Қазығұрт ауданы флорасы және фаунасы




Презентация қосу
Қазығұрт ауданы флорасы
және фаунасы
Қазығұрт ауданы — Түркістан облысының
оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік
бөлік. Жерінің аумағы 4,1 мың км². Тұрғыны
100,8 мың адам. Ауданда 61 елді мекен 12
ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы
- Қазығұрт ауылы. Аудан жерінің көп бөлігі теңіз
деңгейінен 800-1200 м биікте орналасқан.
Шығысында Қаржантау (2000-2800 м), Өгем
(3000-3600 м) биік таулы жоталары,
орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-
шығысқа қарай Қазығұрт жотасы (800-1700м)
созылып жатыр. Батысы, солтүстік-батыс бөлігі
қырқалы жазық. Жер қойнауынан минералды
су, ақ құм, қиыршық тас т.б. құрылыс
материалдары барланған. Климаты
континеттік, қысы жұмсақ, қысқы қаңтар
айының орташа жылдық температурасы 22-
25°С. Жауын-шашынның орташа жылдық
мөлшері 300-400 мм, тауда 500-700 мм. Аудан
жерінен Келес, Өгем, Қаржансай, Мұғалысай,
т.б. өзендер ағып өтеді. Таулы өңірі мен өзен
бойларында итмұрын, долана, тобылғы, жабайы
алма, арша, шырша, т.б. өседі. Жануарлардан
Ауданда сүт қоректілердің және құстардың 90 түрі мекендейді,
әсіресе қасқырдың, түлкінің, борсықтың, кемірушілердің, бөкендердің,
кірпілердің бірнеше түрлері мекен етеді. Тауда ұлар, бүркіт, аюлар
сирек кездеседі. Ауданның жануарлар әлемі (көптеген) табиғи
тазалығымен көпшілікті өзіне тартады. Жануарлардан қасқыр, түлкі,
таутеке, қоян, саршұнақ т.б. кездеседі.
Өзендері – Өгем, Келес, Қаржан және де 20 кіші
өзендер бар. Қазығұрт ауданы өзінің байлығымен
әлемге әйгілі. Аудан орталығынан екі сағаттық
қашықтықта орналасқан Өгем өзенінде форель,
маринка балығы мол. Балықтың бұл түрі тек қана
таза су алқаптарында мекендейді. Өгем форелінің
орташа ұзындығы 15-30 см
Оңтүстік Қазақстанның Арыс, Қазығұрт,
Сарыағаш аудандарына жүргізілген зерттеу
нәтижелері бойынша дәрілік өсімдіктердің 50-ден
аса түрі кездесетіні анықталды. Пайдалы
өсімдіктердің алуан түрлілігімен ерекшеленітін
жерлері жотаның бұталы, орманды алқаптары
мен субальпілік белдеулерде. Барлық зерттелген
шатқалдарда кездесетін, жиі бірлесіп қау түзетін
түрлер: шілтержапырақ сарыбас шайқурай мен
кәдімгі мыңжапырақ.
Бұдан бөлек көптеген дәрілік өсімдіктер дермене,
мия, адыраспан сынды түрлі ауруларға ем дәрілік
өсімдіктер де кездеседі.
Дермене – асыл шөп. Бойы 50 сантиметрге дейін
өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік.
Оңтүстік Қазақстанда, Арыс, Түркістан, Шаян
аймағында жиі кездеседі. Улы өсімдік. Әсіресе гүл
жармай тұрғанда, жапырақтарында улы зат –
сантонин пайда болады. Сол себепті одан жасалған
дәріні дәрігердің кеңесінсіз пайдалануға болмайды.
Халық медицинасында оны жүрек талмасы бар
науқастарға пайдаланады. Алдымен оның сабағының
жоғары тұсындағы жапырақтарын гүлі ашылмай
тұрған кезде жинап алады. Содан кейін гүлі мен
сабақтарын жинайды. Демікпе, бронхит қабыну
ауруларын емдеу үшін дермене тұқымын қайнатып
ішкен. Ауру адам тез арада сауығып отырған.
Дермене тұқымын мейізбен қосып, жаншып
араластырып
Дәрілік өсімдіктерді арнайы зерттеген та пайдаланса,
көрнекті өкпе
орыс ғалымы ауруына
П.С. бірден-бір
Массагетов 1924
жылы Қазақстанның шығыс ем болып оңтүстік
өңірінен табылады.алқабына жасаған арнайы ғылыми
сапарында қазақ халқының жергілікті жерде өсетін дәрілік өсімдіктердің шипалық
қасиеттерін өте жетік білетіндіктеріне таңғалып: «Қазақтар өсімдік атаулыны
қатты бағалайды, оған өте мән бере қарайды» деп жазған. Ол Қазақстанның
оңтүстік аймағында өсетін дермене жусанын сипаттай келе, «Дермене – әсемдік
пен сұлулықтың үлгісі… Көп жусанның ішінде дермене жусаны әртүрлі боз
жылқының арасындағы асыл тұқымы сияқты» деп бағалаған.
Қызылмия ауатамыр (бронх) шырышының
бөлінуін арттырып, осылайша жөтелге әсер
етеді. Мия пневмония кезінде құрғақ жөтелді
емдеуге, бронх қабынуынан туындаған
жөтелде, жамбас, тонзиллит, туберкулез,
көмейдің қабынуы кезінде дауысты қалыпқа
келтіруге көмектеседі.
Мия қабынуға қарсы әсерге ие. Ол жинау
кезінде басқа шөптердің әсерін күшейтеді.
Қызылмия тамыры бүкіл тыныс алу жүйесін
тазартуға өте жақсы көмектеседі. Себебі, мия
тамырында қақырықты түсіргіш тазарту
қасиеттерінен басқа, вирусқа қарсы және
антипротозой белсенділігі бар.
Сондай-ақ, қызылмия қалтырау, тынышсыз
жағдайларда жақсы көмектеседі. Ол тегіс
бұлшықеттер түйілген кезде де
қолданылады. Жалпы қызылмия гипотония
кезінде жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын
қалыпта ұстауға және қалқанша безі
ауруларымен күресу кезінде көмектеседі.
Бұл өсімдік 2-типтегі қант диабеті кезінде
ұйқы безінің жақсаруына ықпал ететін
инсулиннің өндірілуін арттырады. Және мия
тамырының тәтті дәмі тамақтануда қантты
алмастыра алады.
Адыраспан – түйе табандар тұқымдасына жататын көп жылдық
өсімдік. Сабы мен гүлінде у болады. Ол сасық иісті, дәрілік шөп
болып саналады. Биіктігі – 30-80 см. Тау беткейлерінде, жолбойында,
жазық далаларда өседі.
Адыраспанның бұтағы, жапырағы мен гүлі емдік мақсатқа
пайдаланылады. Атақты ғалым, дәрігер Әбу Әли ибн Сина оны
сегізкөз (крестцовая кость, құйымшақ) қабынған кезде шаншуды
басатын дәрі ретінде қолданыпты.
Халық емшілері адыраспанды ревматизм, қышыма және басқа да
тері ауруларын емдеуге пайдаланады. Оның шөбінен қайнатып
жасалған тұнба суық тигенде, безгек ауруларына, нерв жүйесінің
әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болып саналады. Адамдар
оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді әрі жұқпалы
сырқаты бар адам жатқан бөлмені залалсыздандырады.
Адамдар ежелден адыраспанның ұрығын зығыр тұқымымен қосып
демікпені емдеген. Сондай-ақ қара немесе қызыл бұрышқа
араластырып теңге қотырға (псориаз) жағады және несеп
жүргізетін, тер шығаратын дәрі ретінде қолданады. Адыраспанды
мыңжапырақ гүлдерімен, киікотымен, шөпшай гүлімен қосып
қайнатады да, онымен асқазан сөлінің азаюын, яғни гипоацид
гастритін емдейді.
Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы ауруды басып,
адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға, тер шығаруға
көмектеседі. Тұнбасы суық тигенде пайдаланылады. Ал
қайнатындысы ауыз қуысы мен тамаққа суық тигенде ауыз шаюға,
басқа да шөптермен қосып аяқты жууға қолданылады. Адыраспанды
тасшөппен, қараңдыз тамырымен қосып қайнатады да, радикулитті,
Кәдімгі мыңжапырақтың қан тоқтататын,
қабынуға, аллергияға қарсы әсер ететін,
жарақаттардың жазылуын тездететін, қан
тамырларын кеңейтетін, ауырған жерлерді
тыныштандыратын қасиеттері бар. Осыған
байланысты өсімдікті жатырдан, өкпеден,
ішектен, мұрыннан, геморрой түйіндерінен қан
кеткенде және асқазанға жара түскенде
пайдаланады. Сонымен қатар дене
сыртындағы жараларға да тұнбасын жағады
және жапырақтарын таңып қояды. Халық
медицинасында өт қалтасына тас байланғанда
және бауыр ауруларын, бронхтың қабынуын,
геморройды емдеу үшін қолданады.
Жиде – көптеген дертке шипа. Гүлінің
құрамында эфир майы, жапырағында
аскорбин қышқылы болады. Сабағы мен
бұтағының құрамында илік және бояу
заттары бар. Жидегінде қант,
органикалық қышқылдар, ақуыз,
көмірсулар, фруктоза, аздап илік
заттар, дәрумендер бар. Жидеде Е
дәрумені көп болады. Жидені іштің
ауырғанын басу, иммунитетті көтеру, ас
қорыту органдарының жұмысын
жақсарту үшін пайдаланады. Жүрек-қан
тамырлары ауруларын жидек жемісімен
емдейді. Жиде құрғақшылыққа төзімді.
Оны құм тоқтатуға, жыра, арық, өзен
бойын, қаланы көгалдандыруға
пайдалану керек. Гүлінен хош иісті май,
иіс сулар алынады. Жиде балы адам
денсаулығына өте пайдалы.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Өзендер мен ағындар
Саванна
Солтүстік Қазақстан облысы
Марқакөл қорығы
НАУРЫЗЫМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҒЫ
Алакөл қорығы
Тараз
Байкал дейді, орыс
Наурызым қорығы
Қазақстан Республикасының өзекті экологиялық мәселелері және тұрақты дамуы
Пәндер