Проблемалық оқыту


Slide 1

№5 Дәріс.

Тақырыбы: Математиканы оқыту әдістері мен формалары, қағидалары

Жоспар:

1. Математиканы оқытудың негізгі дидактикалық қағидалары

2. Педагогиканың жаңашыл заңдары

3. Математиканы оқыту әдістері және жіктелуі

4. Проблемалық оқыту

5. Бағдарламалық оқыту

6. Математикалық модельдеу

7. Аксиоматикалық әдіс

Slide 2

1. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ

Дидактика (didacticos - оқыту) білім беру және оқыту теориялық қарастыратын педагогиканың бір саласы. Дидактика пәніне оқытудың принципі мен мақсаты заңдылықтары, білім біру мазмұнының ғылыми негізі, әдістері, оқыту түрлері мен құралдары жатады.

Дидактика міндеттері: оқыту үрдісін сипаттау эәне түсіндіру, оны іске асыру шарты; оқу үрдісін жаңашалау, жаңа оқу жүйелері мен технологияларды жасау. Оқыту қағидасы - дидактикалық үрдісті ұйымдастырып және іске асыруға қойылатын нормативтік талаптар мен жетекші идеялалар. Олар оқу үрдісін реттейтін жалпы нұсқау, ереже, нормаларымен сипатталады.

Slide 3

Оқыту қағидасы - оқу үрдісін сапалы және тиімді дамытуды қамтамасыз ететін басты талаптар жүйесін сақтауға негізделген.

Математикалық білім тұжырымдамасының негізі төмендегі қағидаларға сүйенеді:

ғылымилық;

бірізділік;

танымдылық және белсенділік, дербестігі;

түсініктілік;

көрнекілік;

мектептің барлық сатыларында математикалық үздіксіздігі мен жалпылылығы;

білім мазмұнының ұйымдастыру әдістерінің түрі мен оқыту сабақтастығы;

жүйелілік және бірізділік;

математикалық білімдер жүйесі;

математикалық білім беруді дифференциялдау, дербестендіру және математиканы оқу деңгейін еркін таңдай алу шартын туғызу;

ізгіліктілік;

тәрбиелік функциясын арттыру;

математиканың ;

оқыту әдістерін қамтамасыздандыруды қолдану;

оқытуды компьютрлендіру және т. б.

Slide 4

2. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАҢАШЫЛ ЗАҢДАРЫ

Инновациялық білім оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге байланысты проблемалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа идеялар, тұжырымдамалар мен заңдылықтар, ұсыныстар, ережелер мен алгоритмдер болып табылады.

Жалпы инновациялық іс-әрекет дегеніміз оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерінің жаңаша ұйымдастырылуы.

Білім беру жүйесінде инновациялық үрдістердің қарама - қайшылығы мен даму динамикасын түсіндіру үшін педагогиканың жаңашыл заңдары көмектеседі.

Slide 5

Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.

Slide 6

1. Педагогикалық инновациялық ортаның қайтымсыз тұрақсыздық заңы. Білім беру жүйесіндегі кез келген инновациялық үрдісті іске асыруда өзі іске асырылатын инновациялық әлеуметті - педагогикалық ортаға қайтымсыз өзгертулер әкеледі. Нәтижесінде, қандайда бір педагогикалық үрдістер немесе құбылыстарды тұтастай түсіну бұзылады. Әлеуметті - педагогикалық ортаға жаңашыл педагогикалық заңдылық енгізуден, көз - қарас құндылығы мен оның осы ортадағы мәні жоғалады. Педагогикалық жаңашыл идеялардың мәні артқан сайын, теориялық, практикалық, коммуникативтік, практикалық әртүрлі типтегі инновациялық ортаға қатысты тұрақсыздық жүргізіледі.

2. Инновациялық үрдісті іске асырудың заңы. Кез келген инновациялық үрдіс іске асырылуда, кеңінен қолданылып, өзінің жаңашыл идеялық құндылығын ерте ме кеш пе жоғалтады. Мысалы, В. А. Шаталов.

3. Педагогикалық инновацияларды орнықтыру заңы. Кез келегн педагогикалық инновация ойлау орнықтылығымен практикалық әрекетке айналады. Осы негізде ол басқа да жаңа заңдылықтырды іске асыруға бөгет болады. Инновациялық ортады бөгет болып орнығып қалады.

Slide 7

3. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ

Дәстүрлі оқыту ақаулықтары қазірігі білім беру жүйесінде көптеп кездеседі, яғни атап айтсақ:

оқушы назарын оқу материалының мәніне шоғырландыра алмайтын материалдың ауызша түсіндірлуі;

математикалық материлады зерттеудің баяулылығы;

есте сақтауды қажет ететін материалының көптігі;

математика бойынша дифференциялдық тапсырмалардың жетіспеушілігі;

Математиканы дәстүрлі оқыту ақаулықтарын оқуды жаңашалау жолымен жоюға болады.

Slide 8

Әдіс (грек тілінен аударғанда metһodos - зерттеу жолы) мақсатқа жету тәсілі.

Оқыту әдісі - оқыту және тәрбиелеу мақсаттарын іске асыратын дидактикалық тәсілдер мен құралдардың реттелген жиынтығы. Оқу әдісі оқушы мен мұғалімнің белгілі бір мақстқа бағытталған әрекеттерінің өзара байланысқан, рет - ретімен орындалатын тәсілдері жатады.

Оқытудың кез келген әдіс мақсат әрекеттер жүйесі, оқыту құралдары мен болжанған нәтежелері арқылы сипатталады. Оқыту әдісінің объектісі мен субъектісі - оқушы болып табылады.

Slide 9

Оқыту әдісітерін жіктеу әртүрлі негізде жүргізіледі.

Танымдылық әрекеттер сипаттамасы бойынша:

ауызша түсіндіру - көрнекілік (әңгіме, дәріс, демонстрациялау және т. б. ) ;

репродуктиті (есеп шығару, тәжірибені қайталау, т. б. ) ;

проблемалық (проблемалық есептер, танымдылық есептер, т. б. ) ;

жартылай ізденушілік - эвристикалық;

зертеушілік.

Әрекеттердің компоненттері бойынша:

ұйымдастырушылық әрекетте - оқу таным әрекетін ұйымдастыру және іске асыру әдісі;

ынталандыру - оқу - танымдылық жұмысын себептендіру, және ынталандыру әдістері;

бақылау - бағалау - оқу таным әрекетінің тиімділігін бақылау және өзіндік бақылау әдісі.

Дидактикалық мақсаттар бойынша:

жаңа білімді игеру әдісі;

білімді бекіту әдісі;

бақылау әдісі.

Slide 10

Оқу материалын түсіндіру бойынша:

монологиялық - ақпаратты хабар (әңгіме, түсіндіру, дәріс) ;

диалог (пікір талас, әңгіме, проблемалық жағдайлар) .

Оқу үрдісін ұйымдастыру түрі бойынша.

Оқушының дербес белсенділік деңгейлері бойынша.

Білім алу немесе білімді меңгеру көздері бойынша:

ауызша (әңгіме, пікірталас, нұсқаулар) ;

көрнекілік (демонстрация, иллюстрация, схема, материалды көрсету және график) ;

практикалық (жаттығулар, зертханалық жұмыстар, практикум) .

Тұлға қасиеттерін ескеру бойынша:

танымдылық (әңгіме, нұсқау, иллюстрация және т. б. ) ;

тәртіптілік (жаттығу машығы) ;

сезім - ынталандыру (бақылау, мадақтау, ұқыптау т. б. ) .

Slide 11

Білім берудегі жаңа мазмұндар математиканы оқытудың жаңа әдістерінің туындауына себепші болады.

Педагогикада әдістер (2 әдіс)

оқыту әдісі

оқу- ғылыми әдісі

Оқу -ғылыми әдістері ғылыми (бақылау, анализ, синтез және т. б. ) және зерттеу (эвристикалық, модел арқылы оқыту) негізінде болады.

Оқыту әдістері - оқушылардың танымдылық әрекетін ақпараттандыру, басқару және бағалау тәсілі мен құралы болса, ал оқу -ғылыми әдістеріне құрал және тәсіл, оқу материалын игеру тәсілдері, оқытудың продуктивті және репродуктивті тәсілдері, өзін -өзі бақылау тәсілдері жатады.

Бақылау және тәжірибе, салыстыру, анализ және синтез, жалпылау, абстракциялау және нақтылау математикалық зерттеудің негізгі әдістері.

Slide 12

Математиканы оқытудың қазіргі жаңа әдістеріне проблемалық (болжамдық), зертханалық, бағдарламалық оқыту, эвристикалық, математикалық моделді құрастыру, аксиоматикалық және т. б. жатқызуға болады.

1 - сурет - Оқыту әдістерінің жіктелуі

Математиканы оқытудың қазіргі жаңа әдістеріне проблемалық (болжамдық), зертханалық, бағдарламалық оқыту, эвристикалық, математикалық моделді құрастыру, аксиоматикалық және т. б. жатқызуға болады.

1 - сурет - Оқыту әдістерінің жіктелуі

Slide 13

Ақпаратты - дамытушы әдістері: ол өз алдында екі классқа бөлінеді: 1) ақпаратты дайын күйінде игеру (дәріс, түсіндіру, оқу кионфильмдері мен видиофильмдерін көрсету, арнайы оқытуға қатысты аудио касеталарды тыңдау, т. б. ) ; 2) білімді өз бетімен игеру (оқулықпен өз бетімен жұмыс, оқыту бағдарламасымен, ақпаратық базаларымен дербес жұмыс, ақпараттық технологияны қолдану) .

2. Проблемалы - ізденуші әдістер: оқу материалын проблемалық тұрғыда қарастыру (эвристикалық мәнде әңгіме жүргізу), пікірталас, зертханалық іздену жұмыстары, шағын топтардың жұмысында ұжымдасып ойлау әрекетін ұйымдастыру, зерттеу жұмыстары.

3. Репродуктивті әдіс: оқу материалын айтып беру, нұсқа бойынша белгіленген үлгіге қарап жаттығуларды орындау, реті көрсетілген үлгі бойынша зертханалық жұмыс жасау.

4. Шығармашылық - репродуктивті: шығарма, өндірістік жағдайға сараптама, қызметтік және кәсіби әрекеттің басқа да түрлері.

Slide 14

4. ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ

Проблемалық оқыту - ғылыми ізденудің негізгі сипаты енгізілген оқыту әдіс -тәсілдеріне сәйкес әрекет тәсілі мен білімді шығармашылық игеру заңдылықтарына негізделген дидактикалық жүйе.

Оқытудың проблемалық әдісі - оқыту мақсатында туындаған проблемалық жағдайларды біртіндеп шешу бойынша жүргізілетін оқыту әдісі.

Проблемалық жағдай - ұсынылған міндеттерді шешуге қажетті білім мен игерілген білімнің арасындағы туындаған сәйкессіздікке қатысты қиынышылық.

Slide 15

Проблемалық жағдайды туғызатын міндеттер проблема немесе пролемалық міндет деп аталады. Проблемалық міндеттің белгілері:

проблемалық жағдайдың туындауы;

шешімін іздеуге деген ізденушінің қызығушылығы мен дайындығының айқындығы;

шешімді іздеудің әртүрлі бағыттылыға сәйкес шешім жолдарының біртұрғыда болмауы.

Slide 16

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1. Проблемалық жағдай туғызады

1. Қарастырылған құбылыстағы қарама -қайшылықты түсіну

2. Проблема туралы тұжырым жасауды ойластыру және оны қарастыруды ұйымдастырады

2. Проблеманы тұжырымдау

3. Туындаған қарама -қайшылықтарды түсіндіретін болжамды іздестіруді ұйымдастырады

3. Құбылысты түсіндіретін болжамдар ұсыну

4. Болжамды тексеруді ұйымдастырады

4. Есептерді шешуде, зерттеу жұмыстарында болжамдарды тексереді

5. Алынған нәтиже мен білімді жалпылап, қолдануды ұйымдастырады

5. Нәтижені сараптайды, қортынды жасайды, алған білімді қолданады

2- кесте- Проблемалық оқытудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Slide 17

Проблемалық оқытудың құрылымы төмендегідей:\

Қарастырылатын материалға актуализация,

Проблемалық жағдай туғызу;

Оқу проблемасын қою;

Проблемалық міндетті құрастыру;

Проблеманы іздену және шешуі (болжамды қалыптастыру, болжамды дәлелдеуқадамдарға сараптама, жалпылау) ;

Проблемалаларды шешуді тексеру. Зерттеу. Іздеушілік нәтижесіне сараптама.

Slide 18

5. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ОҚЫТУ

Бағдарламалық оқыту - элементарлық амалдар арқылы міндеттер қатаң тізбекті түрде, бір жүйеге салынып, шешіледі.

Бағдарламалық оқыту:

оқу материалдарын кішірек деректерге бөлу және дұрыс таңдап алу;

оқушыларды дұрыс жауаптармен, жіберілген қателермен таныстырғаннан кейін ғана оқу материалының басқа бөліміне ауысу керек.

әр оқушыға өзіне тән ерекшелігімен, өзіне тән жұмыс жасау теппімен орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Slide 19

Бағдарламалық оқыту кері байланыс орнатуда, жеке -даралықлық қағиданы жүзеге асыруда тиімді.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1. Оқу материалының алғашқы бір бөлігін ұсынады

1. Ақпаратты игереді

2. Осы оқу материалының бөлігін түсіндіреді

2. Оқу материалың алғашқы бөлігінің шарттары бойынша амалдар орындайды

3. Бақылау сұрақтарын қояды

3. Сұрақтарға жауап береді

4. Болжамды тексеруді ұйымдастырады

4. Есептерді шешуде, зерттеу жұмыстарында болжамдарды тексереді

5. Егер алынған сұрақтар дұрыс болса, оқу материалының екінші бөлігін ұсынады. Алынған сұрақтар қате болған жағдайда алғашқы бөлікке қайтып келеді

5. Оқу материалының келесі бөлігіне ауымады, егер жауаптар қате болса, онда лағашқы бөлікті қарастыруға қайта келеді

3 - кесте- Бағдарламалық оқытудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті (математика пәнінен)

Slide 20

6. МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

Шынайылылықты математикалық тұрғыдан танудың ең жемісті әдістерінің бірі математикалық моделді құру әдісі. Математикалық модель математика аппараты көмегімен шынайы жағдайда туындаған барлық міндеттерді шешу және тереңірек қарастыру мақсатында басқа білім аймақтарында сипатталған объектілерді зерттейді.


Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Педагогикалық технология - педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру
Оқытудың түрлері
Біріншісі - оқытудың ғылыми дәрежесін артыру
Оқытудың белсенді формасы мен әдістері
Проблемалық сұрақ
Эксперименттік биология сабақтарының әдістемесі
Интерактивті оқыту технологиялары
Білім берудегі педагогикалық технологиялардың оқыту үдерісінде жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz