Жазуға қойылатын талаптар



Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын бастапқы жазуға үйрету.
"Сауат ашу" әдістемесі
Топ: ПМНО 21-37
Оқытушы:Абуова Айнагуль
Білім алушы: Тұрсынова Айдана Темірбекқызы

Жоспары:
Жазуға үйретудің тарихына шолу
Жазуға үйрету әдістері, әдістемелік тәсілдер
Оқу және жазуға үйрену барысында меңгеруге тиісті ең басты үрдіс
Жазуға қойылатын талаптар.
Жазуға үйренуде жүргізілетін әдістер

Жазуға үйретудің тарихына шолу
Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да білудің әрі теориялық, әрі практикалық мәні зор. Біз қазір жазуды сөздердің әріптер тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ ол алғашында бұлай болмаған. Сөзді әріппен (дыбыспен) таңбалау кейінірек пайда болды. Оған дейін жазу (таңба) не бүтіндей сөйлемді (хабарды), не жеке сөзді, не жеке буынды белгілеген.

Жазудың мынандай түрлері бар:

1. Пиктографиялық (суретті) жазу
2. Идеографиялық немесе логографиялық жазу
Бұл - жазудың ең алғашқы түрі. Ол суретке негізделген. Сондықтан мұны кейде суретті жазу деп те атай береді. Пиктографиялық жазудың таңбалары - суреттер. Әрбір сурет (пиктограмма) өздігінен бүтіндей сөйлемді білдіре алады. Оның шыққан мерзімі тым көне дәуірге (неолит дәуіріне) барып тіреледі.
Бұл - пиктографиялық жазудың біртіндеп дамуы, жетілуі нәтижесінде пайда болған жазу. Егер пиктографиялық жазу бүкіл сөйлемді (хабарды) білдірсе, идеографиялық жазу бүтіндей бір сөзді бір-ақ таңбамен белгілейді. Алғашында суретпен (пиктограммамен) белгіленіп жүрген нәрселер жазудың даму барысында біртіндеп одан алшақтап, ақырында олар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, соған ұқсас шартты таңбалар ретінде қолданыла бастаған. Ондай таңбалар идеограммалар деп аталынады.

Идеограмманың пиктограммадан ең басты айырмашылығы - таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Жоғарыда айттық, егер пиктографиялық таңба бүтіндей бір сөйлемді белгілесе, идеографиялық таңба бір сөзді немесе сөздің түбірін не негізін белгілейді.

Идеографиялық жазудың жетіле түскен түрі - морфема-идеографиялық жазу. Бұл жазудың ұстанымы (принципі) бойынша, таңбалар бүтіндей сөзді емес, оның құрамына енетін морфемаларды белгілейді. Осы ерекшелігіне орай ол морфемаларды белгілейтін таңбалар морфемаграммалар деп аталынады. Қазіргі қытай иероглифі морфема-идеографиялық жазу болып табылады.

Идеограммаларды екі түрге бөлуге болады
біріншісі - сөздердің мағыналарымен тікелей байланысты болса
екіншісі - сөздердің фонетикалық жағымен байланысты
біріншісін - идеографиялық иероглифтер (идеограммалар)
екіншісін - фонетикалық иероглифтер (фонограммалар) д. а.

Айырмашылықтары - идеограммалар көбінесе синоним сөздерді белгілеу үшін қолданылса, фонограммалар омонимдерді белгілеу үшін қолданылады. Сөздерді дәлме-дәл белгілеуде идеографиялық жазудың бұл екі түр-тармағы, әдетте, бір-бірімен ұштастырылып жұмсалынады.

Идеографиялық жазудың бірсыпыра кемшіліктері:

3. Буын жазуы
Идеографиялық немесе логографиялық жазудың даму барысында буын жазуы пайда болды. Бұл жазудың шығуына, біріншіден, бұған дейін қолданылып келген идеографиялық таңбалар аффикстерді, әсіресе шетел сөздерін, кісі, қала аттарын таңбалауға икемсіз болуы, екіншіден, ол идеографиялық таңбалардың саны көп болып, оларды меңгерудің қиынға соққандығы себеп болды.

4. Әріп (дыбыс) жазуы
Әріп жазуының шығуына және дүние жүзіне кең таралуына оның қарапайымдылығы, сөздердің дыбысталуын дәл беретіндігі, әр түрлі тілдерге қолайлығы себеп болды деуімізге болады.
Финикий әліпбиінің негізінде грек әліпбиі, грек әліпбиінің негізінде бүкіл Батыс Еуропа халықтарының әліпбиілері жасалды. Ал шығыс халықтарының (араб, иран, еврей т. б. ) жазуы арамей әліпбиінің негізінде пайда болды.

Қысқасы, әріп (дыбыс) жазуының пайда болуының дүние жүзілік мәдениеттің дамуы үшін маңызы орасан зор болды. Өйткені бұл жазу - жазу жүйелерінің ішіндегі ең ыңғайлысы. Тілдердің қайсысында болса да, ондағы сөздердің саны мен буын санынан дыбыстардың саны әлдеқайда аз. Осыған орай, әдетте, дыбыстарды таңбалау үшін 20-дан 40-қа дейінгі таңбаның өзі жеткілікті болады. Әріп таңбаларының мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйренуді жеңілдетеді. Бұл жазу, әсіресе, сөздердің дыбыстық жағы мен олардың грамматикалық формаларын дәлме-дәл беруде өте-мөте қолайлы.

Жазу процесінде оқушы дұрыс отыру керек, қаламсапты дұрыс ұстауы, дәптерді партаға орналастыруы, осының әрі баланың көзіне, жазуына жұмыс қабілетіне әсерін тигізеді. Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек, сол қол дәптерді басып тұрады, ал оң қолдың басы дәптерде жатады. Бала мен партаның арасына жұдырық сыятындай болуы керек. Көз бен дәптердің арасы 30 см болуы шарт. Жарық сол жақтан түсуі керек. Жазу ұзақтығы 1 сыныпта - 5 минут, 2 сыныпта - 8 минут, 3 сыныпта - 12 мин, 4 сыныпта - 15 минут. Одан ұзақ жазу баланы шаршатады. Арасында балаларды демалдырып, сергіту жаттығуларын жасаған дұрыс.

Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әртүрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау, баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын дамытады. Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, шеті, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек т. б. ұғымдарды меңгереді.

Көркем жазу үрдісін жүзеге асыру үшін жазу құралдарының (қаламсап, қарындаш, бор) көмегі керек. Бұл заттардың қолданылу жолдарын білу міндетті. Көркем жазу ережесі:
Жазудың құралдарын пайдалана білу;
2. Дәптердің дұрыс орналасуы;
3. Дұрыс отыра білу;
4. Қолдың дұрыс қозғалысы;
5. Үлгі мен жазудың нәтижесін салыстыра білу;
6. Баспа әріпті жазбаша түрде жаза білу;
7. Әріптің дұрыс жазылуын білу;
8. Әріпті байланыстыра білу (үзіліссіз, жоғарғы жағынан, төменгі жағынан ) ;
9. Әріптің біркелкілігін сақтау;
10. Сызықтар арасында және бір сызықта жаза білу;
11. Жазудың басталуы және бір жолды дұрыс толтыра білу;
12. Жазудың бағытының дұрыстығы.

Бұл ережелерге оқушылар бірден емес, біртіндеп 2-3 жылда барып қалыптасады. Жазу барысыында оқушы көптеген талаптарды орындауы қажет. Көп жағдайда оқушы жазуды үйрене бастағанда дәптердің дұрыс орналасуы, дұрыс отыру, қаламсапты дұрыс ұстау ситяқты ережелерді ұмытып кетеді: қаламсапты бар күшімен ұстайды, жазуы түзу болу үшін өзіне қарай тік сызуға тырысады, бірақ көлбеу жазу керек екендігін ұмытып кетеді. Мұндай қателіктерден қашу мүмкін емес. Қатені түзеу яғни, әр оқушыға ескерту ұзақ уақытқа созылады. Тек берілген жаттығуларды орындау оқушыға жеңіл болға кезде ғана түзетеді. Оқушылардан орфаграфиялық жазуды талап ете бастағанда оқушылар тақтадан немесе мұғалім айтуы бойынша жазады да, жазудың графикалық сауаттылығын бақылау баяулайды. Тіпті мұғалім айтқан дыбыс таңбаларының формасын ұмытып кетеді.

Жазу сабағында ми ғана емес, сондай-ақ көптеген бұлшықеттер де жұмыла жұмыс істейді. Сондықтан оған мынадай бірқатар гигиеналық талаптар қойылады: партада дұрыс отыру (бұл бұлшық еттердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді), жарықтың түсуі, қағаздың сапалы болуы, қарама-қарсы түсті сияны пайдалану, жазу құралдарының баланың жасына сәйкестігі, жетілдірілген жазу техникасы ( әріптердің көлбеу немесе түзу кескіні) қажет.
Жазу жұмысы, әсіресе үздіксіз жазу жұмысы (диктант) барынша қажытатын жұмыс деп есептелінеді. Қолдың басын бүгілдіретін және жазылдыратын бұлшық еттердің жұмысы білек, желке және бастың ауырлығын көтеріп, дұрыс отыруы қамтамасыз ететін арқа бұлшық еттерінің жұмысымен ұштасады. Демек, басқа да сабақтағыдай, жазба сабағы үстінде дұрыс отыруы талап етіледі, ұзақ уақыт жазу үстінде бұлшық еттердің қажуы салдарынан оқушының отыруы бұзылады. Мұнда организм рефлекторлы жолмен қосымша тірек нүктесін іздеп, кеуде қуысын партаның жиегіне тірейді, бұл тыныс алу мен қан айналымын бұзады.

Жазу жұмыс кезінде көзге көп күш түседі, өйткені әріптерді дәптер парағындағы сызықтардың арасына дәлме - дәл келтіріп жазу талап етіледі: зейінді жұмылдыру қажеттігі және қол басы бұлшық еттерінің дәл жұмыс істеуі жұмыс істеп тұрған орталықтарды ғана емес, сонымен бірге тұтас алғанда бүкіл организмді қажытады. Жазу жұмысы тез қажытпауы үшін қалам мен оның ұшын тисінше тандай білу қажет. Сонымен қатар, қолдың, қол басы мен саусақтардың дұрыс қалпын сақтау дағдыларын қалыптастыруы керек. Парта оқушының бойы сай келмейінше, оның бетінің керекті көлбеулігі (12-150) сақталмайынша жазу ережесін сақтау мүмкін емес.
Қиғаш жазу кезінде дәптер денеге қарама-қарсы, оның парта қақпағының жиегіне көлбеулік бұрышы 30-400 болып орналасуы тиіс. Сонда қиғаш сызықтар мен штрихтар стол жиегімен тік бұрыш түзеді. Оқушы әріп сызықтарын бір- біріне параллель түсіреді немес қағаздың қиғаш сызықтарының үстіне жүргізеді. Оқушы денесінің екі иық буынын байланыс- тыратын көлденең осі және көздің негізгі сызығы өзара, сондай-ақ партаның оқушы жақ жиегіне параллель болуы тиіс. Бұл талапты сақтамау дұрыс отыру қалпын, келе-келе мүсінді бұзып, омыртқа жотасынның бір жағына қарай қисаюы - сколиозға және алыстан көрмеушілікке әкеліп соғады.

Көркем жазуға үйретудің негізгі әдістері:
1. Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта-қайта жазып көрсетуі тиіс.
2. Ауада жазу. Ұстаз әріпті ауада жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл әдіс оқу процесін жандандырады.
3. Көшірмесін түсіру әдісі. Жазылған әріптің үстінен басу.
4. Дайын үлгіден көшіру әдісі. Бұл еліктеу. Оқушы өз жазғанын ұстаздың жазғанымен салыстырады.
5. Әріпке анализ жасау әдісі. Мысалы: а әріпі бір дөңгелектен және бір ілмешектен тұрады.

Балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығуларды пайдаланған дұрыс:
Ғажайып алаң. Тақтаға әріп жасырылады. Мұғалім жасырылған әріптің әрбір элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы: Түйе өркешін қарайық, ұқсайды оған қай әріп? Жаңа әріпті өту үшін 2 сағат беріледі. Бұл жаттығуды 2-ші сағатында өткен өте тиімді.
Әріпті тап. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді. Барлық әріпті өткеннен кейін, сабағымыздың басында көркем жазу болады. Сол кезде пайдаланған тиімді. Бұл жаттығудың мақсаты білген білімдерін әрі қарай төселдіру дағдыларын қалыптастыру.
Орнын белгіле. Тақтаға немесе дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді. Бұл жатттығуды қазақ тілі сабағында пайдаланған дұрыс. Мұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады.

Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды.
Атақты физик М. Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп: «Білім - бүкіл оқығандарың ұмытылып қалғанда, бойыңда сақталатыны», -дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол - әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет - міне, нағыз білім - осылар! «Дағды, - деп көрсетеді психолог С. Л. Рубинштейн, - саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады».

Оқушы оқуға, жазуға үйрену барысында меңгеруге тиісті ең басты процестер: сөзді буынға, буынды дыбысқа ажырату және керісінше, дыбыстардан буын, буыннан сөз құрастыру. Егер мұғалім талдау-жинақтауға жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала әр әріпті, дыбысты жеке жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сондықтан оларды дұрыс байланыстырып оқи да алмайды, жаза да алмайды. Әрбір айтылғанды немесе жазылғанды бір-бірімен салыстырып, талдап-жинақтатып, қайталаттырып үйретсе ғана баланың ойлау процесін дамытуға септігі тиеді. 2) Сауат аша бастаған бала оқу-жазуға үйрену барысында көптеген қиындықтарға кездеседі (бір әріпті немесе бір сөзді жазу үшін жүйке жүйесінен бірнеше толқын (импульс) жасалады) . Осы кездегі кедергілер мен қиындықтардан баланың нәзік табиғатына нұқсан келтірмей, күш-жігерін мұқалтпай алып шығу мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл жұмысты талапқа сай ұйымдастырып жүргізу үшін, мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының, тілінің дамуы, жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы жөнінде мұғалім толық сауатты болуы керек, сонда ғана әдістемелік жағынан қажетті жұмыстарды шеберлікпен ұштастырып, іске асыра алады.

Ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады? Олардың негізгілерін атап өтелік:
1) ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни қандай да болмасын дағдыны қалыптастырудың өзі балаларға бағыт беру, түсіндіруден басталады. Оқушы осы бағытпен өздігінен орындауға кіріседі;
2) әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы көргенін орындайды, бірақ бұл әлі сыртқы, материалдық формада (мысалы, оқушының таяқша салуға кірісуі: басын қисайтып, иығын бүкірейтіп, бүкіл кеудесін бір жағына қисайтып, шынтағын көтеріп, саусақтарының барлығын бүгіп, бар күшін жұмсауы) ;
3) әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі (балалар дауыстап сөйлеп отырады) . Бұл кезеңде күрделі әрекеттер бөліп-бөліп орындалады (мысалы, сауат ашу барысында бір әріпті жазуға үйрету үшін бірнеше элементтерді бөліп-бөліп жазып жаттығады) ;
4) әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлікке саналы түрде үйренеді, әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі. Бұл сатыда бірқатар артық қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады;
5) дағды мен шеберліктің толық, қалыптасып бітуі.

Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:
а) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, бірдей жазу;
б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете (45) жазу;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz