ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АРАБ - МҰСЫЛМАН ФИЛОСОФИЯСЫ


Slide 1

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АРАБ-МҰСЫЛМАН ФИЛОСОФИЯСЫ.

Slide 2

Дәріс жоспары:

Slide 3

Араб мемлекетінің қалыптасуында исламның маңызды рөлі.

Үлкен полиэтникалық және теократиялық Халифаттың құрылуы.

Мұсылмандық философия теология мен ғылым арасында дамыды.

Slide 4

Араб философиясының кезеңдері:

ҮІІ-ІХ ғ. ғ. - араб философиясының қалыптасу кезеңі;

ІХ-Хғ. ғ. - мұсылман Ренессансы кезеңі;

ХІ-ХҮ ғ. ғ -шығыстық перипатетизм, арабтың грек философиясын толық игеріп, өзіндік даму кезеңі.

Slide 5

Араб философиясындағы негізгі бағыттар:

1) Тазалық ағайындары»

2) Шығыстық перипатетизм

3) Қалам

4) Суфизм

Slide 6

1- ші бағыт- Х ғ. пайда болған құпия ғылыми қоғам Баср қаласында. Ілімінің негізі - синкретизм, яғни барлық діндер мен философиялық жүйелерді біріктіру болды. Діни мүдделерге қарағанда, ғылыми, философиялық ілім басым келді.

2 - ші бағыт - IX-XI ғғ. Мұсылман немесе Ислам Ренессансы кезеңімен тұстас келеді. Өкілдері: Әл-Кинди (арабтардың философы), Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд.

Slide 7

3-ші бағыт: қалам - мұсылмандық теологиялық философия, яғни мұсылмандық схоластика.

4-ші бағыт: суфизм - жекелік мистикалық-діни аскеттік адамды жан-жақты жетілдіру ілімі. Көрнекті өкілдері: Әл-Ғазали, Ибн Әл-Араби және тб.

Slide 8

Тазалық ағайындылары -Х ғ. Ғасырда пайда болған құпия ғылыми қоғам. Олардың ілімінің негізгі синкретизм болды, яғни Аристотель ілімнің, медицинада Галеннің ілімі, діни мәселелерде неоплатонизм, неопифагоризмнің синтезі қалыптасты. Тазалық ағайындары қозқарастарында діни мүдделерге қарағанда ғылыми, философиялық ілім басым болды.

Slide 9

Қалам- мұсылмандық теологиялық философия, яғни мұсылмандық схоластика. Бұл философияның құрамында мұтакәлімдер, мұтазилеттер, ашариттер, исмаилшылдар, хариджидтер, кадариттер, жәбіриттер, мүрүтжиттер және т. б. болды.

Slide 10

Мұтқәлім немесе мұтақаламдар - мұсылмандық фатализм мен креационизм философтары, құранды жақсы игергедер. Олар жазып отырған адамға Алла тағала төрт жағдайды бірден жасайды дейді.

Қауырсынды ұстауға құштарлық

Оны қозғауға қабілеттілік

Қолдың өзінің қозғалысы

Қауырсынның қозғалысы

Осы акциденциялардың бәрі де Алланың ерігінде болады.

Slide 11

Мұтазилиттер ( Араб., бөлігендер ) VІІІ ғ. Пайда болған, бостандық еркіндігін, адамның әдептілік дамуын көздеген зиялы қауым өкілдері.

Мұтазилиттер ілімінің негізгі қағидалары.

Дүниенің жаратылуы, адам мәселесі, тағдыр және т. б. мәселерді рационалдық тұрғыда түсіндіруге тырысты.

Құдайды антропомрфтық бейнелеуге қарсы болады

Құдай мен Әлемді барабарлықта қарастырады

Адам жігері мен парасатына сенді

Дүниені адам ақылымен тани алады деп санады

Slide 12

Шығыстық перипатизм немесе аристотелизм Араб философтары Аристотель мұрасын терең зерттеп, оған түсініктемелер берген, ІХ - ХІ ғ. ғ шығыстық перипатетизм Мұсылман немесе Ислам Ренессансы кезеңімен тұтас келеді. Бұл дәуірде араб әдебиеті, мәдениетті ғылыми шарықтап дамыды. Арабтар математика, логика, астрономия және т. б. ғалымдардың негізін салды. Әл - Хорезми, Әл - Баттани, Әл* Беруни Закарья - Рази, Омар Хайямның тамаша туындылары дүниеге келді. Шығыс перипатетизмнің көрнекті өкілдері Әл- Кинди (800-879 жж), Әл - Фараби ( 870-950 ), Ибн - Сина ( 980 - 1037 жж), Ибн - Рушд ( 1126 - 1198 ) .

Slide 13

Әбу Жүсіп ибн Ысқақ Әл-Кинди (800-879 ж. ж. ) - алғашқы перипатетик, араб философиясын еуропашыландыруға алғашқы қадам жасады. Арабтарды грек философиясымен, әсіресе Аристотельмен таныстырды.

Slide 14

Шығыс перипатетигі Әл Кинди өзінің түпнегіз (прасубстанция) туралы ілімінде мына категорияларды қарастырды:

ФОРМА

МАТЕРИЯ

ҚОЗҒАЛЫС

КЕҢІСТІК

УАҚЫТ

Slide 15

ӘЛ Кинди дүниені ақылмен тануға болатынын, ақиқи білімге жетудің ғылыми танымдық үш сатысын көрсетті:

Логикалық-математикалық

Жаратылыстану-ғылымилық

Метафизикалы (философиялық)

Slide 16

Негізгі шығармасы «Даналық маржандары».

Әбу Нәсір Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби ат Түрки (870-950 ж. ж. ) . «Екінші ұстаз», әмбебап, энциклопедист ғалым. Перипапетик, Аристотельдің «Жан туралы» кітабын 200 рет оқып, жатқа білген. 74 тілді меңгерген деген мәлімет бар. 100-ден артық трактат жазған.

Slide 17

“Екінші ұстаздың” негізгі философиялық идеялары:

Дүниенің мәңгілік екенін мойындау;

Детерминизмді зерттеу принципі деп қарастыру;

Парасат (ақыл, интеллект) туралы ілім.

Құдай - ең жоғары сатыда, ол барлығының алғашқы бастамасы, көптүрліктің себебі. Әлем мәні бойынша Құдайға ұқсас, формасы бойынша - алуан түрлі.

Slide 18

Парсат деген ілімінде Фараби «жасампаз ақыл» болмыс иерархиясының бір сатысы дейді:

Ең жоғары сатыда- Алла

Ғаламдағы аспан денелері

Жасампаз ақыл және оған сәйкес «аспан астындағы дүние»- төрт элемент

Адам ажын

Форма мен материя

Slide 19

Материя- формалар иерархиясында төменгі сатыда, бірақ белсенділікке ие. Адам - өзінде құдаи және белсенді ақылдыны үйлестіреді, құдайды танып біледі.

Қайырымды адам туралы, оның барлық қасиеттері бақытқа жетуге бағытталған

Slide 20

18 томдық философиялық еңбегі - «Айығу кітабын» жазды. Негізгі медициналық еңбегі “Дәрігер ғылымының каноны”

Әбу Әли Ибн-Сина (Авиценна) (980-1037 ж. ж. ) - энциклопедист ғалым, дәрігер, философ.

Slide 21

Әбу Әли философиясы:

Егер себеп болса, онда салдар бар да болу керек;

Субстанция дегеніміз материя, форма және екеуінің жиынтығы;

Эманация теориясы - алла дүниені тікелей емс, бірнеше саты арқылы “ақылмен” жаратты;

Философияны діннен бөліп қарастыруға тырысты;

Құдай да, дүние де мәңгі.

Slide 22

Әбу Әли философиясы:

Философияның адам санасының жетістіктерін жалпылайтын дербес ғылым ретінде ұғынды

Қоршаған дүние құбылыстары табиғи заңдылықтарға бағынады

«Алғашқы түрткі» идеясын қабылдамай, қозғалысты материяның ажырамас қасиеті деп таныды

Жан ерекше қасиетке- идеалдыққа ие және мәңгі

Slide 23

Әбіл Уалид Мұхаммед ибн Ахмет ибн Мұхаммед ибн-Рушд (Аверроэс) (1126-1198 жж. ) - араб перипатетизмінің шыңы.

Атақты кітабы “Терістеуді терістеу”.

Қағидалары - “ақиқаттың екі ұдайлығы” туралы ілім - философия мен дін ақиқаты бір-біріне қарсы емес;

- дін адамға қалай іс-әрекет ету керектігін көрсетсе, философия абсолюттік ақиқатты таниды;

- қатаң детерминизм идеясы;

- жаратылу идеясын терістеді;

- Құдай бар, бірақ Ол материалдық дүниемен “бірге”.

Slide 24


Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Ислам философиясының кезеңдері
Ислам философиясының маңыздылығы жайлы
Мұсылман дінінің философиясы және теологиясы
Араб философиясының кезеңдері
ИБН РУШД МУХАММЕД АХМЕД ЯССАУИ
Орта ғасыр батыс философиясы
Батыс пен Шығыстың ортағасырлық ғылымы
Орта ғасыр философиясы
Ортағасырлық философияда
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz