ЗЫҒЫР МАТАСЫ


Slide 1

№1 Тәжірибелік жұмыс

Мақта және зығыр текстиль материалдарының ассортиментімен танысу

№2 Тәжірибелік жұмыс

Жүн және жібек текстиль материалдарының ассортиментімен танысу

Оқытушы: Қуанбай Назерке Құрманбекқызы

Пәннің атауы: Киімге арналған материалдарды конфекционирлеу

Slide 2 Slide 3

Мақта матасы

Мақта матасы - қысқа, жіңішке, жұмсақ және үлпілдек талшық, өзінің осьі бойынша бұралған. Мақта матасы берік, жоғары химиялық тұрақтылықпен ерекшеленеді, ұзақ уақыт жарық пен судың әсеріне тұрақты. Мақта матасы 130-140ºС шыдайды, гигроскопиялығы 18-20%. Алайды серпінді деформациясы аз болғандық, қыртыстанғыш.

Slide 4

Мақта матасының артықшылықтары:

Жұмсақ және жеңіл;

Ауаөткізгіштігі жоғары;

Жеңіл боялады.

Кемшіліктері:

Жеңіл және қатты қыртыстанады;

Деформацияланады, отырады;

Күннің астында сарғаяды.

Slide 5

Мақта матасының ассортименті

Мақта маталар ассортиментте үлкен орын алады, тоқыма өндірісінде өндірілетін барлық маталар ассортиментінің 75% үлесін құрайды. Мақта маталардың ассортиментіне мақтадан жасалған маталар және мақта мен вискоза штапелінің қосындысынан жасалған, штапельді синтетикалық талшықтардан жасалған, вискозалық жібектен жасалған маталар кіреді. Өзге талшықтарды мақта маталардың құрамына о лардың сырт бейнесін және кейбір қасиеттерін жақсарту үшін қосады.

Прейскурант бойынша мақта маталардың ассортименті 17 топқа бөлінеді. Тұрмыстық қолданыстағы маталардың көбі бастапқы 6 топқа кіреді: шыт, бөз, ішкиімдік маталар, сатин, киімдік, көйлектік маталар. Мақта маталардың артикулы екі, үш немесе төрт саннан тұратын нөмірмен белгіленеді.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Жаздық мақта маталарының қатарына майя, вольта, вуаль, маркизет, батист жатады.

Батист- жіңішке жібек тәріздес мата. Батистты жасауда жоғары сапалы ұзын талшықты мақта қолданылады.

Slide 9

Гимнастерка, кеудеше, арнайы киім тігуде диагональ, кирза қолданылады.

Джинсы матасы - тозуға тұрақты, аз қыртыстанады. Түкті маталардың ішіндегі атақтысы- вельвет. Вельветтің түрлері: вельвет-корд және вельвет-рубчик, фасонды вельвет.

Вельвет корд - түгі жоғары кең жолдары бар вельвет ( 5 миллиметров) .

Вельвет рубчик- рубчик -- түгі төмен кең жолдары бар вельвет (2-3 миллиметра) .

Фасонды вельвет - комбинирленген түгі бар тегіс суретті вельвет.

Астар ретінде коленкор, «карманная ткань» және сәтен трико.

Slide 10

Зығыр матасы

Зығыр матасының негізгі қасиеттері: экологиялық қауіпсіздігі; жоғарғы жылуөткізгіштік; беріктік және тозуға тұрақтылығы; ауаөткізгіштігі; минималды электрлену. Зығыр матасы абсолютті табиғи шикізаттан өндіріледі. Зығыр гигиеналық қасиеттері жоғары, мысалы жылу және ылғал бөледі. Сонымен қатар табиғи таза экологиялық антисептик болып келеді. Зығырдың құрамында кремнезем бар, ол бактериялардың көбеюіне бөгет жасайды.

Кремнезем химиялық құрылымы

Медицина саласында зығырдан жасалған тігіске арналған арнайы жіптерді жасауда кең қолданыс тапқан. Зығыр матасынан жасалған материалдардың қыртыстану дәрежесі жоғары болып келеді. Ақ және табиғи зағыр матасы 90 градуста, ал түрлі -түсті материал болған жағдайда 40 градус температурада жуу процессінен жүргізуге болады.

Slide 11

Мата қасиеті

Мата

Зығыр

Физика - механикалық:

- беріктік

-қыртыстану

- жұмсақтығы

- драпирленуі

- берік

- қатты қыртыстанғаш

- қатты

- өте аз

Гигиеналылық:

- гигроскопиялық

- жылуөткізгіштік

- ауаөткізгіштік

- жоғары

- аз

- орташа

Технологиялылық:

- жіптердің шашырауы

- апшуы

- орташа

- айтарлықтар

Зығыр матасының қасиеттері

Slide 12 Slide 13

Зығыр матасының ассортиментінің барлығы тігін өнеркәсібінде қолданбайды, сондықтан зығыр матасының кейбір топтары ғана қарастырылады. Зығыр матасының ассортиментін зерттеу барысында, олардың артикуляция жүйесінің барын ескеру керек, яғни алғашқы екі саны топтың нөмірін, ал үшіншісі - топша нөмірін көрсетеді. Зығыр маталары таза зығырлы және жартылай зығырлы бо- лып өндіріледі. Жартылай зығыр матасында әдетте мақта иірімжібін негізінде, кейде арқауында пайдаланады. Соңғы кездері негізгі виско- залы жібекпен, 50-70% лавсаннан түратын, зығыр иірімжібінен мата- лар өндіріле басталынды. Зығыр маталардың мақта матасынан айырмашылығы қалыңырақ иірімжіптен жасалған (18-166 текс), олар негізі және арқауы бойынша бірдей, көбінесе жаймалық өрімнен, ал жаккардты және үсақ өрнекті өрімдерден сирек өндіріледі. Зығыр маталары негізінде ағартылған, жартылай ағартылған және сүрыпты, меланжды, ала шүбар, тегісбоялған, баспа суретті болып шығарылады.

Slide 14

Камчатты мата

Тегіс зығыр матасы

Бортты зығыр матасы

Равентух

Slide 15

Жібек матасы

Жібек матасының ассортиментінің материалдары шамалы қалыңдықты және салмақты, тегіс және жылтыр бетті, қүрамында үзындығы шексіз талшықтан немесе жібек талшығынан түратын ма- таларды жатқызуға болады. Жібек маталар талшықтық қүрамының табиғатына байланысты сегіз топқа бөлінеді, оның әрқайсысы сәйкес топшалардан түрады. Жібек матасының ассортименті барлық мата ассортиментінің 11% қүрайды, артикулдардың саны өте көп, тәртіпке сәйкес олар төрт санды санмен белгіленеді, бірінші сан матаның то- бын, екіншісі - топшасын білдіреді. Жібек матасының жіктелуін және топтың немесе топшаның сипаттамасын біле отырып, матаның арти- кулы бойынша оның қүрылымы, дайындалуы және кейбір қасиеттері туралы белгілі көрсетілімдерді қүрауға болады.

Slide 16

Жібек матасы ассортименті

Прейскурантқа сәйкес жібек матасы сегіз топқа бөлінеді: 1-табиғи жібекті, 2-басқа талшықпен қоспалы табиғи жібекті, 3-жасанды жіпті, 4- басқа талышықпен қоспалы жасанды жіпті, 5-синтетикалық жіпті, 6- басқа талшықпен қоспалы синтетикалық талшықты, 7-жасан- ды талшықты және басқа талшықпен қоспалы жасанды талшықты, 8- синтетикалық талшықты және басқа талшықпен қоспалы синтетикалық талшықты. Мата ассортиментінің әрбір тобы топшаға бөлінеді: 1-крепті, 2-тегістелген, 3-жаккардты, 4-түкті, 5-арнайы. Жібек маталары жеңіл, салмақсыз мөлдірден ауыр көп қабаттыға дейін шығарылады. Барлық класта тоқымалық өрім қолданылады. Маталар сиретілген, жолақты, рельефті құрылымды және әртүрлі түстік дайындауларда - ағартылған, тегісбоялған, ала шұбарлы, меланжды, баспа суретті, металдық жіппен жылтырланған болады. Астарлық және плащтық маталар «шанжан» әсерлі құбылысты, құлпырмалы бо- яуымен ерекшеленеді, олардың негіздік және арқаулық жүйесі әртүрлі түсті болады.

Slide 17

Жүн матасының ассортименті

Тоқыма өнеркәсібінде өндірілетін жүн маталары, қүрылымы, тағайындалуы және сыртқы дайындамасы бойынша әртүрлілігімен сипатталады. Жүн маталарының ассортиментінің ерекшелігі болып, жылу сақтағыштық қасиеті есептелінеді, бүл оның жылы және қыстық киімдерге арналуын айқындайды. Өңдеу тәсіліне және талшықтық қүрамына байланысты жүн маталарының ассортименті алты топқа бөлінеді: 1-тарақты таза жүнді, 2-тарақты жартылай жүнді, 3-жүқа шүғалы таза жүнді, 4-жүқа шүғалы жартылай жүнді, 5-дөрекі шүғалы таза жүнді, 6-дөрекі шүғалы жартылай жүнді.

Slide 18

Шамамен жеке топтар топшаларға бөлінеді: 1-көйлектік, 2-костюмді тегісбоялған, 3-костюмді ала шүбар және фасонды, 4-шүға, 5-пальтолық, 6-драптар, 7-түктік, 8-жамылғы.

Тарақты таза жүнді маталардың тобы маталардың көпшілігінде екі қабатта ширатылған, жүқа тарақты иірімжіптен өндірілген маталардың ассортиментін біріктіреді. Бүл жаймалық, саржалық, крептік және аралас өрімнің суреттері жақсы көрінетін, жүқалау жүн маталары.

Көйлектік маталардың топшасы әйелдер, балалар көйлегін, жеңіл костюмдерді дайындауға арналған жүн маталарының ассортиментін қүрайды. Матаның көпшілігі материалдың эксплуатациялық қасиетін жоғарылататын, негізі мен арқауы екі қабатпен ширатылған иірімжіптен жасалады. Бүл өте жүқа және жеңіл жүн маталары, ол 1 м2 матаның салмағы 100-248 г. Жеңілірек жүн маталар көйлекке, ал ауырырақ - ко- стюмге қолданылады. Матаның ені - 100-150 см, маталар жаймалық, крептік, саржалық және аралас өріммен өндіріледі.


Ұқсас жұмыстар
Мақта матасы
Жібек мата
Аралық материалдар ассортименті
Сүйікті пәндері
Мата түрлері
Маталардың қасиеттері мен түрлері
Күйік түрлері
МАЙЛЫ ЗЫҒЫР
Ер адамның сырт киімдері
Кілегейлі заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz