Аналардың бейнесі


Slide 1

Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңіндегі символдық бейнелердің мәні.

Шығармашылық жұмыс.

Орындаған: 5-сынып оқушысы

Ораз Гүлдана

Slide 2

Мәселе.

Ақынның «Сағындым» өлеңіндегі көңіл-күйін, сезімдерін ашатын символдық бейнелерінің мәнін анықтау.

Slide 3

Болжам.

Егер ақынның қолданылған символдық бейнелері автордың ішкі сезімін ашатын болса, онда кез келген адамның ішкі сырын бейнеге жатқызуға болар еді.

Slide 4

Зерттеудің пәні:

-өлең: оны оқу, талдау салыстыру;

қосымша әдебиеттер.

Зерттеудің нысанасы:

Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңіндегі символдық бейнелер

Slide 5

Мақсаты.

Өлеңді жан-жақты талдап, ақынның ішкі сырын ашатын символдық бейнелердің мәнін ашу және Сәкен Сейфуллиннің «Сағындым»

өлеңімен салыстыру.

Slide 6

Міндеттері:

Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянымен танысу;

ақынның «Сағындым» өлеңін оқу, талдау;

символдық бейнелерді анықтап сипаттама беру;

Сәкен Сейфуллиннің «Сағындым» өлеңімен салыстыру.

Slide 7

Әдіс -тәсәлдер:

теориялық: талдау;

салыстыру.

Slide 8

Мағжан Жұмабаев 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданында туған. Төрт жасынан ауыл мұғалімінен хат танып, сауатын ашады. 1905-1910 жылдары Қызылжардағы медреседе оқиды . 1910-1912 жылдары Уфадағы Ғалия медресесінде білім алады. 1912 жылы Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түсіп, 1916 жылы бітіріп шығады. «Алаш» партиясын құруға қатысады. » Алғашқы өлеңдер жинағы «Шолпан» деген атпен Қазан қаласында 1912 жылы жарық көреді . 1917 жылдың қазан күні Омбыдағы «Үш шүз» партиясының басшылары облыстық қазақ комитетінің мүшелері Мағжан Жұмабайұлын тұтқынға алады. «Сағындым» өлеңі Омбы түрмесінде

отырғанда жазылған. 1923-1927 жылдары Москвада Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқыды. 1929 жылы «Алқа»астыртын ұйымын құрды деген жаламен 10 жылға сотталады. Қамаудағы ақын М. Горькийдің араласуымен 1936 жылы бостандық алады. 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы кеңес өкіметіне қарсы деген айыппен атылады.

Slide 9

«Сағындым»

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.

«Қарашығым, құлыным!»-деп зарлаған,

Алыстағы сорлы анамды сағындым.

Жатқан үйім- қабырғасы қара тас,

Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас

Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,

Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас.

Тапал, салқын, тым қараңғы үңгір тар,

Есігімде мықты қара құлып бар.

Кіп-кішкене терезелер темірлі,

Мұндай үйден кімге естілер ащы зар!

Алтын Күнді, қара жерді сағындым,

Жан жолдасым- жүйрік желді сағындым.

Асау таудай еркелетіп өсірген

Ағайынды, туған елді сағындым.

Әлдеқайда Күн шығады, батады,

Сорлы тұтқын күңіреніп жатады.

Қарар болсаң терезеден темірлі,

Көздеп тұрған күзетшілер атады.

Ас бола ма сасық сорпа, қара нан?

Алама бетте қалмады ғой тамшы қан.

Қоңырау қағып оятады ақырып,

Тым болмаса сібірлеп те айтпай таң.

Бостандықта өткен күнді сағындым,

Желдей зулап кеткен күнді сағындым

Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті,

Ойдағыны еткен күнді сағындым.

Абақтының айға баға күні ұзақ,

Жанды жейтін жылға баға түні ұзақ.

Ескі мола дән дыбыс жоқ, тым -тырыс,

Тық-тық басып күзетші жүр жалғыз-ақ.

Қара жылан - қалың ойлар қаптады,

Шыбын жаным барар жерді таппады.

Ойлар жейді жас жүректі жегдей,

Тәңірі ием, таңың- дағы атпады!

Ойыны бір құрдастарды сағындым,

Тілегі бір жолдастарды сағындым.

Келешекке бірге жоспар құрысқан,

Сырласатын жан достарды сағындым.

Уға толды жас жүрегім, жабықтым,

Таныс дауыс ести алмай зарықтым.

Не дегенін, не істегенін біле алмай,

Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың !

Құшақтарға жанымда жоқ жақын жан,

Басқа шапшып мазаны алды ыстық қан.

Жалындаған жас жүрекке не пайда,

Дене күйіп, бір жатып, бір тұрудан ?

Жүрегіме жақын жанды сағындым,

Жібек мінез, ақық жарды сағындым.

Айрыларда күн шығыстан ағарып,

Ақ жібектей шапақ таңды сағындым.

Не көрсем де алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!

Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер,

Істей берсің қолдарынан келгенін.

Қалың елім, қалың қара ағашым,

Қайраты мол айбынды ер, алашым!

Өзі- ақ құлар, сырың берме сабыр қыл,

Ақымақтар байқамаған шамасы.

Қазағымды, қалың елді сағындым,

Сарыарқамды- сайран жерді сағындым.

Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті,

Арқадағы айдын көлді сағындым.

Қуанышта: «Әй сені ме!» - дегендер,

Күйініште мен үшін уайым жегендер.

Құтылу, қиын, басқан адым андулы,

Тізіп қойып ертеңді- кеш түгендер.

Тәңірі ие, өзің алшы панаңа,

Тас бауырлар зарға құлақ салама ?!

Баласынан тұтқын болып сарғайған,

Кім жеткізер сәлемімді анама?

Абақтыда айды, күнді жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даланы сағындым.

«Қарашығым, құлыным ! » - деп зарлаған

Алыстағы сорлы анамды сағындым!

Slide 10

Өлеңге сатылай кешенді талдау.

Өлеңнің тақырыбы

Бостандықта өткен күндеріне сағыныш сезімдерін білдіру

Өлеңнің идеясы

Қандай қиыншылықтар кездессе де, жақсылыққа жорығу, үміт сәулесін үзбеу.

Өлеңнің өлшемі

4 4 3

/ Абақтыда / /айдан, күннен/ / жаңылдым /, 11буын, а

4 4 3 / Сарғайдым ғой//, сар даламды// сағындым/, 11 буын, а

4 4 3 /«Қарашығым//, құлыным!»-деп// зарлаған/, 11 буын, ә

4 5 3 /Алыстағы// сорлы анамды// сағындым. / 12 буын, а

19 шумақты, 4 тармақты, 3 бунақты, 11-12 буынды,

қара өлең ұйқасы.

Көркемдеуіш құралдар.

Қайталау.

Әр шумағында «Сағындым» сөзінің қайталануы ақынның сағыныш сезімін әсерлі жеткізеді.

Slide 11

Теңеу

««Асау тайдай еркелетіп өсірген» Мұнда ақын өз балалық шағын еске түсіріп, ерке болып өскенін анғаруға болады.

«Жыл құсындай», «Желдей зулап» жел секілді көзге ілінбей бостандықта өткен күндерін аңсайды.

Кейіптеу

«Жанды жейтін жылға баға түні ұзақ» абақтыдағы күндерінің өтпейтінін көрсеткен.

«Шыбын жаным барар жерді таппады. » шыбынның ұшқанын көз алдымызда елестетсек, ақынның ойы мазасыз екені көрінеді.

Дерексізді заттандыру

Ойды әсерлі жеткізу үшін дерексізді заттандыру.

«Уға толды жас жүрегім» өз елі үшін қор болғанын көреміз.

Өлеңдегі етістіктер.

Жаңылдым, сарғайдым, зарлаған, сағындым, бар, естілер, еркелетіп, өсірген, шығады, батады, қалмады, зулап кеткен, ұшсам, қонсам, жұр, қаптады, таппады, жейді, жабықтым, зарықтым, болдым, мазаны алды, уайым жегендер, тізіп қойып, құлақ салу динамиканың көрсеткіші. Олар автордың жалпы абақтыда жүрген қозғалысы емес, абақтыда пайда болған ойларының динамикасы

Slide 12

Түстердің психологиясы.

Күйзеліс.

Slide 13

Символдық бейнелер.

«Жатқан үйі-қабырғасы қара тас» немесе


Ұқсас жұмыстар
Тәрбиелік жүйе
Мектеп тәрбие жүйесі
ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері және оның бала әлеуметтенуіне тигізер әсері
Тəрбиенің құралдары
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті
МОТИВАЦИЯ МОТИВАЦИЯ ТҮРЛЕРІ
Психикалық дамулары тежелген балалардың психологиялық коррекциясының негізгі ұстанымдары
Сынып жетекші мен ата – ана байланысын арттыру арқылы бала тәрбиесін жетілдіру ізгілендіру жолдары
Ата - анамен жұмыс түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz