Билік объектілері




Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ: БИЛІК ТҮСІНІГІ,
ОНЫҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ МЕН
ҚҰРЫЛЫМЫ.

Орындаған: КЯЛ-23\1 Жау жүрек 1-2 бала тобы
Тексерген: Исаева Ляззат
Жоспар:
Билік туралы жалпы түсінік
Қызметі
Міндеті
Мақсаты
Құрылымы
Билік туралы жалпы түсінік
Билiк — қазақ халқының дәстүрлі
санасында “ел басқару”, “өкім
ету” сөздерімен мәндес ұғымды
білдіреді.Қазіргі құқықтану, саясаттану ілім
дерінде де ол “өкімет” атауының синонимі
ретінде қолданылып жүр. Мәселен,
саясаттану ілімінде билік экономиялық,
идеологиялық, ұйымдастырушылық-
құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ,
беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен
адамдардың, әлеуметтік топтар мен
жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне
ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-
қатынастардың пішімі.
Билікке тән белгілер:

Өкіметтің ерік-қалауын
топтастыру, айрықша басқару
аппаратын иелену, арнаулы органдар
дербестігін қамтамасыз етіп,
қоғамдық тұрмысты тәртіпке
келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам
мен жеке тұлға қарым-
қатынасында мәжбүрлеу
мүмкіндігіне жету билікке тән
белгілер болып табылады
Міндеті:
Биліктің негізгі міндеті — қоғамды басқарудың стратегиясын айқындап, дамудың негізгі
бағыттары бойынша нақты шаралар қолдану, әлеуметтік процестерді шұғыл басқарып,
дамудың орнықтылығы мен сындарлылығының маңызды өлшемдеріне бақылау орнату, ал
ең басты принципі — оның заңдылығы (легитимділігі). Билік әлеуметтік құрылымның ең
күрделі әлеуметтік және саяси қарым-қатынастарын қамтитын қоғамдық, ұжымдар
мен олардың арасындағы қарым-қатынастарды қамтитын көпшілік немесе қауымдық
және жеке адамдық, шағын топтық деңгейлерінде салтанат құрып, қызмет атқарады.
Саясаттану ілімінде биліктің пайда болып, жүзеге асуының әр қилы пішімі зерделенеді.
Ол басқару пішіміне орай — монархиялық (абсолюттік және конституциялық),
республикалық (президенттік және парламенттік); мемлекет құрылысының пішіміне
орай — унитарлық, федеративтік, конфедеративтік; саяси режиміне орай —
тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық; саяси ағымына
орай консервативтік, неоконсервативтік, либералдық, неолибералдық, социал-
демократиялық болуы мүмкін. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот қызметі
тармақтарына бөлу жаңа дәуірдің үлкен теориялық жаңалығы болды. Олардың арасында
тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің болуы, яғни дербес билік тармақтарының өзара
үйлесімділігін сақтау, олардың заңға бағынуын қамтамасыз ету принципі демократиялық,
азаматтық қоғам орнатып, құқықтық мемлекет құруға берік негіз қалайды.[
Мақсаты:
Билік — көп қырлы ұғым. Ол қоғам
мүшелерінің арасындағы әлеуметтік-табиғи
айырмашылықтарға, субьективті-
обьективті қарым-қатынастарға
байланысты қалыптасады. Оның мақсаты
— қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз
ету, ал ішкі мән-мазмұны — үстемдік пен
бағыныштылықты
орнықтыру. Экономикалық, саяси,
құқықтық, әскери, рухани және
отбасылық билік түрлерінің арасында
қоғамдық дамудың ұйытқысы әрі саяси
күрестің негізгі нысаны болып саналатын
мемлекеттік биліктің маңызы ерекше.
Билік объектілері:

Билік объектілері –жеке
адамдар, олардың бірлестіктері,
топтар мен қауымдастықтар,
таптар қоғам, яғни жоғарыда
тұрған саяси субъектінің іс-
әрекеті бағытталатын
адамдар мен органдар.
Саяси билік:
Саяси билік қоғамның
әлеуметтік тұтастығын сақтау,
үстемдік етуші әлеуметтік
топтар мен таптардың
мүдделерін іске асыру,
әлеуметтік құрылымның жұмыс
жасауын қамтамасыз ету,
қоғамда тепе-теңдікті, өндіріс
пен өнімді бөлу шамаластығын
сақтау сияқты міндеттердің
бірқатарын жүзеге асыру
қабілетіне ие болуының
арқасында қоғамда өмір сүреді.
Мемлекеттік билік:

Мемлекеттік билік - бүкіл халық үшін
міндетті заңдарды шығару құқығына
бір өзі қожа және заңдар мен
жарлықтардың орындалуы
құралдарының бірі ретінде арнаулы
күштеу аппаратына сүйенетін,саяси
биліктің нысаны.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Билік-қоғамдық құбылыс. Билік саясаттың мәні. Ол махаббат
секілді күнделікті әңгімеде жиі қолданылатын анықталуы
және ұғымы қиын сөз.

Ұқсас жұмыстар
Жерге мемлекеттік меншік
Тұлға саясат субъектісі
Сақтандыру жайлы
Азаматтық құқық субьектілері
Салықтық міндеттемелер
Мемлекетті басқару түрлері
Топтағы құрылымдық элементтер
Биліктің қайнар
БИЛІКТІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
БИЛІКТІҢ ҚОРЛАРЫ
Пәндер