Қысылған жарықтар


Slide 1

Орындаған:Тіленіш Ж. У

Факультет: Жалпы медицина

Топ: 35-1

Қабылдаған: Исабеков Н. А.

Қысылған жарықтар

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

Slide 2

Жоспар:

Қысылған жарық дегеніміз не?

Түрлері;

Жарық қысылуының клиникалық көрінісі және диагностикасы;

Емі.

Slide 3

Қысылған жарықтар - кенеттен жарық қабының ішіндегі мүшенің, жарық қақпасындағы қысылып, ишемия мен тіндердің некрозына алып келуін айтамыз. Қысылу асқыну ретінде 8-20 пайыз жарығы бар науқастарда пайда болады. Қысылуға ең жиі шап жарығы (50-60%), сирегірек сан жарығы (20-30 %) және кіндік(6-13 %), іштің ақ сызығының жарықтары, операциядан кейінгі, Спигелиев сызығының жарығы бейім.

Slide 4

Этиологиясы: Туа бiткен жарықтар iш қабы қабырғасының даму ақауы немесе жетiлмеуi нәтижесiнде дамиды. Мұндай балаларда туған кезiнде дайын жарық қабы болады. Мысалы, туа бiткен қиғаш шап жарығы. Жүре пайда болған жарықтар незiнде екi факторларды ажыратады: Ішқұрсақ қысымының көтерілуіне әсер етуші факторлар: Ауыр физикалық еңбек Іш қату Зәр шығарудың қиындауы босану Өкпені созылмалы аурулары Ұзаққа созылған жөтел Жиі жүрек айну

Slide 5

Бейімдеуші себептері:

Конституционалды ерекшеліктері

тұқымқуалаушылық

жыныс

жас ерекшелігі

Коллагендік аурулар.

Slide 6

Аталмыш асқынудың пайда болу механизмдеріне қарай :

Slide 7

Эластикалық қысылу. Пайда болу механизмі: іш қуысының қысымы, аса басым физикалық кү түсу себептерінен, кенеттен жоғарылап кеткен кезде, жалпы тіндердің оның ішінде жарық қақпағы мен оның аймағындағы бұлшық ет, шандырлардың серіппелігі жақсы сақталу себебінен жарық қақпасы созылып, жарық қабына ағзалар әдеттегіден көп көлемді болып шығады.

Ал іш қуысының қысымы төмендеген сәтте аталған тіндер жиырылады. Осы себептен жарық қабына шыққан ағзалар қысылып, жаншылады, ал ол, өз кезегінде жарық қабындағы ағзаларының қан айналымын бұзады.

Slide 8

Нәжістік қысылу. Жарық асқынуының бұл түрінде керісінше, жарық ауруы көпке созылып, жарық қақпағы кеңейіп, онда ішектердің басым бөлігі (әсіресе тоқ ішектің) орналасқан жағдайларда және жарықтың орнына түспейтін асқынуы қосарласқанда кездеседі.

Нәжістік қысылуда жарық қабына шыққан ішектің әкелуші ілмегі біртіндеп нәжіске толады да, ішектің әкеткіш ілмегін және оның қан тамырларын қысады.

Slide 9

Ретроградты (немесе W тәрізді) қысылу. Бұл қысылуда жарық қабына шыққан бірнеше ішек ілмектерінің арасында іш қуысында бос жатқан ішек ілмегі, нақтап айтқанда оның қан тамырлары орналасатын шажырқайы қысылады. Сондықтан потологиялық өзгерістер іш қуысында бос жатқан ішек ілмегінде тереңірек байқалады, ал жарық қабында орналасқан ішек ілмектерінде ондай өзгерістер тумайды, өйткені оларды қан айналым бұзылмайды.

Slide 10

Қабырғалық қысылу. Қабырғалық қысылуда немесе Рихтер жарығында ішек ілмегінің тек бір қабырғасы ғана қысылады. Жарық асқынуының басқа түрімен салыстырғанда, біріншіден, механикалық ішек түйілу көрінісі анық білінбейді, ал екіншіден, ішек қабырғасының қысылған жері тез өліеттену себебінен сол жер тесіліп перитонит тудыруы мүмкін.

Slide 11

Slide 12

Клиникалық көрінісі.

Жарық орналасқан аймақта жоғарғы дәрежелі, аса күшті ауру сезімі туады.

Жарық томпашығы әдеттегі көлеммен салыстырғанда белгілі шамаға ұлғаяды және оның кернелгені аңғарылады.

Қысылу пайда болудан бұрын еш кедергісіз орнына түсетін жарықта ондай мүмкіншілік жойылады.

Slide 13

Slide 14

Анамнезінде шап жарығының болуы

Шағымдары: Қарауда: оң немесе сол шап аймағында сирек екі жақта көзге көрінетін томпаю. Жарық аймағында гиперемия және ісіну болуы мүмкін. Томпаю қатты ауырсынулы, науқас дене қалпын ауыстырғанда ауырсынады. Жөтел симптомының теріс болуы. Перкуссияда дыбыстың тұйықталуы, ал бастапқыда тимпанит болады. Егер әйел адамдарда аналық без немесе жатыр түтігінің қысылуы болса, диагноз қою қиындай түседі. Себебі ауырсыну сыздаған типті, интенсивтілігі шамалы. Ал балаларда клинкасында өте қатты қозғыш болады: Қатты жылау, аяқтарымен секіріп және жүгіреді, есінің тануы да болуы мүмкін.

Диагностикасы

Slide 15

Бұндай белгілер пайда болған жағдайда клиникалық көріністерімен қатар, асқынуды анықтау және дәлелдеу шаралары ретінде рентгенологиялық зерттеу қолданылады. Онда ішек түйілу белгілері, Клойбер тостағаншалары т. б. анықталады. Егер сырғымалы жарықтың қысылуы болжанылса, оны дәлелдеу үшін ауру адамды зерттеу барысын ирригоскопия, цистоскопия тәсілдерімен толықтыру қажеттілігі тууы ықтимал.

Slide 16

Slide 17

Slide 18

Емі

Қысылған шап жарығында шұғыл медициналық көмек: Хирургия бөліміне шұғыл жеткізу, транспортировка зеңбілмен және тыныштықты сақтау. Қысылған жарық болса орнына келтіруге тиым салынады. Жылу басу, анальгетиктер, ваннаға МҮЛДЕМ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!!! Шығып тұрған қыстырылған жарық орнына келсе де бұл госпитализацияға көрсеткіш болып табылады. Операция алдында міндетті асқазанды зондтау және клизма жүргізіледі және 30 мин бұрын кең спектрлігі АБ қолдануға болады.

Slide 19

Жарық қабын босату

Операция кезеңдері:

Slide 20

Жарық қабын ашу

Slide 21

Қысылған ағзаны бекіту

Slide 22

Өліеттенген ішекті резекциялау

Slide 23

Қысылуға түскен ағзаның тіршілік белгілері

Белгілер

Тірі ағза белгілері

Өлі ағза белгілері

Ағзаның түсі

алқызыл, қызғылт

күрең, қара

Сероза қабатының жылтыры

сақталған

жойылған

Ішек перистальтикасы

көрінеді

көрінбейді


Ұқсас жұмыстар
Іш жарығының асқынулары, қысылған жарықтар, емі алдын-алу шаралары
ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ. КЛИНИКАСЫ, ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ ЕМІ
Қысылған жарықтар кезіндегі дәрігер тактикасы
Ағаш ақауы туралы түсінікті білу
Ағаш ақаулары
Ғимарат деформациясы
Жердің тіршілік қабығы
Өрт қауіпсіздігі
Көбікті өртсөндіргіш
Жаңа құрылғыларды оңай қосу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz