ПСИХОЛОГИЯ пәні


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Психологияға кіріспе»

п. п. м Абдикаримова А. Ж.

1. Тақырып

Slide 2

«ПСИХОЛОГИЯ» пәні Модуль 1 Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға

1. Тақырып Психологияға кіріспе

Жоспар:

1. Психология ғылымы туралы түсінік

2. Психология ғылымының пәні, мақсаты мен міндеті

3. Психология ғылымының даму тарихы

4. Психология ғылымының салалары

5. Психологияның әдіснамалық негіздері

Slide 3

1-дәріс. Психология ғылым ретінде

«Психология» термині грек сөзінен аударғанда екі сөздің мағынасын білдіреді: psyche - жан, психика және logos - мән-мағына, ақыл-ой, таным, зерттеу (ғылымдардың дәстүрлі атауы сияқты бірінші бөлігі - ғылым нысанын, ал екінші бөлігі - оған жету жолын білдіреді) .

Сонымен, тура мағынада психология - бұл психика туралы білім, оны зерттейтін ғылым.

Slide 4

ПСИХОЛОГИЯ

Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т. б. ) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.

Slide 5

Психология (гр. psyche - жан, logos - сөз, түсінік, ілім) ғылымының теориялық бастауларын білімнің жеке саласы ретінде біз ежелгі грек философиясынан екі мыңжылдан астам уақыт бұрын табамыз. Аристотель "жан туралы" трактатында алғаш рет жан мен тірі дененің бөлінбейтіндігі туралы идеяны ұсынды. Ол тірі тіршілік иелерінің ақылға қонымды және ақылға қонымсыз әрекеттерін бөліп көресетеді. Ақылға қонымсыз немесе ақылсыз бөлігі өсімдік (вегетативті) және жануарларға тән деп көрсетеді.

Slide 6

Ақылға қонымды бөліктерде: сезім, жады, ерік, түсінік, ақыл қасиеттерінің өз деңгейлері бар. 1590 жылы Рудольф Гоклениус "Психология" терминін алғаш рет жан туралы ғылымды белгілеу үшін өзінің еңбегін «Психология» деп атауда қолданды. "Психология терминін адамның жетілуі туралы, жаны туралы және ең алдымен оныңпайда болуы туралы" деп пайдаланды. Христиан Вольфтың жұмысы пайда болғаннан кейін, "Эмпирикалық психология" және "рационалды психология" деп аталатын психология бойынша алғашқы оқулықтар пайда болды.

Slide 7

Адам психикасының эксперименталды, қатаң ғылыми зерттеулері неміс ғалымы Вильгельм Вундттың алғашқы эксперименталды психологиялық зертхана құрған кезде 150 жыл бұрын басталды. Осы уақыттан бастап психология тарихта дербес эксперименталды ғылым ретінде қабылданды.

Вильгельм Вундт

неміс психологы, философы, физиолог (1832-1920)

Slide 8

Ю. Б. Гиппенрейтер бойынша, «Психология қазіргі танда адамға белгілі ең күрделі құбылыс туралы ғылым. Өйткені психика - бұл жоғары ұйымдасқан материяға тән қасиет. Егер де адам психикасы туралы айтсақ, онда «жоғары ұйымдасқан» деген сөзге «ең жоғарғы» деген сөзді қосу керек: себебі адамның бас миы - бұл бізге белгілі ең жоғары ұйымдасқан материя».

Slide 9

Адамның ішкі жан дүниесін, оның сырттай болмыспен өзара

ықпалдастық байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен арнайы ғылым - психология (грек. psiche-жан, logos-ғылым) айналысады.

Slide 10

Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты.

1879 ж. Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты.

Психология терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді.

Психология термині грек сөзінен шыққан: psyche - «жан», «психика»; logos - «ғылым»

Slide 11

ПСИХОЛОГИЯ - психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның көрінісінің жеке-дара типологиялық ерекшеліктері жөніндегі, сонымен бірге адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.

Slide 12

Психология пәні:

іс-әрекет субъекті ретіндегі адам;

өзін өзі реттеуіне қажет тұлғаның жүйелі өз сапалары;

адам психикасының қалыптасуы мен әрекеттік қызметке келу заңдылықтары;

адамның болмысты бейнелеу қабілеттері және оны тануы;

соның нәтижесінде өзінің сырттай дүниемен өзара ықпалдасты байланыстарын реттей алуы.

Slide 13

Психологияның негізгі міндеттері:

Slide 14

Психологияның негізгі объектісі :

- дене, биологиялық және әлеуметтік әлеммен

қарым-қатынас жасайтын, іс-әрекет, таным, қарым-қатынас субъектісі ретінде әрекет ететін субъект ретіндегі адамның психикасы.

-Психология адамның өзі түсінетін немесе

түсінбейтін субъективті (жан) құбылыстардың, процестер мен жағдайлардың ішкі әлемін, сондай-ақ оның мінез-құлқын зерттейді.

Slide 15

Осылайша, бүгінгі таңда психологияны мінез- құлықты және ішкі психикалық үдерістерді ғылыми зерттеу ретінде, сондай-ақ психологиялық алған білімді іс жүзінде қолдану ретінде анықтауға болады.

Slide 16

Психологияның дамуындағы негізгі сатылар

Психология дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетер болсақ, психология объектісін, пәні мен мақсаттарын түсіну оның тарихи дамуы барысында өзгеріп отырғанын айта кеткен жөн.

1) психология жан туралы ғылым ретінде;

2) психология сана туралы ғылым ретінде;

3) психология мінез-құлық туралы ғылым ретінде;

4) психология психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым ретінде.

Slide 17

Психологияның негізгі даму кезеңдері

І кезең. Психология жан туралы ғылым.

ІІ кезең. Психология сана жөніндегі

ғылым.

ІІІ кезең. Психология әрекет-қылық

жөніндегі ғылым.

IV кезең. Психология шынайы

заңдылықтарды, психика көріністері

мен тетіктерін зерттеуші ғылым.

Slide 18

Психологияның негізгі даму кезеңдері

I кезең - психология «Жан» туралы ғылым ретінде. Көптеген ғасырлар бойы, ежелгі Грециядан бастап, Орта ғасыр мен қайта өрлеу дәуірін қоса алғанда, жан философтар мен діни ұстанымдардың мәні болып табылады, сондықтан осы даму кезеңінде психологиялық білімнің мәні, зерттеу пәні жанның түсінігі болып табылады.

II кезең - (XVII ғ. бастап) психология «Сана» туралы ғылым ретінде. "Жан" ұғымы "сана" ұғымына айналды. Адам санасын қалыптастыру жолдары, әлем мен өзін тану процестері - осы кезеңдегі психологияның негізгі ғылыми мәселесі болып табылады.

Slide 19

Психологияның негізгі даму кезеңдері

III кезең - (XX ғ. ) психология «Мінез-құлық» туралы ғылым ретінде. Психологияның міндеті - адамның сыртқы бақылаудағы реакцияларын, әрекеттерін тіркеу мен талдаудың объективті әдістерін пайдалана отырып, эксперимент жүргізу және адамның мінез- құлқын, реакцияларын бақылау жүзеге асты.

IV кезең - (қазіргі заманғы) психология «Психиканың» объективті заңдылықтарын, көріністері мен механизмдерін зерттейтін ғылым ретінде. Қазіргі кезеңде психологияның зерттеу пәні - психиканың табиғи құбылысы, оның жеке жағдайы, адам мен жануар психикасы болып табылады.

Slide 20

Жалпы психологияның құрылымы

Психологияның таным процесі

Психологияның қасиеттері

Түйсік

Қабылдау

Қиял

Ойлау

Зейін

Ес - Елес

Сөйлеу

Эмоция

Темперамент

Сезім

Мінез

Қабілет

Ерік

Slide 21

Психологияның басқа ғылымдармен байланысы

Slide 22 Slide 23

Еңбек психологиясы

Медициналық психология

Инженерлік психология

Заң психологиясы

Зоологиялық психология Салыстырмалы психология

Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары

Арнайы психология

Педагогикалық психология

Әскери психологиясы

Спорт психологиясы

Slide 24

Психология салалары

Еңбек психологиясы

Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .

Педагогикалық психология

Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз.

Slide 25

Психология салалары

Медициналық психология

Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология[2], психофармакология[3], психотерапия[4], психопрофилактика[5], психогигиена[6] дейтін салаларға бөлінеді.

Жас ерекшелік психологиясы


Ұқсас жұмыстар
Психология ғылыми және оқу пәні ретінде
Педагогикалық психологиялық жалпы ғылымы
Басқару психологиясының даму бағыттары
Қолданбалы психология
Медициналық психология
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Бастауыш мектептегі
Психологияны оқыту әдістемесі оқу пәні ретінде
Психологияның негізгі салалары
ХХ ғасырдағы бихевиоризм мен гештальт психология (толықтырылған)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz