Проблемалық сұрақ


Slide 1

Проблемалық оқыту технологиясы

Slide 2

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - болашақ мамандарды шығармашылыққа дайындау. Шығармашылық дегеніміз - жаңа білімді меңгеру, жаңа проблеманы шешуге іздену. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: оқыту мәселелерін жаңа әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған проблемалық оқытудың мәні: оқытушы жаңа білімді дайын түрде баяндамай, білім алушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Slide 3

Проблема деген не?

Проблема дегеніміз - бұрыннан белгілі және белгісіз фактілерді анықтауда, нақтылауда, айқындауда қойылатын теориялық және практикалық сұрақтар. Проблемалық сабақтардарда қарастырылатын тақырып бойынша бір-біріне қарама-қарсы пікірлер мен көзқарастар немесе қалыптасқан түсінікке қайшы теориялар келтіріледі. Бұл жердегі басты мәселе - білім алушыны келтірілген пікірлерді таңдау мен дәлел келтіру арқылы өзіндік ойын жеткізе білуге дағдыландыру, сөйтіп білім алушылардың өзіндік пікір қалыптастыруларына мүмкіндік беру.

Slide 4

Проблемалық оқыту - ойлау операциялары (талдау, жинақтау. қорытындылау және тағы басқа) мен білім алушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқыту жүйесі. Сондықтан проблемалық сабақ білім алушылардың ойлауын дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Slide 5

Проблемалық оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский де өз үлестерін қосты. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, “жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді”.

Slide 6

Проблемалық оқытудың мақсаты

Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процесін де меңгеру, яғни, білім алушылардың таным дербестігін қалыптастырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Slide 7

Проблемалық оқытудың басты белгілері:

1. Білімді проблема негізінде баяндау

1. Оқытушы сабақты жай хабарлап, не баяндап түсіндірмейді, проблеманы қоя отырып түсіндіреді. Білім алушылардың таным белсенділігін арттыру, біріге отырып оны шешу жолдары мақсат етіледі.

2. Білім алушыларды іздену, зерттеу іс-әрекетіне кіргізу

2. Оқытушы білім алушылар алдына проблема қояды, ол проблемаға білім алушылардың назарын аударады, сабақ барысында сұрақ-жауап, басқа да өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге түрткі жасайды.

3. Оқытудың зерттеу әдісі

3. Білім алушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды шығару тәсілдерін, амалдарын іздестіреді. Өз беттерімен, өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді

Slide 8

Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін білім алушыларға ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесі дайын болуы қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны білім алушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ білім алушыны ойландыратындай болуы тиіс. Білім алушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою - проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

Slide 9

Келесі кезеңде білім алушы іштей өз білімін талдап, таңдап, белсенділікпен ізденеді. Сөйтіп, білім алушы өзінің ойын дәлелді түрде жеткізуге талпынады. Мұндай проблемалық әдіс білім алушыларды проблемалық сұрақтарға жауап іздеуге ынталандырады, зерттеу жұмысына баулиды. Сондықтан да проблемалық әдіс диалогқа және зерттеу процесіне ұқсас болады.

Slide 10

проблемалық оқыту

зейіннің дамуына мүмкіндік жасайды

шығармашылық белсенділігі артады;

танымдық іскерлікті дамытады

байқампаздықты дамытады

өзіне баға беру әрекеті дамиды

білім алушыны өз бетінше ойлауға мәжбүр етеді

ізденушілік қабілеті дамиды;

білімді игеру қарқынын тездетеді

сөздік қоры толықтырылады

Slide 11

Дәстүрлі оқытудағы

Проблемалық оқытудағы

1. Проблема қойылмайды

1. Алдағы проблема қойылады

2. Оқытушы тарапынан тапсырмалар -берілетін жауабы дайын, қарапайым тапсырмалар. Нақты жауап оқулықта, қосымша материалдарда бар

2. Дайын жауабы жоқ, проблема шешуді талап ететін, зерттеушілікті, шығармашылықты қажет ететін тапсырмалар

3. Білім алушы - нысан. Ол -орындаушы. Оқытушы жетекшілігі, басшылығы үстем болады

3. Білім алушы - субъект. Ол-дербес ізденуші. Ешнәрсені қайталамайды, дайын дүниені көшірмейді, өзінің ізденісі, зерттеуі арқылы проблеманы шешуге талаптанады. Оқытушы-ақылшы, кеңесші, бағыт беруші

4. Аудиториядағы барлық білім алушыларға арналған тапсырмалар

4. Білім алушыларды жан-жақты дамытуға, жеке тұлғаға, оның қабілетін арттыруға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар

Slide 12

«Материалды проблемалы баяндау кезінде проблемалы ситуациялар ойдан шығарылмай, талданатын мәселедегі проблемалы қайшылықтардан шығуы қажет. Оқытушының міндеті - сол қайшылықтарды білім алушылардың көре, түсіне білуіне, белгілі бір тиімді шешімге келуіне жәрдемдесу». Ғ. Қалиев. «Проблемалы лекциялар»атты мақаласы.

Slide 13

Спандияр Көбеев “Қалың мал” романы

Slide 14

Мақсаты: ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрі, жастар мен қазақ әйелінің хал-ахуалымен таныстыру

Slide 15

Міндеттері:

Білімділік: әдебиет теориясымен таныстыру;

Дамытушылық: көркем сөздерге назар аударту;

Тәрбиелік: кейіпкерлерді үлгі ету

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың түрлері
Проблемалық оқыту және сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Лекцияның құрылымы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Тік бұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы сәйкесінше
Абайдың қара сөздері туралы
Панорамалық сабақ. Сабақтың тақырыбы
Оқу әдістері жәні құралжабдықтары
Химиялық реакцияның типтері
Шешім қабылдай білу қабілеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz