Синэкология, биоценоз және биогеоценоз: экожүйелердің құрылымы мен трофиялық қатынастар


Slide 1

Синэкология БИОЦЕНОЗ БИОГЕОЦЕНОЗ

Орындаған: Өтегенов Е. Р

Slide 2

Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын, өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

Slide 3

Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) - табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К. Мебиус (1877) . Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді.

Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.

Slide 4

Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Бұл терминді енгізген 1935 ж. А. Тенсли. Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе.

Slide 5

Экожүйенің құрылымы: Экожүйе = биоценоз + биотоп Экожүйенің негізгі қасиеттері: 1) зат айналымына қатысу қабілеттілігі; 2) сыртқы әсерлерге қарсы тұруы; 3) биологиялық көбеюі.

Slide 6

Экожүйенің деңгейлері: 1) микроэкожүйе- кішкене су қоймасы, жануарлар өлексесі олардың тіршілік ететін әртүрлі ағзаларымен бірге, аквариум, жайылым, су тамшысы 2) мезоэкожүйе- орман, өзен, тоған, т. б. 3) макроэкожүйе- мұхит, континент, табиғи зона, т. б. 4) глобальдық экожүйе- биосфера

Slide 7

Экожүйеге мағынасы жақын терминге «биогеоценоз» жатады. Бұл терминді 1942ж. академик В. Н. Сукачев енгізген.

Slide 8

Биогеоценоз екі блоктан тұрады: 1) «биоценоз»- организмдердің әртүрлі түрлерінің өзарабайланысы(популяция) ; 2) «биотоп» немесе «экотоп»- мекен ету ортасы.

Сонымен, биогеоценоз- тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта)

Slide 9

Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген, динамикалық, өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар. Агробиогеоценоз- жасанды фитоценоз негізінде жасалады. Биогеоценозда барлық тірі иелер қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа(3-4 буыннан тұрады) . Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- адам.

Slide 10

Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейі болады: I-трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер II- шөпқоректі жануарлар (фитофагтар) - консументтер I-қатардағы III- трофикалық деңгей- жыртқыш жануарлар немесе зоофагтар- консументтер II-қатардағы. IV- ірі жыртқыштар. V-өлі организмдердегі заттарды және қалдықтарды тұтынушылар (деструкторлар, редуценты) - сапрофаг, сапрофиттер, детриттер .

Slide 11

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Синэкология: биоценоз, биогеоценоз және экожүйенің құрылымы мен түраралық байланыстары
Биоценоз және биогеоценоз: анықтамасы, құрылымы және қоректік қатынастары
Синэкология: биотоп, биоценоз, түраралық байланыстар, сукцессия және экожүйелік гомеостаз
Флора, фитоценоз және биогеоценоз: құрылымы, негізгі белгілері мен экожүйелік рөлі
Экожүйелердің негізгі энергетикалық типтері мен ерекшеліктері
Экожүйенің құрылымы, трофиялық байланыстар, өнімділік және экожүйеге қауіп-қатерлер
Экологияның зерттеу объектілерінің өлшемі бойынша жіктелуі: аутоэкология, демэкология, синэкология және экожүйе
Табиғи сұрыпталу (Дарвин заңы): формалары, тіршілік үшін күрес, адаптация және биогеоценоз
Экожүйелердің тұтастығы мен тұрақтылығы және ғаламдық биогеохимиялық циклдар: В.И. Вернадскийдің негізгі заңдары
Биогеоценоз және оның ветеринариялық маңызы: биогеоценотикалық патология, диагностика және профилактика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz