Науқастың жүруі қалыпты жағдағыдай




Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
«Жалпы тәжірибелік дәрігер -2» кафедрасы
Превентивті педиатрия

Презентация

Орындаған:Шаяхмет Қ.
Тобы:ІЖТДҚ-06-23
Қабылдаған:Мұстафаева Н.Н
ТӨЛҚҰЖАТ БӨЛІМІ.
Аты-жөні: Есимхан Нурила
Пол: қыз
туған күні: 18.09.2019 жыл
жасы: 4 жас
үй мекенжайы: Шымкент қ., Жангельдина 36/47
Ұлты: Қазақ
Баланың салмағы:13 кг
Бойы:100 см
Дәрігерге қаралу уақыты:25.02.2023
Клиникалық диагноз:Бронх демікпесі, атопиялық,
жеңіл дәрежесі, интермитирленген ағымы, ұстама
кезеңі.
Түскен кезіндегі шағымдары
• Түнгілік тыныс алудың қиындауына және
жөтелге шағымданып, дәрігерге көрінді.
Anamnesis morbi
• Соңғы 2 аптада өзін жақсы сезінді, мектепке барып
жүрді. Жексенбі күні үйінде мысығы бар апасының үйіне
барды. Апасының үйінде өзін жақсы сезінді, бірақ түнде
бетінің қызаруы, бастың ауырсынуы пайда болды.
Таңертең тыныс алудың қиындауынан оянды, жергілікті
дәрігерге қаралды. Дәрігер анасынан басқа симптомдар
туралы сұрағанда баланың вирустық инфекциясы бар
науқаспен қатынаста болмағанын, дене қызуының
жоғарыламағанын және тәбетінің сақтанғанын анықтады.
Қауіп факторларын бағалау

Туа біткен факторлар

Отбасылық анамнез – анасында атопиялық дерматит болған.
Апасының апасында - поллиноз, атасында – аллергиялық ринит болған.

Жүре пайда болған факторлар:

Қоршаған ортасы – отбасы шаңды дауыл жиі болатын аймақта
тұрады. Анасы мен әкесі темекі шегеді.

Тәртібі – қыздың таза ауада серуендеуі шектелген.

Аллергологиялық анамнез. – бір жасқа дейін экссудактивті
катаралды диатезі болған, жылына 5-6 рет абструктивті бронхитпен
ауырады.
Әлеуметтік анамнез.Бала I-II жартысы
токсикозбен жүрген бірінші жүктіліктен өмірге келген.
Жүктілік кезінде анасында атопиялық дерматиттің
өршуі байқалған. Туған кездегі салмағы 2700 гр, бойы
50 см, реанимация шараларынан кейін бала жылады.
Мидың постгипоксиялық ишемиясы бойынша 1 жасқа
дейін невропатологтың диспансерлік қадағалауында
болды. Медициналық көрсеткіштер бойынша егілген.
Отбасында 4 адам. Екі бөлмелі пәтерде тұрады.
• Басынан Өткерген аурулары: анасы жиі
суық тиюді атап өтеді.Эпидемиологиялық
тарих: тұқым қуалайтын аурулар,
эндокриндік аурулар, туберкулез,
психикалық және жыныстық жолмен
берілетін аурулар ана туыстарында жоққа
шығарады. Гемотрансфузия жүргізілген
жоқ. Барлық егілулер күнтізбе бойынша.
Мүшелер мен жүйелерді қарау
Жалпы қарау – жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, баланың есі
анық, тізесіне сүйенген қалыпта отыр. Ұстамалы жөтел, кеуденің қысылу
сезімі мазалайды. Салмағы 20 кг, бойы 123 см. Тері жамылғысы таза, дене
температурасы қалыпты. Мұрынның бітелуі, бұғана үстілік және астылық
шұңқырлардың аздап тереңдеуімен сипатталатын экспираторлық ентігу
байқалады. Тыныс алу жиілігі минутына 28, кеуде қуысы алдыңғы және
артқы өлшемі бойынша кеңейген. Перкуссияда, қораптық дыбыс.
Аускультацияда – тыныс шығаруда құрғақ, ысқырықты сырылдар, тыныс
алуда әр түрлі калибрлі сырылдар байқалады. Жүрек шекарасы жасына
сай. Тондары сәл әлсіреген, ЖЖЖ –1 мин. - 100 рет. Іш аймағы жұмсақ
ауырсынусыз, жұмсақ. Бауыры және көк бауыры ұлғаймаған.

Зәр шығару жүйесі – патология жоқ, дизурия жоқ
Эндокринді жүйе.
• Бой өсуінің бұзылысы жоқ. Қалқанша безі жалпы
қарағанда көрінбейді.
Жүйке жүйесі.
• Дәм және иіс сезуі сақталған. Есту және вестибулярлы
аппараттары өзгеріссіз. Мимикалық бұлшықетері
қалыпты, жұтынуы еркін, сөйлесуі бұзылмаған.
Науқастың жүруі қалыпты жағдағыдай. Гиперкинездер
жоқ қалтырау болмайды, рефлекстері сақталған. Беткей
және терең сезімталығы сақталған. Менингиальді
симптомдар теріс.
• Психомоторлық даму нормаларға сәйкес келеді: ол
басын ұстай бастады – 1 айда., бұрылу-4 айда., отыру-
6 айда., тұру - 11 айда., жүру - 12 ай., сөздерді айту - 12
айда.Тістер уақытында жарылды: төменгі орталық азу
тістер 7 айда., жоғарғы орталық азу тістер-8 айда..
өмір жылына - 8 сүт тістері, өмірдің екі жылына – 20.
Тексеру кезінде төменгі жақта молярлар бар.Тұрғын
үй-тұрмыстық жағдайлар жақсы. Отбасында-4адам.
Санитарлық-гигиеналық жағдайлар (ұйқы режимі,
киіммен, жиһазбен, ойыншықтармен қамтамасыз ету)
қанағаттанарлық.
Лабораториялық сараптамалардың
қортындысы
Қорытындысы
Қалыпты
Нв 130 г/л
130 г/л
Эр 4,2* 1012/л
4,2 х1012/л
т.к. 0,8 0,8
ЭТЖ-7 мм/сағ 6-8 мм/ сағ
лейкоцит 4,5*109/л 6-7х109/л

Қақырық микроскопиясы – эпителиалды жасушалар, эозинофильдер,
макрофагттар, Шарко-Лейден кристаллдары, Куршман спиральдары.
Аспаптық зерттеу әдістері:

Кеуде қуысының рентгенографиясы – ошақты
өзгерістер жоқ, өкпе суретінің мөлдірлігі күшейген
Спирография
• Бірінші секундтағы форсирленген дем шығарудың
көлемі (FEVI) – тиісті көлемінің 73%-ы (N 80% кем емес)
• Бір секунд ішіндегі форсирленген дем шығару
көлемінің форсирленген өкпенің өмірлік
сыйымдылығына қатынасы (FEVI/FVC): 80%
(қалыптының төменгі шекарасы)
• Электрокардиограмма: синустық тахикардия.
Клиникалық диагноз: Бронх демікпесі, атопиялық, жеңіл
дәрежесі, интермитирленген ағымы, ұстама кезеңі.

Дәрігер тактикасы:
Ауру ұстамасын сальбутамолдың 2 ингаляциялық дозасымен
және вена ішіне 5 мг./кг. Салмағына эуфиллинмен басты

Базистік терапия (ұстаманың болмауын қамтамасыз етеді)

Қабынуға қарсы терапия (патогенетикалық терапия)
Ұзақ мерзімді бронхкеңейткіш терапия (қабынуға қарсы
препараттармен қосып беріледі)

Натрий недокромилі (Тайлед) тәулігіне 2 рет 2 ингаляция
немесе натрий кромогликаті (Интал) тәулігіне 4 рет 1-2 инг.

Ұқсас жұмыстар
Түскен кезіндегі шағымдары баланың жағдайы қанағаттанарлық
Диатомды жә не эвгленалы балдырлар
Диатомды және эвгленалы балдырлар
Бүйректі УДЗ
Диатомды балдырлар
Витаминдер және олардың маңызы жайлы
Тісжақ ауытқуларын анықтау әдістері. Клиникалық тексеру және антропометриялық өлшеулер
Асқазан өңештік рефлюкс ауруы кезіндегі көрініс
Төменгі аяқ артерияларының атеросклерозы
Атеросклероз сипаттамасы
Пәндер