6 жастағы қыз баланың темір тапшылықты анемиясы: клиникасы, зерттеулері және ем тактикасы


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

Презентация

Орындаған:Шаяхмет Қ.

Тобы:ІЖТДҚ-06-23

Қабылдаған:Мұстафаева Н. Н.

«Жалпы тәжірибелік дәрігер -2» кафедрасы

Превентивті педиатрия

Slide 2

ТӨЛҚҰЖАТ БӨЛІМІ.

Аты-жөні: Маратқызы Ясмина

Пол: қыз

туған күні: 18. 09. 2017 жыл

жасы: 6 жас

үй мекенжайы: Шымкент қ., Нұрсат 36/47

Ұлты: Қазақ

Дәрігерге қаралу уақыты: 27. 02. 2023

Клиникалық диагноз: темір тапшылықты анемия, орташа ауырлық дәрежелі, аралас этиологиясы

Slide 3

Түскен кезіндегі шағымдары

Сауле, 6 жаста, емхана дәрігеріне соңғы кезде тез шаршағыштық, қозғыштық, тәбеттің төмендеуіне шағымданып келді.

Slide 4

Anamnesis morbi

Қыз өткен жылға дейін, тез шаршағыштық, қозғыштық, пайда болғанға дейін өзін жақсы сезінген. Қыз оны мектепке емтихандарға дайындалар кезінде байқаған. Анасы бұл жағдайды мектептегі жүктемелермен байланыстырды. Екі апта бұрын қыз өзін нашарлау сезініп, бірнеше күн мектепке бармай тұруды ұйғарды. Анасы қызын мектепке жібермекші болғанды, таңертең қызында жүрегінің ауырсынуы, құлағының шулауы, көз алдында бұлыңғырланудың пайда болуы, жүрегінің айнуы басталды. Қыз мектепке бара алмай, анасы емхана дәрігеріне қаралуға мәжбүр болды.

Slide 5

Қауіп факторларын бағалау. Туа біткен факторлар Отбасылық анамнез - бала екінші жүктіліктен, 2 босанудан. Жүктіліктің 1-ші және 2-ші жартысы токсикозбен анемия бойында өткен. Қыз бала бір жылдан соң ұл баладан кейін дүниеге келген. Туғандағы салмағы 2200 г. бойы - 47 см. Туғаннан бастап жасанды тамақтануда, ерте жасында мешел, гипотрофия болған. Тамақта вегетариандық тағам басым. Жүре пайда болған факторлар Қоршаған орта - отбасы цемент шығаратын заводтың қасында түрады Тәртібі - қыз бала жиі суықтан ауырғаннан кейін, таза ауада сирек болады. Қосарланған жағдай - анасының сөзінен 5 жасында жедел ішек инфекциясымен ауырған, соңғы жылы бірнеше рет нәжісте лямблия цисталары табылған. Аллергологиялық анамнез байқалмаған.

Slide 6

Тыныс алу мүшелері - ентігу жоқ, тыныс жиілігі минутына 20 рет. Перкуссияда - өкпелік дыбыс. Тынысы везикулярлы. Жүрек-қан тамыр жүйесі: ЖСЖ 90 минутына, жүрек шекарасы жасына сай, жүрек тондары орташа дыбысты, ырғағы дұрыс, жүрек ұшында, 5 систолалық шу, функционалды сипатта. АҚ 90/50 мм сын. бағ. Асқорыту жүйесі: тілі жылтыр. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры қабырға доғасының шетінен 1 см-ге шығып тұр. Көкбауыры ұлғаймаған. Зәршығару жүйесі: зәр шығаруы ауырсынусыз, дизуриялық белгілер жоқ. Эндокринді статус: пальпаторлы және визуалды қалқанша безі ұлғайған симптомы жоқ, гипер және гипотиреоидизм симптомы жоқ.

Slide 7

Лабораторлық зерттеу нәтижесі

Нв - 85 г/л

Эр - 3, 7 х 1012 /л

т. к. - 0, 7

микроцитоз, анизоцитоз, пойкилоцитоз, полихроматофилия

Лейкоциттер - 6, 5 х 109/л

т - 1

с - 60

л - 29

м - 7

э - 1қанның биохимиялық анализінде - сарысулық темір 9 мкмоль/л

ЖБТҚ 74 мкмоль/л

ТТҚ 14%

Тиреоидты гормон деңгейіТ3, Т4, ТТГ - қалыпты

Глюкозуриялық профиль - қалыпты

Slide 8

Инструментті зерттеу әдістері Кеуде клеткасының рентгенографиясы: патология жоқ. ЭКГ - синусты тахикардия, нормограмма, миокардта метаболизмдік бұзылыстар. ЭХОКС: патология жоқ.

Клиникалық диагноз: темір тапшылықты анемия, орташа ауырлық дәрежелі, аралас этиологиясы

Slide 9

Темір тапшылықты анемиядағы дәрігерлік тактика: - белсенді режим, таза ауада барынша демалу- диета, өнімдердің құрамында темір бай болу керек, рацион таңдағанда азық-түлікте темір гем түрінде болу керек. Өнімдердің құрамында темір гемосидерин және трансферрин ретінде болса, оның абсорбциясы айқын төмен болады, құрамында гем бар өнімдерге қарағанда. Сиыр етіне қарағанда бауырда темір 3 есе көп болса да, оның сіңірілуі өте төмендігі осыған байланысты. Ет, бауыр, балық өнімдерін жеміс-жидекпен бірге қолданса, темірдің сіңірілуі жоғары болады. Гемдік емес темірдің сіңірілуін сойіден протеин, фитаттар, полифенолдар (шай, кофе, орех, бобовыйлар құрамында бар) төмендетеді.

Slide 10

Вегетариандық тамақтанса өнімдердің 17 % темір сіңіріледі. Сондықтан сидеропениялық жағдайда көп мөлшерде шырын, алма, анар, қарақұмық жармасы және тағы басқа өсімдік өнімдерді темірді толтыру үшін қолданбайды.

- темір препараттарын тағайындау: тәуліктік дозасы 100 мг тәулігіне 3 ретке бөліп, емнің алғашқы күндері тәуліктік дозаның ½ тағайындалады

- темір препараттарын тағам арасында беру, шырынмен ішу

( цитрустықпен жақсы), сүтпен қолдануға болмайды

- витамин С, Е, бірге беру

- темір препараттарымен емделу ұзақтығы 3 айдан кем емес.

Стационарда препараттың таралуы анықталды, дозасы белгіленді, емнің оң нәтижесі темір препаратын, қабылдағаннан кейін алынды, науқастың гемоглобині қалпына келгеннен кейін, қыз баланы үйіне шығарды.


Ұқсас жұмыстар
Темір, В12 және фолат тапшылықты анемия: патогенезі мен фармакотерапиясы
Темір тапшылықты анемияны алдын алу: дәстүрлі емес сабақтың әдістемесі мен тәжірибесі
БЦЖ ревакцинациясынан кейінгі регионарлы лимфааденит: 6 жастағы баланың клиникалық жағдайы
Темір тапшылығы және В12 жетіспеушілік анемиялары: клиникасы, диагностикасы және емдеу
Акушерлік травматизм: вульва, қынап, аралық, жатыр мойны және жатыр жыртылуларының классификациясы, клиникасы, диагностикасы және ем тактикасы
6 жасар науқаста бүйрек қызметі сақталған нефритикалық синдроммен жүретін жедел гломерулонефрит: клиникалық жағдай және ем тактикасы
1 жастағы баланың физикалық және психологиялық дамуын бағалау
Балалардағы ішек инвагинациясы: анатомиялық-хирургиялық негіздері, клиникасы және емдеу тактикасы
Балалардағы панкреатит: жедел және созылмалы түрлерінің клиникасы, диагностикасы және емдеу тактикасы
5-6 жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz