Конфуций іліміндегі этикалық құндылықтар
Презентация қосу
Қазақ ұлттық медицина университеті
Құндылықтар философиясы және өнер
философиясы
Орындаған: Қанатұлы Әліби
202
Құндылықтар философиясы және өнер
философиясы
1.Құндылықтар философиясы. Аксиология
және өнегелілік
2.Этикалық ілімдердің тарихи типтері
3.Фәлсафа дәстүріндегі этикалық өлшем
4.Қазақ халқының ұлттық этикалық
құндылықтары
Құндылықтар философиясы
Құндылық — бұл адам және қоғам үшін бір нәрсенің оң
маңыздылығы. Құндылықтар туралы ілім аксиология
(грек тілінен: «аксис» – құндылық, «логос» – ілім) деп
аталады. «Құндылық» ұғымы «баға» және «мақсат»
деген түсініктермен байланысты. Құндылықтар адам
ойларына, істеген қылықтарына, заттарға баға берудің
негізі, өлшемі (критерийі) ретінде танылады. Адам нені
құндылық деп санаса, соны өзінің мақсатына
айналдырады. Махатма Ганди: «Сіздің
құндылықтарыңыз сіздің тағдырыңызға айналады», -
деген.
Құндылықтардың түрлері таңдаған өлшемнің негізінде
жіктеледі:
- мазмұнына қарай - экономикалық, саяси, әлеуметтік
және рухани құндылықтар;
- субъектісіне қарай - тұлғалық, топтық, ұлттық,
таптық, жалпы адамзаттық;
- қажеттіліктерге қарай: материалдық (баспана,
тамақ, киім және т.б.) және рухани құндылықтар;
- пайдалы болуына қарай – утилитарлық және
утилитарлық емес (лат. тілінен «утилис» – пойда)
Жалпы адамзаттық құндылықтар - Ақиқат, Ізгілік,
Сұлулық (ежелгі грек философы Сократ атап
көрсеткен «құндылықтардың үшбұрышы»)
Аксиология және өнегелілік
Аксиология мен өнегеліліктің өзара
байланысы этикалық құндылықтарда
көрінеді. Антикалық софистердің (б.д.д.
V ғ.) байқауынша, мәдениет заңдары
табиғат заңдарынан ерекшеленеді.
Софистердің ашқан осы жаңалықтың
негізінде философияның ерекше қыры
ретінде этика пайда болды.
Антикалық софистер «Этика» (грек. «этос» - «мінез», «әдет»)
(б.д.д.V ғ.) терминін ғылыми қолданысқа Аристотель
еңгізді. Этика – адам мінез-құлқысының
заңдары мен нормалары туралы ғылым.
Этика мынау сұраққа жауап береді: біз
не істеуіміз керек? Біздің іс-қылықтарымыз
қандай болуы керек? Аристотель
этиканың мақсатын бақытқа жеткізетін іс-
қылықтар деп түсінген.
Этикалық құндылықтар – бұл басқа
адам-дармен қарым-қатынастардың
негізіни құрайтын құндылықтар: ізгілік,
Аристотель(б.д.д.384-322 әділеттілік, борыш, мейірімділік және т.б.
Материалдық және рухани құндылықтар
Құндылықтар адам үшін маңызды
материалдық игіліктерге (тамақ,
киім, баспана) және рухани
игіліктерге бөлінеді
Рухани игіліктер – адам мен бүкіл
қоғамның діни, этикалық,
эстетикалық құндылықтар жүйесі
Конфуций іліміндегі этикалық
құндылықтар
Конфуцийдің ілімі бойынша, «бекзат
ер» - бұл адамдармен қарым-
қатынастарда бес тұрақ-ты этикалық
құндылықтарды жүзеге асырған кісі
«У-чан» - бес тұрақтылық:
- «жень» - адамды сүю,
- «и» әділеттілік,
- «ли» - әдеттілік, ритуал,
- «чжи» -даналық, сау ес ,
Конфуций (Кун-фу-цзы) - «синь» - сенімділік
б.д.д. 551-479 ж.ж..
Негізгі еңбегі - «Лунь-
Юй»
Игілік – адам үшін оң, жақсы құндылық деп
танылатын заттар, іс-әрекеттер, мінез-
құлықтың түрлері
Ізгілік (жақсылық) - игілікті жасауға, сақтауға
және нығайтуға бағытталғанның бәрі
Зұлымдық (жамандық) – игілікті құрту, бұзу
Мейірімділік – өзге адамға рақымдылықты,
қамқорлықты, жанашырлықты, сүйіспеншілікті
білдіру
Парыз, борыш - адамды өз болмысын
адамгершіліктік құндылықтарға сай
қалыптастыруға мәжбүрлейтін, ол үшін ішкі
міндетке айналған рухани қажеттілікті
бейнелейтін этикалық категория.
Ар-ұждан – адамның өзінің мінез-құлқысына,
сезімдеріне, ойларына және өзге адамдардың
іс- қылықтарына, пікірлеріне ізгілік және
зұлымдық тұрғысынан ішкі баға беруге
қабілеті
Абырой – адамның өзі-өзін сыйлауда көрініс
табатын, өзінің «Менін» аса жоғары, асқақ, әр
дәрежеде қадір тұтып қастерлейтін сезімі
Намыс – адамның өз абыройын сезуін ақыл-
оймен ұштастырып, сана деңгейінде игере
білуі
Моральдың пайда болуы туралы
тұжырымдамалар
Діни тұжырымдама: Құдай адамзатқа моральдық ережелер
жүйесін берген
Натуралистік тұжырымдама: адамның табиғи қажеттіліктері –
моральдың пайда болу негізі.
Әлеуметтік-тарихи тұжырымдама – мораль алғашқы
қауымдық қоғамда ру- тайпа ішіндегі қарым-қатынастарды
реттеу үшін пайда болды
Христиан діні мен исламға ықпал еткен
иудаизмнің этикалық құндылықтары(«Көне
Өсиеттегі» Моисейдің 10 қағидаларынан
алынған),
• Құдай саған берген жер үстіндегі өмірің
ұзақ болуы үшін әкең мен анаңа құрмет
көрсет
• - Өлтірме
• -Заңсыз жыныстық қатынастарға түспе
• - Ұрлама
• - Жақын адамның үстінен жалған арыз
айтпа
• - Жақын адамның үйін, әйелін, құлын,
күңін, өгізін, есегін, еш нәрсесін өзіме
тартып алсам деп тілеме
Этикалық ілімдердің тарихи
типтері
1.Идеалистік, діни және иудаизм, христиандық,
деонто-логиялық тип: исламның діни этикалық
ілімдері; Конфуций,
моральдық-эти-калық Гераклит, Сократ,
мәселелердің шешімі Платон, Канттың
Құдайдың қолында этикалық көзқа-растары
немесе борыш сезіміне
- цинизм және гедонизм,
байланыстыНатуралистік-
2. - моральдық «табиғилығы»
прагматика-лық тип: туралы теориясы (Демокрит,
Гельвеций,Т. Гоббс, Дж. Локк,
«пайда» және «игілік» Д.Юм),
мінез-құлық пен іс- қылық -социал-дарвинизм,
моральдылығының эволюционизм (Ч.Дарвин, Г.
Спенсер),
өлшемдері деп танылады. -прагматизм, утилитаризм
Сондағы пайда туралы (И.Бен-там, Дж. Ст. Милль),
түсі-ніктер әртүрлі • социобиологизм (З.Фрейд,
Этикалық ілімдердегі
идеалистік және діни пікірлер
Гераклит : «адам
болғандық-тан, адам
Құдайға жақын жерде
өмір сүреді»
Бд.д. 540—501
жж. до н. э. Августин Аврелий:
«... Жанның ішінде ерекше «өнегелі,
немесе рухани сатысы бар», ол жеті
баспалдақтан тұрады: үрей, діндарлық,
мықтылық, сау ес, жүректің тазалығы,
даналық. Моральдық зұлымдық, күнә
немесе мінездің кемістігі әуелі санада
пайда болады, және содан кейін ғана
Августин Аврелий істеген қылықтарда көрініс береді».
(354-430 жж.)
Этикалық ілімдердегі деонтология
Әдептіліктің алтын ережесі - бұл
бүкіл әлемдік этикалық принцип
Конфуций: «өзіңе қаламағаныңды
өзгеге жасама»
Ислам деонтологиясы: «Зиян мен
Конфуций (Кун-фу-
цзы)
жамандық жасаудан аулақ бол,
б.д.д.551-479 жж. сенің әрекеттеріңнен адамдарға
пайда болсын деп тырысып жүр»
И.Канттың категориялық
императиві:
1) «әрқашанда жүріс-тұрысыңның
ережесі бүкіл адамзаттың талабына
сай келсін …»
2) «ешқашанда адамға құрал
Иммануил Кант ретінде қарама, әрқашанда оны
1724 –1804 гг.
мақсат тұт»
Альберт Швейцер:өмірді
қастерлеу
Альберт Швейцер: «Ізгілік —
өмірді сақтауға және
дамытуға қызмет ететін
нәрсе, зұлымдық өмірді
құртатын немесе оған
кедергі жасайтын нәрсе».
«Өмірді тең қастерлеуді
көрсету қажет: менің өмірге
деген жігеріме де, кез
келген өзгенің өмірге
Альберт Швейцер жігеріне де».
(1875-1965), (Альберт Швейцер «Мәдениет
неміс философ-гуманист, және этика», «Адам ойлауының
дәрігер, заңгер дамуындағы этикалықтың
проблемасы», «Гумандылық»,
Этикалық ілімдердің
натуралистік-прагматикалық
типі мәні
Адамның оның табиғи
биофизикалық қажеттіліктеріне
байланысты деген көзқарас. Мақсатқа
сәйкестік пен пайда болу принципіне
негізделіп, бұл этикалық ілім
релятивизация барысында нигилизмге
дейін апарады: мәңгі, өзгермейтін және
абсолютті моральдық принциптер мен
нормаларды жоққа шығарады.
Мысалы, Герберт Спенсер өмір сүрудің
негізгі заңы - тірі жаратылыстардың
Герберт табиғи ортаға бейімделуінде деген.
Спенсер Сонда индивид пен рудың сақталуына
ғана емес, сонымен бірге өмірдің толық
(1820- болуына, яғни неғұрлып көп ляззат
алудың максимумына жетеді, ал бұл -
1903) адам іздеген бақыт.
Утилитаризм
Утилитариизм (лат utilis -
пайда) мінез- құлықтың немесе іс-
қылықтың этикалық құндылығын
оның пайдалы болуынан көреді.
Иеремия Бентам: «неғұрлым көп
адамға неғұрлым көп бақыт
әкелетін іс- қылық құнды болады»
Утилитаризм адамды «жақсы» не
Иеремия
«жаман» деп бағаламайды, оған
(Джеремия) «жақсы болды ма» немесе «жаман
Бентам (1748- болды ма» деп оның жағдайына
1832),
утилитаризмнің
баға береді. Сондықтан
негізін қалаушы, утилитаристер «борыш»,
«Деонтология «абырой», «жазалау» деген
немесе мораль
туралы ғылым» (т.
ұғымдарға мән бермейді
1—2, 1834)
Имморализм (әдепсіздік)
Ф.Ницше
Имморализм Ф.Ницше (( лат. im (жоқ) +
moralis (әдеп-ті): «Дәрігерлер үшін
мораль. Барлық жағдайларда жаңа
жауапкершлікті, дәрігердің
жауапкершілігін қалыптастыру керек,
егер жоғары өрлеп келе жатқан өмірге
қызығушылық азғындап бара жатқан
өмірді басып тастауды және жоюды талап
етсе - мысалы, ұрықталуға құқық үшін,
дүниеге келуге құқық үшін, өмір сүруге
құқық үшін... Ауру адам - қоғам үшін
Фридрих Ницше масыл (паразит). Белгілі қалпына
(1844-1900) жеткенде оның өмірін әрі қарай жалғас-
тыруы ерсілік болады … өмірдің мәнінен
«Кумирлердің айы-рылған науқастың өмір сүруге
алакөлеңке кезі» құқығы қоғамның зор жеккөрушілігін
тудыруы тиіс. Дәрігерлер бұл
жеккөрушілікті білдіруде делдал болғаны
Этиканың қазіргі қалыпы
1. Этика өрісінің кеңеюі: «ізгілік»
ұғымы экология саласына (биоцентрлік
этика) және адаммен ғылыми
эксперименттерге таратылады
(биоэтика)
2. Этиканы гендерлік тұрғыдан
қарастыру
3. Дәстүрлі этикаға эволюциялық
көзқарас
4. Ойын теориясында моральдық
таңдаудың логикалық-математикалық
ас-пектілері (түрмеге қамалған
адамның дилеммасы: «қылмысты
мойындаймын ба әлде
мойындамаймын ба?»)
Либералдық биоэтиканың«жаңа
этикалық стандарттары» (XX ғ. 2-ші
жартысы) - эвтаназияны қолдаушылардың
«лайықты өмір, лайықты өлім» принципін
«өмірді қолдайтын аппаратураны үзіп
тастаудың моральдылығын» ақтау үшін
қолдану;
- «бас миының өлімі» ұғымын адамдық
биоматериалдың зерттелуін және
пайдаланылуын ақтау үшін қолдану;
- «отбасын рационалды жоспарлау»
ұғымы; «табиғи сұрып-талуды түзету»
мақсатпен тұқым қуалайтын ауруларға
«генетикалық шабуыл» жасау ұғымы;
- «жасанды сұрыпталу» тәсілі ретіндегі
пренаталдық диагностика
Қазақ философиясындағы құндылықтар
мәселесі
Қазақ философиясының дәстүрлі ерекшелігі - адам
экзистенциясына (тіршілігіне) бетбұрыс, адам болмысының
мән-мағыналы негіздерін руханилық тұрғыдан іздеу. Бұл
беталыс қазақ ақындарының шығармашылығына, араб-
мұсылмандық және түркі тілді ойшылдардың кәсіби
философиялық ізденістеріне, қазақ ағартушылдардың
ілімдеріне тән
Қазақ үшін ең басты құндылық, ең бағалы нәрсе - өмір. Адам
тіршілікте өзінің өмірін әр күнін бағалап, мандайға жазылған
өмірді гүлдендіруге, жандандыруға, мәнді өткізуге ұмтылуы
тиіс.
- Дүние-өмірдің ерекшеліктерінің бірі - оның өткіншілігі :
«дүние-жалған», «сұм дүние», «өттің дүние», «дүние-арман».
Қазақ халқы оны қадірлеуге шақырады.
«Дүние-арманға» мән беретін нәрселер: еңбек, сүйікті жар,
жақсы дос, басқалармен сыйласып өмір сүру
Қазақ мәдениетіндегі «құт» ұғымының
аксиологиялық
мәні мен мазмұны
Ортағасырлық түркі философиядағы
«бақыт» ұғымы «ырыс», «береке»
түсініктерімен қатар «құт» сөзі арқылы
беріледі.
Қашқари өзінің «Сөздігінде» оны ешқандай
тәржімесіз береді: «Құт-құт, бақ-дәулет».
Махмұт Қашқариде «құт» – бақыт сөзінің
тек бір қырын ғана ашып отырғандығы,
бірақ оны тек Тәңір беретіндігі айтылады.
Жалпы құт ұғымының мәні мен мазмұны
көпжақты: ол рухты немесе жанды,
мүмкіндік пен өмірлік күшті, байлық пен
игілікті де білдіреді.
Қазақ мақал-мәтелдегі «құт»
ұғымы
«Құр жатқан - Тәңірдің құтынан
қағылады»,
«Қонақ келсе - құт келеді»,
«Ерте тұрған еркектің ырысы артық,
ерте тұрған әйелдің - бір ісі артық»
Фәлсафа дәстүріндегі этикалық өлшем
Фарабидің этикалық құндылықтар туралы
ілімі
Қоғамдағы рухани құндылықтар
ішінен әл-Фараби «ізгі қасиет»
феноменін ерекше атап көрсетеді
«Ізгі қасиеттің екі түрі болады –
этикалық және интеллектуалдық.
Интеллектуалдық ізгі қасиет – ақыл-
парасатқа жатады, мәселен, даналық,
парасат, ақыл-ойдың тапқырлығы мен
өткірлігі, ұғымталдық.
Абу Насыр ибн Этикалық ізгі қасиет – жанның
Мухаммед әл-Фараби ұмтылысына байланысты, мәселен,
ұстамдылық, батылдық, жомарттық,
⁽⁸⁷⁰⁻⁹⁵⁰⁾ әділдік»
«Қайырымды
қаланың тұрғындары
туралы трактат»
Әл Фарабидің қайырымды қала
туралы ілімі
Әл Фараби құндылықтар
әлемін қайырымды қаладан
іздейді: «өзара көмектесу
мақсатын қойған қала
қайырымды қала болып
табылады…»
Барлық қалалардағы бақытқа жету мақсатымен
бір-біріне көмектесіп отыратын халық –
қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету
мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын болса,
бүкіл жер жүзі осылайша қайырымды болмақ»
Жүсіп Баласағұнның құндылықтар жүйесі
Жүсіп Баласағұнның пікірінше,
төрт құндылық– әділет, дәулет,
қанағат, ақыл бір -бірімен
үндескен жағдайда ғана ел
бақытқа жетеді
Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік”
поэмасында өзінің әңгімелерін
айтатын төрт кейпкерлер:
Елбасы Күнтуды Елік - Әділеттің
рәмізі
Айтолды уәзір – Бақ-дәулеттің
Жүсіп рәмізі
Баласағұн Өгдүлміш - Парасаттың рәмізі
1.– 1070 жж. Оғдұрмыш Қанағаттың рәмізі
Баласағұнның пікірінше,
Қазақ халқының экзистенциалдық
(тіршіліктің) құндылықтары
«Жеті қазына» «Жеті ырыс»:
1. Ер жігіт 1. Адамның ақыл - ойы, санасы.
2. Сұлу әйел 2. Денсаулық.
3. Ілім - білім 3. Ақ жаулық (ердің жары).
4. Жүйрік ат 4. Бала (өмір жалғасы).
5. Құмай тазы 5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса,
6. Қыран бүркіт ынтымақ, береке орнайды).
7. Берен мылтық 6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер
тұл»).
7. Ит.
«Рухани жаңғыру» контекстісінде қазақ
мәдениетінің
құндылықтық бірегейленуі
Мәдени бірейлегену дегеніміз -
бұл төлтума дәстүрлі ұлттық
мәдениетке тәнділікті, ұқсастықты
анықтау.
Қазіргі Қазақстанның дамуы
халықтың тарихы мен мәдениетін
зерттеуді, ұлттық дамудың
бастауларын, мәдениетінің
басымды рухани, өнегелі
құндылықтарын түсінуді талап
етеді.
«Рухани жаңғыру» - «Туған жер»,
«Қазақстанның сакралдық
географиясы» атты жобалары
болысады
Қазақстандық қоғамның және
әрбір қазақстандықтың санасын
жаңғыртудың бағыттары
1.Бәсекелік қабілет
2. Прагматизм
3. Ұлттық бірегейлікті
сақтау
4. Білімнің салтанат құруы
5. Қазақстанның
революциялық емес,
эволюциялық дамуы
6. Сананың ашықтығы
«Мәдениет-білім беру-тарих» атты жаңа мәдени
макромодель
•;
Әдебиеттер
Ницше Ф. Сумерки кумиров. Соч. в 2-х томах. М., 1990, т. 2, с.
611-612.
Августин Аврелий. Исповедь. М, Renaissance. 1991, с. 53.
Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской
философии. – Алматы, 2011.
Аль-Фараби. Социально-этические трактаты.
Н,Ә. Назарбаев. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»//
http://www.akorda.kz
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz