Қасым хан: Қазақ хандығының кеңеюі, Қасқа жол заңы және тарихи мұрасы


Slide 1

Қасым хан

Slide 2

Қасым хан Жәнібекұлы

Қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі - Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған-бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі

Slide 3

Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды. 1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды.

Хандықты басқаруы

Slide 4

Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.

Slide 5

Қасым хан тұсында қазақ әскерінің саны 200 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді. Шекара батыста - Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды. Қасым хан өз тұсында берік және адал хандардың бірі болды.

Slide 6

Ұрпақтары

Қасым ханның тарихта үш ұлының аты қалған. Олар: Мамаш, Хақназар хандар және Әбілқайыр сұлтан. Мамаш хан Қазақ хандығының тарихындағы аласапыран кезеңде билік етіп, қақтығыс кезінде қаза тапқан. Ал Хақназар хан қазақ халқының тарихында ұлы билеуші ретінде қалғаны белгілі. Әбілқайыр сұлтан Иран шахымен болған шайқаста 1511 жылы қаза болған.

Slide 7

Қасым ханның қасқа жолы

«Қасқа жол» - деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған.

Slide 8

Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:

Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;

Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;

Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;

Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді.

Slide 9

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Slide 10

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан кезінде былай деп жазыпты:

Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшіліксүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды.

Slide 11

Қасым хан өлгеннен кейін, өзара қырқысулардың өрши түсуіне байланысты, Қазақ хандығы біраз әлсіреді, ал моғолдар мен қазақтардың арақатынасы өзгерді.

Slide 12

Жерленуі

Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбаларына қарағанда, Қасым хан 1518 жылы қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің «Раузат-ат Тарихирин» атты еңбегінде Қасым ханның өлген уақыты 1523-1524 жылдар деп көрсетеді.

Қадырғали Жалайырдың сөзі бойынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қаза болған. Тарихшы А. П. Чулошников Қасым ханның Сарайшықтағы мазарының 17 ғасыр басында кұламай аман тұрғанын жазады.

Slide 13 Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Қасым хан (XV-XVI ғғ.): өмірі, билігі және Қасқа жол заңдарының тарихи маңызы
Қазақ хандығының құрылуы және Қасым хан дәуіріндегі мемлекеттік басқару жүйесі
Қасым хан дәуіріндегі Қазақ хандығының өрлеуі: территориялық кеңею, құқықтық реформалар мен Шайбани ханмен соғыстар
XV-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының мәдениеті мен құқықтық дәстүрлері: Қасым ханның Қасқа жолы, Есім ханның Ескі жолы және Жеті жарғы
Ә. Бөкейхановтың мінездемесі: Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы рөлі мен Қасқа жолдың маңызы
Қазақ хандығының құрылуы: Керей мен Жәнібек және XV ғасырдағы кеңеюі
Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі: сыртқы саясат пен әскери қақтығыстар (1538-1580)
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы: тарихи кезеңдер, заңдар және зерттеу бағыттары
Абылай хан және XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаты
Қазақ хандығының 550 жылдығы: қалыптасуы, даму кезеңдері және тарихи маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz