Медициналық қарау


Slide 1

АҚ «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» Кафедра «Жалпы тәжірибелік дәрігер - 2»

Тақырып: Профилактика бөлімінде жұмыс істеу

скринингтік бағдарламалардың өткізу және ұйымдастыру.

Орындаған: Шайловбек Ф. А.

Тобы: ІЖТДҚ-06-23 Қабылдаған: Мустафаева Н. Н.

Slide 2

Скрининг дегеніміз не?

Скрининг (ағыл. screening - «жинақтау, іріктеу») - клиникалық белгілерсіз ауруларды жеке тұлғаларда анықтауға бағытталған денсаулық сақтау ұйымының стратегиясы. Скрининг (Screening) сөзі «іріктеу, таңдау, анықтау» деген мағынаны білдіретін пікір кең тараған. . Мамандық және ғылыми менеджментте, мүмкін, солай да шығар.

Бірақ бұл сөздің басқа да аудармалары бар, яғни: «қорғаныс», «қандайда бір қолайсыз жағдайдан шектеу». «Скринингтік зерттеу » ұғымының түпнегізінде осы түсінік жатыр.

Slide 3

Скрининг принциптері - негізгі қағидалар (БДҰ) :

Ауру маңызды медициналық мәселе ретінде танылуы керек;

Аурудың емі болуы тиіс;

Ауруды емдеу және диагностикалау мүмкіндігі қол жетімді болуы тиіс;

Аурудың жасырын кезеңі болуы керек.

Ауруды зерттеу әдістері болуы керек.

Зерттеу әдістері халық арасында қолдануға жарамды болуы қажет;

Аурудың шынайы ағымын адекватты түсіну қажет;

Емдеу қажеттілігі кезінде келісілген саясат болуы керек;

Ауруды анықтау барысында жұмсалған шығындар жалпы шығынмен теңдестірілген болуы керек;

Скрининг« бір-ақ рет» емес, үздіксіз жүргізілуі қажет.

Notes: Жүргізілетін кейбір скринингтік тесттер тиімсіз болса да, жалпы скринингтік қараулар тұрғындардың денсаулық деңгейін жоғарылатуға әсерін тигізеді.

Slide 4

Скринингтік әдістердің мысалдары

Қант диабеті және ЖҚА ауруларын анықтау үшін қандағы глюкоза мен жалпы холестеринді анықтау мақсатында экспресс-диагностика өткізу.

Туберкулез ауруын анықтауда терілік туберкулинді сынама кең таралған (Манту реакциясы ) .

Депрессияны диагностикалау үшін Бека депрессиялық шкаласы скринигтік тест ретінде қолданылады.

Папаниколау тесті - жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын -алу және ісік алды жағдайларды анықтауда қолданылады.

Маммография - сүт безі қатерлі ісігін анықтауда қолданылады.

Колоноскопия - колоректальды қатерлі ісікті терістеу үшін қолданылады

Дерматологиялық қарау меланоманы терістеу үшін қолданылады.

Қолданылатын әдістер қарапайым, сенімді және қайталап қолдана алатындай болуы тиіс!

Notes: Өткізілетін скринингтер ерте диагностикалауға мүмкіндік бергенмен, барлық скринингтік әдістер бірыңғай пайдалы емес.

Гипердиагностика мүмкіндіктері немесе қате диагностикалау, аурудың жоқ екендігі туралы жалған сезімнің болуы скринингтің теріс жақтары болып табылады. Сондықтан скринингтік зерттеулер толық сезімталдыққа және арнайы ұйғарынды деңгейге ие болуы тиіс.

Slide 5

Жоспар

Скринингтік бағдарламаларды ұйымдастыру.

Скринингтік бағдарламаларды өткізу ережелері.

Скринингтік бағдарламалардың мониторингі.

Slide 6

ҚР Кодексі « Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 155 бап . Медициналық қараулар

1. Медициналық қарауларды жүргізу денсаулықты нығайтуға және құрылымға, дер кезінде медициналық тексерумен қамтамасыз ету, аурудың таралуын ескерту және анықтау, соның ішінде кәсіптік уланулар, оқыс оқиғалар, сонымен қатар қандай да бір шаруашылық және өндірістік маңызға ие ұйым қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.

2. Медициналық қараулар міндетті және профилктикалық болуы мүмкін.

3. Міндетті медициналық қарау алдын-ала (предварительное) және кезеңдік болып бөлінеді. Алдын-ала міндетті медициналық қарау жұмысқа орналасқанда немесе оқуға түскенде мамандығы немесе оқуына жарамдылығын анақтау мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар жалпы, маманданған және инфекциялық, паразитарлық аурулардың таралуын ескертеді. .

Notes: 2009 жылы 18 қыркүйекте бекітілген Қазақстан Республикасы Кодексінің 155 бабына сай «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы».

Slide 7

155 бап . Медициналық қарау

Кезеңдік міндетті медициналық қарау қызметкерлердің денсаулығын динамикалық қарауды қамтамасыз ету мақсатында жүрізіледі, аурудың бастапқы белгілерін өз уақытында анықтау, жалпы, маманданған, жұқпалы және паразитарлық аурулардың таралмауын ескертеді .

4. Зиянды өндірістік факторлары бар мамандықта міндетті медициналық қарау өткізіледі және де оның өткізілу тәртібі мен кезеңдігі Қазақстан Республикасының үкіметімен басқарылады.

5. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес денсаулық сақтауда жұмыс беруші өзінің есебінен қызметкерлерінің кезеңді түрде медициналық қараудан өтуін қамтамасыз етеді.

Notes: 05. 07. 11 ж. № 452-IУ ҚР Заңына сәйкес 4-ші тармағына өзгертулер енгізілді (бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін үш айдан соң қолданысқа енді), (ескі редакцияны қараңыз) .

Slide 8

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жоспарланғандар:

7. Туберкулез скринингі - халықтың декретивті топтары ( студенттер, әскери қызметкер, босанған әйелдер, қатынастағылар, істі болғандар және сотталғандар) ;

8. АИТ -инфекциясын анықтау (халықтың декретивті топтары) ;

9. Генетикалық аурулар және ұрық дамуындағы туа біткен ақауларды анықтаудағы перинатальды скрининг ( жүктіліктің 10-аптасынан бастап барлық жүкті әйелдер) ;

10. Неонатальды скрининг фенилкетонурия, туа біткен гипотиреоз және кереңдікті анықтауда қолданылады (жаңа туған нәрестелер) ;

11. Балаларды профилактикалық қарау ( 1 жасқа дейін, 1-14 жасқа дейін, 15-18 жас аралығында) ;

12. Глаукоманы алдын-ала анықтау (40жастан асқандар ) .

Notes: Профилактикалық медициналық қараулар құрамына дәрігерге дейінгі кабинетте қаралу, лабораторлы-инструменталды диагностикадан өту және арнайы мамандармен қаралу кіреді. Созылмалы жұқпалы емес патологияларды құрайтын жоғары қауіптілік тобындағылардың қауіп факторын анықтау және ары қарай оларды сауықтандырумен айналысу, осы мәселеде маңызды болып табылады.

Slide 9

Скринингтік бағдарлама мақсаты:

Тұрғындар арасындағы мақсатты топтарда профилактикалық медициналық қарауларды өткізудің негізгі мақсаты - ауруды ерте сатысында анықтау, ауруды тудыратын қауіп-қатер факторын анықтау, халықтың денсаулығын нығайту.

Slide 10

Динамикалық бақылау мен сауықтандыру барысында скринингтік қараулар келесі шараларды көздейді:

1) қала халқы үшін - қалалық емханалар, дәрігерлік амбулаториялар, ведомстволық медико-санитарлық бөлімдер, жеке меншік түріне байланыссыз емханалар;

2) ауыл халқы үшін - медициналық пункт, фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулатория, сонымен қатар мобильді бригада (арнайы автотранспорт және темір жол қатынасындағы қозғалмалы медициналық кешен(поезд) .

Slide 11

Біріншілік медико-санитарлық көмек көрсетуші, денсаулық сақтау ұйымы (БМСК) :

1) қызмет көрсететін аймаққа бекітіліген халықтың есебін, скриниигтік қарауға жататын мақсатты топтағы тұлғаны қалыптастырады;

2) осы қарауды өткізуге қызығушылық танытатын ұйымдармен байланыс пен қабылдаушылықты іске асырады;

3) халықты скринигтік қарауды өтудің қажеттілігімен хабардар етеді;

4) қараудың нәтижелерін науқастың медициналық амбулаторлық картасына немесе баланың даму тарихына толтырады;

5) тіркелген халықтың денсаулығын нығайту негізінде ай сайынғы скринигтік қараудан талдау жасайды;

6) скринингтік қараудың электронды базасын жасайды және оны аймақтық медициналық ақпараттық-талдау орталығына жолдайды:

Slide 12

Аймақтық медициналық ақпараттық-талдау орталығы тоқсан сайын скринингтік қарау туралы қорытынды ақпаратты республикалық медициналық ақпараттық-талдау орталығына жібереді, скринингтік қарауды өткізудің шығу формаларының қорытындысын -салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтестігіне (аудандық, салауатты өмір салтын қалыптастырушы облыстық орталықтар), бейінді қызмет және басқару органдары.

Салауатты өмір салтын қалыптастырушы қызмет- өткізілген скринигтік қараудың нәтижесі бойынша бейінді және штаттан тыс мамандармен мониторинг жүргізіліп және талданып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құқығына сай басқару және мемелекеттік Республикалық мекемеге, соның ішінде «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мәселелері жөніндегі ұлттық орталыққа» (ары қарай - СӨСҚМЖҰО) жібереді.

Slide 13

I топ - дені сау балалар;

II топ - дені сау балалар, бірақ функциональды және морфологиялық өзгерістері бар, сондай-ақ жедел және созылмалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмен, қауіп- қатер тобындағы балалар қатары;

III топ - Созылмалы аурулары бар, функциональды мүмкіндігі сақталған компенсация сатысындағы балалар;

IV топ - Созылмалы аурулары бар, функциональды мүмкіндігі төмендеген субкомпенсация сатысындағы балалар;

V топ - Созылмалы аурулары бар, функциональды мүмкіндігі төмен, декомпенсация сатысындағы балалар.

Slide 14

II, III, IV, V « денсаулық тобына» жататын балалар БМСКК мамандарының сауықтандыруы мен динамикалық бақылауына жатады.

Мақсатты топтағы балаларды скринингтік қарау нәтижесі - профилактикалық медициналық қарау статистикалық картасына толтырылады (форма 025-07/е) .

Скринингтік қарау нәтижесі бойынша әрбір балаға медициналық қызметкер денсаулық тобы көрсетілген қорытындымен физикалық және нервтік психикалық дамуын, көру және есту өткірлігін көрсете отырып, дене шынықтыру туралы ұсыныстарымен эпикриз толтырады (негізгі және арнайы топтар) .

Балаларды скринингтік қарау нәтижесі міндетті түрде ата-анасына жеткізіледі.

Slide 15

1 денсаулық тобы қатер факторы жоқ - қарау кезінде ешқандай шағымы, анамнезінде созылмалы аурулары, жеке ағзалардың қызметінің бұзылуы анықталмаса, ол-IА диспансерлік тобы (ары қарай - Д-IА) ;

2 денсаулық тобы қатер факторлары бар - бақылауға және профилактикалық қарауға мұқтаж «шектелген» қауіп факторы бар науқастар ( адам организмінің функционалдық жағдайына аса қауіпті әсер етпейтін артериальді қан қысымының аздап жоғарылауы және басқа да физиологиялық ауытқулар ), IБ диспансерлік тобы (ары қарай - Д-IБ) ;

3 тәжірибе жүзінде дені сау адамдар тобы - анамнезінде соңғы жылдары өршусіз жедел және созылмалы аурулары бар науқастар-II диспансерлік тобы (ары қарай - Д-II) ;

4 науқастар тобы -емге мұқтаж тұлғалар - III диспансерлік топ (ары қарай - Д-III) .

Slide 16

Педиатр (жасөспірім дәрігері/жанұялық дәрігер/ЖТД)

Хирург (ортопед)

Оториноларинголог

Невролог

Стоматолог

Офтальмолог

Эндокринолог

Хирург/уролог (жастар)

Педагог-психолог

(жалпы қан анализі, қандағы қант, жалпы зәр анализі, нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеру, қан қысымын өлшеу, ЭКГ, флюорография) .

Notes: Балаларды бейінді мамандардың қарауы, қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізу (лабораторлы және инструменталды) көрсеткіштер бойынша, педиатр дәрігердің жолдауы (жасөспірім дәрігері/жанұялық дәрігер /ЖТД) бойынша .

Slide 17

Ересектердің мақсатты топтағы кезекті скринингтік қарауын ҚР ДСМ 16. 03. 11ж №145 бап, 2 қосымшасына сай мақсатты топтардың профилактикалық қарауының ережесіне сәйкес жүргізеді.

Slide 18

Терапевт/ ЖТД (көрсеткіш бойынша ) ;

Акушер/гинеколог(көрсеткіш бойынша ) ;

Электрокардиограмма (көрсеткіш бойынша ) ;


Ұқсас жұмыстар
Медициналық қараулар
Зардап шегушіні қарау
Акушерлік және гинекологиялық көмекті ұйымдастыру
Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесі
Вербальды коммуникация
Сөздің психологиялық әсері
Дене қимылдары, дене қалпы
Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті ұйымдастыру
Қабылдау бөлімі
Вербальды емес ара - қатынасу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz