АВГУСТИННІҢ ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫ


Slide 1

Қ. А. Я. Атаңдағы халықаралық қазақ-түрік университеті

БӨЖ

Қабылданған: Қалдыбай Қ.

Орындағын: Хамида С.

Топ: ЖМ 107

Тақырыбы: Өнер Философиясы

Slide 2

жоспар

Өнер - мәдениет феномені

Өнер философиясының тарихи типтері

Эстетика өнер философиясының теориялық негізі ретінде

Қазақ халқының өнер философиясы

Slide 3

Өнер

Өнер - бұл көркем кейіпі түрінде шындықты шығармашылықпен бейнелеу және жаңғырту. Көркем шығармашылық - бұл идеяны сезімдермен қабылданатын бейнелерде іске асыру.

Өнер деп көркем шығармашылықты да, оның нәтижесін - көркем өнімін де атайды.

Өнер қоғамдық сананың түрлеріне жатады.

Slide 4

Өнердің адам әлемінде орны

Әрбір адам үшін өнер - өмірдің ажыратылмас бөлігі.

Өнер адамға жақсы әсер етеді, көңіл-күйін көтеріп, басқа адамдардың ішкі жан дүниесін, сезімдерін түсінуге, олардың қуанышы мен уайымына ортақ болуға бағыттайды

Slide 5

Өнер арқылы танымның ерекшеліктері

Дүниені көркем кейіптер арқылы бейнелеу

Сезімдермен қабылданатын көрнекі сипаты

Дүниені субъективті қабылдау

Slide 6

Өнер - мәдениет феномені

Өнер қоғамның рухани мәдениетін жеткізіп тұрады

Пейзаж, натюрморт, порт-рет, музыка, мүсін өнері немесе сәулет өнері белгілі дәуірдің мәдени менталитетін көрсетеді

Мәдениет феномені ретінде қарастырылған өнер туралы теория көркем шығармашы-лық үрдісінің жалпымәдени бастауларын айқындайды

Slide 7

Өнердің генезисі

Өнер 25-15 мың жыл бұрын, палеолит дәуірінде пайда болған және адамзат тарихымен бірге дамып келе жатыр

Slide 8

Өнердің шығу тегі туралы теориялар

«Мимезис» немесе «имитация» теориясы

Діни теория

Биологиялық теория

Эротикалық теория

Ойын теориясы

Магия теориясы

Прагматизм теориясы

Slide 9

«Мимезис» немесе «имитация» теориясы

Өнер - бұл мимезис, имитация (грек тілінен «mimesis» - еліктеу, қайталап өндіру; көне үнді санскрит тілінен «im eto» - «еліктеу) .

Әуелгі кезде «мимезис» шарап ішу құдайы Диониске табынушылықпен байланысты көне грек абыздардың ритуалды билерін белгілеген.

Пифагоршылар музыканы «аспандағы әуендердің үйлесімділігіне еліктеу» деп түсінген. Мимезис теориясын Платон және Аристотель дамытқан.

Slide 10

Өнердің шығу тегі туралы биологиялық теория

Биологиялық теория бойынша, «адамның өнерге қабілеті табиғи эволюция жолымен қалыптасып, туа біткен қабілетке айналды»

Өнер - «әшекейлеу инстинктіні» жүзеге асыру, басқа жынысты өзіне қарату тәсілі деп түсіндіреді Ч. Дарвин, О. Вейнигер, К. Грос және т. б.

Slide 11

Өнердің эротикалық шығу тегі туралы теория

Бұл теория З. Фрейд пен К. Юнг ілімдерінің ықпалында пайда болған: «өнер шығармасының мазмұнында адамның қиялынан туындаған бейнелер жатыр, ал, көркем шығармашылық - «либидо» (жыныстық құштарлықтың) көрінісі. Бұл теория бойынша, алғашқы қауымдық қоғамдағы өрнектер бейсаналықта жатқан жыныстық тілектердің көрінісі, кез-келген көркем бейне - жыныстық органдардың символы деп түсіндіреді

Slide 12

«Өнердің шығу тегі - ойын» теориясы

Бұл теорияның негізін қалаушылар - Ф. Шиллер, Г. Спенсер, Г. Аллен, К. Гросс, К. Ланге: «өнердің шығу себебі - бос уақыттың болуы және адамның еңбекте жойылмаған қүш-қуатын өзіне ұнайтын ермекке жұмсау қажеттілікте. Ойын ретіндегі өнер - «еліктеу». Мәдениет туралы, сонымен бірге, өнер туралы ойын концепциясын біртұтас түрде тұжырымдаған Голландияның тарихшысы Йохан Хейзинга «Homo ludens» («Ойыншы адам») атты еңбегінде

Йохан Хёйзинга

(1872-1945)

"Homo ludens\"

(1938)

Slide 13

Өнердің шығу тегі туралы магия теориясы

Бұл теорияның негізін қалаушы С. Рейнак: «өнердің түп тамыры көптеген алғашқы қауымдық магиялық әдет- ғұрыптарда жатыр.

Бақсы-шамандар алғашқы биші, суретші, әнші, музыкант қызметін атқарған

Slide 14

Өнердің шығу тегі туралы прагматизм теориясы

Джон Дьюи: «өнердің туындысы - әлеуметтік теңсіздік жағдайда адамдар араласуының жалғыз тәсілі»

Өнердің алғашқы шығармаларын жасау ру-тайпаны анық әлеуметтік мақсатқа жетуді көздеген: араласу, қауымды біріктіру, дүние туралы білімді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Slide 15

Өнердің тарихи типтері

Қоғамның тарихи дамуына сәйкес өнердің тарихи типтері қалыптасқан:

алғашқы қауымдық қоғамның өнері

Ежелгі Шығыс және антикалық өнер

ортағасырлық өнер

Қайта Өрлеу дәуірінің өнері

Жаңа заман өнері

XIX ғ. екінші жартысындағы өнер

қазіргі заман (XX-XXI ғғ. ) өнері

Slide 16

Өнердің нақты-тарихи сипаты

Ипполит Тэн: «…қайсы-бір көркем шығарманы, сүретші-ні немесе сүретшілер мектебін түсіну үшін, сол замандағы ақыл-ойдың және өнегелі-ліктің даму деңгейін дәлме-дәл көз алдымызға елесте-туіміз керек»

Ипполит Адольф Тэн (1828-1893) , француз философы, өнертануда мәдени-тарихи мектеп-

тің негізін қалаушы

«Өнер философиясы » (1869)

Slide 17

Өнердің тұлғалық сипаты

Өнерді тұлға жасайды және өнердің үндеуі тұлғаға бағытталады. Өнер адамның барлық сезімдерін, уайымдарын жеткізеді, адамның мінез-құлқысының, қылықта-рының себептерін ашып береді.

Суретші құбылыстардың, оқиғалардың ішкі мән-мағынасын индивидуалды бітім, кейіп түрінде көрсетеді.

Өнер философиясының мәселелері адамның психикасы мен психология мәселелерімен тығыз байланысты

Slide 18

Көркем шығармашылықтың субъектісі

Бұл - жасаушы, суретші; егер өзінің жасампаз қасиеттері ең жоғарғы деңгейде көрініс берсе, ол - гений. Ол суреттерде, фрескаларда, мүсіндерде, музыкада, әдебиетте әсемдікке ұмтылысты білдіреді

Оның дарындылығы, таланты - оның көркем әрекетінің алғышарты. Оның шығармашылы-ғының стимулы - қиялында қалыптасқан бейнелерді сезімдермен қабылданатын түрде бейнелеп жеткі-зуге рухани қажеттілік

Slide 19

Антикалық мәдениеттегі өнер

Антика мәдениетінде өнер мимезис (еліктеу) деп түсіндіріледі. Мүсін және сурет салу, қолданбалы өнерде, әдемі және үйлесімді дамыған азамат, ерлік көрсеткен жаунгер, патриот бейнеленген. Оның атлетикалық жаттыққан денесінің сұлу-лығы оның рухани байлығымен, әдептілігінің тазалығымен тіркеседі. Грек сүретшілер адам денесінің құрылымын, оның мүшелерінің үйлесімділігін, әсіресе, Олимппиялық ойын кезіндегі қимылда-рының пластикасын зерттеп бейнелеген.

Slide 20

Антикалық софистердің өнер философиясы

Софистердң сұлулықты түсінуінің ерекшеліктері:

- субъективизм: «әркім сұлулықты өзінше түсінеді»,

- релятивизм: «сұлулық салыстырмалы сипатта»

гедонизм: «сұлулық - бұл көзге және құлаққа жағымды нәрсе»

Софистер әсемдіктің көзі деп «дүние емес, бір нәрсенің сұлулығын қабылдауға қабілеті бар адам», - деп санаған. Өнер софистер үшін «елес, иллюзия, сағым, «алдап көтермелейтін өтірікті» жасау. Өнердегі образдарды (бітімдерді, кейіптерді) адам жасағандықтан, олар дүниенің бейнесі емес»

Slide 21

Сократ өнер туралы

Сократтың пікірінше, «өнер - бұл құбылыстарды жәй көшіру емес, ол дүниені еліктеу арқылы бейнелеу. Суретші дүниені зерттеп, көптеген жалқы заттардың белгілерін таңдап, жинақтап, жалпылайды. Осындай әрекет арқылы өзгертілген табиғат идеалға дейін көтеріледі. Сократ өнерде адамның рухани қасиеттерін, яғни түрі-түсі де, пропорциясы да болмайтын жанның қалпысын бейнелеу мүмкін бе? - деген сұрақ қояды. Сократ өнер философиясына «калокагатия» ұғымын (грекше: «калос» - «әдемі; «кагатос» - «ізгі») еңгізді

Сократ

б. д. д.

470- 399

Slide 22

Аристотельдің өнер философиясы

Аристотель: «Әдеміліктің негізгі белгілері - кеңістіктегі тәртіп, ұйқастық және анықтылық» (Аристотель «Метафизика»)

Өнер, Аристотельдің пікірінше, дүниені «мимесис», яғни еліктеу арқылы бейнелейді Аристотель өнердің өнеге-тәрбиелік маңызын «катарсистен» (адам жанын күйзеліске түсу арқылы тазартудан) көрген.

Аристотель (б. д. д.

384-322жж. )

Slide 23

Христиандық ортағасырлық өнер

Батыс еуропалық ортағасырлық көркем сананың ерекшелігі - азапкер адамның кейіпі. Өнер сюжеттері қарапайым адамның, қайыршының, елкезбенің азап шегуімен байланысты.

Ортағасырлық өнер Құдайдан берілген нұрлану ретінде түсіндірілген, діни сипатта болған.

Сәулет өнерінде екі негізгі стиль қалыптасты: романдық ((X-XII ғғ. ) және готикалық (XII-XVI ғғ. Романдық стильдің ерекшелігі -оның аласа, тапал, салмақты сипатында. Үйлердің негізгі типтері серілердің қамалы, монастыр жүйесі, шіркеу болған.

Готика стилі құдайға табынушылықты білдіріп, жоғарғы құдіретті күшке, мәңгілікке бағытталған. Сондықтан готика стиліндегі негізгі ғимарат - көпшілік жиналатын шіркеу, яғни «собор» - болған. Собор - қаланың қоғамдық өмірінің орталығы болатын. Ол Христос патшаның жоғарғы билігінің көрінісі ретінде танылған.

Шартрдағы собор (XII-XIV ғғ. ),

Романдық стиль

Қасиетті азапкер әулие Меркурий (III ғ)

Slide 24

Аврелий Августиннің әдемілік туралы тұжырымдамасы

Августин Құдайды абсолютті әдемілік ретінде түсінеді. Құдай дүниені сұлулық пен парасат-тылық тәртіп заңдары бойынша жаратқан.

«Әсемдік және соған сәйкестік» атты еңбегінде Августин адам жанының әсемдігі ізгілікте көрініс береді және игілікпен ажыратылмас байланысты дейді. Августин, Аристотельдің іліміне негізделіп, әсемдіктің негізгі белгілерін - форма, тәртіп, ұйқастық пен бірліктен - көреді.

Августиннің ілімі бойынша, әсемдікті қабылдаудың негізгі жолдары - құлақпен есту және көзбен көру

Августин Аврелий

(354-430 жж. )

Slide 25

Августиннің өнер философиясы

Августин аспандағы Жоғарғы суреткер Құдайдың шығармашылығы мен жер бетіндегі суреткер шығармашылығының ұқсастығын көрсетеді.

Христиандық өнер, бір жағынан, Құдайдың даңқын, атын шығарады, екінші жағынан, адамды Құдай берген қағидаларға - сүйіспеншілікке, ізгілікке, әділдікке, қайырымдылыққа шақырудың тиімді тәсілі ретінде қызмет атқаруы керек.

Августиннің пікірінше, адамның ақыл-ойы өнерді шығару жолына сөзден бастап құлақпен естуге, естуден көзбен көруге, грамматикадан - диалектика мен риторикаға, әрі қарай - музыка мен поэзияға жетеді

Августин Аврелий

(354-430 жж. )

Slide 26

Иоанн Дамаскиннің өнер философиясы

Иоанн Дамаскин

(Мансур ибн Серджун ат-Таглиби)

675-753 гг

Иоанн Дамаскин - Қасиетті бейне туралы теорияның негізін қалаушы, икона салу өнерінің ережелерін ресми түрде бекіткен:

- Әулие адамның суретін салуға болады, бірақ символдық және аллегориялық түрде.

- Әулиенің өмірінде шын болған (Қасиетті кітапта баяндалған) оқиғаларды бейнелеуге болады және керек.

- Христосты жер бетінде, адамдар арасында жүрген түрінде суретке салуға болады, бірақ Құдай-Әкені бейнелеуге болмайды.

- Әулиелердің бейнелері адамдарға керек - олар шіркеуді әсемдейді, сауатсыздарға кітаптың орнын толтырады, Құдайға сенім үшін көрсетілген ерлікті еске салып тұрады. Біз иконаны көргенде суреткердің шеберлігіне емес, суреттелген қасиетті «алғашқы кейіпке» құрмет көрсетеміз

- Иконалар ғажайып іс жасайды, өйткені оларда суреттелген әулиенің құдіретті күшінің бір бөлігі бізге өз әсерін тигізеді

Slide 27

Мұсылман әлеміндегі өнер

VII ғ. пайда болған ислам сурет пен мүсін өнерінде адамдар мен Аллаh кейіпін бейнелеуге тыйым салды Оның екі негізгі себебі:

табынушылықты тудыратын пұттарды (идолдарды) жасауға жол бермеу;

«Жаратушыға ұқсатуды» айыптау.

Бұл тыйым салу Мухаммед-пайғамбардың хадистерінде айтылған:

«Әрине, адамның және Құдайдың суретін салғандар, Құдай Соты күні азап шегеді. Оларға айтылады: «Өздерің жасағандарыңды, тірілтіңдер»

«Құдай Соты күні бітім жасау қабілеті жағынан өздерін Құдайға ұқсататындар ең ауыр азап шегеді»

Бұл тыйым салу нәтижесінде сәулет өнері, каллиграфия, мозаика, миниатюра, өрнектер салынған керамика, көркем шыны, кілем тоқу өнері гүлденіп шықты

Slide 28

әл-Фарабидің өнер философиясы

Әл Фараби әдеміліктің көзін шын дүниеден, табиғаттан, адамнан көрген. Ол «еліктеу» мен «үйлесімділік» деген ұғымдарды талдайды, әсіресе, «Музыка туралы үлкен кітап-та» музыкалық үйлесімділікке көп көңіл бөледі. Бұл кітаптың негізгі идеясы - музыканы қабылдауда сезімнің және эмоциялық қабылдаудың рөлін көрсету. Адамның дауысы барлық музыкалық аспаптар үшін үлгі ретінде қарастырылады. Әуеннің үйлесімділігі дыбыстардың үндестігіне байланысты. Осыған қарап, жетілген және жетілмеген әуендерді ажыратады. Абу Насыр әл-Фараби өзі «кипчаги» деп атаған музыкалық аспапты жасап шығарған.

Абу Насыр ибн

Мухаммед

әл-Фараби

(870-950)

Slide 29

Омар Хайямның өнер философиясы

Омар Хайям

(1048-1131), фарсы философы

Омар Хайямның поэзиясында шарап пен махаббаттың бейнелері өмірдің рәміздері ретінде қолданылады. Шарап бейнесінде болмыстың шын құндылығы көрсетіледі. Шарап - өмірге қуаныштың, көңілденудің, жастық шақтың, ақсақалдар даналығының рәмізі. Шарап құмырада сақталады. Адам денесі де қыштан жасалған құмыра. Ерте ме, кеш пе, дене топыраққа айналады, одан жаңа құмыра жасалады. Осылай даналық ұрпақтан ұрпаққа өтіп жатады.

Омар Хайям кез-келген жағдайда адам болуға шақырады

Slide 30

Ибн-Рушдтың өнер философиясы

Ибн-Рушд поэзия өнерінің тәрбиелік рөліне назар аударады: ол «кең әлеуметті» тура жолға салуға пайдалы, адамдарды дұрыс қылықтарды жасауға бағыттайды және жаман қылықтардан бас тартқызады.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының өнер философиясы
Орта ғасыр батыс философиясы
Орта ғасыр философиясы
Орта ғасырдағы дін өкілдері
Христиандық антропология
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖАЙЛЫ
Аристотельдің өнер философиясы
Техника философиясы
Логика ғылымы
Ортағасырлық философияның схоластика кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz