Менингококкты инфекция - антропонозды ауру



«Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы» АҚ
Орындаған: Ақжол Б.
Тобы: І-ЖТДҚ-06-23 Қабылдаған: Садыхова Д. Қ
Тақырыбы: ЖТД тәжірибесіндегі балалардағы менингеальды синдром. Менингококты инфекция.
Шымкент 2024ж.
«Жұқпалы аурулар және дерматовенерология» кафедрасы

Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Анықтамасы.
2. Қысқаша тарихы.
3. Этиологиясы. Эпидемиологиясы
4. Патогенезі.
4. Клиникасы.
5. Диагностикасы. Дифференциальды диагностикасы.
6. Емі. Алдын алу шаралары.
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
2

Менингококты инфекция - менингококктар қоздырып, ауа-тамшылы жолмен жұғатын, мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабықтары мен жұмсақ ми қабықшасының зақымдануымен, ерекше септицемиямен (менингококкемиямен) сипатталатын, клиникалық көріністері кең диапазонды - назофарингитке, менингококкемияға, менингитке дейін көрінетін антропонозды жедел жұқпалы ауру.

Қысқаша тарихы
Ми менингитінің алғашқы клиникалық көрінісі XVII ғасырда жазылған болатын. Эпидемиялық ми менингитін дербес ауру тәрізді 1887 жылы Weichselbaum анықтап, қоздырғышты сипаттап жазған. 1899 жылы В. Ослер ауру қоздырғышын қанда да тапқандықтан, бұл аурудың патогенезіне қатысты көп сұрақтар айқындалды. Ең маңыздысы - менингококты инфекцияның жалғыз көрінісі менингит қана емес екендігі белгілі болды.
1962 жылдан бастап кейбір елдерде, соның ішінде ССРО-да аурудың едәуір өрістеуі тіркелген. Содан кейін (1975-1979 ж. ) бұл аурудың кейбір төмендеуі байқалған, көбінесе бұрынғы одақтық республикаларда (Украина, Белоруссия, Ресей, Молдавия, Прибалтика) . 1965 жылы Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау Ассамблеясының 8-ші қайта қарауында аурудың Халықаралық жіктелуіне «менингококкты инфекция» атты жаңа ауру атауы енгізілді.

Этиологияcы
Менингококкты инфекцияның қоздырғыштары Neisseria meningitidis Neisseria тегіне, Neisseriacea тұқымдастығына қатысты. Ол - грам теріс диплококк, қозғалыссыз. Адам мен жануарлардың белогы бар қоректік орталарда көбейеді. Агглютинация реакцияларында А, В, С серотиптері ажыратылған, қосымша өзге де серотоптары (X, Y, Z және т. б. ) жазылған. Қоздырғыш жойылғанда эндотоксин бөлінеді. Ол сыртқы ортаның әртүрлі факторларына, антибиотиктерге өте сезімтал. Менингококктар қайнатқанда бірден, дезинфекциялаушы ерітінділер әсерінен бірнеше минутта жойылады. Эпидемияның көп сандары А тобындағы менингококқа, сирек - С тобына байланысты. 1983 жылдан бастап В тобының менингококктарының таралуы едәуір өскен (анықталған штаммдардың 20-30%-н құрады) . .

Эпидемиологиясы
Менингококкты инфекция - антропонозды ауру.
Инфекция көзі - менингококкты инфекцияның әртүрлі түрлерімен ауырған науқас адам немесе бактериятасымалдаушы.
Эпидемиологиялық тұрғыдан менингококкты инфекция қоздырғышын жұқтыратын 3 топты ажыратады: 1) жайылмалы түрлерімен ауырған науқастар; 2) менингококкты назофарингитпен ауырған науқастар; 3) бактерия тасымалдаушылар. Сыртқы ортаға ең қауіптісі - үшінші топтағы адамдар, себебі клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылық кең таралған.
Берілу жолы - ауа-тамшы арқылы. Менингококкты инфекциямен көбінесе балалар ауырады. Бұл аурудың 50-90%-ы 5 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Эпидемиялық аралық кезеңде спорадикалық түрде жасөспірімдер мен ересектер ауырады. Маусымдылығы - қараша-желтоқсаннан бастап наурыз-сәуір айларына дейінгі мерзім. Ауылды жерлерге қарағанда бұл ауру қалада көптеп тіркеледі. Әскери бөлімшелерде, оқу орындарында, жатақханаларда, интернаттар мен қарттар үйлері сияқты жерлерде ауру тез өршиді. Оның себептері - жабық үйдегі адамдардың тығыз байланысы, жоғарғы температура мен дымқыл ауа, көмір қышқыл газы және күкіртті сутегінің жоғары концентрациясы, психикалық және физикалық салмақ түсу, суық тигізу және т. б. Ауру нәтижесінде тұрақты иммунитет қалыптасады. Қабылдамаушылық бактерия тасымалдаушылықтан кейін де дамиды. Түзілген иммунитет - типтік арнамалы.

Менингококты инфекциясың клиникалық жіктелуі Клиникалық нысаны бойынша: 1. Типті: а) оқшауланған формалар: тасымалдау; назофарингит; б) таралған формалар: менингококкцемия, менингит менингоэнцефалит; аралас форма (менингит + менингококкцемия) ; в) сирек формалар: эндокардит, артрит, пневмония, иридоциклит. 2. Типті емес: а) субклиникалық форма; б) түсік формасы. Процесстің ауырлығы бойынша: 1. жеңіл; 2. орташа ауыр; 3. ауыр. Аурудың ағымы бойынша: 1. жіті; 2. қас қағымдағы; 3. ұзаққа созылған; 4. созылмалы.

Асқынулардың жіктелуі: Асқынулардың даму уақыты бойынша: I. Ерте: · I, II, III дәрежелі инфекциялық-токсикалық шок; · бас миының ісінуі; · ДТҰ-синдромы; · жіті бүйрек функциясы жеткіліксіздігі; · церебральды гипотензия; · субдуральды жалқық; · эпендиматит. II. Кеш: · интеллектің бұзылуы; · гипертензиялы синдром; · гидроцефалия; · эпилептикалық синдром; · сал аурулары мен парездер; · терінің және теріасты жасушаның некроздары; · эндокринді бұзылулар (қантсыз диабет, диэнцефальды семіру, шаштың түсуі және т. б. ) ; · артриттер; · есту қабілетінің бұзылуы
Госпитальдау үшін көрсетімдер: Шұғыл госпитальдау үшін көрсетімдер: · ҚОБ болуы (5 жасқа дейінгі балалар үшін БЖАЫЖ бойынша) ; · менингококк инфекцияның таралған формалары [1, 3] ; · уланудың айқын көріністері кезінде назофарингиті бар аурулар. Жоспарлы госпитальдау үшін көрсетімдер: · эпидемиялогиялық көрсетімдер бойынша N. Meningitides тасымалдаушылар (мектеп-интернаттарының, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары қолайсыз отбасыларының балалары) .


Менингитпен әр түрлі жастағы адамдар ауырады, бірақ көп жағдайда балалар бұл ауруға сезімтал болып келеді. Себебі балаларды, біріншіден, иммунитет толық қалыптасып аяқталмаған, екіншіден, оларда ми қабықшалары жетілмеген, үшіншіден, ГЭБ қалыптаспаған.
Дамыған елдерде ауру 100 000 адамға шаққанда жылына 3-5 адам, Қазақстан сияқты дамушы елдерде одан 3 есеге артады.

Патогенезі
Инфекцияның кіру қақпасы - мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабықтары. 10-15% жағдайларда менингококктың мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабықтарына түсуі қабынуға алып келген (назофарингит, катаралдық тонзиллит) . Шырышты қабықтардың жергілікті қорғаныс барьерінен өткен жағдайда қоздырғыш қанға түседі. Бактериемия транзиторлы немесе ұзақ болуы мүмкін. Қанның бактрицидтік әсерінен менингококтар көптеп жойылады да, эндотоксиндер шығып, эндотоксинемия дамиды. Кейде ішкі ағзалар, қан тамырларының қабырғалары, ми қабықшалары зақымдалып, септикопиемия түрінде өтеді.
Организмде қоздырғыштың негізгі таралу жолы - гематогенді, сирек - торлы сүйек арқылы. Менингококтардың субарахноидальды кеңістікке өтуі мен қоздырғыштардың көбеюі нәтижесінде жұмсақ ми қабықшаларында алғашында серозды-іріңді, сосын іріңді қабыну дамиды.
Қабыну үрдісі көбінесе үлкен жарты шар беткейінде және бас миы негізінде орналасады, кейде жұлынға да таралады. Патологиялық процесс ми қарыншаларының эпендимасына да таралса, іріңді эпендиматит дамиды.
Ауыр жағдайларда қабыну үрдісі ми затын қамтиды, тамырлардың инъекциясы мен кеңеюі, ұсақ қан құйылулар, қабыну фокустары, жұп нервтердің қабынулары байқалады.
Менингококкты инфекцияның аса ауыр түрлерінің патогенезінде токсикалық және аллергиялық компоненттер маңызды болып саналады. Мұндай жағдайларда инфекционды-токсикалық шок дамиды. Науқастарда гемостаздың бұзылыстары, ағзалар мен тіндерде гемодинамикалық және микроциркуляциялық өзгерістер, электролиттік және гормональдық гомеостазда айқын қозғалыстар болады.
Бұл аурудың ауыр, өлімге ұшырататын асқынуы - церебральды гипертензияның негізгі себебі - айқын токсикоз.
Кейде, әсіресе нәрестелерде айқын токсикоз бен су-тұз алмасуының ауыр бұзылыстары қосарласып әсер еткенде церебральды гипотензия дамуы мүмкін.
Менингококкты инфекция кезіндегі патологоанатомиялық өзгерістер аурудың түріне және оның ағымының ұзақтығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кеңірдек пен бронхтарда катаралдық қабынудың белгілері білінген. Бүйректің қан тамырлары эндотелиясының сыртқы және ішкі ісінген клеткаларында менингококктың жиналғаны айқындалған. Қан тамырларында стаз, ал тым кеш кезде қанның ұйысуы байқалған.

Мидың қатты қабығы қабынса, оны-пахименингит, жұмсақ қабығы мен торлы қабығының қатар қабынуын- лептоменингит, торлы қабығы қабынса, арахноидит деп атау қабылданған.


Клиникалық көріністері
Клиникасы. Инкубациялық (жасырын) кезеңі 1-10 күнге (жиі 5-7 күнге) созылады. Менингококкты инфекцияның клиникалық жіктелуіне байланысты келесі түрлерін ажыратады:
Біріншілік-ошақты түрлері:
а) менингококк тасымалдаушы;
б) жедел назофарингит;
в) пневмония;
Гематогенді-жайылмалы түрлері:
а) менингококкемия - типті, «жәй оғындай», созылмалы;
б) менингит;
в) менингоэнцефалит;
г) аралас (менингококкемия+менингит) ;
д) сирек түрлері: эндокардит, артрит, иридоциклит.
Жас адамдардың арасында аса кең таралғандары - менингит пен аралас (менингококкемия+менингит) түрлері, ал сирек кездесетін түрі - менингитсіз менингококкемия, сондай-ақ менингоэнцефалит.

Жедел назофарингит - іріңді менингиттің басталу кезеңі болуы мүмкін немесе менингококкты инфекцияның дербес клиникалық білінуі болуы ықтимал. Ол дене қызуының орташа көтерілуімен (38С дейін) және 1-3 күндей сақталуымен, ағзаның әлсіз улануымен (шаршағыштық, бас ауыруы, бас айналу) және назофарингитпен сипатталған.
Менингит жедел басталады. Науқастардың жартысында ғана (45%) 1-5 күндей назофарингит түрінде басталып, менингитке ұласуы мүмкін. Ауру ағзаның улануымен, көз алмаларының ауыруымен, әсіресе қозғалғанда, содан кейін маңдай-самай тұстарындағы, сирек-желке тұсындағы бастың ауыруымен ерекшеленген. Бас ауруы азапты түрде тез үдейді. Науқастың тәбеті жойылып, жүрек айнуы білінеді. Ал ауыр түрлерінде ақыл-ес бұзылады (сомноленция, сопор, кома) . Ауру басталғаннан кейінгі 12-14 сағаттан соң ми қабықтарының қозуының объективті симптомдары пайда болады (желке еттерінің сіреспелігі, Керниг, Брудзинский, Гийон, Бехтерев, Мейтус симптомдары) . Қанда-жоғары нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған.

Менингококкты менингоэнцефалит ауыр ағыммен сипатталған. Ми симптоматикасы тез күшейеді. Бірінші тәуліктің соңы мен 2-ші тәуліктің басында терең сопор түріндегі ақыл-естің бұзылуы дамиды. Онымен қатар менингеальды белгілер де үдейді. Аурудың басталуынан 1 тәуліктен соң көпшілік науқастарда менингеалды қалып байқалған (науқас бір бүйіріне қарай аяқтарын бүгіп, басын шалқайтып жатады) . Науқастарда тез арада психикалық бұзылыстар, толық немесе жарым-жартылай амнезия, көру және есту галлюцинациялары, эйфория немесе депрессиялық жағдай дамиды.
Менингитсіз менингококкемия сирек тіркелген. Аурудың жеңіл ағымында дене қызуы -38-39°С жоғарылайды. 1-ші сағаттарында-ақ аяқ-қолдың терісіне, кеудеге мардымсыз жұлдызша түріндегі қанталаған бөртпе шығады (диаметрі 2-3 мм) . Аурудың орташа түрінде дене қызуы - 40°С тез арада көтеріледі. Геморрагиялық көп бөртпелер сирақ, жамбас, шап және қолтық асты терілеріне, ішке және кеудеге шығады. Бөртпелердің көлемі 3-7 мм-ге дейін өсуі мүмкін. Ал ауыр түрінде бұл бөртпелердің көлемі 5-15 см дейін үлкейеді. Көз шеліне, көздің дәнекер қабығына, мұрын жұтқыншағының шырышты қабықтарына қан құйылулар байқалған. Сондай-ақ мұрыннан, асқазаннан, жатырдан қанның кетуі мүмкін. Ересектердің ауыр және өте ауыр менингококкемиясы менингитпен сәйкес келеді. Науқастарда эндокардит, миокардит, перикардит типтері бойынша жүректің зақымдануы, ірі қан тамырларында қанның ұйысуы, токсикалық-инфекциялық шок сияқты асқынулар байқалады.

Менингококцемиядағы дақтар

Менингитте байқалатын симптомдар:
Симптомдар
Көрінісі
Керинг симптомы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz