ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ




Презентация қосу
VI-X ҒҒ.ТҮРКІ
ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ
РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ
Орындаған: Нұржан Даяна
Тексерген: Айнұр Жақыпқызы
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары
негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата
қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс
аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жəне Алдыңғы Азия, Шығыс
Еуропа]] территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес
халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин
тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір
ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі" терминін
қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген
көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы
өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде
әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің
бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша
кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған.
Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-
сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің
қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні
бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан
біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл
төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту
әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де
жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге
сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған
және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен
Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған.
Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан
әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, от-суға да бас игенін білдіретін
деректер кездеседі
КӨНЕ ТҮРІКТЕРДІҢ
РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ
Әлемдегі барлық түркі тектес халықтар әдебиетінің бастау бұлағы болып табылатын көне
түркі дәуіріндегі жазба жәдігерліктердің саны бүгінде 300-ге жетіп отыр. 552 ж. құрылған
түркі қағанаты, онан кейінгі кезеңде екіге бөлінген (603 ж.) Батыс және Шығыс түрік
қағанаттары дәуірлерінде жазылған аталмыш шығармалар көне түркі дәуіріндегі әдебиет
деп аталады.Әрі қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ ұйтқы тілде жазылған. КТЕ
ғылымға белгілі бола бастауы ХІХ ғ. алғашқы жартысынан басталды. Тұңғыш рет тасқа
жазылған жазулар жөнінде әйгілі орыс ғалымы Г. Спасскй өзі шығарып тұрған «Сібір
хабаршысы» деген журналда (1818 ж.) жариялаған. Бұл мақала ұзамай латын тіліне
аударылып, әлем ғалымдарының назарын аудара бастады. Осымен бір мезгілде Сібірде
айдауда жүрген швед офицері Табберт Стралленберг Минусинск ойпатынан тасқа жазылған
белгісіз таңбаларды кездестіргені жөнінде қосымша хабарлама жасаған. Ол өзі тапқан
жазуларды швед тілінде «РУНА» деп атаған. Қазақ тіліне аударғанда белгісіз таңба, құпия
жазу деген мағынаны білдіреді. Кейін ғылымда «руникалық жазу» атты термин пайда болды.
Осы мәліметтер баспасөз бетіне жарияланғаннан кейін, тұңғыш рет Финляндия
археологиялық қоғамы 1875 ж. және 1889 ж. Минусинск ойпатына екі рет ғылыми экспедиция
ұйымдастырды. Нәтижесінде 32 таблицалы 8 фотосуретті атлас жариялаған. Ал 1889 ж. орыс
ғалымы Н.М. Ядринцев бастаған ғылыми экспедиция Минусинск ойпаты Енисей өзенінің
аңғарымен жағалай отырып, Монғолия жеріндегі Орхон өзеніне дейін барып қайтты. Осы
экспедиция нәтижесінде биіктігі 3,5 метр Күлтегін жазуы табылды. 1890 ж. Ядринцевтің
ізімен финдердің Гейкель бастаған үшінші экспедициясы және орыстардың 1891 ж. Радлов
бастаған екінші экспедициясы (құрамында Ядринцевте бар) зерттеу жұмыстарын жүргізіп
қайтты. 1892 ж. екі экспедицияның да қорытынды нәтижелері шығарылып, Гелсингфорс және
Санкт-Петербург қалаларында арнайы мәжіліс өткізілді. Осыдан соң-ақ бүкіл дүние жүзі
ғалымдарының алдында шешімін күткен жаңа проблема қойылды. Ол «руникалық»
таңбаларды оқу еді. Осы кезде Дания ғалымы Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл
білімінің профессоры, түрколог ғалым В.Томсен 1893 ж. өзінің «Тәнірі», «Түрік», «Дулыға»
деген сөздерді оқығаны жөнінде мәлімдеме жасады. Осы оқудың нәтижесінде тұңғыш рет
құпия жазуды оқудың құпия кілтін тапты. Сонымен бірге Радловта КТЕ-нің 16 таңбасын
ажыратқанын мәлімдеді. 1894 ж. Радлов орыс тіліне аударып, мәтіннің нұсқасын, латын
тіліндегі транскрипциясын қоса жариялады. Ал Томсен болса 1895 ж. өз тіліне аударып
шықты. Кейіннен орыс ғалымдары С.Е. Малов, П.М. Мелиоранский КТЕ-нің зерттелуін тарихи,
әдеби тұрғыдан қарастырды. Ал 1965 ж. И.Стеблева «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған»
ОРХОН ЖАЗБА
ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Орхон жазба ескерткіштері – Орхон, Селенга өзендері
бойынан табылған, 7 – 8 ғ-ларға жататын көне түркі сына
жазбалары. Бұл жазба ескерткіштер қағандар әулетінің
эпитафиялары саналады, көне түркі тайпаларының жоғары
тіл мәдениеті мен дүниетанымын көрсетеді; қ. Білге қаған
ескерткіші, Күлтегін жазуы, Күлшора (Күлі Чора) жазуы,
Мойын – Шор жазба ескерткіші, Тоныкөк жазуы.
Көне түркі жазуларда, әсіресе құлпытастардағы жазуда
Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.б. сияқты түркі
елбасыларының істеген ісі, түркі жұртының сол кездегі
жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың
дүниетанымы сипатталады.
КӨНЕ ТҮРІКТЕРДІҢ
МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Қазылған қабірлерден алынған археологиялық заттар, ең
алдымен сол уақыттағы қару-жарақтардың, ер-тұрман мен
әшекейлердің сипаты жөнінде түсінік береді. Шығыс
Қазақстандағы қабірлердің бірінен ағаш қынабымен бірге екі жүзді
семсер табылды, оның сабы жүрек тәрізді және тік бұрышты
кішкене қаптырмалармен сәнделген. Сондай-ақ қиындысы ромб
тәрізді найзаның ұшы табылды. Кейбір қабірлерден киім-кешектің
қалдықтары сақталған. Бобровское қорымындағы қабірден
көкірекшесі былғары, етегі қысқа шекпен мен ұзын жібек
желбегейдің қалдықтары табылды. Жазба деректемелер мен
археологиялық материалдыр түрік киімінің қандай болғанын
топшылауға мүмкіндік береді. Ол жүн және жібек маталардан,
сырт киім теріден тігілген. Қабірлерде балшық ыдыстар кездеседі.
Олардың бәрі қолдан жапсырылып істелген. Бөріжар қорымынан
шыққан керамика шүмекшесі бар құмыра, сапты аяқтар болып
келеді. Ежелгі замандағы және әуелгі орта ғасырлардағы
Қазақстанның тарихы бүкіл дүние жүзілік және отандық тарихтың
ажырамас құрамдас бөлігі. Ежелгі мекендеушілер орасан зор
өлкені бірте-бірте игеріп, еңбек құралдарын жетілдіріп, өздерінің
төлтума материалдық және рухани мәдениетін жасады.
ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің
тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар
бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді. Орта ғасырда Қазақстан
өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек
жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі
қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб
ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата
базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы,Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы,Бұқара
қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар». VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған
Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс
пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген
кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ.
Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.Қазақстанның Сырдарияның орта бойына
орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын
Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын
басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға
түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен
қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған

Отырар қаласы
Ұлы жібек жолы
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ
БЗД 3-2 ғас Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. ҰЖЖ шығыс пен
батысты байланыстырып, Жерорта теңзенен Қытайға дейін Еуразияның қақ жарып
өтетін керуен жтлынң жүйесі. Ұзындығы 7000 шақырымнан астам. Бұл жол Орта
Азиямен Қазақстан Территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып,
дамыды:
Лазурит жолы:Бадахшан тауы Иран Мисопотамия Мысыр Сирия Қытай.
Нефрит:Жаркентдария Шығ Түркістан Қытай.
Дала:Қара теңіз жағалауы Дон Оңт Орал Ертіс Алтай Зайсан көлі.

Қазақстан жеріндегі ҰЖЖ негізгі бағыттары Жетісу мен Оңт Қазақстан Арқылы өтіп,
төрт тармаққа бөлінді. Батыстан шығысқа бағытталған Іле бағ, Еуропа бағ, Орта және
Шығ бағыты. ҰЖЖ 6-7ғғ ең гүлденген бағыты Қытайдан жетісу оңт Қаз арөылы
батысқа баратын жол.
Тауар тасымалы:Саудадағы тауар Жібек. Ол алтынмен теңелетін и халқаралық
валютаға айналған. Батыс елдеріне жеткізіліп, кейіннен Үндістан, Иран, Византия, Араб
халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды. ҰЖЖ арқылы тасылатын тауарлар:
жасмин суы, мускат жаңғаға, пілдер, арыстандар, арғымақ, тотықұс. Ортағасырлық
Азияда әлемнің тқрт патшалығы туралы тұжырым болды: Пілдер патшалығы не
Үндістан, Бағалы тастар патшалығы не Иран мен Византия, Сәйгүліктер паш не Түрік п,
адамдар пат не мемлекетті басқару және өнеркәсіп пат Қытай. ҰЖЖ арөылы Қытайда
көп таралған Шығ Түркістан мен қазақстанның әуендері болды. Сырдариядағы Кедер
қаласынан 9-10ғғ жататын Саздан жасалған маска табылды. Осы ғғ жерлеу дәстүріне
өзгеріс еңгізіліп, мұсылмандық сипат пайда болд. Орта ғасырлық ЖЖ маңызы:
Отырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынасы күшейіп, бірін бірі байытты.
Қалалар көбейді, сыртқы байланыс дамыды, сауда өркендеді. ҰЖЖ 2000ж бойы жұмыс
істеді. 15ғ су жолы пайда болған соң кеуен жол тоқтатылды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, әлем мәдениетінің қалыптсауына
ерекше әсер еткен, өзіндік орны бар түркі мәдениеті жайлы
көптеген мәліметтерге қанық болдық. Мұны түріктердің рухани
мәдениеті мен Орхон-Енесей ескерткіштерінде бейнеленген
Күлтегін мен Тоныкөктің қалдырған жазбаларынан-ақ көреміз.
Ұлы Жібек жолы және ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан
ұлағаты мол дәстүрлер мен тығыз байланыстар, әсіресе, оның
кемел келешегі мені сүйсіндіреді әрі таңғалдырады. Еуропа
мен Азияны, Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл жол түрлі
мәдениеттің дамуына ықпал етіп, алыс-жақын елдердің өзара
қарым-қатынас жасауына өте қолайлы еді. Қазақ даласында
өмір сүрген сол замандағы отырықшы қала тұрғындары мен
көшпелі тайпалар адамзат мәдениетінің дамуына әсерін
тигізген. Халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, білім деңгейлері
көтерілді. Саусағынан өнер тамған қолөнер шеберлері
өздерінің таңғажайып туындыларын дүниеге әкелді.

Ұқсас жұмыстар
Арғы түркілердің мәдени мұрасы
Түрік жазулары
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨРКЕНИЕТІ
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Орхон ескерткіші
Батыс пен Шығыс мәдениетін байланыстырған жол
Орталық Азияның өзіндік мәдениеті
Көшпелілер мәдениеті
Ортағасырдағы Қазақстандағы түркі мәдениеті мен оның еуропалық және исламдық мәдениетке әсері
Түркі философия
Пәндер