Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі: пәні, мақсаты, міндеттері және мазмұны


Slide 1

Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні,

мақсаты, міндеттері, мазмұны.

Орындаған:Нұрекеш Алина

Жиғанбаева Зарина

Slide 2

Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Дене тәрбиесі теориясы дене тәрбиесі жүйесінің мақсатын, міндеттерін, қағидаларын зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен - ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесі мен дене тәрбиесінің заңды байланысын ашып көрсетеді. Дене тәрбиесі құралдарын оқып-білуге, дене жаттығуларын үйрету қағидалары мен әдістерін ашып көрсетуге, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға және дене қасиеттерін дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әртүрлі формаларын (дене тәрбиесі сабақтары, ертеңгілік гимнастика, қимыл-қозғалыстық ойындар т. б. ), сондай-ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөлінеді.

Slide 3

Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі үнемі қоғамдық практикамен бірлікте дамып келеді. Ол ғылыми зерттеулерді пайдаланады, озат практика жетістіктерін таратады, өткеннің алдыңғы қатарлы тәжірибесін және қазіргі дүниежүзілік ғылымдағы игіліктің бәрін қолдап отырады. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі практиканы ғылыми негіздермен қаруландырады, сөйтіп оның одан әрі дамуына көмектеседі.

Slide 4

Дене тәрбиесінің аталып көрсетілген мақсатына сәйкес:

1. Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, ағзаны шынықтыру, адамдардың ұзақ өмірін қамтамасыз ету;

2. Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш, төзімділік т. б. ) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру;

3. Тәрбиелеу міндеттері: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек, т. б. тәрбиелерге ықпал ету сияқты міндеттерді шешу қарастырылады.

Slide 5

Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі мазмұны дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің дамуын, қоғамда алатын орнын, ерешеліктерін, заңдылықтарын белгілеп, талдайды. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің міндеттері құралдары, бағдарламалары, жас кезеңіндегі дене тәрбиесі, дене тәрбиесіне үйрету, тәрбиелеу, дамыту, қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларын, дене тәрбиесін жоспарлау және есепке алу, дене тәрбиесіне әдістемелік басшылық, отбасы, мектеппен сабақтастық мәселелерін қамтиды.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Психологияны оқыту әдістемесі: пәні, мақсаты және міндеттері
Математиканы оқытудың пәні: теориясы, әдістемесі және мазмұны
Жоғары мектеп педагогикасының пәні, мақсаты мен міндеттері
Ландшафттану пәнінің мазмұны, мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесі пәні мұғалімінің портфолиосы: жұмыс жүйесі және оқушылардың жетістіктері
Сауат ашу пәнінің мақсаты мен міндеттері: кезеңдері мен мазмұны
Мектеп жасына дейінгі балаларды дене тәрбиесі арқылы оқыту, тәрбиелеу және дамыту әдістемесі
Дидактика: мақсаты, міндеттері, пәні және оқыту әдістерінің классификациясы
Дене тәрбиесі мұғалімінің түйіндемесі және волейбол сабағының жоспар-әдістемесі
Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі, мақсаты мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz