Үсіктердің емі


Slide 1

Үсіп қалу. Электрожарақаттар

Орындаған: Молдахан Ақнұр

Факультет: ОМ 351

Тексерген: Стамбакиев Досан

Астана Медицина Университеті КеАМҚ

Астана қаласы, 2023 жыл

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Үсіктер

Үсіктердің клиникасы мен диагностикасы

Үсіктердің емі

Электрожарақаттар

Slide 3

Үсік

Үсу дегеніміз - төменгі температураның ұзақ әсер етуі нәтижесінде тіндердің зақымдануы.

Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, су болған әрі тар киім, аяқ киім, қолғап немесе мастық, организмнің жалпы әлсіздігі әсер етеді. Үсікке көбінесе саусақ, башпайлар, мұрын, құлақ шалдығады. Үсік шалған жерді суық жерде тұрып қармен ысқылауға және суық суға түсіруге болмайды. Үсіген организм көп уақытқа дейін суыққа сезімтал келеді.

Slide 4

Үсіктің клиникалық көрінісі мен диагностикасы

Үсіктік жарақаттанудың екі кезеңі болады:

Реактивтіге дейінгі кезең(аяқ қолды жылытқанға дейінгі кезең) : Зақымдалған тері бозғылт, ұстап тексеренде суық. Сезімталдық әлсіз, парестезия байқалады. Шеткі тамырларда пульсация әлсіз. Зақымдалу дәрежесін болжау қиын.

Реактивті кезең(жылытқанда) : Науқасты жылытқанда жылынғаны, гиперемия және айқын цианоз байқалады, терісі мрамор тәрізді. Ауыру мен тіндердің ісінуі байқалады, янтарь түстес немесе геморрагиялық сұйықтыққа толы көпіршіктер пайда болады.

Slide 5

Үсіктің 4дәрежелі жіктелуі бар:

I дәрежелі үсікте ауыру сезімі болады, қозғалғанда күшейеді. Аздаған гиперемия, ісінубайқалады. Терісі ұстағанда жылы, ауыру сипап сезу сезімдері ұстаған соң қалпына келеді. Буындағы қозғалыстар белсенді болады. Ісіну мен гипремия 1 аптада жоғалады.

II дәрежелі үсікте терінің жартылай өліеттенуі байқалады, өсу қабаты зақымдалмаған, бұл жараның эпителиймен қапталуын қамтамасыз етеді. Көпіршіктер үсіктен кейін 1-2 тәуліктен соң, кейде 3-5 күндері пайда болады. Тырнақтары түсуі байқалуы мүмкін.

Slide 6

Үсіктің 4дәрежелі жіктелуі бар:

III дәрежелі үсікте тері қабаты мен теріасты щелмай қабаты өліеттенеді, сондықтан өліеттенген тіндер ажыраған соң, грануляциялық тін дамиды. Дерманың регенерациясы мүмкін емес. Ауыру сезімі айқын, көпіршіктер үлкен болады. Цианоз айқын, зақымдалған тері суық болады, шеткі тамыр аульсациясы әлсіз, тырнақтары ауырмай ажырайды, регенерация жүрмейді. 1-2 апта температура жоғары болады. 2-3 аптада өліеттенге тін ажырап түседі, 1-1, 5 айда тыртықтанады.

IV дәрежелі үсікте тіндердің зақымдалуы сүйек пен буынның деңгейінде болады. Тері температурасы төмен, аяқ-қолы мұздай, терісі көзгерген, мрамор түсті. Сезімталдық жоғалған. Көпіршіктердегі сұйықтық- қою қоңыр түсті. Пульсайия әлсіз, ауыру мен ісіну айқын. Жараның түбі қошқыл, құрғақ. Демаркациялық аймақ және гангрена дамиды.

Slide 7

Қалтырап тоңу

Қалтырап тоңу - бірінші дәрежелі созылмалы үсік. Оған көбіне дененің ашық жерлері ұшырайды: бет, қолдың ұшы. Зақымдалған тері көкшіл, қызарған, сезімталдық төмендеген, ісінген, қатайған, ұстағанда мұздай, жылтырайды, ауырады. Ауру дерматит, дерматоз, сырылу, ойық түрінде дамиды. Көктем, күз айларында және қыст жиі кездеседі. Консервативті емге көнбейді.

Slide 8

Траншеялық аяқ

Траншеялық аяқ - жергілікті суықтық жарақат.

Төменгі температура мен жоғары ылғалдылық әсер еткеннен кейін бірнеше күнде дамиды. Аяқ ұшының ағаштанған сезімі, өкше мен саусақтары ауыруы, күйіп қызу сезіледі. Аяқ ұшы ісінген, терісі бозарған. Кейін некрозданып, гангрена дамуы мүмкін. Кейде инфекциялық асқыну, сеспсис дамуы мүмкін.

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Үсіктің емі

Рективтіге дейінгі кезеңдегі алғашқы көмек

Термоизоляция

Иммобилизация

Аяқ-қолды жылыту

Шеткі қан айналымын ынталандыру(артерияға - эуфиллинді, папаверинді, никатин қышқылын, новакаинді, гепаринді енгізу)

Венаға дезинтоксикациялық плазма алмастырушы ерітінділерді, белокты заттарды, қан мен плазманы енгізеді. Бұлшықетке 3-4 бірлік гепарин енгізеді. Ацетилсалицил 0, 5-1 грамнан күніге 4рет ішкізеді. Антибактериальді ем жүргізіледі.

Slide 12

Терең үсікті хирургиялық емдеудің екі жолы бар

Демаркациялық аймақтан жоғары етіп ампутация ерте жүргізу

Демаркациялық жолақ анық пайда болғанша күтіп, содан кенйін ампутация жасалса, тұқыл қалады. Екінші әдіс қолайлы, себебі ағза сақтаушы операцияның қағидасына жауап береді.

Үсіктен кейін кейбір адамдарда суыққа сезімталдық дамып, буындары дұрыс қозғалмай, ауырсыну бәраз уақытқа дейін сақталады.

Slide 13

Электрожарақат

Электрожарақат - электрлік тоқтың организмге әсерінен болатын зақымдалу. Ерекше түрі атмосфералық тоқтан яғни найзағайдан болады.

Slide 14

Электрожарақаттың патогенезі:

Slide 15

Электрожарақаттың ауырлығының төрт дәрежесі бар:

I дәрежеде науқас есін жоғалтпайды, бұлшықеттері құрысып жиырылады.

I дәрежеде науқас есін жоғалтады, бұлшықеттері құрысып жиырылады.

III дәрежеде науқас есін жоғалтады, бұлшықеттері құрысып жиырылады және жүрек пен өкпенің қызметтері бұзылады.

IV дәрежеде клиникалық өлім белгілері дамиды.

Slide 16

Жарақат тереңдігіне байланысты 4 дәрежесін ажыратады.

Эпидермистің зақымдалуы

Эпидермис ажырап, көпіршіктер түзілуі

Терінің барлық қабаттарының коагуляциясы

Тері мен терең орналасқан тіндердің зақымдалуы

Slide 17

Электрожарақат клиникасы

Жергілікті белгілер «ток белгілері»: Дөңгелек немесе сызықты пішінді құрғақ некроздың шағын (2-3 см) аймақтары;

ортасында кері тартылу бар, шеттері көтерілген, жолақтар бұралған;


Ұқсас жұмыстар
Бас терісінің жарасы
Эхинококкоздың емі
Жатыр жарақаты
Тістердің ақаулары
Қисық мойын
Еркек жыныс мүшелерінің аурулары
Депрессия әрекеттері
Депрессия туралы
Сүйектердің шығуы
Ішек өтімсіздігінің консервативті емі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz