Инфрақұрылым түсінігі




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі
Алматы Технологиялық Университеті

Инфрақұрылым түсінігі
Орындаған:Жаркынбекова Н.
Қабылдаған:Жояұлы Қ.
Тобы:РДиГБ 15-11

Алматы 2017жыл
Жоспар

Инфрақұрылым дегеніміз не?
Инфрақұрылым түрлері
Нарықтық инфрақұрылым
Өндірістік инфрақұрылым
Әлеуметтік инфрақұрылым
Пайдаланылған әдебиет
Инфрақұрылым - (латынша Infra - төменгі, астыңғы, structura -
құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет
етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық
шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік
инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту
желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық
инфрақұрылым - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда,
жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым,
мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық
инфрақұрылым - тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды
жүйелер, саябақтар және т.б.).
Нарықтық
инфрақұрылы
м
Өндірістік
Инфрақұрылы
инфрақұрылы
м
м
Әлеуметтік
инфрақұрылы
м
Нарықтық инфрақұрылым (орыс.
Рыночная инфраструктура) – тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің нарықтағы
қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар мен
мекемелер жүйесі.
Оның құрамы:
ұйымдық база – биржа, жабдықтау-өткізу,
делдалдық ұйымдар, коммерциялық
фирмалар, т.б.;
материалдық база – көлік құралдары, қойма,
ыдыс шаруашылығы, ақпараттық жүйелер,
т.б.;
несие-есеп айырысу базасы – банктер, басқа
да несие-қаржы мекемелері.
Өндірістік инфрақұрылым – өндірістің жалпы жағдайын
қалыптастырушы шаруашылық салаларының жиынтығы. Өндірістік
инфрақұрылым қоғам мен адам факторларын ескере отырып, әлеуметтік
жағдайды жақсартуға, халықты жұмыспен, материалдық және рухани
қажеттілікпен қамтамасыз етуге әсерін тигізеді. Мемлекет өндірістік
инфрақұрылымды дамыта отырып, өндірістік үдерістердің ұтымды жұмыс
істеуіне экономикалық, өндірістік және технологиялық жағдайлар
тудырады. Халықаралық өндірістік инфрақұрылым – ұлттық көлік жүйесі,
байланыс және ақпарат таратушы жүйе элементтерінің жиынтығы. Ол
халықаралық қарым-қатынасқа, ішкі экономикалық байланыстарға қызмет
етеді. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға
бағытталған. Өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру және дамыту
аймақтың еңбек бөлінісінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады және екі
жаққа тиімді халықаралық шаруашылық байланыстарын қалыптастырады.
Эконикалық жаһандану дәуірінде өндірістік инфрақұрылым халықаралық
аумақтық еңбек бөлінісінде дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын
күшейтуге өзіндік септігін тигізетін элемент; қысқышы Инфрақұрылым.
Әлеуметтік инфрақұрылым – материалдық игіліктерді ұдайы өндіру (қызметтер көрсету)
үдерісін және халықтың қалыпты тұрмыс жағдайын қамтамасыз ететін салалар тобы. Оған тұрғын
үй, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу және пайдалану, бөлшек сауда, қоғамдық
тамақтандыру, денсаулық сақтау, білім беру, т.б. жатады. Әлеуметтік инфрақұрылым материалдық
игіліктерді тікелей жасамайды. Бірақ онсыз өндірістік үдеріс не жетілдірілмеген болады, не мүлде
мүмкін емес. Әлеуметтік инфрақұрылым өзінше бір жүйелік түзілім ретінде материалдық-
тұрмыстық, әлеуметтік-сауықтыру, рухани-білім беру, коммуникациялық және әлеуметтік-
экономикалық жүйе тармақтарынан құралады. Материалдық-тұрмыстық тармақты жүйеге тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық және сауда қызметін көрсету, қоғамдық тамақтандыру
жатады. Бұл тармақты жүйе негізінен халықтың материалдық-тұрмыстық және табиғи
физиологиялық қажеттерін қанағаттандырады. Әлеуметтік-сауықтыру тармақты жүйесі денсаулық
сақтау мекемелерін, спорт ғимараттарын, туристік ұйымдарды қамтиды. Рухани-білім беру
тармақты жүйесі халықтың танымдық, рухани қажеттерін (білім алу, мәдениет, өнер)
қанағаттандыруға бағдарланған.
Коммуникациялық тармақты жүйе жолаушы
көлігі және халыққа байланыс қызметін көрсету
аясын қамтиды. Әлеуметтік-экономикалық
тармақты жүйе халықтың түрлі қызметтер
көрсету және қаржы-несие операциялары
бойынша қажеттерін (жинақ кассалары,
банкілер, құқықтық мекемелер – заңды кеңестер
беру, нотариалдық кеңселер) қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейі:
оны дамытуға жұмсалған шығынның
шамасымен (материалдық, қаржы және еңбек
шығыны); өндірістік-экономикалық
көрсеткіштермен (кәсіпорындар мен объектілер
торабы мен қуаты, инфрақұрылым дамуының
тиімділігі); қол жеткізілген әлеуметтік
нәтижелермен (халықтың Әлеуметтік
инфрақұрылым игіліктерімен және қызметтер
көрсетумен қамтамасыз етілуі, оның объектілері
мен мекемелеріне халықтың қол жеткізе алуы)
сипатталады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә.,
Макроэкономика Алматы -2003ж 23-28б
2. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О., Экономиканы
мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері 2002 202 б.
3. Осипова Г.М., Экономикалық теория негіздері
Алматы-2002ж 123б. ...

Ұқсас жұмыстар
ДІНДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ТӘСІЛДЕРІ
Инфрақұрылым түрлері
Туризмдегі қызмет көрсету түсінігі
ҚР-ғы инвестициялық саясат
Нарықтық құрылымның жіктелуі
Аймақтың өндірістік инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру бағыттары
ТЕХНОЛОГИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ
Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы
Кәсіпкерлік пәніне жалпы шолу
Салық төлеушінің құқықтары
Пәндер