Тәрбие принциптері және заңдылықтары



Тәрбие принциптері және заңдылықтары.
Орындаған: Касымбаева Улдай
Тексерген: Аманкосова Айнур

Жоспар:
Тәрбие принциптері және заңдылықтары.
Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері, оларға мінездеме.
Мектептегі тәрбие принциптері
Notes: ПРИМЕЧАНИЕ. Чтобы изменить изображения на этом слайде, выберите рисунок и удалите его. Затем нажмите значок вставки рисунка в заполнителе, чтобы вставить собственное изображение.

Тәрбие принциптері және заңдылықтары.
Табиғат пен қоғам дамуы адамның еркінен тыс өмір сүретін объективтік заңдардың қатарына жатады. Бірақ адамдар ол заңдарды ашып, пайдалана білгендіктен олардың іс - әрекеті саналы, бағытталған іс - әрекетке айналады. Адамды табиғаттың құрамды бір бөлігі ретінде оны танып білу, оған тәрбие арқылы әсер ету өте күрделі педагогикалық процесс. барлық заңдылықтарын өз бойына жинақтаған ғылым.
Педагогикалық процестің заңдылықтарын кезінде К. Д. Ушинский өзінің “Педагогикалық антропология” деген еңбегінде ескертіп айтқан, педагогикалық қағидаларды құр жаттап алу ештеңеге қол жеткізбейді, пайда бермейді. Оның ғылыми негіздерін зерттеу керек, содан шығатын ережелерді білу керек деген. Ол психикалық құбылыстардың заңдылықтарын, оны басқарудың жолдарын зерттеуді, сол заңдарды ой елегінен өткізе отырып, жағдайларға байланысты, пайдалануға болады деген.
Notes: ПРИМЕЧАНИЕ. Чтобы изменить изображения на этом слайде, выберите рисунок и удалите его. Затем нажмите значок вставки рисунка в заполнителе, чтобы вставить собственное изображение.

Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері, оларға мінездеме
Тәрбие - бұл педагогикалық құбылыс. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс заңдылық деп аталады. Педагогикалық заңдылық деп - педагогикалық процестің тұтастығын айтады.

Тәрбиенің заңдылықтары
Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік - экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамуына игі әсер етеді.
Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым - қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін - өзі тәрбиелеу белсенділігі.
Тәрбие іс - әрекетінің және қарым - қатынастың шешуші рөлі заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру іс - әрекетіне байланысты. Іс - әрекеттің мынандай түрлері бар. Олар: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық - саяси іс - әрекеттері т. б. жатады.

4. Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы. Жас ерекшеліктері мынандай жағдайда еске алынады:
а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын
т. б. жасағанда;
ә) ағзаның дене және психикалық дамуына байланысты;
б) оқу, тәрбие процесінде.
Жеке адамның дербес ерекшеліктері;
а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик) ;
ә) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер.
Қабілет - адамның түрлі іс - әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.
Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы заңдылығы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады. Көрнекті педагогтар Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А Сухомлинский ұжымдық қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздерін жасады.
Принцип дегеніміз - адамның нақты іс - әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шартты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.

Мектепте мынандай тәрбие принциптері қолданылады:
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс - әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне әсер етеді.
2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасы мен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі. Бұл тәрбие жұмысының жетекші принциптерінің бірі. Педагогика ғылымы балалар мен жас өспірімдердің топтық және ұжымдық өмірін, олардың тұлғасының рухани байлығының, әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуының міндетті шарты деп қарайды. А. С. Макаренко ұжымды адамның біртұтас түрлі сапалары жаттығып, қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі “ұжым” болып ұйымдастырылған педагогикалық іс - әрекет процесін басқаларынан жоғары қояды - деп көрсетті.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz