Диспансерлік топтар



Тақырып : Диспансерлік топтар
АҚ «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» Кафедра «Жалпы тәжірибелік дәрігер - 2»
Орындаған: Шайловбек Ф. А.
Тобы: ІЖТДҚ-06-23 Қабылдаған: Мустафаева Н. Н.

Жоспары
Диспансерлік әдіс
Диспансерлiк есепке алуды ұйымдастыру
Топтары

Диспансерлік әдіс
- бұл өмір ұзақтығын жоғарлату және еңбекке қабылеттілігін сақтау, қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру мақсатында сырқат және денісау адамдарды динамикалық дәрігерлік бақылау барысындағы алдын-алу және емдік шараларды тудыратын денсаулық сақтау мекемелерінің және бөлімдерінің жұмыс түрлерінің жиынтығы.

Диспансерлік бақылаудың мақсаты
патологиялық жағдайларды ерте табу, олардың себебін анықтау;
қоғамдық және жекелік алдын-алу шаралар жолымен сырқаттың ары қарай дамуы мен пайда болуын ескерту және сақтандыру;
тұрғындарға дәрігерлік көмек сапасын үздіксіз жоғарылатуды қамтамасыз ету;
меншіктіліктің барлық түрінің дәрігерлік қызметтерінің тиімділігін және деңгейін қамтамасыз ету;
шығармашылық жасын ұлғайту.

Диспансерлік бақылауға және дәрігерлік тексеріске алынатын халық бөлігі және қоғамдық-демографиялық топтары

Диспансерлік топтар.

Туберкулез ауруы кезінде диспансерлiк есепке алу және бақылау төмендегi топтар бойынша жүргізіледі

(0) топта төмендегілер бақыланады:

0 топта бақыланатын адамдарға зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық, аспаптармен қарап тексеру және басқа да зерттеу әдістері, туберкулинмен диагноз қоюды қоса жүргiзiледi (2 ТБ (туберкулин бірлікті) Манту сынамасы оң нәтижелі болған балаларда «ДИАСКИНТЕСТ®» қолданылады) . Өкпеден тыс туберкулез түрлерi бар науқастарда туберкулездің белсенділігі басқа клиникалық-зертханалық әдістерімен дәлелденеді. 81. 0 топта бақыланатын адамдарға ТҚП қолдануға тыйым салынған. Бақылау мерзiмi - 6 айға дейін. Науқаста туберкулездiң белсендігі түрi анықталса, ол I топқа ауыстырылады. ТМБ жұғуы салдарынан туберкулин сынамасының нәтижесі оң болса, бала III Б тобына ауыстырылады.

I топта кез келген ағзада шоғырланған белсенді туберкулезі бар бактерия бөлетiн не бөлмейтiн науқастар бақыланады:

IА, IБ және IВ топтарында бақыланатын науқастарға санаттарына сәйкес стандартты кестелер бойынша ем жүргiзiледi. Емнің нәтижесі «жазылды» немесе «ем аяқталды» деп анықталса, науқас II диспансерлiк есеп тобына ауыстырылады. I Г тобында бақыланатын науқастарға ТҚП ем жүргізілмейді. Көрсеткіштеріге сәйкес симптоматикалық (патогенетикалық) ем, коллапсотерапия мен хирургиялық ем әдiстерiн қоса, қолданылады.

II топ
II топта ем курсы сәттi аяқталған туберкулездің белсенділігі жоқ адамдар бақыланады. Туберкулез процесінің рецидиві туындаған кезде науқас алдыңғы емдеу эпизодына қарамастан I Б немесе I В ДЕ тобына ауыстырылады.

III топ
III топта туберкулезбен аурудың жоғары қаупі бар адамдар байқалады және мынадай топтарға бөлiнедi: 1) III А: туберкулездiң белсенді түрiне шалдыққан науқастармен қарым-қатынастағы адамдар; туберкулездiң белсенді түрiне шалдыққан бактерия бөлуші/бөлмейтін


Туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлiк бақылау
Топ
Сипаты
Бақылау мерзiмi
Шаралар
Бақылау нәтижесі
Нөлдiк топ (0) - диагностикалық
0
Туберкулез ауруының белсенділігі күмәндi адамдар. ТҚКҰ диспансерлiк есепке алынбаған туберкулинге сезiмталдық сипаттамасын нақтылап анықтауды және ауруды ажыратып, анықтауды талап ететiн балалар.
4 ай
Зертханалық (жалпы қан талдамасы (бұдан әрі - ЖҚА), жалпы зәр талдамасы (бұдан әрі - ЖЗА), қақырықты ТМБ микроскопия және культуральдық әдістермен зерттеу), клиникалық, рентгенологиялық. Аспаптармен тексеру және зерттеудің басқа әдістері (көрсеткіштерге сәйкес) . Балалар мен жасөспірімдерде туберкулинмен диагноз қою, «ДИАСКИНТЕСТ®». ТҚП қолдануға тыйым салынады.
Есептен шығару. Белсендігі туберкулез түрi анықталса келесі топқа ауыстыру: 1) IА - егер алғаш рет анықталған болса. 2) IБ немесе IВ - егер ауру қайталанған болса. 3) ТМБ жұғуы салдарынан туберкулин сынамасының нәтижесі оң болса, бала III Б тобына ауыстырылады.

Бiрiншi топ (I) - белсенді туберкулез
I А
ТБ алғаш рет шалдыққандар
Емнiң толық курсы бойында
1) ЖҚА, ЖЗА, ҚБА - ҚК ай сайын, қолдау сатасының ортасы мен соңында, көрсеткіштер бойынша -жиірек. 2) Бактериоскопия мен қатты қоректік орталарға егу - 3 рет, Xpert MTB/RIF, Geno Type MTBDR®, ВACTEC - ем бастамас бұрын бір рет. 3) Бактериоскопия 2 рет: қарқынды кезеңде 2 ай емделген соң, егер қақырық жағындысының конверсиясы байқалмаса - емнің 3 және 4-айларының соңында. 4) Бактериоскопия 2 рет - бастапқыда жағындысы оң нәтижелі болған науқастар үшін - қолдау сатасының ортасы мен соңында. 5) 3 ай ем жүргізілген соң қақырық жағындысының конверсиясы байқалмаса - қатты қоректік ортаға 2 рет егу және ДСТ жүргізу. 6) Рентгено-томография - ем алдында, ем барысында - 2-3 ай сайын (көрсеткіштер болса- жиірек) . 7) 2 ТБ Манту сынамасы («ДИАСКИНТЕСТ®») ем алдында (балаларда), кейіннен - көрсеткіштерге сәйкес. I санат бойынша стандартты ем кестелері
Келесі диспансерлік топқа ауыстырылады: 1) II - емнің нәтижесі «жазылды» немесе «ем аяқталды» деп анықталса; 2) I Б - дәрілерге сезімталдығы сақтаған және ем нәтижесі «сәтсіз ем» деп анықталса; 3) I В - R төзімділік анықталса және полирезистенттілігі бар науқастың ем нәтижесі «сәтсіз ем» болса. Ем нәтижесі «ем тәртібін бұзды» деп анықталса, аймақтық ІІМ органдары берген құжаттарға сәйкес -1 жыл бойы іздестіру нәтижесіз болса, науқас ТҚҰ бақылауынан шығарылады.

I Б
ТБ ауруы қайталанғандар
1) ЖҚА, ЖЗА, ҚБА - ҚК ай сайын, қолдау сатасының ортасы мен соңында, көрсеткіштер бойынша -жиірек. 2) Бактериоскопия мен қатты қоректік орталарға егу - 3 рет, Xpert MTB/RIF, Geno Type MTBDR®, ВACTEC - ем бастамас бұрын бір рет. 3) Бактериоскопия 2 рет: қарқынды кезеңде 3 ай емделген соң, егер қақырық жағындысының конверсиясы байқалмаса - емнің 4 және 5-айларының соңында. 4) Бактериоскопия 2 рет - бастапқыда жағындысы оң нәтижелі болған науқастар үшін - қолдау сатасының ортасы мен соңында. 5) 4 ай ем жүргізілген соң қақырық жағындысының конверсиясы байқалмаса - қатты қоректік ортаға 2 рет егу және ДСТ жүргізу. 6) Рентгено-томография - ем алдында, ем барысында - 2-3 ай сайын (көрсеткіштер болса- жиірек) . 7) 2 ТБ Манту сынамасы («ДИАСКИНТЕСТ®») ем алдында (балаларда), кейіннен - көрсеткіштерге сәйкес. II санат бойынша стандартты ем кестелері.
Келесі диспансерлік топқа ауыстырылады: 1) II - емнің нәтижесі «жазылды» немесе «ем аяқталды» деп анықталса; 2) I В - R төзімділік анықталса және ем нәтижесі «сәтсіз ем» болса. Ем нәтижесі «ем тәртібін бұзды» деп анықталса, аймақтық ІІМ органдары берген құжаттарға сәйкес -1 жыл бойы іздестіру нәтижесіз болса, науқас ТҚҰ бақылауынан шығарылады.

I В
IVсанат кестесі бойынша ем қабылдап жатқан ДТ ТБ жағдайлары
IV санат бойынша стандартты ем кестелері. 1) ЖҚА, ЖЗА, ҚБА - ҚК ай сайын, ЖҚ - тоқсан сайын, көрсеткіштер бойынша -жиірек. 2) Бактериоскопия мен қатты қоректік орталарға егу - 3 рет, Geno Type MTBDR®sl, ВACTEC - ем бастамас бұрын бір рет. 3) Бактериоскопия және егу (Левенштейн - Йенсен) 2 рет қарқынды кезеңде - ай сайын, қолдау сатысынде - тоқсан сайын. 4) Қатты қоректік орта мен ВACTEC егіп, ДСТ анықтау - ем алдында және ҚК 4 айынан кейін бактерия бөлу сақталған жағдайда. 5) Рентгено-томография - ем алдында, ем барысында - 2-3 ай сайын (көрсеткіштер болса- жиірек) . 6) 2 ТБ Манту сынамасы («ДИАСКИНТЕСТ®») ем алдында (балаларда), кейіннен - көрсеткіштерге сәйкес.
Келесі диспансерлік топқа ауыстырылады: 1) II - емнің нәтижесі «жазылды» немесе «ем аяқталды» деп анықталса; 2) I Г - ем нәтижесі «сәтсіз ем» болса. Ем нәтижесі «ем тәртібін бұзды» деп анықталса, аймақтық ІІМ органдары берген құжаттарға сәйкес -1 жыл бойы іздестіру нәтижесіз болса, науқас ТҚҰ бақылауынан шығарылады. Бұрын ем тәртібін бұзған науқастарды қайталап 1 В ДЕ тобына алу туралы шешімді ОДКК қабылдайды.

I Г
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz