Өлеңнің соңында



Ө. Тұрманжанов, М. Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Қ. Баянбаев, М. Жаманбалинов, Ж. Смақов шығармашылығы.
Орындаған: Молдағали Н. К.


Өтебай өлеңдеріндегі тағы бір өзгешелік - балаларға үлгі - өнеге ету үшін шығарманың ең соңында барлық оқиға желісінен, айтылған ойдан белгілі бір қорытынды жасап, естерінде қаларлықтай түйін түйеді. Өлеңнің соңында:
Аралардан бал жедім,
Ондай тәтті көрмедім,
Құмырсқадан нан жедім,
Ондай дәмді көрмедім, -
деп, ойын - сауық, күлкіден тұрмысты түзерлік ешнәрсе таппай, өмір тетігі деп табылған еңбектен онан тиісті жемісін көргендігін оқушыға дәлел етіп ұсынады.
Өтебайдың бұдан басқа Қазақстан миллиардына арналған «Сабан той», «Ащы терден, тәтті нан», «Бір кезде», «Нан туралы баллада» тәрізді өлең жырларында еңбекпен табылған ел ырысын, астықты нанды ысырап етпеуді, төгіп шашпауды, талан-таражға түсірмеуді, аяққа баспауды, оларды көздің қарашығындай сақтап, қадір тұта білуді үйретеді.
Қорыта келгенде Өтебай аударған мысал өлеңдердің бәрі де балалараға үлгі-өнеге боларлық, өмір танытарлық жанды көріністер арқылы бері леді. Өтебай Тұрманжанов балалар әдебиетін жазу жолында 50 жылдан аса үздіксіз еңбек етіп келеді. Қазақ балалар әдебиеті поэзиясының өсуі мен даму жолдары Өтебайдың атымен тығыз байланысты.




Қадыр ақынның балаларға айналған “Жаңғалақтар”, “Кішкене Қожанасырлар”, “Данышпан”, “Ноян қоян”, “Алуан палуан”, “Сабақ”, сынды кітаптары бар. Барлығы да ақындық жолының бастауы, негізі деуге болады.
Балалар әдебиетінн зор үлес қосу, балалар тілін сезіну, бала санасына кіру, “бір мезеттік бала болу” әркімнің қолынан келер шаруа емес. Орақ тілді, от жүректі Қадыр ақынның шығармашылығында балаларға базарлықтар өте көп. Күнделікті оқиғалар, қызықты жайттарды, қарапайым жағдайдарлардың барлығын тілдік нормаға негіздеп, үлкен шеберлік танытқан. Мәселен:
Көзім түсті апамның
Көзіндегі жасына.
“Белгісі ме қапаның?”
Деп келдім мен қасына
Сұрамақпын, білмекпін
Жанына не батқанын.
Байқамаппын, көрмекпін,
Пияз турап жатқанын.
Өлең түсінікті жеңіл орамдармен, балаларға қызықты тілмен жеткізілген. Қара өлең негізінде жазылған, көркемдеуіш құрал жоқ, жеңіл оқылып, тез сіңіріледі. Өлең бастамасы ой қалдыру, сұрақ туындату мәселесінен басталып, оқушыны бірден ойға қалдырары хақ. Артынша, сол түйіннің шешімін тез, жеңіл шешіп тастаған.


Жасөспірімдер мен балаларға арналған кітаптар шығаратын «Жалын», «Балауса» баспаларында қызмет істей жүріп, баспагерлердің салмақты жүгін таразылап, бағалай білді. Сонымен қатар «балаға тек қана жақсы кітап шығаруымыз керек» деген ұстанымды талап ретінде қойды. Шындықты бетке айтатын «қатал аға» кейін бала деп қалам тербейтін тұтас бір қауымды өз соңынан ерткен «қамқор аға» атанды.
«Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» тікелей Қаскеңнің ұсынысымен, басқаруымен іске асты. Бәрін шешкен осы кісі, бірақ «мен өстідім» деп бір айтпайды, үндемейді, мақтанбайды. Балалар әдебиетінің ең шоқы биігінде отыратын адам осы Қаскең.
Балалардың жанын түсінетін, миын, ойын, психологиясын, әдет-ғұрпын түсінетін адам осы Қаскең. Оның тәрбиесінен шыққан ақын-жазушылар баршылық. Бүкіл адалдығымен, білімімен қызмет жасаған адам.

Жаманбалинов Мүбәрәк 1924 жылы 7 қарашада Павлодар облысындағы Тәттімбет ауылында дүниеге келген.
Орта дәрежелі агрономдық білім алып, Новосибирдегі Татар МТСнда учаскелік агроном болып істейді. Одан соң Омбы орысқазақ педучилищесін бітіріп, ұзақ жылдар мектепте ұстаздық етеді. Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің Ертіс ауданындағы меншікті тілшісі болған. Әдебиетке елуінші жылдардан араласты. «Айна бұлақ» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1956 жылы жарық көрді. Содан бері әлденеше жыр жинағын шығарған ол негізінде балалар ақыны ретінде танымал.


Табиғаттың қызықты құбылыстарының бірі - дауыл. Автор табиғаттың осы бір құбылысының өзіндік ерекшелігін «Дауыл» атты өлеңінде бейнелейді. Дауыл, Дауыл, Дауылда, Тыныштық бер ауылға. У-шу қылып теректі, Шаң-шаң қылып жер-көкті, Жұлып-жұлқып қақпаны, Бар ма сонда тапқаны?
Өлеңнің ерекшелігі: еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерді образ жасауда сәтті қолдануы, риторикалық сұрақ қойып, баланы ойландыру, дауылдың екпінін динамикалы өрнектелуі. Теректі у-шу қылуы, жер-көкті шаң қылуы, қақпаны жұлқуы көріністерін жинақтау арқылы автор баланың көз алдына жан бітіре «дауылдың бейнесін» жасайды. Табиғат көркін бала қабылдауына жеткізуде өзен, көлдің, бұлақтың ағысын образды суреттеген өлеңдері жеке бір шоғыр құрайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz