім де, жаным да - от-16, Иманым да, арым да - от-17.

Жарқырап от-18 боп туғаннан, Белімді бекем буғаннан, Қараңғылық - дұшпаным. Сол жауызды жоюға, Соқыр көзін оюға Талай заулап ұшқанмын, Әлпіге барғам Алтайдан. Балқанға барғам Қытайдан. . .

Заулап, өрлеп аспанға,

Әлпіден әрі асқан да

Отты-19 Атилла, Баламер

Мен едім. Тағы барғанда

Ойран салып Балқанға

Жолбарыс Жошы, Сүбітай ер

Шалғай-шалғай жер шалып,

Басылдым біраз от-20 алып. . .

Күннен туған баламын,

Жарқыраймын, жанамын,

Күнге ғана бағынам.

Өзім - күнмін, өзім - от-21,

Сөзім, қысық көзім де - от-22,

Өзіме өзім табынам.

Жерде жалғыз Тәңірі - от-23,

Оттан-24 басқа Тәңірі жоқ. [3, 29] .

2. М. Жұмабаевтың поэзиясындағы от символының бейнеленуі»

Slide 5

Өлең барлығы 265 сөзден құралады. Оның ішінде «От» сөзі 24 рет қайталанады. Әрбір қайталауында жаңа тың мағына беріп отырады.

1. Ақын өзінің жігерлі, жалынды екенін бейнелейді.

2. Болашағы жарқын бар, үміт-арманы көп екенін көрсетеді.

3. 4. Тәңіршілік табиғи сенімді ең мықты Көкте күн болса, жерде ең мықты от екені суреттеледі.

5. Оттың күші, оттың қуаты, қаупі және оттың құдіреті апаты екені айтылады.

6. Ақын өзін отқа теңеу арқылы жалынды, жігірлі, рухты және алға қойылған мақсатына қол жеткізетіні еайтылады.

7. Табиғи сенім бойынша От - тәңірі, жарық сыйлаушы, жылу беруші, қайрат беруші, өзіне табындырушы тылсым күш, түркілертер тәңірі екенін білеміз.

8. 9. 10. 11. 12. 13. 14-қайталауында Өлеңде «Күннен туған баламын»- деп эпитет «Өзім - күнмін, өзім - от» деген метафора арқылы лирикалық қаһарман ретінде Өзім - от, оттан туған баламын, күннен туған баламын, сөзім де от, көзімде де от дей келе, отқа май құюшымын деп ақын бұл өлеңінде бүкіл түркі әлеміне ежелгі рухты, қайратты болмысын есіне салып, ешкімге мойынсұнбауға шақырып тұрғандай рух береді.

15. 16. 17. «Күн отынан туғанмын» деген жолдар ақынның шуақ шашып, «Жүрегім де, жаным да - от Иманым да, арым да - от» деген метафоралық тіркестер арқылы Жарқырап от боп туғаннан, Белімді бекем буғаннан, Қараңғылық - дұшпаным.

Сол жауызды жоюға, Соқыр көзін оюға Талай заулап ұшқанмын-деп ақын қараңғы қазаққа білім беруге ұмтылғанын, қызмет еткенін айтады.

19-20 қайталауда

Отты-19 Атилла, Баламер

Мен едім. Тағы барғанда

Ойран салып Балқанға

Жолбарыс Жошы, Сүбітай ер

Шалғай-шалғай жер шалып,

Басылдым біраз от-20 алып. . . осы ұлы тұлғаларды үлгі ете отырып,

өлеңінде Ұлы даланың ғұн патшасы Аттилла мен император атынған батыс ғұн патшасы Баламердің от секілді ыстық жалынын көрсетеді. Бұл жерде «Тұлпар-дала қожайыны. Менің тұлпарым аяқ басқан жерге шөп шықпайды» -деген Атилланың сөзі бар. Бұл сөздің астарында қазақта өртенген жерге ғана шөп шықпайтынын түсінуге болады. Атилланың шабуыл жасап, қырып, жойып жіберетін жауынгер мінезін от арқылы бейнелейді.

22. 23. 24 қайталауларда Сегіз бен 14 қайталаудағы оттың тәңірідегі құдіретінен асқан ештеңе жоқ екенін айтады. Және бұл өлеңде қайталау түрлерін де шебер қолдана отырып, эпифораны өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы «от» сөзін бірнеше рет қайталау арқылы шебер қолданады.

Жалынды ақын өлең əсерін арттыру, өлеңге эмоционалдық реңк үстеу мақсатында қайсыбір дыбыстарға əдейілеп екпін түсіріп, символдық мəн бере қолданып, бейнелеу тəсілін өз поэзиясында пайдаланған тұста М. Жұмабаев бейнелеушілік мүмкіндігін одан əрі аша түседі. Өр ақын өлеңде қайталау түрлерін қолдана отырып, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе тіркесті бірнеше рет қайталап қолданған. Қайталаудың түрлері, анафора және эпифораны мына жолдардан көре аламыз:

Шынында, менің өзім де - от, Қысылған қара көзім де - от.

Өзім - күнмін, өзім - от,

Сөзім, қысық көзім де - от.

Жүрегім де, жаным да - от,

Иманым да, арым да - от-деп, эпифора арқылы өзін отқа теңейді.

Slide 6

Эпифора - өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет қайталанады: Бұл жерде «От»сөзінің қайталануын көре алдық және әр қайталауда ақын мағынасын терең қолданады.

Әдебиет теориясына жүгінсек, қайталау, қайталама ұйқас - сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі. Қайталаудың бірнеше түрі бар.

Жай Қайталау - бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау. Яғни, біз «От» сөзін ақынның қайталай қолдануын жай қайталау түріне жатқыза аламыз.

еспе Қайталау - алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады:

Жерде жалғыз тәңірі - от,

Оттан-23 басқа тәңірі жоқ- деп от сөзін тармақтың аяғында қолданып, келесі жолды «От» сөзімен қайта бастайды.

анафора - өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады:

Кейде жылан арбайтын, Кейде аждаһа жалмайтын-деген жолдардан біз «кейде» сөзінің шумақ бастарында қайталанып тұрғанын анықтай алдық. [4, 65] .

Өлең шумақтарынан Мағжан Жұмабаевтың «От» сөзін символ ретінде қолдану арқылы алдыңғы ойдан кейінгі ойды асырып отыру әдісін көре алдық. Теорияға бағынсақ, нағыз дамыту деп айтуға болады.

Дамыту (градация) - алдыңғы сөзден соңғы сөздің, алдыңғы ой-пікірден кейінгі лебіздің, әдепкі құбылыстан екінші құбылыстың екпін қуатының күшейіп, өсіп отыруы. Бұл көркемдік тәсіл құрылыс, жүйесі ұқсас бірыңғай сөйлемдердің іріктеліп шығуына, ой-пікірдің өткір, әсерлі айтылуына әрі мағыналық өрістің кеңеюіне кең еріс ашады.

Мен - оттанмын, от менен, Жалынмын мен, жанамын. Оттан туған баламын-деген жолдардағы бірінші шумақтың өзінен ақын өзін оттан, ал оттың ақыннан қуат алатынын суреттейді. Кейінгі тармақтарда жанатынын, жалындайтынын айтып, өзін нағыз от екенін айтады.

Құбылтудың түрлерін, метофораның орынды қолданылғанын мысалдар арқылы анықтадық. Сондай-ақ бұл ізденіс жұмыста дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы аллитерацияның және дауысты дыбыстардың қайталануы, яғни ассонанстың шебер қолданылғаны да атап өттуге болады:

Қараңғылық бұққанда, Қызарып күн шыққанда- деген жолдар бірыңғай дауыссыз дыбыс «Қ» дыбысынан басталса,

Кейде жылан арбайтын, Кейде аждаһа жалмайтын. «К» дыбысы

Сол жауызды жоюға, Соқыр көзін оюға -деген жолдарды «С» дауыссыз дыбысынан бастай отырып, аллитерацияны шебер қолданған. «Соқыр» көз деп надандықты ерекше эпитет, метонимия арқылы бейнелейді. Бұл өлеңіндегі ақын, сол уақыттағы қоғамдағы келеңсіздіктерге қарсы төтеп бере алатынын ашық айтады. Өзінің өжеттігін, қайсарлығын «От» символын қолдану арқылы, оның қуаттылығымен ашық көрсетеді. Өлең шумағынан үзінді келтіре кетер болсам,

Жалынмен жұмсақ сүйеді,

Жымиып өзі жоғалар.

Ұшырағанды шоқ қылар,

Шоқ қылар да жоқ қылар.

Мұның аты От болар, -деген үзіндіден ақын теріс саясатты жоққа шығарады. Өзінің еліне деген шексіз махаббаты осы өлеңінде анық байқалады. М, Жұмабаев ұлт болашағына қаттыалаңдайды.

Надандық атаулыға жаны жат ақын,

Қараңғылық-дұшпаным,

Сол жауызды жоюға,

Соқыр көзін оюға

Slide 7

Талай заулап ұшқанмын, -деп қазақ баласынының басына келген наубетті қалай болса да, жеңетінін айтады. Өзін халқының болашағы үшін, еліне жарық әкелетін адам екенін айтса, «өзім от» деген жолдары арқылы оттың ыстығы қалай болса, от тиген жерінде не нәрсе болса да қарамай өртеп жіберетіні сияқты халқым үшін от болып жанамын дейді екен.

Күнге бас ию, күнді сүюді Мағжанның «От» өлеңінен байқаймыз. Күнмен қатар бұл өленде оттың қасиетін, оттай шарпып, жалынының ыстық екендігін айтады. Бұл өлеңіндегі Өзім-күнмін, деген сөзінің мән-мағынасына тоқталатын болсақ, Күн-ол жердегі барлық тіршілікке нәр беретіні сияқты, аспан әлеміндегі от. Мағжан да барлық қазақ халқына өзінің өлең-жырлары арқылы күш-қуат, рухани серпіліс беретін «От» өлеңінде өршіл ақынды ұлтымыздың, жұртымыздың тағдыры болашағы қатты толғандырады. Өлең тақырыбы-қазақ халқының рухын ояту. Өлең мақсаты сол үмітті, сол тілекті өз халқына жеткізу деп түсінеміз.

«Құлашын көкке сермейді»- деген идиомалық тіркес кездеседі. Бұл жерде биікке ұмтылу, мақсатқа жету деген мағына береді.

Идомалық тіркес дегеніміз -

бөліп-жаруға келмейтін және оның тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөздер.

құрамындағы сөздердің мағынасында мәтелге және тұрақты тіркеске бейім келетін тіркестер.

өзге тілге тура аударуға келмейді.

Slide 8

2. 1. Өлеңнің көркемдік ерекшелігі.

Мағжан суреткерлігіне, өлеңдеп өрілген ойларының көркемдігіне шындап көз жеткізіп қарайтын болсақ, Мағжан түйеден түскендей түйдей-түйдек ойларын жыр үлгісінде жалаң түрде бере салған жоқ, керісінше, құбылту арқылы троп пен фигураның түрлеріне салып, тігісін жатқызып, икемдеп әкелді. Иін, иірім сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолданып, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп танытып, ойды өзгертіп жеткізе білді.

Патша заманында отаршылық тепкі, ұлттық езгіні көрген адамгершілік нормалар бұзылып, кеңестік қанқұйлы қуғын-сүргін бұлты басына төнген Мағжан жүрегін қайғының қара толқыны басып шерлі, мұңды жырлар төгілді. Ең бастысы ақын ықшамдық, сұлулық, философиялық талаптарды, бейнелілік, суреттілік шарттарын бірінші қатарға шығарды. [4, 29] .

Мағжан өлеңдерінде құбылтудың түрлері өте көп кездеседі. . . Қолданған метафора, гипербола, эпитеттер өлеңді дәл, өткір көрікті етіп тұр.


Ұқсас жұмыстар
Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өндеу
Ислам рәміздері
Үздік информатик
Тақырып жолы Меню жолы
Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы сөз символдары
Ұяшықтар мен оның адрестері
ИНТЕРАКТИВТІ ФИЛЬМ ЖАСАУ
Пішімдеуге арналған пернелер комбинациялары
ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТИПТЕРІ ЛИТЕРЛІК ШАМАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ АЛГОРИТМІ
ЭЛЕКТРОНДЫ ПОШТА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz