Ваш логотип или название


Slide 1

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУ АТЫНДАҒЫ ХАЛҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Орындаған:Маханбетжан А

Қабылдаған:Адилбекова З

Тобы:ЖБИ-211

Slide 2

пл

Тақырыбы:Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері.

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1. Қазақстан республикасының туы.

2. 2. Қазақстан республикасының елтаңбасы.

2. 3. Қазақстан республикасының әнұраны.

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

2

Slide 3

Тәуелсіздік

1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың тәуелсiз күнi ретiнде бүкіл әлемге танылды.

Мемлекеттік тәуелсіздіктің жариялануы мен рәмiздердiң қабылдануы КСРО сияқты алып империяның күйреуi оның қол астында болып келген басқа республикалар сияқты Қазақстанның да тәуелсiздiк алуына жол ашты. Қазақстан Республикасының тəуелсiздiгiн жариялауды жылдамдатқан факторлар - Ресейдегi тамыз бүлiгi, Беловежье келiсiмi, КСРО -ның түпкілікті күйреуі болды. 1991ж 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кенесiнiң жетiншi сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тауелсiздiгi туралы» заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жерiне, ұлттық табысына жоғары иелiк ету құқығы бар, тəуелсiз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптерi негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық ұлттарынын азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы егемендiктiн бiрден - бір иесi және мемлекеттік билiктiң қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары өздерiнiң ұлтына, ұстайтын дiнiне, қандай қоғамдық бiрлестiкке жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүлiктiк жағдайына, шұғылданатын қызметiне, тұрғылықты орнына қарамастан бiрдей құқықтар иеленiп, бiрдей міндеткерлікте болады делінген.

3

Slide 4

Тәуелсіздік

4

Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсiздiгi мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзiнiң қарулы күштерiн құруға хақылы екендiгi, республика азаматтарынын әскери мiндетiн өтеу, онын тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған " . « Мемлекеттiк тәуелсіздік туралы » конституциялық заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп танылды . Қазақстан Республикасының аумағы қазiргi шекараларында біртұтас, бөлiнбейтiн және қол сұғуға болмайтын аумақ деп жарияланды . Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың тәуелсiз күнi ретiнде бүкіл әлемге танылды .

Slide 5

Н. Назарбаев

" Бiз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздiң қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек . Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті . Өйткені олар - халқымыздың мақтанышы, бiздiн ең киелі құндылықтарымыз . "

5

Slide 6

Рәміздер

1992жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғары кеңесi мемлекеттік рәмiздердi қабылдады. 9 - бап : Қазакстан Республикасының мемлекеттік рәмiздерi - Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар . Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.

6

Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме . Ағаш сабына бекітілген тұста ұлттык оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген . Күн, арай, қыран және ою - өрнек алтын түсті . Тудың ені ұзындығының жартысына тeң : 1 : 2 .

Шакен Ниязбеков - Қазақстан Мемлекеттiк Туының авторы және суретші . Ол 1938 жылы 12 казанда Тараз қаласында өмірге келген. Шакен Ниязбеков анасы жағынан кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының туысы, сонымен қатар арғы ата бабалары Төле би болған екен. Ол 10 жасында ата -анасынан, апасынан айрылған . Мектепті бітіргеннен кейiн Ленинградтағы В. И. Мухин атындағы жоғарғы сурет -өнеркәсіп училищесін бітірген. Студент болып жүрген кезінен - ақ ол Эрмитаждағы. Петродворец - тегі Исаакиев соборын қайта өңдеу жұмыстарына қатысқан . Ол өзiнiң басты ұстазы суретші Әбілхан Қастеев деп есептейді.

Slide 7

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы.

7

Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбаның негізі -шаңырақ. Ол-елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ мемлекеттiң түп - негiзi - отбасының бейнесi . Шаңырақ- Күн шеңберi . Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суреті іспетті, Шаңырақ - киіз үйдiң күмбезі көшпелі түркілер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесі . Түндік - таза көк аспанын бейнелейді . Үш - санды айқыш - ұйқыш келген күлдреуiштер қазақтың үш жүздiң бiрлiгi бекемдігін көрсетеді . Шаңырақтан шыққан уыктар күн арайларын еске салады . Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті . Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

Елтаңбаның авторлары:Жандарбек Мәлібеков. Шота-Аман Уәлиханов

Slide 8

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.

8

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны, Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңкымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,


Ұқсас жұмыстар
Ваш логотипсақтайды или название
Қозғалыс датчигі
Компьютерлік технология
ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
ЭКЗЕМА
Что такое родительство
Алкалоидтардың бастауы ретінде
Сабақтың ортасы
Хромосомалардың жіктелуі
Сүзбе сапасына қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz