Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы сөз символдары
Презентация қосу
мектебі
Мағжан Жұмабаев
поэзиясындағы
сөз символдары
Орындаған: «А» сынып оқушысы
Жетекшісі: ннролтоипрмр
Мәдениеттің, өркениеттің әр қилы кезеңдері мен
дәуірлерінен өткен сайын тілдік ұжым мүшелерінің
таным-білімі, сондай-ақ белгілі бір ақиқат дүниені тек
логикалық-позитивтік ғана емес, эстетикалық түрде де
тани біледі және таныта алады. Сол ақиқат дүниенің
сәулесін, ол туралы түсінік, ұғымды санада тұрақты
таңбаланып қалыптасқан тілдік құралдардан басқа
эстетикалық мақсатта қолданылатын бейнелі
құралдармен де таныту жағдайлары кездеседі. Осындай
адам санасындағы ақиқат дүниені, сондай-ақ идеалды
дүниені эстетикалық-көркем негізде таныту әсіресе
өнермен тікелей байланысты шығармашылық таланты
бар дарынды тұлғалардың ой жүйесінде туындайды.
Зерттеу жұмысының
өзектілігі
Зерттеу жұмысымызда ұлттық-мәдени бірлік болып
табылатын сөз - символдардың құрылымын талдап,
әртүрлі тілдік құралдармен көркем эстетикалық
деңгейде вербалдануын суреткердің шеберлігімен
байланыстыра зерттеу үшін негізгі нысана етіп
Мағжан поэзиясын алдық. Өйткені, Мағжан
поэзиясында көркем әдебиеттің негізін құрайтын
мәңгілік тақырыптар жарқырай көрінеді. Мағжан
өлеңдері символға толы, сезімді жаулап алатын ұлы
қасиетке ие. Автор символдарды өз өмір тәжірибесі
арқылы көркем бейне түрінде өңдеп, тереңінен
игергені байқалады.
Зерттеудің
мақсаты
М.Жұмабаев шығармаларындағы
символизм, оның өзіне дейінгі
үлгілерді тиімді қолдана отырып,
оған жаңа сипаттар мен жаңашлыдық
дарыту қарым-қабілетін айқындау.
Символ – мәдени сөйлеу тілі
- символ – таңбаға тепе-тең ұғым;
- өмірді өнермен образды түрде игеруді білдіретін
жан-жақты категория;
- мағынасы шартты, басқа нысан мағынасына
ұқсас белгілі бір мәдени нысана;
- символ - өзінің алғашқы мазмұнын мазмұнға
форма беруде қолданатын таңба ретінде
кездесетін символды кең түрде түсіну .
А.В.Луначарский: «Өнердегі
символика – кең ұғым. Суретші
толассыз сезімдер мен сансыз
идеяларды бейнелі, сезімдік
түрде бергенде, абстрактілі
ойлау арқылы емес, сіздің
елестетуіңізбен жүрегіңізді
образға әсер ете суреттейді»,-
дейді.
.
Академик Р.Сыздықова: «Қазақ
поэзиясының тілін зерттеушілер символ
дегенді кеңінен арнайы сөз еткен емес» ,-
дей келе, «символ идеяның заттық
нышаны, астарлы образы» [4, 89] ,-деген
тұжырым жасайды. Бұл зерттеу символды
поэтикалық тұрғыдан қарастыруға
арналған.
Сонымен, символ - зерттеуші ғалымдардың пікіріне сай,
таңбаның арнайы түрі. Таңбаға төмендегідей қасиеттер
сай:
-таңба – идеалды мазмұнды сезім арқылы танылатын
құбылыс,
-таңба басқа бір затты (ққұбылысты, оқиғаны) көрсетеді;
-таңба хабарды алу, сақтау, беру үшін қажет.
Ал символға тән ерекшелік:
-сөз-символ болу үшін белгілі бір мәтінде мәдени орын алуы
керек;
-көркем-образды тұлғаның болуы;
-таңбаның мәні көрсету болса, символдың мәні одан кең;
-символға архетиптік тән;
-символ мағынасын оның образын нақты тану арқылы
ұғуға болмайды;
-символдағы тура мағына өзіндік дербестігін сақтайды,
абстрактілі символдық мағынамен салыстырғандағы
қалып тең дәрежеде.
Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы
сөз-символдар
Мағжан поэзиясының көркі мен сұлулығы, сыршылдығы
мен жыршылдығы, суреткерлiгi мен ойшылдығы талай рет
оқырманын тамсандырып, талай дуалы ауыздардың
iлтипатына иелендiрiп, бәрін өзiне тәнті еткен. Мағжан
поэзиясының осынау құдiрет күшiн өз замандастары толық
мойындап, кейi ашық, кейi жұмбақтап болса да жазып та,
айтып та кеткен. Жүсiпбек Аймауытов пiкiрлерi
Мағжанның сыршыл өлеңдерінің құпиясын ашып берді.
Талантты ақынды Ж.Аймауытов Пушкинге теңеген.
Мағжанның ақындығын нақ танып, дұрыс та әділ бағалаған.
Мағжанның шығармашылық өмір
жолы бүгінгі таңда әдебиетші
ғалымдарымыздың зерттеу
тақырыбының нысаны болды.
М.Әуезов Мағжан туралы: «Қазақ
жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемiн.
Бұдан соң Мағжанды сүйемiн. Европалығын,
жарқыраған әшекейiн сүйемiн. Қазақ
ақындарының қордалы ауылында туып
Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына
барып, жайлауы жарасқан арқа қызын көрiп
сезiнген боламын. Мағжан культурасы зор
ақын. Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың
бәрiмiздi күмәндi, өте сенiмсiз деп
бiлемiн»[18], - деген ой айтады.
Анығында Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы
лирикалық қаһарманда қазақ өлеңдеріндегі
кейіпкерлерге ұқсамайды. Сезім-толғаныстарын,
жан сырын, сезім арпалыстарын шынайы түрде
жайып салады.
Мағжан шығармаларына
ғалымдарымыз бүгінде әділ бағасын
беруде. Мысалы, ғалым Б.Ыбырайым:
«М.Жұмабаев творчествосы –
отаршылық кезеңінде күйзелген
қазақ әдебиетін әлем әдебиетінің
деңгейіне көтерген, психологиялық-
көркемдік иірімдер мен әлем
поэзиясына жаңа өрнектер мен
бояулар қосқан эстетикалық
құбылыс, көркемдік жаңалық. Ол
поэзиямыздың эстетикалық әлемін
тың бояулармен, күрделі сезімдік
әлеммен байытып, жаңа биікке
көтерді”.
Оның «Мені де өлім әлдиле», «Жел», «Ой», «Күзді
күні», «Алдамшы өмір», «Альбомына», «Сағындым»,
«Сарғайдым», «Түс», «З-ға», «Бүгінгі күн өмір, өлім
менікі» т.б. өлеңдері ақынның түңілу сарынында
жазған шығармалары. «Қазақ өлеңі тарихының ХХ
көгінде Мағжан поэзиясы Шолпан жұлдыздай оқшау
тұр... Мағжан – қазақ өлеңіне абайдан кейін дүбірлі
өзгеріс әкелген ірі реформатор ақын. Мағжан өлеңге
романтикалық өң береді. Адам мен табиғатты қатар
алып араларынан өзгеше байланыс іздейді...»
Символ – сөзді қолдану шеберліктің бір қыры.
Символды қолдану ақынның айтпақ ойын дөп
басып, шығарманың бейнелілігін арттыру
үшін қажет. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде
де символ жиі қолданылғандығы белгілі.
Қазақ әндерінде жусан деген шөп символ
ретінде жұмсалады.
Абай өлеңдерінде қыз бейнесі – шолпы
символы арқылы берілген.
Абай:
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ қара қасты.
Сұлу қызды көріп пе ең мұндай түрін?
Шолпы- махаббаттың символы ретінде танылған.
Мағжанның «Шолпы» өлеңіне назар аударайық,
Сылдыр, сылдыр, сылдыр...
Қанымды қайнаттың құрғыр
Шық-шық жүрекке тиеді,
Күлпара талқан боп сынғыр!
Сылдыр, сылдыр, сылдыр...
Өзекті өртеді құрғыр
Әдейі іргеден жүреді
Сұлу қыз санадан солғыр
Қазақ қызының бейнесін сомдауда, сүйген жүректердің
сезім иірімдерін ажарлауда үш қаламгер – Абай,
Мағжан, Мұхтар – шолпы сөзін қазық етіп, соның
айналасында әркім өз қаһарманының образын жасайды.
Сонда Абай мен М.Әуезов шолпыны қыз бейнесін
танытатын, толықтыратын деталь ретінде алса, Мағжан
образдың өзі ретінде қолданған. Десек те, осы үш автор
да шолпыны – сұлулықтың, сымбаттылықтың символы
ретінде қолданған, ол сұлулық тек сыртқы тән сұлулығы
еместігін ерекше сезімталдықпен тап басып көрсетіп,
сүйіспеншілік сезіммен астастырған.
Қазақ әдебиетінде түлкі – қулық, алдамшы мінезді
беретін символ. Қазақ халқы символ ретінде түлкіні
көбіне қу деген ұғымның орнына жұмсайды. Мағжан
өлеңдерінде түлкі осы мағынада қолданылған.
«Алданған сұлу» өлеңінен мысал келтірер болсақ,
Ал бүгін ол көріктің бәрі де жоқ,
Ақмарал аяғыңа дәл тиген оқ.
Өкіндің, жастық, мастық ісің өтті.
Аһ ұрдың, сыртың – жалын, ішіңде шоқ.
Тіліне қу түлкінің тез алдандың,
Ойламай таңдағаны, тез құп алдың.
Тап-таза ат, көркем көрік – бәрі кетіп,
Өміріңше құтыла алмас атта қалдың [13].
Қазақ тіліндегі «су» символы мақал-мәтелдер
құрамында келіп ұлттық мәдениетті танытуына көптеп
мысал келтіруге болады.
«Таулы жер бұлақсыз болмас, Сулы жер құрақсыз
болмас» , «Су жүрген жер береке, Ел жүрген жер
мереке», «Халық қартаймайды, Қара жер қартаймайды»
, «Көп тепкен жерден көл шығады», «Жер құтты
болса,Мал сүтті болады. Мақал-мәтелдердің мазмұны
көбінесе бір ғана ойды жеткізуді мақсат ете отырып,
оны айқындап дәйектей түсу үшін, өзге бір дүниемен
теңестіре, салыстыра бейнелеу негізінде құрылады.
Мысалы, «Адам қатесіз болмас, Көл бақасыз болмас»
мақалын алып қарайтын болсақ, «кез келген адам
өмірде қателеседі, қателеспейтін адам болмайды» деген
философиялық тұжырымды бақаның сусыз, яғни көлсіз
тіршілік ете алмайтын физиологиялық ерекшелігімен
салыстыру негізінде сипатталып отыр.
Мәшһүр Жүсіп шығармаларында су символының
берілу сипатына назар аударсақ,
Құдайым жексенбі күн жер жаратты,
Жер-суды әуел бастап – бір жаратты.
Тау мен тас, ағаш пен шөп, көл мен өзен
Түріндей текеметтің түр жаратты.
Су - тіршілік көзі, ақын поэзиясында да су – өмірдің
символы, тіршілік көзі.
Шөп шықпас, су жүрмесе, терең сайға
Бейнеттің қазып тауын, әлектенді,
Су беріп Мәшһүр тілдің метініне
«Қанағат туралы жұмбақ өлең» атты қызыл тілді
философиялық мәні зор өлеңінде ақын судың символдық
мағынасын дәл тауып қолданады. Ақын өлеңдерінде су
тіршшілік көзі ғана емес, у, ашкөздікті сынайтын т.б.
қасиетке ие болып та алынады.
Тоймағандар тоя алмай суда қалған,
Бұ жалғанға сусыны емес қанған.
Бір татқанға қанағат қылған жандар
Тәңірі алдына көркейіп мәз боп барған .
Ақын өлеңдерінде су тазартушы, тазалаушы ретінде де
танылады.
Бұлақтың сүт ағатын су ағары
Көрсем деп құмарланған естен танар
«Жер» мен «Су» көркемдіктің символы ретінде танылатын
болғандықтан, кейде екеуі қатар бір тұрақты тіркестің
құрамында да кездеседі. Бұған мына тұрақты теңеулерді
атауымызға болады: жер шырайы, судай жаңа, судай жорға,
судай таза т.б
«Жер» мен «Су» символының қатар қолданыс табуы: жер
жастанып, су сүйеніп отыр. Жермен қатысты алғыс-қарғыс
сөздер: жер жарығын бітедің бе?, жер қуанышыңды
көргір, жер жұтқыр, жер жастанғыр, жерге қарағыр, жер
бол, т.б.
Жер символының мақал-мәтелдердің құрамында келуі: жер
түбінен ойлады; Күн түспеген жер көгермес, көсемі жоқ ел
көгермес; т.б.
Символдық мәнге ие сөздердің табиғаты ерекше, ол
ерекшелік символ – сөздердің танымдық, ұлттық мәдени,
фондық мағыналарын сол тілде сөйлейтін халықтың дүниені
тану мен құбылыстарға баға берумен, әлемнің тіл бейнесімен
тығыз байланысты. Мағжанның өлеңдерінде «жел»- символ.
Ақын шығармасында кездесетін «Жел» бейнесі, бірде рахат
тыныштықтың, бірде тағдырдың символы, енді бірде жел
сөз, өсек-аяң, сыбыс, хабаршы мағынасында да жұмсалады.
Енді бірде «жел»образы елде болып жатқан жамандықты
жеткізуші хабаршының баламасы ретінде де алынады.
Мағжан Жұмабаев өзінің өлеңдерінде ұлттық санада
қалыптасқан бұл түсініктердің қаймағын бұзбайды.
Қараңғылық қаптады,
Қайғы ма басқан, түн бе екен?
Сыбдыр-сыбдыр әлде не, -
Жел ме?
Жүрген жын ба екен ?
– деп жындардың түнде жүретінін білдіретін ұлттық санадағы
ұғымды көреміз. Бірақ оны ақын халық басына төніп келе
жатқан қатердің хабаршысындай етіп, соған балап суреттейді.
Елге бір қара түнектің төніп келе жатқанын айтуда халықтың өз
ұғымына сай, өз түсінігіне ыңғайлы сөздерді қолданады:
Қарашы кейін бұрылып,
Таудай болып созылып
Қала – бір жатқан дәу пері.
Айналасы – тұман, түн,
Дем алысы – от, түтін.
Жарқ-жұрқ етер көздері
– дей келе, Мағжан қолқаны атқан көк түтінге оранған қала
тірлігінің, ауылдың жұпарлы ауасымен салыстырғанда жан төзгісіз
екендігін ауыл халқына түсіндіру үшін «қала – бір жатқан дәу
пері» деп оны ұлттық санаға жақындатады.
Мазасы жоқ жел ерке
Оянып ап тым ерте,
Жорғалай басып кетеді,
Тыныш жатқан түс көріп
Көлдің бетін кестелеп,
Оны әуре етеді.
Жел – еркіндіктің символы. Оның еркелігін, ешкімге
мойынұсынбау еркіндігін баса жырлайды. Өйткені ақын
жаны сол еркіндікті аңсайды.
Ақын толқынға адамша жан бітіреді. Өлеңнің ішкі
сырына үңілсек, толқын өлімі мәңгілікке жалғасқан
өмір.жарына бал беріп, рахат тапқан өлім, мың
қайталанып, мәңгілікке жалғасқан тіршілік.
Мағжанның жүрек сырын жеткізетін құралы – оның
поэзиясы. Ақынның жүгінері де жүрегі.
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм әмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп, жанады да.
Қу әмір қызығы жоқ қажытқан соң,
Толғанып қарауым сол баяғыға.
Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар
Әдемі ертегідей баяғыда.
Әдемі әткенді ойлап айнымасам,
Сұм әмір күшті уын аяды ма?
«Жүрегім, мен зарлымын жаралыға»
деп жырлаған ақын үшін «жүрек» -
өмірдің символы.
«Жаралы жан» өлеңінде ақын
«жүрект» ыза, кек ,шарасыздық,
қайрат, мейірім бейнесінде шебер
қолданған.
Қысылған сорлы адамның шыбын
жаны
Шапшып тұр жүрегінен ыстық
қаны.
Ішті өртеп, жүректі елжіретед
Күңіреніп сол сорлының
сарнағаны:
«Ойпырым-ай, Алла-ай, Жасаған,
Қысылды ғой шыбын жан!
Қуат кеміп барады,
Көл болды мынау аққан қан.
Тәңірі, өзіңе жылайын,
Хал жоқ, қалай тұрайын!
Жүректі жара жеп барад,
Жасаған-ау, қалай шыдайын?!
Соқпа, сорлы жүрегім,
Шірігенді, ақ білегім!
У-ға толды жас жүрек.
Орамалды жарыма
Бітірем қашан кестелеп?..
«Ескендірдің екі мүйізі» өлеңінде у- арбаушы. Өлеңнен мысал
келтірер болсақ,
Қамыс басын шайқады,
Жел өндірді у жырын
Жырлады, құшты, улады
Біліп алды бар сырын
Тағы сене бастаймын
Күнде алдағыш қуларға.
Есім шығып қашпаймын,
Мен ішпеген у бар ма? (Абай, 172).
У – сөзі символ қызметінде. У – қиындықтың, азаптың символы
ретінде алынған. Қиыншылықты у мен алмастыра отырып, ақын
ауыртпашылықты образды түрде бейнелеп, әсірелілігін артырған.
Бұл символдың образдылығын, әсерлеу қызметін көрсетеді.
Абайдың зарлы күйігін, қайғы қасіретін эпопеяда суреттегенде
М.Әуезов те осы у сөзін символ ретінде қолданған.
Түлкі – қулық, алдамшы мінезді беретін символ.
Қазақ халқы символ ретінде түлкіні көбіне қу
деген ұғымның орнына жұмсайды. Мағжан
өлеңдерінде түлкі осы мағынада қолданылған.
«Алданған сұлу» өлеңінен мысал келтірер
болсақ,
Ал бүгін ол көріктің бәрі де жоқ,
Ақмарал аяғыңа дәл тиген оқ.
Өкіндің, жастық, мастық ісің өтті.
Аһ ұрдың, сыртың – жалын, ішіңде шоқ.
Тіліне қу түлкінің тез алдандың,
Ойламай таңдағаны, тез құп алдың.
Тап-таза ат, көркем көрік – бәрі кетіп,
Өміріңше құтыла алмас атта қалдың.
Жалынды ақынның поэзиясында «От» сөзінің де
символикалық мәнге ие болғаны анық. Ежелгі түркі
жұртының киелі тотемі саналатын «от» ұғымы
Мағжанның «От» деп аталатын өлеңінде негізгі ойды
білдіріп, өзінің ішкі болмысын, рухын танытқандай.
Мысалы:
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын жанамын,
Күнге ғана бағынам.
Өзім – күнмін, өзім – от,
Сөзім, қысық көзім де – от,
Оттан басқа Тәңірі жоқ.
-деп жалындаған.
Жалпы қазақ ұғымында от жүрек деген тіркес бар. От
батылдық пен батырлықтың символы. От сонымен
қатар, жамандықтың да белгісі болып табылған. «Отқа
қарады», «отқа оранып, суға сүрінді» т.б. Отқа
байланысты қатысты алғыс-қарғыс сөздер:оты жанбаған,
отын өшірді, отқа түсті т.б.
Жоғарыда аталған отқа қатысты наным-сенімдер
мұсылман дінінен бұрынғы түркі халықтарындағы
табиғатқа табынудың белгілері.
Оттың символдық мән – мағыналарын құрамында осы
атау бар тіліміздегі фразеологизмдерден аңғаруымызға
болады. Бұларға қазақ тіліндегі көркемдегіш құрал
ретінде қолданылатын мынадай тұрақты теңеулерді атай
аламыз: от жүрек, оттай жану, отты көз, от ағасы т.б.
От символына байланысты тілімізде отағасы деген сөз
бар. Отағасы ертеден қасиетті сөз болғанға ұқсайды.
Отағасы, яғни, шаңырақтың иесі деген сөз от сөзінің
ұйтқы болуымен жасалған болуы керек. От басы –
«бала-шаға», «үй іші» деген ұғымдарды береді. «Отыма
оттық сал» – бала туғанда, шешек шыққанда
айтылатын ырым бар. От символына байланысты түрлі
фразеологизмдер, мақал-мәтел, тыйым сөздер т.б.
мәдени құндылықтар бар. Мысалы, «үйден от кетпесін,
алдан ас кетпесін», «отының басынан, ошағыңның
қасынан бер» деген бата бар, отау, ақ отау, отау тікті,
отау түсті, отау құтты болсын, отаса алмады, т.б.
шаңырақ, жеке үй болу осы от сөзінен өрбіген сөздер.
Әдебиет - халықтың ұлы мұрасы, ұлтымыздың тарихи
жетiстiгi. Әдебиет бiр жағынан - ұрпақтан-ұрпаққа
жеткен мұра болса, екiншi жағынaн ұрпақтан-ұрпаққа
жеткен көркем туындылар, рухани байлық. Ал символдар
- образ тудырушы құбылыс. Мағжан қолданған символ
ішінде «Жер» мен «Су» көркемдіктің символы ретінде
танылатын болғандықтан, кейде екеуі қатар бір тұрақты
тіркестің құрамында да кездеседі. Бұған мына тұрақты
теңеулерді атауымызға болады: жер шырайы, судай жаңа,
судай жорға, судай таза т.б
Жыр дүлдүлі Мағжан Жұмабаев поэзиясының
эмоционалды-экспрессивтік әсерлілігін одан әрі
еселендіре түсу үшін сипаттау, көріктеу, айшықтау,
түйдектеу тәрізді әдіс-тәсілдерді шебер қолданады.
.
Үлгілі, нұсқалы сөздер айтып, әдебиетімізге,
тарихымызға елеулі үлес қосқан Бала би мұралары осы
күнге дейін толық жинақталып, зерттеле қойған жоқ.
Сол себепті би бабамыздың асыл мұраларын жинақтап,
жүйелеп тарихи, әдеби жағынан кеңінен қарастыратын
кандидаттық зерттеу жүргізілсе;
Бала би мұраларын орта мектептің тарих, қазақ тілі
мен әдебиетіне қатысты таңдау курстарына ендірілсе.
Бала би кесенесі киелі Шиелі ауданына қарасты Оқшы
ата кешені қатарында болғандықтан барлығыңызды осы
киелі орынға саяғаттауға шақырамын.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz