Ротавирусты инфекция



«Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы» АҚ
Орындаған: Ақжол Б.
Тобы: І-ЖТДҚ-06-23 Қабылдаған: Садыхова Д. Қ
Тақырыбы: ЖТД тәжірибесіндегі балалардағы диарея синдромы. Ажыратпалы диагностика жүргізу принциптері. Балалардағы вирусты ЖІИ. Ротавирусты инфекция.
Шымкент 2024ж.
«Жұқпалы аурулар және дерматовенерология» кафедрасы

Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Ротавирусты инфекциялар, этиологиясы, эпидемиологиясы
Патогенезі, клиникасы.
Диагностикасы. Дифференциальды диагностикасы.
Емі. Алдын алу шаралары.
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
2

Балалардағы вирусты ЖІИ. Ротавирусты инфекция.
Ротовирустар-балалар ғана емес, ересектерде де болатын вирусты жұқпа тобы, ересек адамдарда жеңіл түрде өтеді. Жылдың қыс мезгілінде балалардағы диареяның негізгі себебі вирустар болады. Ротавирусты ауру жұқпалы болып табылады. Инфицирленген тағамдар (әсіресе сүт өнімдері) арқылы, лас қолмен ұстау, тұрмыс заттары, өзен, құдық, құбырдан ағатын су арқылы жұғады. Ротавирусты инфекциямен ауыру кезеңді болып табылады. Көбінесе қысқы-көктемгі мерзімде ауырады, басқа ішек инфекцияларына қарағанда ротавирус төмен температурада да қоза береді. Әсіресе 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар көп ауырады. 1 жасқа дейінгі нәрестелерде вирустың ағзаға баруына төтеп бере алатын аналық антител бар.

Балалардағы вирустық ішек инфекциялары

Этиологиясы
Ротавирустар (лат. “rota”-дөңгелек) негізінде гастроэнтерин тәрізді аураулар қоздыратын РНҚ-вирустар.
Р. Бишоп т. б. 1973 жылы электронды микроскопиялық әдіспен зерттеу кезінде гастроэнтеритпен науқастанған балалардың 12 елі ішегінің эритроциттерінен және олардың нәжісінен адамдардың ратовирусын тапқан.
Алғашқы рет ротавирусты Р. Бишеп және басқалармен бірігіп 1973 жылы тапты, реовириде тұқымдастығына жатады. Тағыда 5 түрлері кіреді (рео-, орби-, фито-, фидживирустар) . Антигендік кұрамына қарай ротавирустар 5 топқа бөлінеді: А, В, С, Д, Е. Ротавирустың антигенінің белоктары жайлы зерттеу әліде толық емес, сондықтан олардың жіктелуі аяқталмаған. Адамдарда және жануарларда ротавирусты ауру шақырады, асқазан ішек жолдарының зақымдалуы гастроэнтерит түрі бойынша сипатталады. Жануардағы ротавирус адамдарда ауру шақырмайды, ал адамдардың ротавирустары жануарларға жұқса, онда инфекцияның типті көр3ністерімен білінеді.

Ротавирусты инфекциямен ауырғаннан кейін ішкі антигенге қарсы иммунитет пайда болады. Инфекциямен ауырғаннан кейін осылардың тұқымдасы басқа да вирустардың зақымдалуынан корғамайды, беткейлі антигені бойынша ерекшеленеді. 3 айға дейін нәресте анасынан трансплацентарлы алынған ротавирусты инфекцияға қарсы антиденелер аурудан қорғайды. Аурудың жұқпалығы жоғары. Көбірек жиі аурудың тіркелуі 9-12 айлык балаларда. Ауру бөлек аймактарда және жиындарда (коллективтерде) эпидемия түрінде және кездейсоқ түрінде болуы мүмкін. Судан болған және аурухана ішілік тұтануы (вспышки) туралы жазған. Қазіргі уақытта көзқарастар бар, басқа карағанда, ротавирустар нозокомиальды коздырғыштарға инфекцияларды басқа қоздырғыштарға қарағанда жиі шақырады.

Таксономиясы. Тұқымдастығы: Reoviridae
Туыстастығы: Rotavirus

Құрылымы. Ротавирустардың вириондары сфера пішінді, диаметрі - 65 - 75 ни. Вирионының айнала шеті шеңберлі жиекпен қоршалған, одан ішкі жағына қарай сым шабақ тәрізді өсінділер бағытталған. Суперкапсиді болмайды. Геномы 11 - 12 сегменттерге бөлінген екі жіпшелі сызықша РНҚ молекуласынан тұрады. Геномдық РНҚ және РНҚ - полимераза вирионның жүрекшесін құрайды. Капсидтің екі қабаты (сыртқы және ішкі) бар. Ішкі қабаты икосоэдр типтес, жүрекшені қоршап тұрады және сыртқы қабатымен сабақшалар арқылы байланысады, сондықтан доңғалақ сияқты

Ротавирустар әдеттегі дезинфекциялық заттарға, сондай-ақ қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімді: өзен суларында 10 күнге дейін сақталады, көкөністерде - 25-30 күн, мақта мен жүнде 15-45 күнге дейін сақталады.
Сонымен қатар тағам дайындап, оны ішер алдында қолды сабынмен мұқият жуу керек. Сүт өнімдерін тоңазытқыш қондырғылармен жабдықталған дүкендерден алу қажет. Жеміс-жидек, көкөністерді және тағам сыртындағы орауышты ашар алдында сабынмен жуу керек. Жуылуы күрделі жидектерді үш жастан аспаған балаларға бермеу қажет.

Эпидемиологиясы.
Инфекция көзі - нәжісімен ротавирустарды бөліп шығаратын науқас және вирусты тасымалдаушылар.
Берілу механизмі - фекальды - оральды.
Берілу жолдары - су арқылы, тағамдық өнімдер және тұрмыстық жанасу арқылы жұғу. Аурудың алғашқы 3 - 5 күндерінде науқас вирус таратуда өте қауіпті (вирус көп молшерде сыртқа шығады) .
Жыл сайын әлемде бұл аурумен 111 млн. бала ауырады, сондай-ақ 25 млн. адам дәрігер көмегіне жүгінсе, 2 млн. адам ауруханаға жатып емделеді және 440 мың өлім жағдайлары тіркеледі.

Ротавирустық инфекцияның негізгі тарату механизмі -бұл инфекция басқа да түрлі жолдармен жұғуы мүмкін. Жұқпалы вирус төменгі температурада жақсы сақталады. Мұндай ауру бір жастағы және одан ересек балаларға балабақшалар мен мектептерде жұғатындығы белгілі. Көбінесе бұл «кір қолдар» арқылы жұғады. Сондықтан бала тазалығына аса мән берілгені жөн. Әлемдік тәжірибеде бес жастағы балалар жұқпалы инфекция ауруын бастан жиі кешіреді. Әрбір жұқтыру сәтінде балада вирустың осы түріне қарсы иммунитет қоза түседі де, ол келесі жұқтыру кезеңінде бәсеңдей береді. Бұл жұқпалы ауру көп жағдайда кездейсоқ, немесе эпидемиялық өршу кезінде жиі кездеседі. Ауру көбінесе маусымдық кезеңде үдеу сипатына ие болады. Мысалы, Ресейде 93 пайыздық бұл аурудың түрі қысқы кезеңде (қараша, сәуір айларын қосқанда) жиі белең алады.

Патогенезі.
Ротавирусты инфекцияда түктердің апикальды бөлігінде орналаскан жетілген эпителиоциттерді зақымдануымен бөлінуінің маңызы өте зор. Жалаңаш төбелі криптідағы эпителиоциттердің тез бөлінуyіне байланысты. Сондықтан дисахаридаздар ыдырауының бұзылуы, әсіресе лактозаның натижесі балалар ауруының алғашқы 3-6 күнінде регенерацияланады, себебі түктер дифференциациясыз тез жатқан жетілмеген лактозды жетіспеушілік дамиды. Демек ішек саңылауында ыдырамаған лактозаның жиналуынан осматикалыққысым жоғарлайды, сонымен электролитті және суды өзіне тартады. Бұның клиникалык көрніci сулы диарея, кұсық, сусыздану дамиды. Диареяның токталуы және сауығуына байланысты барлык жетілген, жетілмеген эпителиоциттердің алмасуы және осының әсeрінен вирустың репликациясы болмайды.

Клиникасы
Инкубациялық кезең 1-4 күнге дейін. Аурудың бастапқы белгісі үшеулік: диарея, қызба, күсу.
Жеңіл түрі. Жедел басталуы, дене қызуы жоғарлауы субфебрильді санға дейін 1-2 күндей (кейде дене қызуы қалыпты), қайталап құсу. Бір немесе бірнеше сағаттан кейін энтеритті нәжіс, кейде сулы, көп. 4-5 күннен кейін сауығады.
Орташа түрі. Жедел басталады. Дене қызуының жоғарлауы фибрильді санға дейін және кұсу (қайталап және бірнеше рет) 1, 5-2 күндей. Сулы нәжісі тәулігіне 8-16 ретке дейін, жиі көптеген, ішегі желмен "шартылдық нәжіс. 1 дәрежелі сусыздану дамиды. Диареяның ұзақтығы 1-3 күндей. Аурудың ұзақтығы 6-7 күндей.
Ауыр түрі. Орташа ауырлықтай жедел басталады, II - I дәрежелі сусыздану дамуына байланысты 3-4 күн жағдайы ауырлай бастайды, себебі көп рет кұсу және ecепсіз нәжіс (25-30 рет тәулігіне) . 2-3 күнде диарея тұрақтанады. Аурудың сауығуы 8-10 күн.


Ротавирусты инфекция біздің елімізде жиі жеңіл және орташа түрінде өтеді . Ауыр түрі Оңтүстік Африка балаларында, Тынық мұхиттің аралдарында ( 35-77 % ) көрсетілген .
Ауыр түрлері айқын сусызданумен және пневмония қосылуымен байланысты, мерзімділік көтерілуі жағдайларда тіркелген. Ауыр түрлерінің дамуына көмектесетін себептер: ерте жастағы бала, жасанды тамақтандыру (Ротавирусқа қарсы спекторлы иммуно глобулин А анасының сүтінде және уыз сүтінде болады ), салмақ жетіспеушілік, бірлескен респираторлы бактериальды инфекция. Инфекцияның ауыр түрінің болжау критериі: ерте терінің бозаруы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. Ротавирусты инфекциямен ауру балаларда жиі респираторлы синдром табылады: ринит, фарингит, бронхит, пневмония. Көптеген зерттеушілер вирустың немесе вирустық - бактериялды инфекциясы деп айтады.

Ауруханаға жатқызу тек ағзаның сусыздануы күшейген кезде жүргізіледі, ал үй жағдайында қарапайым іс-шараларды жүргізу керек, яғни сұйықтық қорын толықтыру үшін жиі су ішу қажет. Тамақ ішу тәртібіне көп көңіл бөлу, әсіресе баланы жиі-жиі және аз мөлшерде тамақтандыру қажет. Негізінен қайнатылған тамақ өнімдері - ботқа, вегетариандық сорпа, көкөніс езбесі (пюре), пісірілген алма, кептірілген нан ұсынылады. Тағам мәзірінен ащы, майлы, қақталған, қуырылған және кондитерлік өнімдерді алып тастау қажет.
Дегидратация дәрежесі
Дене массасына қатысты %-да сұйықтықтың тапшылығы
Дене массасының мл/кг-да сұйықтықтың тапшылығы
Сусыздану белгілері жоқ
<5%
<50 мл/кг
Сусызданудың шекті дәрежесі
5-10%
50-100 мл/кг
Ауыр формадағы сусыздану
>10%
>100 мл/кг
ДДҰ бойынша балада сұйықтықтың тапшылығын бағалау:

5 жасқа дейінгі балаларда БЖАБҚ бойынша сусызданудың ауырлығы
Екі не одан көп белгілердің болуы
Сусыздану жоқ
Біркелкі сусыздану
Ауыр сусыздану
Шекті сусызданудың екі белгісі жоқ
• мазасыздық немесе жоғары тітіркенгіштік; • көздің түсуі; • тері әжімдері баяу жайылады (2 с дейін) ; • бала қызғана ішеді.
• сананың тежелуі/төмен деңгейі; • нашар ішеді немесе іше алмайды; • көз алмаларының түсуі; • тері әжімдері өте баяу жайылуы (2 с артық) .

Диагностикалық алгоритм

Диагностика:
Негізгі:
ЖҚА
ЖЗА
Копрологиялық тексеру
Бактериологиялық тексеру - нәжісті, асқазан жуынды суын, құсықты (ауру ерте кезеңінде, этиотропты терапияға дейін)
Нәжісті қарапайымдылар мен гелминттерге талдау
Қосымша көрсетілімдер бойынша:
Биохимиялық қан анализі (амилаза, мочевина, электролиттер, КЩС) ; · серологиялық методтар: РПГА, РНГА, ИФА; · эндоскопиялық тексеру: ректороманоскопия, колоноскопия
· құрсақ қуысы ағзалары рентгенографиясы
· ЭКГ; · құрсақ қуысы ағзалары УДЗ ; · виртуаалды КТ-колоноскопия.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеуге алынатын материал : нәжіс.
Вирусты бөліп алу (индикациялау) - аурудың алғашқы күндерінде жасуша дақылдарына жұқтыру. Вирус немесе оның антигендерін нәжіс сүзіндісінен ИЭМ, ИФТ, КБР, БР, ИФР, ко-агглютинациялық реакциялардың көмегімен жне РНҚ зондтау тәсілімен анықтайды. Серологиялық диагноз қою: ИФТ, КБР, ГГАР, БР, РИФ.

Ротавирусты инфекциялық аурудың гемограммасында көп жағдайда өзгерістер табылмайды .
Копрограммада қабыну өзгерісі болмайды, нейтральды май табылады, крахмал түйіршегі, қортылмаған клетчатка, нөжісте рН 6 - дейін төмендейді және оданда төмен .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz