Аралас линиментер




Презентация қосу
«Дәрілер технологиясы кафедрасы»

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы:Линименттер технологиясын жетілдіру.Линименттердің тұрақтылығын
арттыру үшін қосымша заттарды қолдану.

Орындаған:Бекова С.К.
Тобы:ФӨТҚБ-02-21
Қабылдаған:Асылова Н.А.

Шымкент 2023ж.
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Суспензиялық,эмульсиялық және аралас линименттердің тұрақтылығын
арттыру жолдары.
Жаңа эмульгаторларды,қоюландырғыштарды және т.б. таңдау және
пайдалану.
Антиоксиданттарды қолдану арқылы липофильді негіздердің химиялық
тұрақтылығын арттыру.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Линиментер официналды дәрілік түр. МФ Х басылымына жалпы мақала
енгізілген (395 бет, 376 мақала). Дисперстік жіктелу бойынша линиментер
сұйық немесе пластикалық дисперстік ортасы бар еркін дисперстік жүйе.
Құрамы (бір немесе бірнеше дәрілік заттар және негіз), қолдану тәсілі,
технологиялық сатыларының ортақтастығына байланысты жағар майлар
мен линиментерді бір дәрілік түр – жағар майларға - жатқызу әбден негізді
және заңды. Сонда да линиментер, сұйық жағармайлар ретінде, өз
ерекшеліктерімен сипатталады. Негіз ретінде линиментерде өсімдік
майлары (күнбағыс, шабдалы, майсана), бадам, вазелин майы, балық майы,
эсилон және басқалар қолданылады.
Дисперстік дәрежесі және дәрілік заттардың негізде таралуы бойынша
майлы линиментер гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді. Гомогенді
линимент - бір-бірінде еритін ингредиенттердің мөлдір сұйық қоспасы.
Мұндай линиментердің дайындалуы тікелей босататын құтыда
ингредиенттерді араластыру жолымен жүргізіледі.
Гетерогенді линиментер. Суспензиялық линиментер құрамына суда,
глицеринде, майларда және басқа сұйықтықтарда ерімейтін
(сульфаниламидтер, ксероформ, мырыш тотығы, крахмал, ақбалшық және
басқалар) кіреді. Суспензиялық линиментерді дайындаған кезде дәрілік
заттарды майда ұнтақ болғанша ысқылайды және сонан соң жазылған
сұйықтықпен араластырады. Суспензиялық жағармайларға қарағанда
суспензиялық линиментер седиментациялық тұрақтылығы төмендігімен
сипатталады. Тұрақтылығын арттыру үшін қоюлатқыштар, аэросил
(оксил) жалпы линимент салмағынан 3- 5% мөлшерде қосылады. Мысалы,
тұрақтандырылған Вишневский линименті
Lіnіmentum balsamіcum Wіschnevsky
Құрамы:
аққайың қара майынан
3,0 г
ксероформнан 3,0 г
оксилдан 5,0 г

майсана майынан 89,0 г
100
Эмульсиялық линиментер, М/С немесе С/М типіндегі эмульсиялар
болатын, екі фазалы жүйелер. Олар майлы майлар мен сілтілердің немесе
сабындардың ерітінділерінің қоспасы. Эмульгаторлар жазылымда
көрсетіледі, 324 кейбір жағдайларда эмульгаторлар линименттің құрамына
кіретін ингредиентердің әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі.
Кеңінен қолданылатын аммиак (ұшқыш) линименті - Lіnіmentum
ammonіatum seu lіnіmentum volatіlе.
Құрамы:
Аммиак ерітіндісі 10% 25,0
Күнбағыс майы 74,0
Олеин қышқылы 1,0
100,0
Аралас линиментер. Аралас линиментер - құрамына физика-
химиялық қасиеті әр түрлі екі және одан да көп дәрілік заттар кіретін
линиментер технологиясы сондай типтегі жағар майлар секілді
жүргізіледі. Аралас линиментерге - МФ lХ басылымына енгізілген
стрептоцид, синтомицин линиментері жатады, ол суспензиялық және
эмульсиялық көп фазалы жүйе.
Lіnіmentum Streptocіdі 5 % (МФ lХ, 282 - мақала).
Құрамы:
Ақ стрептоцид 5 г
Балық майы 34 г

Эмульгатор Т 2 4-5 г
Тазартылған су 56,0
Lіnіmentum Synthomycіnі 1 %, 5 % және 10 % (МФ lХ, 283 - мақала)
Emulsum Synthomycіnі 1 %, 5% 10 %
Құрамы: Синтомицин 1,0 5,0 10,0
Майсана майы 20,0 20,0 20,0
Эмульгатор Т-2 9,0 7,0 7,0
Тимол 0,15 0,15 0,15 немесе
Салицил қышқылы 0,125 0,125 0,125
Тазартылған су 100,0 дейін
Ресуспендирлену.
Суспензиялық және эмульсиялық линименттер барлық гетерогенді
жүйелер сияқты периодты түрде тұрақты емес. Егер шайқаған кезде 15-20
секунд ішінде линимент бастапқы күйіне келсе, онда тексеріліп жатқан
линименттің ресуспендирленуі жақсы.
Қорытынды
Барлық линименттерді қысқа мерзімге, ең жақсысы ex tempore
дайындаған дұрыс, яғни бұл тұрақтылығы жеткіліксіз дәрілік түр деген сөз.
Линименттерді салқын, жарық түспейтін жерде тығындалған құтыларда
сақтайды. ұщқыш, термолабильді заттары бар линименттерді 10оС-тан
төмен температура жағдайында дайындайды. Қою линименттерді кең
мойынды құтыларда немесе тубаларда босатады. Суспензиялық
линименттерді “Қолданар алдында шайқа” деген этикеткамен безендіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер
•Технология изготовления лекарственных форм. – Милованова Л.Н.,
Тарусова Н.М., Бабошина Е.В. Ростов-на-Дону: «Феникс», 2002.– 448 с.
• «Технология изготовления лекарственных форм». Под ред. д.м.н., проф.,
академика РАМТН Э.М. Аванесьянца. Ростов н/Д: «Феникс» - 2002. – 488 с.
• «Практикум по технологии лекарственных форм» под ред. И.И. Краснюка
и Г.В. Михайловой. Москва 2007 г. – 432 с.
•Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент,
2008. – 348 бет.

Ұқсас жұмыстар
Органикалық емес табиғаттың жіктелуі және номенклатурасы
Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық сандарды қосу
Аралас санды бұрыс бөлшекпен жаз
Бүтіні бөлігі Алымы тең Бөлімібілімдерін кіші көрсете
Аралас сандарды қосу
Пневмакониоздар
ЖАЙ БӨЛШЕКТЕРГЕ АМАЛДАР ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
Санның бөлігін табуға есептер шығару
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НАҚТЫ СЕКТОРЛАРДЫҢ ДАМУЫ
Швецияның аралас экономикасы
Пәндер