Көмірсу алмасудың диагностикасы
Презентация қосу
Жануарлардың
биохимиялық
жағдайы.
Орындаған:Мырзақұл Ш. 21-02
Жануарлар биохимиясы
Жануарлар биохимиясы (грекше bіos — тіршілік, өмір
және химия) — жануарлар организмінің химиялық
құрамы және химиялық құбылыстар мен энергиялық
процестер туралы ғылым. Қазақстанда жануарлар
биохимиясы 1940 жылдан бастап дами бастады.
Жануар денесіндегі түрлі ферменттер(мыс, миоглобин,
цитохром, каталаза, т.б.) онтогонез сатыларымен
байланыстыра зерттелді. Сау және ауру мал қанының
сарысуындағы белоктар биохимиялық тұрғыдан
сипатталды (Ж.Омаров, Ө.Ташмұхаметов, Б.Қарабалин,
т.б.). Бұдан жануарларға тән гетерозистің молек.-
генетик. механизмі зерттеліп, мал будандастырудың зат
алмасу процестеріне тигізетін әсері анықталды
(Ә.Сәрсенов). Пропин қышқылымен ашытылған
сүрлемдегі биохимиялық құбылыстар сипатталып, оны
бұзауға азық ретінде беруге болатындығы дәлелденді.
Зат алмасудың бұзылуын анықтау үшін кешенді іс-шаралар жүргізіледі. Бұл шараларға анамнез жинау, азықтың, қанның
лабораториялық анализі, т.б. жатады. Клиникалық практикада зат алмасудың бұзылуының жеке түрі сирек кездеседі, көбінесе
бірнеше зат алмасу бұзылу түрлері қабаттасып (белок-көмірсу, көмірсу-май, витамин-минерал, т.б.) кездеседі.
Зерттеу жұмыстарын анамнез жинаудан бастайды, малдың қай уақыттан бері белоктық азықтарды, қосымшаларды
жеткіліксіз алып жүргендігі, немесе белоктың шамадан тыс көптігі, рационның құрамы анықталады. Одан басқа
агрохимиялық және ветеринариялық лабораторияларда азықтағы қоректік заттардың, оның ішінде протеиннің мөлшері, оның
амин қышқылдық құрамы зерттеледі.
Белок организм ұлпаларының негізін құрайды, өмір сүруге қажетті структуралық (құрылымдық), энергетикалық
(қоректік), тасымалдаушылық, тұрақтандырушылық және т.б. қызметтерді атқарады.
Организмнің қорғанысы, иммун денелерінің түзілуі де белоктың қатысуымен өтеді.
Белок жетіспегенде (гипопротеинемия), әсіресе төлдерде зат алмасу бұзылады, бойының өсуі баяулайды, кейде
тоқтайды, ішкі органдардың дамуы, жыныстық жетілу тежеледі, табиғи резистенттік төмендейді, өнімділігі кемиді, әртүрлі
аурулар пайда болады.
Сонымен қатар, организмге белоктың көп мөлшерде түсуі де биохимиялық процестерді бұзады.
Гиперпротеинемия – плазмадағы жалпы белок мөлшерінің көбеюі – малға белоктық азықтарды шамадан тыс көп
бергенде болады.
Парапротеинемия – қан сарысуында патологиялық (аномалиялық) белоктардың пайда болуы. Белок алмасудың
бұзылуының бастапқы кезеңінде қанға, несепке, сүтке анализ жасалады. Ауру дамығаннан кейін клиникалық әдіспен
диагностикалайды.
Көмірсу алмасудың диагностикасы. Көмірсулар мал рационының негізін құрайды және
энергия (қуат) көзі болып есептеледі. Глюкоза организмдегі май, протеин алмасу процесіне
әсерін тигізеді, қарын асты безінің, бауырдың қызметін күшейтеді, нерв және бұлшық ет
ұлпалары үшін негізгі қуат көзі болып есептеледі.
Көмірсу алмасудың бұзылуы екі топ себептерден болады. Бірінші топқа экзогендік, немесе
алиментарлық себептер жатады, яғни, малдың рационында ұзақ уақыт оңай қорытылатын
көмірсулардың болмауы. Екінші топ эндогендік, ішкі факторлардың әсері – оған ішектің
қабынуы, ұйқы безінің зақымдануы, уланулар, әртүрлі инфекциялық аурулар, гиповитаминоздар,
сонымен қатар көмірсу алмасудың нервті-гормондық реттелуінің бұзылуы жатады.
Қандағы глюкозаның мөлшерінің азаюы – гипогликемия, көбеюі – гипергликемия деп аталады.
Гипогликемия әртүрлі себептерден болады, соның бірі сауылатын сүтті сиыр сүт майын түзуге
глюкозаны көп жұмсайды, осындай кезде организмге көмірсудың жеткіліксіз түсуінен болады.
Сонымен қатар гипогликемия кетозда, гипокобальтозда, остеодистрофияда, т.б. зат алмасу
ауруларында кездеседі.
Гипергликемия малға қантты азықтарды көп бергенде, венаға глюкоза құйғанда, орталық нерв
жүйесі қозғанда, ұйқы безінің гипофункциясында болады.
Көмірсу алмасудың бұзылуларын қанды, несепті, нәжісті зертханада зерттеп және клиникалық
тексерумен анықтайды.
Май алмасу бұзылуының диагностикасы. Майлар белок, көмірсулармен бірге мал рационының құрамына кіретін организмдегі қуат қоры
болып есептеледі.
Май алмасу бұзылуының негізгі себептері – белок-көмірсу алмасудың бұзылуы, майлы азықтарды көп беру май қышқылы бар сапасыз
сүрлем беру, ұзақ уақыт көгерген шөп беру.
Май алмасу бұзылуының бірнеше түрлері бар:
- майлы инфильтрация – май ұлпасынан басқа ұлпаларда ұзақ уақытқа май мөлшерінің көбеюі;
- семіздік – май ұлпасына триглицеридтердің көп жиналуы;
- гиперкетонемия – кетон денелерінің қанда жиналуы;
- гипокетонемия – қалыпты көрсеткішпен салыстырғанда кетон денелерінің қандағы мөлшерінің азаюы.
Май алмасу бұзылуын клиникалық тексерумен қоса лабораторияларда қанды, несепті, сүтті, нәжісті кетон денелеріне тексеру арқылы
анықтайды.
Су - электролит алмасу бұзылуының диагностикасы. Су-электролиттік алмасу гомеостазды – организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын
қамтамасыз етеді. Мал организмінде су дене салмағының 65-70%-н құрайды.
Суды клеткаішілік және клетка сыртындағы деп екіге бөледі. Клеткаішілік су клетка құрылымымен байланысқан, организмдегі бүкіл судың
72%-ға жуығын құрайды. Клетка сыртындағы су тамырішілік және ұлпааралық болып бөлінеді, организмдегі бүкіл судың 28%-ға жуығын құрайды
және зат алмасудың барлық биохимиялық процестері өтетін орта болып есептеледі. Жасуша ішіндегі және сыртындағы судың динамикалық тепе-
теңдігі олардың электролиттік нерв-эндокриндік регуляциясымен реттеледі.
Бұл тепе-теңдіктің бұзылуы нефроз, нефросклероз, миокардит, миокардиофиброз, цирроз, энтероколит ми жарақаты және т.б. инфекциялық,
инвазиялық ауруларда байқалады.
Су – электролит алмасудың бұзылуының ішінде сусыздану, гипергидрия, гипо-гипернатриемия, гипо-, гиперкалиемияның диагностикалық
маңызы бар.
Сусыздану – организмдегі судың жалпы көлемінің азаюы (гипогидрия, эксикоз), қайталанбалы құсуда, аймақты күйіктерде, созылмалы
диареяда т.б. ауруларда кездеседі.
Гипергидрия – органимдегі су көлемінің үлкеюі. Себептері: мал организміне тұзсыз ертінділерді көп енгізу, бүйректің несеп бөлу қызметінің
бұзылуы, ісік түзетін жүрек, бүйрек, бауыр аурулары.
Гипо- және гипернатриемия – қан плазмасындағы натрий мөлшерінің азаюы, немесе көбеюі.
Гипо- және гиперкалиемия – қан плазмасындағы калийдің азаюы, немесе көбеюі.
Су-электролит алмасуының бұзылуын зерттегенде клиникалық тексерумен қоса, қан мен қан плазмасында, ұлпада, организм сұйықтығында,
азықта калий мен натрийдің мөлшерін анықтайды.
Витамин алмасу бұзылуының диагностикасы. Витамин алмасудың бұзылуын анықтаудың клиникалық
маңызы зор. Витаминдер белок, май, көмірсу және т.б. заттардың алмасуына қатысатын катализаторлардың
құрамына кіреді. Мал организмінде витамин алмасудың бұзылуы экзогендік және эндогендік себептерден
болады. Экзогендік себептерге малдың азығында витаминдердің, немесе провитаминдердің жеткіліксіз болуы
жатса, эндогендік себептерге витаминнің организмде сіңірілуінің бұзылуы жатады.
Витамин алмасуының диагностикасы барынша ерте және кешенді жүргізілуі тиіс. Диагноз қойғанда анмнез,
малдың азықтандырылуы мен бағымы, азықтың, қанның, сүттің, ұлпалардың лабораториялық зерттеу
қорытындылары қамтылады.
Минералдық зат алмасу бұзылуының диагностикасы. Мал минералдық заттардың көпшілігін өсімдік
тектес азықтан алады, сондықтан да минералдық зат алмасудың бұзылуының негізгі себептері азықтың
құрамында макро- және микроэлементтердің аз не көп болуы, немесе олардың ара қатынасының өзгеруі.
Макроэлементтер – кальций, фосфор, магний, т.б., клетка мен ұлпа құрамына кіреді, зат алмасуды
реттейді, клетка ферменттерін белсендіреді және т.с.с. қызметтерді атқарады.
Микроэлементтер – темір, мыс, кобальт, йод, марганец, селен, т.б. ферменттер мен коферменттердің,
витаминдер мен гормондардың, көптеген белоктардың құрамына кіреді.
Организмде темірдің жетіспеуі – анемиялар, мыстың жетіспеуі – гипокупороз, кобальттың жетіспеуі –
гипокобальтоз тудырады.
Мырыштың жетіспеуі – паракератоз, марганецтің жетіспеуі – перозбен айқындалады.
Минералдық зат алмасудың бұзылуын анықтау үшін клиникалық тексерулерден басқа, топырақтың, судың,
қанның, несептің, сүттің лабораториялық зерттеулері және сүйектердің рентгенографиясы жүргізіледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz