Өсімдік жамылғысының антропогендік факторлардан өзгеруі


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ботаникалық-географиялық аудандастыру. Өсімдік жамылғысының антропогендік факторлардан өзгеруі. Шөлдену проблемалары

Slide 2 Slide 3

Еуразияның ботаникалық - географиялық аудандастыруларының әлемдік нұсқасы бойынша Қазақстан жері екі ірі ботаникалық-географиялық облыста орналасқан:

Slide 4

Провинциялар кіші провинцияларға бөлінеді:

Slide 5

Өсімдіктердің жазық жерлерде таралуы ендік заңдылығына бағынады. Бұл ендік түрінің орманды дала, дала жəне шөлге бөлінуіне əкеледі. Қазақстанның тек солтүстігінде кездесетін орманды далаға қайың жəне көктерек, қайыңды ормандар мен шоқ-шоқ орманды, шалғынды шөптесін тəн, олар ендіктің солтүстік бөлігінде дақылдық əртүрлі шөп жəне əрүрлі шөптесінді-астық тұқымдас шалғынды дала мен ал оңтүстік бөлігінде əртүрлі бай шөптесінді-қызғылт бидайықты даламен ауыса орын алады (Есіл өзенінінің шығысына қарай сəбізшөп басым келеді) .

Қазақстанның дала зонасында даланың мынадай ендік зоналар түрлері кездеседі: қоңыржай қуаң əртүрлі бай шөпті-дала; қуаң шымды əртүрлі бай шөпқаулы дала; қоңыржай құрғақ шымды-дақылды; құрғақ ксерофитті-əртүрлі шөп шымды-дақылды; шөлденген жусанды-шымды-дақылды дала

Slide 6

Өсімдіктер бірлестігінің шөлдік типі бұтатектес өсімдіктер мен бұталардан қалыптасқан. Қазақстанның шөлдік өсімдіктерінің экологиялық-физиологиялық негізгі бірлестігі жусанды, көпжылдық сораңды ксерофиттік бұталы, сексеуілді жəне галофиттік шырынды сораңнан тұрады.

ЖУСАН СЕКСЕУІЛ

Slide 7

Құмды шөлдердің өсімдіктері бай жəне əртүрлі - қара сексеуіл, ақ сексеуіл, аралас сексеуіл, жайсаң сексеуілі (Жоңғар қақпасы мен Зайсан қазаншұңқырында) . Псаммофитті (жылжымалы құмдарды бекітетін өсімдіктер) бұталы шөлдер өсімдігі жүзгін, таспа, алақоржын түрлерінің бірлестігінен құралады.

Slide 8

Тау алды шөлдері Қазақстанның барлық тау жүйелерінің төңірегінде кездеседі. Тау алды өсімдіктер бірлестігінің құрамын бұтатектес, бұта бірлестіктері жəне жақсы дамыған көп қабатты көктемдік көпжылдықтар - жуашықты қоңырбас, шөлдік қияқөлең құрайды. Солтүстік Тянь-Шань тау алдына көпжылдықтыдақылды-жусанды (негізінде Жетісу жусаны), сиректеу көктемдік көпжылдықты-жусанды бірлестіктер тəн. Батыс Тянь-Шань айналасында көктемдік көпжылдықты-жусанды бірлестік (негізінен бұтақты жусаннан тұратын) кездеседі.

Slide 9

Қазақстанның жазықтары климаты жағынан ерекше үш шағын зонаға бөлінеді: солтүстік, орталық, оңтүстік шөлдер. Солтүстік бұтатектес өсімдіктерге (Лерх, жартылай қуаң, лессинг түсті, жартылай лессинг түсті), сиректеу далалық дақылдармен (сарепт қауы, қырғыз қауы, Рихтер қауы) аралас көпжылдық сораңды бірлестіктер тəн. Орталық шөлдерде көпжылдық сораңды өсімдіктер басым - бұйырғын, қара баялыш, тасбұйырғын, шығыс сораңы, ал жусандардан - боз жəне тұран жусандары өседі. Оңтүстік шөлдерде бұтатектес өсімдіктер мен бұталар басым келеді, бірақ олардың түрлері өзгереді. Бұл жерлерде бүршікті сораң жəне кемурд жусаны басым.

Тау аралық қазаншұңқырларға өсімдіктердің ерекше шоғырланған зоналық түрлері тəн (Іле, Зайсан, Жоңғар қақпасы) . Бірлестіктер флоралық құрамына қарай Қытай мен Моңғолияның Гоби шөліне жақын (ақсырқындар, шөпжыңғылдар, қатты ақсораңдар, түкжапырақтылар бірлестіктері) . Сор өсімдіктері - шөл өсімдіктері құрамына тəн. Сор өсімдіктері ішінде көп тараған бірлестіктер: сарсазан, обион, қарабарақ, сарқаңбақ жəне біржылдық сораңдар

Slide 10

Баялыш (Salsola arbuscula) - алабұталар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздері маңында, Маңғыстауда кездеседі. Биіктігі 40 - 100 см. Ақшыл сұр қабықты, ретсіз бұтақтанған сабағы бар. Гүлшоғыры масақ тәріздес, қызғылт түсті келеді. Шілде-қыркүйек айларында гүлдейді. Баялыш шөлді аймақтарда мал азығы және отын ретінде пайдаланылады.

Slide 11

Сарсазан (Halocnemum) - алабұталар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы өзен аңғарларында, сортаң топырақты ылғалды жерлерде, тұзды көлдердің жағалауларында өсетін 1 түрі - төмпек Сарсазан (H. strobіlactum) бар. Кейде оны тентек сораң не мырза сораң деп те атайды. Оның биікт. 5 - 40 см, сабағы көп бұтақты, төм. бөлігі ағаш тәрізді сүректенген. Жас өркендері шырынды, бунақты келеді. Жапырақтары жетілмеген қабыршақ тәрізді, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері қосжынысты, бір-біріне үш-үштен (кейде екіден) тығыз орналасқан масақ гүлшоғырына топталған. Тамыз - қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс береді. Жемісі - тұқымша, ұзындығы 0, 5 - 0, 75 мм, екі бүйірінен қысыңқы, қоңыр түсті. Сарсазан өсімдік зиянкестері үшін улы өсімдік. Оны әсіресе түйе сүйсініп жейді, кейде отын үшін де пайдаланылады

Slide 12

Қарабарақ (Halostachys) - алабұталар тұқымдасына жататын бұта немесе ағаш. Еуропаның, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияның сазды жерлерінде кездесетін 1 түрі белгілі. Қазақстанда Каспий маңы ойпаты, Сарыарқа, Үстірттің солтүстік және оңтүстік бөлігі, Зайсан алабы, Бетпақдала, Арал маңы, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл ойысының сортаңды жерлері мен тұзды көлдердің жағалаулары, сондай-ақ өзен бойларында өсетін - төбесораң қарабарағы (H. belangeriana) бар. Қарабарақты кейде түйесораң деп те атайды. Оның биіктігі 3, 5 м-дей, көп бұтақты өсімдік. Ұсақ жапырақтары үш бұрышты, сабаққа қарама-қарсы орналасқан. Гүлі қос жынысты, аталығы - 1, аналығы - екеу. Шілде - қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы майда (0, 75 мм) . Қарабарақтан негізінен сақар алынады. Өсімдіктің құрамында алкалоид бар (итсигектің құрамындағы алкалоидқа ұқсас), одан өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын заттар алынады.

Slide 13

Тау өсімдіктері əртүрлі жəне көптеген өсімдіктер құрамы түрлерінен тұрады. Негізгі түрлерінің ішінде кең тарағаны, Еуразияда жиі кездесетіні - тундралық, шалғындық, ормандық (күңгірт қылқанжапырақты, ашық қылқанды жапырақты, ұсақ жапырақты жəне жалпақ жапырақты ормандар) бұталық, далалық жəне сирек кездесетін Орта Азия тауларына тəн тек батыс Тянь-Шаньға тараған түрлері. Олардың ішінде құрғақ сирек арша ормандары, умбеллялар, саванойдтар, фриганоидтар (тікенді бұталы жəне тау жусанды) өсімдіктер түрлері бар. Тек Орталық жəне Оңтүстік Алтайдың биік тауларында таулық тундра өсімдіктері кездеседі. Ылғал сүйгіш мезофильдік дақылдардан жəне əртүрлі өсімдіктерден тұратын шалғындық бірлестіктер альпі жəне субальпі белдеулерінің өсімдіктерін құрайды жəне олар таудың орта белдеулерінде кеңінен тарап, ормандармен араласады. Альпілік аласа шөпті, əртүрлі дақылды - түрлі шөпті шалғындар ылғалды биік тауларда дамиды (Солтүстік Алтай, Батыс Тянь-Шань) . Суыққа төзімді криофиттік аласа шөпті альпілік ерекше шалғын түрі - сарыкүйік (жиі алаңқы деп атайды) құрғақ жəне биік тауларда кездеседі (Оңтүстік Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, т. б. ) . Субальпілік орта шөпті шалғындар барлық тауларда кездеседі. Олардың ішінде əртүрлі шөпті-дақылды жəне теңгежапырақ, қызтамақ шалғындықтары арша бұталарымен араласа кездеседі.

Slide 14

Қазақстан тауларында қылқан жапырақты ормандармен қатар жапырақты ормандар тараған. Күңгірт қылқан жапырақты самырсын, майқарағай тек Солтүстік-Батыс Алтайда кездеседі. Күңгірт қылқанды жапырақты Шренк шыршалы ормандар Солтүстік Тянь-Шаньның орта тауларының беткейінде тараған.

Самырсын

Майқарағай

Slide 15

Орман белдеулерінің жоғарғы жағында аласа бойлы шырша, ал орталық бөлігінде шыршалы ормандар мен шөп пен мүк аралас өседі. Орман белдеуінің төменгі жағында жапырақты-шыршалы ормандар тараған. Сібір балқарағайынан тұратын ашық қылқанды жапырақты ормандар қоңыржай ылғалды жағдайда Орта, Оңтүстік Алтайда жəне Сауырда тараған. Қарағайлы ормандар жəне селдір ормандар тастақты дала өсімдік түрлерімен Қалба, Алтай тауларында жəне Орталық Қазақстанның гранитті аласа тауларында кездеседі. Бұдан басқа қарағайлы ормандар Торғай аймағындағы құмдарда жəне Ертіс бойында кездеседі.

Slide 16

Таулық далалар Алтайдан Қаратауға дейін Қазақстанның барлық тауларында кездеседі. Олар үш типтен тұрады:

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Жоғарғы атмосфераның антропогендік ластануы
Техногендік шөлейттену
Антропогендік физикалық факторларға анықтама
Биосферадағы антропогендік факторлардың әсерінен туындаған тұрақсыздық
Ғаламдық экологиялық мәселелер
Табиғи ортаның сапасы мен халық денсаулығы
Биотикалық факторлар
Топырақ экологиясы
ГЕОБОТАНИКА
Қаратау ормандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz