Фонетиканың зерттелу тарихы


Slide 1

Касымбаева Улдай КЯЛ - 23\1 Бүркітбаева Анар

Фонетиканың зерттелу тарихы, обьектісі, салалары

Slide 2

1. Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі. «Фонетиканың зерттелу тарихы, обьектісі салалары» атты ғылыми зерттеу жұмысына қазақ тілі сабақтарында және сабақтан тыс уақытта дыбыстар туралы сөздердің дұрыс айтылу, жасалу, жазылу жолын меңгерту мен жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады.

2. Ғылыми жобаның мақсаты

фонетика жүйесін зерттеу

дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшелігін қалыптастыру

сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру

3. Зертеу нысаны:

Бұл ғылыми жоба қазақ тіл біліміндегі дыбыстардың құбылыстарын айқындауға арналады.

Notes: Это вопрос, на который дает ответ ваш эксперимент

Slide 3

Жоспар

Қазақ тілінің тарихи даму жолы.

Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі

Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі.

Slide 4

Қазақ тілі - сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл - адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі. Тілде қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу - қажеттілік. Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н. И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен) .

Қазақ тілінің тарихи даму жолы.

Notes: Опишите исследования в 3-5 пунктах.

Slide 5

Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі

Фонетика (грек. phônçtіkуs -дыбыстық, дауыстық) - тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да - дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады. Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады. Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да, дыбыс шығады, бормен тақтаға жазсақ та дыбыс шығады. Бұл - зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретіні - тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары. Адам баласы бірімен-бірі сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлеу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстардан, сөз буыннан, сөйлем сөздерден құралады. Демек, сөз дыбыстардан тұрады, ол - тіл дыбыстары.

Slide 6

Фонетиканың зерттелу тарихы

Н. И. Ильминский «Материалы к изучению киргзского наречия», 1860 жылы Қазан

В. В. Радлов «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы», 1882 жылы Лейпциг

М. Мелиоранский «Краткая граматика казах-киргизского языка», 1894-1895

Н. И. Ильминскийдің сөздігі - тұңғыш казакша-орысша сөздік болуымен кұнды жэне автор өзінің еңбегі аркылы осы күнгі орыс графикасына негізделген казак жазуының негізін салды. Н. И. Ильминский казак тіліндің дыбыстык құрамы 8 дауыстылардан жэне 19 дауыссыздар: а (ә), е, ы, і, в, ү, ү, д, п, б, м, у, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, г, к, г, ң дыбыстарынан тұратынын жазады. Н. И. Ильминский а жэне ә дыбыстарын бір фонема деп карастырған.

Түркітанушы еңбегінде казақ тілінің дыбыстык жүйесін 9 дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ы, і, ұ, ү) жэне 20 дауыссыздан тұратынын аныктаған. Дауыстыларды ашық (а, ә, е, о, ө), қысаң (ы, і, ұ, ү), жуан (а, о, ұ, ы), жіңішке (ә, е, ө, ү, і), еріңдік (о, ө, ұ, ү), езулік (а, ә, е, ы) деп жіктейді. Ал дауыссыздарды да іштей қатаң (қ, к, т, п, с, ш), ұяң (г, г, д, б, з, ж), үнді (н, ң, м, р) жэне аралық немесе жарты дауысты (у, й) дыбыстар деп бөлген. В. В. Радлов л дыбысын әрі жуан, әрі жіңішке айтылатын екі дыбыс деп караған.

Еңбекте қазақ тілінің дыбыстык жүйесі 9 дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) және 20 дауыссыздан тұратындыгын аныктайды (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, қ, ғ, к, г, ң, й, в) . Дауыстыларды жуан, жіңішке, ашық, қысаң деп жіктейді. Сонымен катар казақ тілінде сингармонизм заңы жаксы сакталғанын, соган байланысты сөздер бірыңгай жуан не жіңішке болып келетінін, еріндік дауыстылардың үшінші буыннан кейін әлсірейтіндігі туралы пікір айтады.

Notes: Выдвиньте гипотезу перед началом эксперимента. Это должно быть научно обоснованное предположение на основании ваших исследований.

Slide 7

Фонемалар жүйесі жайлы ұғым

Фонема - сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын, ары қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица.

Тіл білімінде фонема туралы ұғымның сыр-сипатын ашып айқындау фонетиканың тарихында жаңа үлкен белес болды және оның мазмұнына тіл дыбыстарын лингвистикалық аспектіде қарастыратын ілім - фонологияны енгізіп, фонетиканың шеңберін кеңейте түсті. Енді, сол фонемалардың табиғатын ашып айқындау мәселеріне келейік.

Фонема дегеніміз де - тіл дыбыстары, бірақ ол тіл дыбысы болғанда, сөздердің жігін ажырататын дыбыс . Фонема тіл дыбыстарынан бөлек тұрмайды, қайта, олармен тығыз байланыста болады. Фонема да - тілдің материалдық единицасы. Фонемаларды зерттейтін фонология мен тіл дыбыстарын зерттейтін фонетика екеуі екі түрлі пен емес, тіл туралы ғылымның бір түтін саласының екі түрлі жағы . Сонымен, фонема деген ұғым сөз мағынасын, сөздің жігін және морфемаларды ажырататын дыбыстар деген ұғымен байланыстырылады.

Notes: Список всех этапов эксперимента.

Не забывайте нумеровать этапы.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Салыстырмалы фонетика
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕЖЕЛУІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Психолингвистика тарихы
Миссионерлік бағыттағы қазақ фонетикасының зерттелуі
Африка материгі жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Қазақ тілі білімі қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы
Оңтүстік Қазақстан, Талас пен Шу аймағындағы қалалар мен қорымдар
Ғалым жазған Қазақ тілі грамматикасының арнаулы фонетика бөлімі - осыған айқын дәлел
Еуразияның географиялық орны
Географиялық орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz