ЖАНУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУҒА ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫ




Презентация қосу
Қ аза қстан республикасы білім ж әне ғылым министрлігі
семей қаласыны ң ш әк әрім атында ғы мемлекеттік университеті

БӨЖ № 1

ТАҚЫРЫБЫ : Жануарларды тасымалдауға дайындау
және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік бақылау
жүргізу

Орындаған: Қабышева Т.Ә
Топ: ВС-203
Тексерген: Сүлейменов Ш.Қ
ЖОСПАР

Кіріспе
І Қой мен ешкіні автокөлік арқылы тасымалдауға дайындау
ІІ Сиырды теміржол арқылы тасымалдауға дайындау
ІІІ Жылқыны кеме жолы арқылы тасымалдауға дайындау
ІV Жануарларды тасымалдау кезінде мемлекеттік бақылау жүргізу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Жануарларды көлікпен тіпті ұшақпен де тасымалдауға бола ма ?! Деген
сұрақ менде туындаған болатын. Зерттей келе жануарларды бір жерден
келесі бір жерге жеткізудің бірден бір жолы бұл тасымалдау, қандай да бір
транспорт арқылы тиісті жерге тасымалдау не болмаса жеткізу. Тіпті қазіргі
таңда асыл тұқымды жануарларды шетелден елімізге әкелуде. Осыған орай
сәйкесінше жануарларды тасымалдаудың да өзіндік бір талаптары болады.
Яғни жануарларды тасымалдау барысы ветеринариялық-санитариялық
сонымен қатар гигиеналық белгіленген талаптарға нормаға сәйкес
жүргізілуі шарт.
Жануарларды тасымалданбас бұрын оларды арнайы дайындықтан
өткіземіз. Тасымалдау барысында жануарлар күйзеліске ұшырауы мүмкін.
Сонымен қатар әртүрлі жарақаттар алуы мүмкін, және де ауру малды
немесе әлсіз малды тасымалдауға болмайды. Сол себепті жануарларды
тасымалданбас бұрын арнайы дайындықтан өткізген дұрыс. 87053842628
ІІ ҚОЙ МЕН ЕШКІНІ АВТОКӨЛІК АРҚЫЛЫ
ТАСЫМАЛДАУҒА ДАЙЫНДАУ
Қой мен ешкіні автокөлік арқылы тасымалдау үшін әуелі автокөлікті дайындап
алу керек. Бірақ бұл тасымалдау дайындығының екінші сатысы. Ал біріншісі ол
әрине малды яғни қой мен ешкіні алдын ала жолға дайындау керек. Себебі
қандай мал болмасын көбінесе мұндай жағдайда стресске яғни күйзеліске одан
кейін бірін-бірі басып түрлі жарақаттар алуына сепігін тигізеді.
Қой мен ешкіні автокөлікпен тасымалдауда жүргізілетін іс-шаралар
1) 2) 3) 4) 5)
Тасымалдайтын Тасымалдайтын Қой мен ешкіні 6 Автокөлікт Көліктерге
арнайы көлік көліктің еденінде сағаттан көп ің тиеген
табу керек жоқ үшкір заттар болса онда жылдамдығ кезде мал
болса болмауын еденде бекітілген ы жол басы
қолданыстағы тесік болмауын ережелер түріне көрсетілген
көлік жарайды тексеріп бойынша сумен , қарай: деңгейден
тек оны арнайы қадағалау керек. азықпен - Асфальт асып
жабдықтармен қамтылуы керек та 60 кетпеуі
жабдықтау сол себепті су км/сағ, керек.
керек. Көлік және азық алдын - Тасжолд Сонымен
бортының ала а 40 қоса
биіктігі 150 см- дайындалынып км/сағ, керісінше
ден кем емес қойылуы керек. - Дала аз мал тиеу
болу керек. Ал 12 сағаттан (қара) экономикал
көп болса көлікті жолда 25 ық
тоқтатып, малды км/сағ. тұрғыдан
демалдыру қажет. тиімсіз
болады.
І ЖАНУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУҒА
ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫ
Ет кәсіпорындарына малдарды тасымалдау үшін, оларды шаруашылықта
алдын-ала арнайы дайындықтан өткізеді. Әр топты тасымалдау көлігіне
тиелеуге тиісті мал басының санына қарай топтайды және оларды кемінде 10-14
күн бойы бөлек күтеді. Азықтандырылуы көлікте берілетін рационға сәйкес
болуы керек. Малдарды тасымалдау әр мал тобына арналған тиісті ресми
құжаттар дайын болғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Ветеринариялық куәлікті
белгіленген тәртіп пен нұсқа бойынша жергілікті малдәрігерлік орын береді.
Ауданның бас мал дәрігері бұл құжатты беруге құқы бар адамдарды анықтайды.
Ветеринариялық куәлік берілген күннен бастап 3 тәулік бойы жөнелту орнынан
құжатта көрсетілген ет өңдеу кәсіпорындарына дейіңгі аралықта ғана күшін
сақтайды. Өнім – көлік жолдамасы 3 дана жасалады. Құжатты бірі
шаруашылықта, ал қалған екеуі жолбасшыға беріледі. Оның біреуі жабық
конвертке салынып сыртынан мөр соғылады да, ет өңдейтін кәсіпорнына
тапсырылады.
Сиырды темір жол арқылы талмалдауға дайындау

Сиырды темір жол арқылы тасымалдағанда әуелі сиырды
жолға дайындап алу керек. Ол үшін:
Мал басының санына қарай топтау керек;

Жануарды кемінде 10-14 күн бойы бөлек күту керек;

Жолда болатын күнге жем-шөп дайындау керек;

Тасымалдаудың әр күніне ірі-қараға – 4-5 кг шөп
дайындалынады.
Сиырды, өгізді, бұқаны, бұзауды тасымалдайтын вагондарды алдын ала
дайындау керек. Ол үшін:
Вагондардың техникалық тұрғыдан жөнделгеніне көз жеткізу

Еденге төсеніш ретінде сабан, ағаш ұнтағын себеміз

Вагондарды профилактикалық шарада дезинфекциялаймыз

Вагондарға малды байлау үшін арнайы дөңгелек шығырларды
дайындаймыз

Есікте темір тор, азық қоятын орындар, азық астауларын, қажетті
барлық құрал жабдықтарды дайындаймыз.
Тасымалдау кезінде болатын ақаулықтар немесе туындайтын аурулар:
o Ірі қара малының вагондық ауруы.
Оның этиологиясы: ұзақ жолдың салдарынан, нашар вентиляциядан, жоғары
температурадан, вагондардың малға нық толып кетуінің салдарынан
спецификалық көліктік (вагондық) ауру туындайды.
Аурудың салдарынан организмде болатын өзгерістер:
1) Кілегей қабықтарындағы гиперимия байқалады,
2) тыныс алудың және тамыр соғысының тежелуі байқалады,
3) ауыр жағдайда әлсіздік туылған кездегідей парез белгілері де байқалады,
4) қалыпты дене температурасында әлсіздік туындайды.
Белгіленген жерге жеткізіліп, вагондардан түсірілгеннен кейін 2-3 сағаттан
соң жоғарыда айтылған белгілер тоқталады немесе жойылып кетеді.
o Ірі қара малының көліктік лихарадкасы
Этиологиясыя: ірі қара малын суық мезгілде малды тасымалдағанда
туындайды.
Қоздырушысы: фильтрациялық вирус.
Организмде болатын процесс: мұрынның кілегей қабығының
гиперимиясы және конъюнктивтер байқалады, жөтел және сілекей ағуы
байқалады, дене температурасынің жоғарылуы байқалады.
Аурудың жүру уақыты: 7-10 күн.
ІІІ ЖЫЛҚЫНЫ КЕМЕ ЖОЛЫ АРҚЫЛЫ
ТАСЫМАЛДАУҒА ДАЙЫНДАУ
Жылқыларды алдын ала жолға дайындау керек.
Ал ендігі бұл жерде аса мұқият болу керек.
Әрбір нәрсеге назар аударып кемшіліктерді жою керек. Себебі бұл тасымалдау
жолы құрлықта емес болғандығынан.
Жылқыларды мұндай тасымалдау жолында тасымалдау нормативке сәйкес км жол
болуы керек. Ұзақ жолға мұндай кеме жолмен тасымалдау қауіпті. Оның себептері:
- Азық пен судың таусылуы;
- Ауа райының бұзылып штурмдыққа жолығуы.
Тасымалдау үшін арнайы малдарды тасымалдауға арналған кеме алынады. Оның
іші кең, ешбір ақаусыз болуы шарт.
Күн-бүртін жолға жеткілікті азық пен су, құрал жабдықтарын, кемеде арнайы
жылқыларды орналастыратын борттар болуы керек. Және де тасымалдау кезінде
бірнеше жұмысшылар, басқарушы кісі және мал дәрігері қоса жолға шығуы керек.
ІV ЖАНУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ КЕЗІНДЕ
МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ ШАРТЫ

Ветеринариялық бақылау бекеті – шекара және кеден пункттерінің (Кеден
одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің)
аумағында орналасқан, қажетті жабдықтармен және аспаптармен
жарақталған, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді
ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге
асыратын уәкілетті орган ведомствосының бөлімшесі;
Тасымалдау барысында Ветеринариялық паспорт болуы керек – Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда жануарларды
есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі жынысы, түсі, жасы
көрсетіледі;
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні Қазақстан Республикасының
ішінде орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде иесі инспекторға, тізімдегі
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға өтінініш берген күні
ветеринариялық сертификат беріледі не жазбаша түрде дәлелді бас тартылады.

Иесі ветеринариялық сертификатты алу үшін инспекторға, тізімдегі
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға орны аустырылатын
(тасымалданатын) объектінің орнын ауыстыруды (тасымалдауды) болжамды
бастау күніне дейін мыналарды көрсете отырып, жазбаша өтінішпен (еркін
нысанда) өтінеді:

1) жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, мекен жайы, жануардың
(балықтардан, аралардан, қосмекенділерден, жәндіктерден басқа) және
жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың орнын ауыстыру кезінде –
жануардың жеке нөмірі;
2) заңды тұлғалар үшін – атауы, БСН, мекен жайы, ведомство берген өндіріс
объектісінің есептік нөмірі, жануардың (балықтардан, аралардан,
қосмекенділерден, жәндіктерден басқа) және жануарлардан алынатын өнім мен
шикізаттың орнын ауыстыру кезінде – жануардың жеке нөмірі;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірлігі;
5) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті тасымалдау кезінде пайдалануы
болжанған көлік түрі;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектінің жүріс маршруты;
7) орнын ауыстыру мақсаттары (тірі жануарлар үшін – өсіру және күтіп бағу, сату, етке
сою; өнім мен шикізат үшін – өткізуге, қайта өңдеуге; жемшөп және жемшөп
қоспалары үшін – ол арналған жануарлардың түрі);
8) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (қайта өңдеуді, өткізуді)
жүзеге асыратын өндірістік объектілерді және олардың есептік нөмірін көрсете
отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы межелі пункті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әрбір жануар ұсталынатын мемлекеттік мемекемелерде жануарларды тасымалдау
жағдайы қарастырылған. Қандайда бір тасымалдау шарты белгіленген шартқа сәйкес
яғни мемлекеттік стандартқа, нормаға, тәртіпке сондай-ақ гигиеналық іс шаралардың
қатысуымен іске асырылады.
Сонымен, жануаларды тасымалдау көліктері:
- Автокөлік арқылы;
- Теміржол арқылы;
- Кеме және әуе жолы арқылы тасымалдауға болады .
Әрбір тасымалдың өзінің жақсы жақтары сонымен қатар өмір заңына сәйкес
кемшіліктері де болып жатады. Жануарларды айдағаннан көлік арқылы тасымалдау
анағұрлым тиімді әрі уақыт үнемі болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1) Дүйсембаев С.Т. « Ветеринарлық-санитариялық сараптау » , Алматы 2013 ж.
2) Нұрғалиев Б.Е « Мал және құс өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптау» оқу
құралы, Алматы 2011 ж.
3) « Мал және құс өнімдерін ветеринарлық санитариялық сараптау » оқу әдістемелік
кешені, Семей 2015 ж.
4) Нургазезова А.Н., А.Н.Ребезов т.б « Ет және құс өңдеу өнеркәсібіндегі технохимиялық
бақылау », Семей 2015 ж.
5) Бегенова А.Б. , « Шекара және көліктердегі ветеринариялы-санитариялық бақылау »,
Алматы 2014 ж.
6) Ветеринарлық санитарлық заңнама ІІ том , 2005 ж.
7) Б.Н.Федотов « Ветеринарно-санитарная экспертиза с технологией продуктов
животноводства », Колос Ленинград 1967 ж.
8) «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животноводства», справочник.
9) Макаров В.А. « Ветеринарно-санитарная экспертиза » , Москва 1987 ж.
БӨЖ № 2

Тақырыбы: Инфекциялық ауру анықталған
жағдайда жүргізілетін іс-шаралар
ЖОСПАР
Кіріспе
1. Жануарлардың барлық түрін тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринарлық-
санитариялық талаптар
2. Транспорттық ветеринарлық қадағалау тасымалдауға дейін жануарларды тексеру
3. Тасымалдау кезінде инфекциялық ауруларға күмәнді жануарлар анықталған
жағдайда жүргізілетін іс-шаралар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І ЖАЛПЫ БӨЛІМ
І.1 ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІН
ТАСЫМАЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
«Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі –
Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың (обаның,
тырысқақтың) алдын алу, обаның және тырысқақтың эпидемиялық
ошақтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу
бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-
шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды
белгілейді.
ҚР ветеринария заңы бойынша темір жол, әуе, су, автокөлік
арқылы тасымалдау тек қана инфекциялық аурулардан таза
шаруашылықтан алынған, клиникалық тексерістен өткен
жануарлар ғана, ал табындық және қолданылатын жануарлар,
диагностикалық зерттеулерден өндеуден өткеннен соң
жіберіледі.
Темір жол, су, автокөлік, әуе жолдары арқылы инфекциялық
аурулар кездескен шаруашылықтан әкелінген жануарларды
тек клиникалық тексерістен өткен соң тасымалдауға болады.
ТРАНСПОРТТЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ
ТАСЫМАЛДАУҒА ДЕЙІН ЖАНУАРЛАРДЫ ТЕКСЕРУ

Транспорттық ветеринарлық қадағалау тасымалдауға дейін жануарларды тексеріп
өараудан өткізу, инфекциялық ауруға зерттеулер жүргізіп өткізілуін қадағалау керек:
• Ірі қарада – бруцеллез, туберкуллез, лейкоз, лептоспероз, камплибактериоз,
паратуберкулез ауруына;
• Қойларда – бруцеллез, листериоз, вирустық іш тастау;
• Ешкілерде – бруцеллез, лептоспироз, инфекционалдық эпидидимит, меди-вина;
• Шошқаларда – класикалық шошқа обасы, лептаспироз, бруцеллез, туберкуллез;
• Жылқыларда – манқа, киеңкі, сурру, инфекциондық метрит, инфекциялық анемия,
туберкуллез т.б.
• Бруцеллез – ауруы кездескен шаруашылықтарда ірі қара малды, қой, ешкі,
шошқа, түйе бұғыларды, олардың төлдерін арасына 30 күн салып 2 рет
зерттейді. Бруцеллезге қарсы вакцинацияланған ірі және ұсақ қара
малдардың сау төлдерін тек аудан, облыс, шаруашылық ішінде
тасымалдауға болады, тасымалдау барысында оларды бөлек ұстау керек.
• Ірі қара малды, түйелерді, шошқаларды және құстарды тері ішіне
туберкулин егу арқылы туберкулез ауруының бар-жоғын анықтау қажет. Ірі
қара мал және шошқаларды 2 айлық жасынан , түйелерді 12 айлық жасынан
бастап зерттеуге болады.
• Жануарларды тексерістен өткізгеннен кейін 30 күн өтсе, қайтадан
зерттеулер әдістері өткізіледі.
• Қойлар міндетті түрде креалинді негізінде жасалған қышымаға қарсы
гексахлоран ерітіндісінде немесе басқа препараттарда өңделуі керек.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ.1 ТАСЫМАЛДАУ КЕЗІНДЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ
АУРУЛАРҒА КҮМӘНДІ ЖАНУАРЛАР АНЫҚТАЛҒАН
ЖАҒДАЙДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ІС-ШАРАЛАР

Ауруға және инфекциялық ауруға күдікті жануарларды
тасымалдау кезінде арасынан ауру жануарлар табылған кезде
ветеринариялық инспекторлар міндетті түрде тез арада ауру
жануарларды басқа малдардан бөлектеп, ауру малдар
табылғаны туралы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық
инспекторларына хабар беріп, ветеринария саласында
қолданылатын нормативті құқық актілеріне сәйкес шара
қолданылады.
Инфекциялық аурумен ауырған жануарлар анықталған уақытта және олардың әрі
қарай жүруіне рұқсат етілген болса, барлық жағдайларда қатаң түрде мынадай
шарттарды орындау керек:
Жануарлар тасымалданатын вагондарда, кемелерде, ұшақтарда
дезинфекциялық ерітіндімен сіңірілген төсеніштермен қамтамасыз етілуі
керек.
Жүк жіберуші жеткілікті санмен жануарларға жететін су беретін шелектермен
қамтамасыз етілуі керек. Суаратын орындағы шелек және астаулармен
малдарды суаруға тиым салынады;
Жануарлардың жол серіктері арнаулы киіммен, орамал, сабын және қолды
залалсыздандыратын дезинфекциялық ерітіндімен қамтамасыз етілуі керек.
Жануарларды вагондарға, автокөліктерге, қайықтарға, кемелерге, ұшақтарға
тиеу және түсіру тек ветеринарлық инспекторлардың қадағалуымен
жүргізіледі.
Инфекциялық аурулар туындамас үшін жүрзілетін профилактика:
Дезинсекция – жәндіктерді және басқа да буынаяқтыларды жою керек;
Дератизация – кеміргіштерді жою керек;
Инфекцияны таратушылар – оба қоздырғышының берілуінің трансмиссиялық
тетігін айқындайтын, әсіресе буынаяқтылар, атап айтқанда қансорғыш жәндіктер
мен кенелерді жою керек;
Инфекцияны тасымалдаушылар – табиғатта ауру қоздырғышының қоры болып
табылатын, бірінше кезекте кеміргіштер мен басқа да сүтқоректі жылықанды
жануарлар;
Карантин – карантиндік аурулардың әкелінуінің, сыртқа шығарылуының және өзге
де таралуларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын әкімшілік және
медициналық-санитариялық шектеу іс-шараларының кешеніне жеткізу керек
инфекциялық ауруға шалдыққан малды;
Карантиндік аурулар – жоғары жұқпалылық дәрежесімен және жоғары өлім-
жітімдікпен сипатталатын инфекциялық аурулардың алдын алу керек.;
ҚОРЫТЫНДЫ
Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу
кезінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау
құралдары (дезинфектанттар, инсектицидтер, родентицидтер) пайдаланамыз.
Жануарларды обаға қарсы вакцинациялауды жүргізу вакцинацияланған
жануарлардың санын, вакцинаны өндіруші кәсіпорынның толық атауы, сериясы
мен бақылау нөмірлері, дайындалған уақыты және жұмсалған вакцинаның
санын көрсете отырып, актімен ресімделеді. Актіге мал иесі қол қойған
вакцинацияланған жануарлардың тізімі қоса беріледі.
Міне осындай инфекциялық аурулар пайда болмас үшін әр шаруашылық алдын
ала профилактикалық іс шаралар жүргізілуі керек. Сонымен қоса енгізілуі тиіс
вакциналар дәл уақытында енгізілуі тиіс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1) Дүйсембаев С.Т. « Ветеринарлық-санитариялық сараптау » , Алматы 2013 ж.
2) Нұрғалиев Б.Е « Мал және құс өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптау» оқу
құралы, Алматы 2011 ж.
3) « Мал және құс өнімдерін ветеринарлық санитариялық сараптау » оқу әдістемелік
кешені, Семей 2015 ж.
4) Нургазезова А.Н., А.Н.Ребезов т.б « Ет және құс өңдеу өнеркәсібіндегі
технохимиялық бақылау », Семей 2015 ж.
5) Бегенова А.Б. , « Шекара және көліктердегі ветеринариялы-санитариялық бақылау
», Алматы 2014 ж.
6) Ветеринарлық санитарлық заңнама ІІ том , 2005 ж.
7) Б.Н.Федотов « Ветеринарно-санитарная экспертиза с технологией продуктов
животноводства », Колос Ленинград 1967 ж.
8) «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животноводства», справочник.
9) Макаров В.А. « Ветеринарно-санитарная экспертиза » , Москва 1987 ж.
10) Интернет желісі : http://adilet.zan.kz/

Ұқсас жұмыстар
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік бақылау жүргізу
Жануарларды тасымалдауға дайындау
Жабайы жануарларды әуе көлігімен тасымалдау
Малды тасымалдауға арналған көлік түрлері
Құстарды автокөлікпен тасымалдау
ТАСЫМАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ: АВТОКӨЛІКПЕН, ТЕМІРЖОЛ, СУ ҚАТЫНАСЫ АРҚЫЛЫ, АЙДАП ЖЕТКІЗУ
Жануарларды тасымалдау ерекшеліктері
МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ
Темір жол, автокөлік, әуе көліктерін және құрал жабдықтарды, тараларды ветеринариялық-санитариялық өндеу
Зертханалық жануарларды пайдалану тәсілдері және виваримен танысу
Пәндер