Қалыптастырушы бағалау және оның әдістері
Презентация қосу
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі
Қалыптастырушы бағалау және оның әдістері
*«Бағалау» термині «жақын отыру»
дегенді білдіретін латын сөзінен шыққан.
*Бағалау – одан арғы білім алу туралы
шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың
нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға
бағытталған қызметті белгілеу үшін
қолданылатын термин
• Оқытудың қиындықтарын анықтау;
• Жетістіктер туралы кері байланыс
(оқушылар, мұғалімдер және ата- аналар үшін);
• Болжау және сұрыптау;
• Стандарттарды бақылау және орындау;
• Оқыту бағдарламасының мазмұнын және
білім беру стилін бақылау.
Қалыптастырушы бағалау- бұл баланың оқуын
үздіксіз бақылау үдерісі. Қалыптастырушы
бағалау бағасыз бағалау болып табылады, ол
критерийлерге сәйкес бағалауға негізделеді және
кері байланысты меңзейді.
Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты- оқу
үдерісінің барысында мұғалім мен оқушы
қызметін түзету. Қалыптастырушы бағалау оқу
нәтижесін жақсартуға бағытталған.
Қалыптастырушы бағалау –сабақта күнделікті жүзеге
асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін
анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім
беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы
өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен
қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде
тапсырмаларды қаншалықты дұрыс
орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар
мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады
(ауызша сұрақ, жазба, практикалық жұмыстар т.б.)
Мұғалім оқытудың келесі деңгейін жоспарлау үшін
тексеру жұмыстарының нәтижесін қолданады;
оқушыға білімін арттыру үшін пайдалы кеңестер
береді;
жұмыс нәтижесі бойынша әр оқушыға жеке- жеке
мақсаттар қояды.
Оқушы үшін өз қатесі негізінде үйренуге көмектеседі;
маңыздыны түсінуге көмектеседі;
қолынан не келетінін түсінеді;
білмейтін тұстарын анықтайды;
нені істей алмайтынын түсінеді.
Қалыптастырушы бағалаудың осы стратегиялары
мұғалімдерге де, оқушыларға да міндеттер мен әдістерге
қатысты қабылданатын шешімдерді реттеуге болатын
құрылым ұсынады.
Әдістер өзгеріп отырады және стратгияларды орындауда
қолдануға болатын көптеген тәсілдер баршылық, бірақ
қағидаттар тұрақты әрі негізді болуы қажет.
Әртүрлі мұғалімдер әртүрлі жастағы балалармен жұмыс
істегенде қолданатын әдістер алуан түрлі болып келеді, бірақ
тиімді тәжірибе үшін соңғы критерийлер жүйесін
құрастыратын стратегиялар мен қағидаттар үнемі бір.
Қалыптастырушы бағалаудың әдіс тәсілдері
Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының
меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде төменгі
әдіс-тәсілдерді
«Қол сигналы», «Бағдаршам», «Қорытындылауға арналған карточка индексі»,
«Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш
минуттық үзіліс», «Ауызекі баға», портфолио, журналдар, рубрикалар,
сөзжұмбақтар, сұрақтар және тағы басқа түрлерін қолдануға болады.
Қалыптастырушы бағалаудың 18 және одан да көп әдіс тәсілдерін сабақтың әр
түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде,
мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері
байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады. Мысалы,
мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды,
әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі
мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты
белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын
көрсетеді.
Қалыптастырушы бағалау әдістерінің
басты ерекшелігі оқушылардың түсіну
қабілетін бағалауда, сондай-ақ
оқушылардың аналитикалық құралдар
мен мысалдарды қолдануында
танымдық прогрессін анықтау. Мұндай
бағалаудың қорытындыларын оқыту
деңгейін жаксарту барысында
қолдануға болады. Қалыптастырушы
бағалау әдістерін бірнеше түрге
жіктеуге болады. Әдістердің бір түрі
мұғалімнің сабақ түсіндіру және
жаттығулар орындау барысында
қолданылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz