Оқулық пен оқу-әдістемелік кешенмен жұмыс: құрылымы, негізгі қызметтері және мұғалімге арналған нұсқаулық


Slide 1

Бөж

Тақырыбы: Оқулық және оқу әдістемелік кешенмен жұмыс

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қабылдаған: Толысбаева А.

Орындаған: Савденбекова Н.

Тобы: ФҚӘ-111

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Оқулықпен жұмыс

Оқулықпен жұмыстың негізгі мақсаттары

Мұғалімге арналған нұсқаулық (мұғалімге арналған әдістемелік оқу құралы, оқыту әдістемесі) пән бойынша жұмыс дәптері (оқушы дәптері)

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі - ОӘК) - білім алушылардың оқу пәні бойынша білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай оқу және әдістемелік басылымдар жинағы.

Пәндер бойынша ОӘК, қағида бойынша, оқулықтан, жұмыс дәптерінен және мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтан тұрады. Тілдік пәндер бойынша кейбір ОӘК-нің аудиодискілері бар. Оның әр компоненттері оқу мақсаттарына жетуде белгілі қызмет атқарады.

Slide 4

Оқулық - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен нақты пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес ашылатын және оқушылардың білімді меңгеруіне, кеңейтуіне және тереңдетуіне арналған оқу кітабы. Мұнда белгілі тәсілмен іріктелген жүйелі материал бар. Оқу материалы білім алушылардың дайындық деңгейі мен олардың жас әрі психологиялық ерекшеліктеріне қарай оқудың қандай да бір деңгейінде меңгерілуі тиіс.

Оқулықпен жұмыс барысында оның уәждемелік-мақсаттық, функционалдық, құрылымдық-мазмұндық сипаттамаларын ескеру қажет.

Оқулықпен жұмыс

Slide 5

Оқулықтың уәждемелік-мақсаттық аспектілеріне мыналар кіреді.

оқушыларға ғылыми құралдарды, теорияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдануды үйрету;

өз бетімен ақпарат іздеуді, білім алушылардың талдамалы және сыни ойлауын дамытуға машықтандыру;

әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеу, ізгілікті мұраттар мен демократиялық құндылықтарды, қазақстандық ұлтжандылық сезімін, ғылыми дүниетанымын тәрбиелеу;

ХХІ ғасыр машықтары мен дағдыларын қалыптастыру.

Оқулықтың оқу мақсаттарына сай 3 негізгі қызметтерін бөліп көрсетеді: оқыту, тәрбиелеу және дамыту.

Slide 6

Оқыту басты қызмет ретінде оқушылардың білімі, машықтары мен дағдыларының тұтас кешенін қалыптастыруға, сыни ойлауды, білімін шығармашылық тұрғыдан қолдану, мәселелерді шешу қабілетін, ғылыми-зерттеу дағдыларын, қатынас дағдыларын (тілдік дағдыларын қоса), топта және жеке жұмыс істеу қабілетін, АКТ саласындағы дағдыларын қоса олардың біліктілігін, қабілеттері мен дарындарын дамыту.

Тәрбие қызметі шығармашылық және сыни ойлау, қатынас қабілеттері, өзге мәдениет пен көзқарасқа құрмет таныту, жауаптылық, денсаулық, достық және айналасындағыларға қамқорлық, өмір бойы оқуға даярлық және т. б. секілді рухани-адамгершілікті құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.

Дамыту қызметі жуық даму аймағын ескере отырып, психикалық әлеуетті және эмоционалды зердені, тұлғалық қасиеттер мен ерекшеліктерді, уәждемелік саланы және т. б. дамытуға бағытталған.

Slide 7

Қосымша қызметтер арасынан мыналарды атап өту керек:

ақпараттық - білімнің көрнекі-ауызекі мазмұнын бейнелейді;

жүйелеуші - оқу пәнінің логикасында материалды міндетті түрде жүйелі әрі бірізді түрде баяндауды іске асырады;

уәждемелік - оқушылар үшін осы пәнді оқуға ынталандыратын түрткілер жасауға бағытталған, оқу жұмысына деген танымдық қызығушылық пен оң көзқарасты қалыптастырады;

трансформациялық - меңгерілуі тиіс ғылыми білімді педагогикалық өңдеуді қарастырады;

кіріктіруші - оқулықта баяндалған білімді, аралас ғылымдардан қосымша ақпаратты алуға ықпал етеді;

үйлестіруші - оқу материалымен жұмыс барысында әртүрлі оқу құралдарын (анықтамалықтарды, тапсырмалар жинағын, карталарды, иллюстрацияларды, фильмдерді, оқу құралдарын, электрондық ресурстарды және т. С. С. ) тартуды және оларды тиімді, функционалды қолдануды қамтамасыз етеді;

Slide 8

Оқулықпен жұмыстың негізгі мақсаттары: таңдалған мәтіннің үзіндісінде берілген ақпаратпен танысу, ақпаратты түсіну, есте сақтау, ақпаратты түрлі оқу және өмірлік жағдайларда қолдану, өткенін немесе бұрындары білгенін растау, мысалдар іздеу, ғылыми деректерді растау, иллюстрациялармен (суреттермен, сызбалармен, диаграммалармен) жұмыс.

Оқулықтың құрамдас бөлімдеріне мыналар жатады:

алғысөз;

негізгі бөлім (тараулар, бөлімдер, параграфтар және т. С. С. ) ;

электрондық қосымша.

Оқулықпен жұмыстың негізі мақсаты

Slide 9

Оқулықтың негізгі құрылымдық компоненттері:

Мәтін:

негізгі мәтін - материалдың негізгі мазмұнын жеткізеді және оның міндетті минимумын қамтамасыз етеді;

қосымша мәтін - айдарлар, мәтіндік үзінділер;

түсіндірме мәтіндер - жаднамалар, сілтемелер, кестелер, схемалар, айдарлар, шартты белгілердің түсіндірмелері, қосымшалар, анықтамалық материалдар, сөздіктер және т. Б. ) ;

Мәтіннен тыс аппарат:

меңгеруді ұйымдастыру аппараты - қайталауға, бекітуге, өзіндік және топтық жұмысты ұйымдастыруға арналған сұрақтар, тапсырмалар, жаттығулар, өзге адамдармен қарым-қатынас, қосымша ақпарат көздерін қолдану;

иллюстрациялық материалдар - схемалар, суреттер, кестелер, тірек конспектілер, алгоритмдер және т. Б. ;

бағдарлау аппараты - шартты белгілер, рубрикаторлар, қаріптер, графикалық бөлу және т. Б.

Slide 10

Мұғалімге арналған нұсқаулық (мұғалімге арналған әдістемелік оқу құралы, оқыту әдістемесі) пән бойынша жұмыс дәптері (оқушы дәптері)

Мұғалімге арналған нұсқаулық әдістемелік оқу құралына жатады, мұнда оқулықпен және ОӘК жұмыс бойынша қысқаша түсініктеме және оқу сабақтарын өткізу бойынша қадамдық нұсқаулықтар берілген.

Мұғалімге арналған нұсқаулықта мына ақпараттар бар:

оқу мақсаттары;

оқу ресурстары;

пән бойынша оқулыққа және жұмыс дәптеріне жасалған тоғыспалы сілтемелер;

мазмұнын түсіну;

сәйкес базалық ақпарат;

оқулыққа сәйкес қызметке қолдау көрсету үшін мұғалімге арналған бірқатар қадамдық ескертулер;

пәнаралық байланыстар;

дамыту тапсырмалары.

Сонымен бірге, сабақты өткізу бойынша ескертулерде білім алушыларды формативтік бағалау мен саралау түрлерінің сипаттамасы (соның ішінде тиімді сауалдама, бақылау мен қадағалау түрлері) беріледі.

Slide 11

Пән бойынша жұмыс дәптері (оқушы дәптері)


Ұқсас жұмыстар
Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулық
Көмірсулар тақырыбы бойынша электрондық оқулық және әдістемелік нұсқау
Бизнес-жоспардың маңызы мен құрылымы: шағын және туристік кәсіпкерлікке арналған әдістемелік нұсқаулық
Алгоритмдеу, мәліметтер құрылымы және программалау пәніне арналған электрондық оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу
Қосарлама қос сөздер: мұғалімге арналған сабақ жоспары
№26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің жас маманға арналған әдістемелік жинағы және тәлімгерлік жұмыс жоспары (2020-2021 оқу жылы)
Python бағдарламалау тіліне арналған электронды оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу
Химия пәні бойынша зерттеу әдістерімен үйлестірілген курстық және дипломдық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулық
Тарих сабағындағы мектеп оқулығы: құрылымы, қызметтері және оқулықпен жұмыс әдістемесі
5-сыныпқа арналған қазақ тілі Лексика тарауын қайталау тапсырмалары мен әдістемелік нұсқаулық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz