Ғарыштық ұшу аппараттарының ұшу параметрлері, орбиталық элементтері және жіктелуі


Slide 1

ҒАРЫШТЫҚ ҰШУ АППАРАТТАРЫН ҰШЫРУ ПАРАМЕТРЛЕРІ

№4 ДӘРІС

Slide 2

ҒАРЫШТАҒЫ ЖҚЗ КЕШЕНІ

Slide 3

Ғарыштан ЖҚЗ-ны жүзеге асыру үшін техникалық құралдар кешені қажет, оларға мыналар жатады:

1. Ғарыштық ұшу аппараттары (ҒҰА) және оларды орбитаға шығару құралдары (ғарыш айлақтары, зымыран тасығыштар) ;

2. Қашықтықтан зондтау аппаратурасы;

3. Радио арнасы бойынша Жерге мәліметтер берудің борттық құралдары;

4. Ұшуды басқару мен ақпаратты қабылдаудың, оны өңдеу мен тұтынушыға тапсырудың жер бетіндегі кешендері;

5. Жер серіктеріне тәжірибелер жүргізуге арналған Жер бетіндегі полигондар торабы.

Slide 4

Ғарыш айлағы - жасанды жер серігін жеткізгіш зымыран арқылы берілген орбиталарға шығарылуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі заманғы ЖЖС-нің ресурстары шамамен 10 жылды құрайды және ол қозғалтқыш отын қорының мөлшеріне тәуелді. Сол арқылы орбитаның берілген уақытқа дейінгі кезеңдік түзетуін жүргізеді. ЖЖС есептеу орбитасынан, Жердің гравитациялық өрісі және басқа планеталардың, атмосфераның кедергісінен басқа да қалыпсыз факторларының әсерінен шығады.

Slide 5

Ғарыштық сектор белгілі мөлшердегі ЖЖС-ден тұрады. ЖЖС жиынтығын - шоқ жұлдыз деп атайды.

ЖСЖ-нің жұмыс істету идеологиясына сәйкес, ЖНЖС координаталары белгілі тірек нүктесі қызметін атқарып, кеңістіктік қиылыстыру бойынша Жер бетіндегі пункттер координаталарын анықтауды жүзеге асырады.

Жердің жасанды жер серіктерінің

ғарыштық секторы

Slide 6

ҒАРЫШТЫҚ ҰШУ АППАРАТЫ

Slide 7

ҒҰА мынадай негізгі түрлерге бөлінеді:

- Жердің жасанды жер серіктері (ЖЖС) ;

- экипажы бар ғарыштық ұшырылатын кемелер (бір рет және көп рет пайдаланылатын) ;

- орбиталық станциялар;

- автоматты ғаламшар аралық станциялар мен жер серіктері.

Slide 8

ҒҰА былайша жіктеледі:

Мақсаты бойынша:

- атмосфераның жоғарғы қабаттарын, жер төңірегіндегі және ғаламшар аралық кеңістіктегі физикалық құбылыстарды зерттеу міндеттерін шешетін ғылыми зерттеу және т. б. ;

- Жердің және басқа ғаламшарлардың табиғи ресурстарын зерттеу міндеттерін шешетін табиғаттанушылық;

- картографилық карталау міндеттерін шешуге арналған картографиялық;

- метеорологиялық, байланыстар, қозғалыстар (навигация) және т. б. жататын қолданбалық мақсаттағы.

Экипаждың бар-жоғы бойынша:

- ұшырылатын;

- ұшқыштарсыз;

- экипаж ауысымы бойынша.

Slide 9

ҒҰА былайша жіктеледі:

Массасы бойынша:

- жеңіл (массасы 300 кг дейін) ;

- орта (массасы 2000 кг дейін) ;

- ауыр (массасы 7000 кг дейін) ;

- өте ауыр (массасы 7000 кг жоғары) .

Жерге оралу мүмкіндігі бойынша:

- оралатын;

- оралмайтын;

- ішінара оралатын.

Жер бетіндегі құралдарымен байланысы бойынша:

- байланыссыз;

- бір жақты байланыспен;

- екі жақты байланыспен.

Бағдары бойынша:

- бағдарланбайтын;

- бағдарлау және тұрақтандыру жүйелерімен

бағдарланатын.

Slide 10

ҒҰА ОРБИТАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

ҒҰА орбиталық ұшуының траекториясы орбита элеменеттерімен сипатталады. Кеңістікте ҒҰА жағдайын түпкілікті анықтайтын параметрлер орбита элементтері деп аталады. Оларға кеңістіктегі орбита жазықтығының жағдайын, оның пішінін, көлемін сипаттайтын элементтер және орбитадағы ҒҰА жағдайын анықтайтын элементтер жатады.

ҒҰА эллиптикалық орбитасының элементтері

ҒҰА орбитасы элементтері (1. 1. а-сурет) берілген.

1. 1. б - суретте жазықтықтағы орбита проекцияі берілген

Slide 11

ОРБИТАНЫҢ ТИПТЕРІ

Негізгі белгілері бойынша орбита былай жіктеледі: орбитаның пішіні, жазықтың көлбеу бұрышының шамасы, орбита бойынша ҒҰА қозғалысының бағыты, ҒҰА ұшу биіктігі.

Орбита пішіні бойынша дөңгелек, эллипстік, параболалық және гиперболалық болып бөлінеді.

Slide 12

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Ғарыштық ұшу аппараттарының орбиталық элементтері мен орбита түрлері
ЖҚЗ ғарыштық аппараттарының орбиталық элементтерін есептеу
Ғарыштық бақылау аппараттарының жіктелуі мен Қазақстандағы ғарыш инфрақұрылымының жағдайы
Зертханалық сабақ №10. Ғарыштық бақылау аппараттарының жіктелуі және ғарыш инфрақұрылымы
Ғарыш ұшу техникасының қоршаған ортаның химиялық ластануына әсері: зымыран жанармайының құрамы мен экологиялық салдары
Резисторлар: анықтама, жіктелуі, негізгі параметрлері және қолданылуы
Буындардың жіктелуі, құрылымдық элементтері және қозғалыс түрлері
Алғашқы ғарыштық миссиялар және қазақ ғарышкерлерінің ерліктері
Қоғамның саяси жүйесі: тұжырымдама, элементтері және жіктелуі
Сүйек қосылыстары (артрология): жіктелуі, негізгі элементтері және биомеханикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz